Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_rdis_shpor1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.54 Mб
Скачать

4. Мұнайдың пайда болуының органикалық теориясы.

Мұнайдың пайда болуы туралы көзқарастар ХVIII ғ. -ХІХ ғасырдың басына дейін әр түрлі пікірлер айтылып келді. М.В. Ломоносов ( О слоях земных) 1757 жылы Мұнайдың пайда болуының органикалық гипотезасын жасады. Осыған іле шала бұл ойды И.Генкель және француз ғалымы Б.де Молье тұжырымдады. М.В. Ломоносов өзінің трактатында мұнайдың бастапқы құрамы тас көмір, ал И.Генкель мен Б.де Молье – өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары болып табылады деп жазды. Кейінірек академик В.И. Вернадский мұнайда органикалық әлемде кездесетін азотты қосылыстардың болатындығына көңіл аударып көрді.

ХІХ – ХХ ғасырдың басында ғалымдардың арасында мұнай түзетін шикізат ретінде не қолданылатындығы, өсімдік немесе жануарлар қалдықтары ма осы деген мәселе төңірегінде талас туды.1888 ж неміс химиктері Г.Гефер қысымда айдаудың нәтижесінде шектеулі спирттер, парафиндер және жағар майлар алды. Осылайша әйгілі ғалымдардың зерттеу нәтижесінде мұнайдың шығудың Биогендік табиғаты дәлелдеген.

Зелинский жануарлар мен өсімдік қалдықтарының құрамына кіретін пальмитин, сеарин ж/е басқа да қышқылдардың жоғары емес температура (150-4000С ) жағдайында алюминий хлоридінің каталитикалық әсерінің нәтижесінде химиялық құрамы, физикалық қасиеті және сыртқы түрі мұнайға ұқсас өнім алды.

Жалпы алғанда, барлық елдің мұнайының құрамы мен құрылысының ұқсастығы, біріңғай ішкі құрылымы мен мұнайдың элементтік құрамының бірдей болуы сияқты мәселелер органикалық теорияның аргументтерінің арттығырақ екенін көрсетті.

М.И.Губкиннің көзқарасы бойынша теңіз толқынының әсерінен теңіз жағалауларында үнемі әр түрлі органикалық қалдықтар жиналып отырады. Біраз уақыттан соң оның үстін біршама жаңа қалдықтар жабады да, олар астындағы қабаттарды тотығудан сақтайды. Ары қарай процесс анаэробтық бактериялардың әсерінен оттегінің қатысынсыз жүреді.

Келесі отыратын қатпарлар мен тектоникалық жылжудың әсерінен органикалық қалдықтармен байытылған жер қыртысының температурасы мен қысымы артады. Бұл процестерді катагенез құбылыстары деп атайды. Катагенез құбылысының нәтижесінде сайып келгенде мұнай түзіледі.

5. Мұнайдың пайда болуының бейорганикалық теориясы.

Екінші жағынан 1866 жылы француз химигі Бертло мұнайдың Жер қыртысында минералды заттардан түзілгендігі туралы өзінің болжамын айтты. Оны дәлелдеу үшін сілтілік металдардың көмір қышқылы және сумен әрекеттесуі нәтижесінде ацетилен С2Н2 синтездеп алды.

Д.И.Менделеевтің көзқарасы бойынша мұнай жер қойнауында металдар карбидтері (FeC, TiC, Cr2C3,WC)сумен әрекеттесуінің нәти-жесінде түзіледі. Жер қыртысымен жанаса отырып, ол темір карбидімен жанасып,қоршаған орта температурасы мен қысымының әсерінен онымен реакцияға түседі.

Мысалы, 2FeC + 3H2O = Fe2O3 + C2H6 .

Алнған заттар сол кеуекті арқылы жер қыртысының беткі қабатына көтеріліп, кеуек жыныстарды қанықтырады. Газ және мұнай кен орындары да осылайша түзіледі. Осының дәлелдеу үшін Д.И.Менделеев құрамында жеткілікті мөлшерде көміртек болатын шойынға күкірт қышқылымен әсер ету арқылы сутек және қанықпаған көмірсутектер алу тәжірибесін жасап көрсетті. Тәжірибелерде металл карбидтерінің сумен әрекеттесуі нәтижесінде сұйық сұйық көмірсутектердің түзілгендігі байқалды.

ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары Баку жанындағы Сураханда керосин алатын кішігірім зауытқа Д.И.Менделеевті шақырады.ол мұнай өңдеу технологиясын өзгертіп, сұйықтық үздіксіз құйылып тұруы үшін ыдысқа саңылау жасауды. Бұл өз кезегінде қалдықтарды аластау үшін процесті тоқтатпауға мүмкіндік береді. Ол мұнайды арбамен тасып жүрмес үшін өндіріс орнынан түтік шығарып, осындай түтікті алынған керосин тұтынушыға тікелей тиуі үшін зауыттан жағалауға дейін тартты. Ол ағаш бөшкелерді металдан жасалған бөлшектерге ауыстырғызып, теңіз үстімен мұнайды тасымалдау үшін арнайы металдан жасалған баржаларды қолдануды ұсынды. Мұнайдың минералды (бейорганикалық) шығу тегі туралы гипетазалардың барлығы көмірсутекді мұнай құрамында оттек, күкірт және азот болатын компоненттерді бастапқы жай заттар С, СО, СО2, СН4, Н2О мен жоғары температурада радикалдардан және синтез өнімдерінің тереңдеп жатқан жыныстардың минералдарды бөліктерімен әрекеттесеттіндігі туралы идеяның біріктіреді.

Дәлелденген дүние жүзілік мұнай қоры шамамен 140 млрд. т. Мұнай қорының қомақты үлесі - 64%-ке жуығы - Таяу және Орта Шығыста табылған. Дәлелденген мұнай қоры бойынша екінші орында Америка материгі келеді, оның үлесіне 15% мұнай қоры тиеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]