- •2.Заттардың химиялық айналымының белгілері. Жай және күрделі хтп процестер.Хтп-тің эффективтілігін түсіндіріңіз.
- •3. Реагенттің айналу дәрежесі (конверсиялану дәрежесі) Реагент бойынша өнімнің түзілуінің селективтілігін түсіндіріңіз.
- •4. Мұнайдың пайда болуының органикалық теориясы.
- •5. Мұнайдың пайда болуының бейорганикалық теориясы.
- •6. Мұнайдың пайда болуының космостық теориясы.
- •7. Мұнай өңдеу процестерін модельдеудегі мұнайларды зерттеудің қазіргі әдістерінің рөлі
- •8. Мұнайдың физика-химиялық қасиеттерінің теориялық негізін сипаттаңыз.
- •9.Мұнайдың фракциялық және элементтік құрамын сипаттап, теориялық негізін түсіндіріңіз.
- •10. Термиялық процестердің теориялық негіздері.
- •29.Мұнай және газ, көмірді өңдеудің термодеструктивті,термототықтыру,,каталитикалық процестердің сынаптамасын атап көрсетіңіз.
- •43. Мұнай газын қайта өңдеу процестерін және одан жанатын өнімдерді түрлендіріңіз.
- •11 Термиялық процестердегі көмірсутектердің мономолекулалық түрлену теңдеуі.
- •15. Балқымалардың тұтқыр ағуының аномалиясын мөлшерлік суреттеудің практикалық әдістері.
- •12 Араластыру процестерінің теориялық негіздері.
- •13. Араластыру процестерінің негізгі түрлері.
- •14. Дисперсиялы араластыру және оның негізгі процестер
- •16 Мұнай, газ көмірдің өңдеу өнімдерін берілудің физика – химиялық алу әдістері.
- •17 Мұнай ,Газ және өңдеу процестерінің термототықтыру гидрогенизациялық процестердің физика – химиялық сипаттамалары
- •18 Мұнай, газ және көмірді өңдеудегі термиялық крекингтің ерекшеліктері
- •18) Мұнай, газ және көмірді өңдеудегі термиялық крекингтің ерекшеліктері
- •19 Процестің жылу эффектісі дегеніміз не ?
- •20 Отынның құрлыын өзгертіп өндеу процестерінің термодинамикалық мүмкіндігін сипатаңыз
- •21Отынның құрлымын өзгертіп, өндеу процестерінің механизмі
- •22. Кокстыңпайда болу механизмі.
- •25 Физика – химиялық өзгерулер тереңдігін анықтайтын негізгі факторлар
- •27.Мұнай шикізатының каталитикалық крекингі процесінің катализаторларын ата
- •28. Экстракциялау процесін технологияда қолдану
- •30. Азеотропты және экстрактивті ректификация ерекшеліктерін көрсетінің
- •31 Органикалық заттар технологиясының теориясына негіздері.
- •32 Шикізаттың жіктелуі және қажетті өнімге айналуы.
- •33 Шикізатты байыту принциптері.
- •34. Органикалық заттардың және мұнай химия синтезінің даму ерекшеліктері
- •42. Галогендеу процесстері, ароматты көмірсутектерді хлорлау механизмі
- •37. Радикалды тізбекті хлорлау, теориялық негізі
- •35.Мұнайдың құрамы және оның компоненттерінің қасиеттері.
- •43.Мұнай газын қайта өңдеу.
- •40) Сұйық және қатты отындардың Гидрогенизациясы
- •44. Негізгі түсініктер және ұғымдар. Промоторлар.
- •39. Қарапайым элементарсаты өзгерісіндегі катализатор активтілігі, селективтілік, талғауыштар.
- •38. Көмірсутек шикізаттарының теориялық негізі және оны химиялық өңдеуге дайындау.
- •41. Эфирлену процесі көрсеткіштері, эфирлену реакциясының теориялық негізі.
- •45. Олефиндермен және ацетиленнің гидратациялануы.
- •46. Алкил-қышқылды байланысты және олефиндерден тура синтез арқылы эфир алу реакциясы, технологиясы.
- •47. Изопропанол алудың технологиясы, теориялық негізі.
- •48. Этанол өндірісі, процесінің технологиясы, теориялық негізі. Этанол өндірісі.
- •49. Карбон қышқылының дегидратациясы, процесс технологиясы, теориялық негізі.
6. Мұнайдың пайда болуының космостық теориясы.
Аспан денелерінің спектрін зерттеу нәтижесінде Юпитер және басқа да үлкен планеталар атмосферасында, сонымен бірге кометаның газ қауызында көміртектің сутекпен қосылыстары кездеседі. 1889 жылы геолог В.Д. Соколов көмірсутектердің метеориттер мен комета құйырығында болатындығын анықтады. Осының негізінде ол Жер пайда болғанда көмірсутектер магмамен жұтылып, нәтижесінде ол суығанда түзілген қөмірсутектер сынақтар аймақтары аймақтары арқылы стратосфераға енген деген болжам жасады.
