Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_rdis_shpor1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.54 Mб
Скачать

44. Негізгі түсініктер және ұғымдар. Промоторлар.

Көп жағдайда химиялық реакция орын алу үшін әрекеттесуші заттарды қозған күйге көшіреді, қыздырады, яғни жылу түрінде энергия береді, сәуле түсіреді. Темір мен күкірттің әрекеттесуі үшін олардың қоспасын қыздырады. Ал хлор мен сутектің әрекеттесуі жарық энергиясын түсірсе басталады. Сырттан берілген энергия әсерінен әрекеттесуші зат молекулаларын құрайтын атомдар байланысы қозып ерекше күйге көшеді де, жаңа зат молекуласын түзуге ұмтылады. Осындай әрекеттесуші зат молекулаларының химиялық құрылымына әсер етіп жаңа зат түзуге ықпал ететін заттар болады. Бұл заттар катализатор. Катализатор дегеніміз реакция жылдамдығын өзгертетін, не осы химиялық реакцияны туындатуға себепші болып реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін, реакция соңында өзгеріссіз қалатын заттар. Катализатор қатысында орын алатын өзгерістер жиыны катализ деп аталады. Катализатор қатысында химиялық реакцияның жылдамдығы артса – оң катализ, ал реакция жылдамдығы кемитін болса – бұрыс катализ деп аталады. Катализ барысында пайда болатын аралық қосылыс немесе түзілетін өнім реакция жылдамдығын арттыруға ықпал етсе, онда бұл құбылыс автокатализ делінеді.

Катализатордың реакция жүргізу қабілетіне оң ықпал етіп, оның сапалық көрсеткішін арттыратын заттар – промоторлар, ал оның реакция жүргізу қабілетін төмендететін заттар – ингибиторлар деп аталады. Катализаторларға промоторлар немесе ингибиторлар қосу арқылы олардың құрылымын, қасиетін өзгерту «модифицрлеу» деп аталады. Катализатор және әрекеттесуші заттардың бірдей күйде болуы гомогенді немесе гомофазалы, ал әртүрлі агрегаттық күйінде болуы гетерогенді немесе гетерофазалы катализ деп аталынады. Катализатор табиғатын және агрегаттық күйлерін ескере отырып, катализді: гомогенді, ферменттер қатысында, гетерогенді деп бөледі.

Қышқылды сілтілік катализаторларлар қатысында изомерлену, гидролиздену, этерификация, гидратациялану, дегидратациялану, алкилдеу, деполимерлену сияқты көптеген реакция түрлері орын алады. Қышқыл және сілті қатысуына қарай гомогенді қышқылды сілтілі катализ былай бөлінеді: арнайы қышқылдық катализ, жалпы қышқылдық катализ, арнайы сілтілік катализ, жалпы сілтілік катализ, нуклеофильді катали.

Әрбір реакцияның өзіне тән лайық катализаторлары болады. Кей жағдайда түрлі катализатор қолдану арқылы бір заттан түрлі өнімдер алуға болады.

Al2O3

C

H3PO4

2H5OH C2H4 + H2O (этилен)

C 2H5OH C2H5OCH + H2O (диэтил эфирі)

MgO; K2O

C 2H5OH CH3CHO + H2 (сірке альдегиді)

Промоторлар (лат. promoveo -  алға бастырамын) (активаторлар), аз мөлшерде катализаторларға қосқан кезде оның активтілігін, селективтілін және тұрақтылығын арттыратын заттар. Мысалы, сілтілік металдар оксидтері темір катализаторларының, ванадий катализаторының активтілігін арттырады. Көптеген өнеркәсіпте қолданылатын катализаторлар промоторланған, мысалы, NH3 синтезіне арналған темір катализаторында промотр ретінде А12О3 и К2О. А12О3құрылым түзуші промотор, ал К2Омодифицирлеуші промотор болып табылады деп болжайды. Промоторларды екі группага бөледі: құрылымдық және энергетикалық. Құрылымдық промоторларға қиын тотықсызданатын ауыр металдардың оксидтері А12О3, ThO2, MgO и СаО жатады. Бұлар катализатордың дамыған бетінің түзілуін қамтамасыз етеді және каталитикалық активті фазаның рекристализациясын болдырмайды. Энергетикалық промоторлар, реакцияның электронды механизміне сәйкес, оның жылдамдығын арттырады және селективтілігіне әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]