Осылайша мұнай осы гипетаза бойынша Жерге басқа космос материясымен бірге түске космостың біріншілік көмірсутектерінің айналу өнімі болып табылады. Бұдан егер көмірсутектер космоста кең таралған болса, онда табиғатта бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездеу процесі жүруі керек. Менделеевтің теориясы осындай болжаммен қалыптасқан болатын.
ХХ ғасырдың ортасында мұнайдың органикалық шығуы тегі туралы геологиялық және геохимиялық дәлелдемелері алынды. Бірақ осы кезде кейбір планетталардың қауыздарында және жұлдыздар арасындағы бұлттардың газ қабатында көп мөлшерде әртүрлі көміртекті қосылыстардың, оның ішінде көмірсутекдің болады. Метеориттер аминқышқылдарының, көмірсутектердің, порфириндердің және басқа да органикалық қосылыстардың болатындығы дәлелденген.
7. Мұнай өңдеу процестерін модельдеудегі мұнайларды зерттеудің қазіргі әдістерінің рөлі
Күрделі жанғыш казбаларды зерттеудің бастапқы сатысы оларды белгілері мен қасиеттері бойынша ұқсас қосылыстар тобына бөлу болып табылады.Қосылыстардың реакциялық қабілетіне байланысты бөлудің әдістерін химиялық деп атайды.Олардың көмегімен қатты жанғыш қазбалардан гумин қышқылдарын, мұнайдан нафтен қышқылдарын, газдан күкіртсутек бөліп алады.Физикалық бөлу әдістері тығыздыққа, беттің жұққыштығына, қайнау температурасына,ұшқыштығына,беткі қабаттағы адсорбцияға,кристалдану температурасына, диффузияға негізделген.Сонымен қатар комбинирленген әдістер де жатады.
Қатты жанғыш қазбаларды құрамдық бөліктерге бөлудің кең таралған әдісіне органикалық еріткіштермен экстракциялау жатады.Мысалы, Греф экстракторында еріткіштің (экстрактор Сокслет) қайнау температурасынан төмен нүктеде битумның шығымын анықтайды.Еріткіш ретінде бензин, бензол, этил спирті,пиридин пайдаланылады.
Мұнай майларын полициклді арендер мен гетероциклды қосылыстардан тазалаудың селективтілігі үшін фенол және фурфуролмен экстракциялауды қолданады.
Табиғи,
синтетикалық, жасанды сұйық отындарды
бөлуге айдау және ректификация
қолданылады.Бұл процесс фракционирлеу
деп те аталады.Ректификациямен айдауды
лабораториялық насадка типті колоналарда
жүргізеді.колонналардың эффективтілігі
тарелкалардың теориялық санымен
анықталады.
көмірсутектері бар фракцияларды
молекулалық айдау терең вакуум астында
жүргізіледі.Вакуум мен су буын
комбинирленген күйде қолдану ауыр
фракциялардың қайнау температурасын
төмендетіп, процесті қолайлы шарттарда
орындауға мүмкіндік береді.
Сұйық көмірсутектер жүйесінен басқа класстарды бөлу үшін қатты адсорбенттерді пайдаланады: силикагель, алюминий оксиді, активті көмір.
Кристаллизация көмегімен жағу майларынан парафиндерді, немесе қоспадан жекелеген көмірсутектерді бөліп алу үшін қолданылады.
Дифффузиялық әдіс тұйық кеңістіктегі температура айырмашылығынан туатын қоспадағы компоненттер концентрация градиентіне негізделген .Басқа да диффузиялық әдістер кеуекті мембраналар қолданылуына негізделген.
Химиялық бөлу әдістері қоспа компоненттерінің қышқыл,сілті, галогендермен катынасына негізделеді.
АЗЕОТРОПТЫ ЖӘНЕ ЭКСТРАКТИВТІ РЕКТИФИКАЦИЯ
Айдау кезінде екі компоненттің бөліну жеңілдігі салыстырмалы ұшқыштық коэффициентімен анықталады:
α=
Р1,Р2-
компонеттердің буларының серпімділігі,γ1,γ2-
ерітіндінің идеалдыдан ауытқуын
сипаттайтын активтілік коэффициенті.Егер
α=1 болса, бизде бирге қкайнамайтын қоспа
болады.Егер осы қоспаға үшінші бір
компонентті енгізсек,γ1, γ2 қатынасын
өзгертіп,α мәнін өсіруге болады.Үшінші
компонентті қалған бөлінетін заттардың
онда ерігіщтігі әр түрлі болатындай
таңдау керек.Егер үшінші компонент
ұшқыштығы бойынша бөлінетін қоспаға
жақын болса,ол екеуінің біреуімен
азеотропты қоспа түзеді.Осындай зат
қатысындағы айдау азеотропты айдау деп
аталады.Көмірсутектер қоспасын азеотропты
айдау арқылы бөлуде үшінші компонент
ретінде спирттер,сірке қышқылы,кетондар,
жай және күделі эфирлер қолданылады.Мысалы
жақын температурада қайнайтын арендер
мен алкандар қоспасы: бензол (
=80
˚С ) және 2,2,3триметилбутан (
=80,9˚С).Бензол
этил спиртімен азеотропты (
=69,8˚С) қоспа түзеді.
Бензол ( =80 ˚С ) мен циклогександы ( =80,1˚С). бөлу үшін метилэтилкетонның 10% қолданылады.Метилэтилкетон циклогексанмен азеотропты қоспа ( =74˚С) түзеді.Алкандер мен нафтендерді бөлу үшін кетондар мен сірке қышқылы қолданылады.
Егер үшінші компоненттің ұшқыштығы аз болса, онда айдау экстрактивті деп аталады.Үшінші компонент сұйық фазада қалып, онда жақсы еритін бөлінетін қоспаның біреуін ұстап тұрады.Экстрактивті айдау арқылы нафтендер мен арендер қоспасын бөлуге болады.Үшінші компонент ретінде фенол немесе фурфурол колданылады.Олар сәйкесінше ароматты көмірсутектерді ерітеді.
КРИСТАЛИЗАЦИЯ
Жақын қайнайтын компоненттер қоспасын екі әдістен тұратын кристаллизациямен бөлуге болады.
Фракцияны таза күйінде мұздатады; компоненттердің бірі центрифугамен бөліп алатындай кристалл күйінде бөлінеді.Процедура бірнеше рет кайталанумен жасалады.
Егер қоспаның кристаллизацияға кедергі келтіретіндей тұтқырлығы жоғары болса,бұл қоспаға еріткіш енгізу керек.Ол көмірсутектің кристалдану температурасы кезінде қоспаны жақсы еріту қажет және ұшқыштығы жоғары болу қажет.Мысал ретінде номаль алкандарды майлы фракциядан бөліп алу үшін толуол-метилэтилкетон және бензол-ацетон еріткіштерін айтуға болады.Төменгі температурада кристаллизация көмегімен мұнай фракцияларының изоалкан және нафтендерін бөле аламыз.
ЭКСТРАКЦИЯ
Көмірсутектер қоспасын компоненттердің біреуінің арнайы еріткіште селективті еруі арқылы бөлуге болады.Таңдамалы бұл процесс экстракция деп аталады.
Экстракция кезінде еріткіш бөлек фракция түзу керек,яғни көмірсутекті қоспада толығымен еріп кетпеу керек.Еріткіш пен көмірсутекті қоспаның арақатынасы қатаң сақталу керек,себеі еріткіштің артық мөлшерінде қоспамыз толығымен еріп кетеді.Ал бөлінетін заттың артық мөлшерінде еріткіштің өзі де еріп кетуі мүмкін.Экстракцияның көмегімен:
Арендерді алкандар мен нафтендерден бөлеміз
Моноциклді, бициклді, трициклді арендеді бөлеміз
Алкандарды нафтеннен бөлеміз
Ароматты көмірсутектерді бөлу үшін еріткіш ретінде диэтиленгликоль, сұйық күкіртті ангидрид колданылады.
ТЕРМИЯЛЫҚ ДИФФУЗИЯ
Көмірсутектерді бөлудің термиялық диффузия әдісінің принципі мынандай: егер қоспаны біреуі салқын,біреуі ыстық қабырғаның арасына орналастырса,бір заттың молекулалары салқын қабырғаға қарай ауысып ковекция күшімен төмен түседі,ал екінші зат ыстық қабырғаға ауысып жоғары көтеріледі.Осылайша бөліну жүреді.Термиялық диффузияға концентрация айырмашылығанан болатын диффузия кедергі жасайды.Термиялық диффузияның келесі заңдылықтары келтірілген:
Гомологтік қатар мүшелерінен салқын қабырғаға қарай көміртек атомдарының саны көп, қайнау температурасы жоғары компонент өте алады.
Қайнау температуралары бірдей компоненттер болса салқын қабырғаға молекулалық көлемі аз компонент өтеді.
Қайнау температуралары және молекулалық көлемі бірдей компоненттердің қайсысының беттік ауданы соғұрлым аз болса,сол өтеді.
Молекулалық көлемі, беттік ауданы,молекулалық массасы бірдей компонент болса, қайнау температуралары жоғарысы салқын қабырғаға өтеді.
