Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

13. Қытайдың инь және ян ілімі.

Ежелгі Қытай мифологиясы мен философиясында қараңғы бастама инь және оған қарсы жарық бастама ян әр уақытта бірге айтылып келген. Алғашында инь таудың көлеңкелі, яғни солтүстік жағын білдірген. Уақыт өте философияның дамуна байланысты, инь әйел тек бастамасының, солтүстіктің, қараңғылықтың, өлімнің, жердің, айдың, жұп сандардың мәнін білдіре бастады. Ал ян, алғашында таудың ашық, яғни оңтүстік жағын білдірсе, кейін ер тек бастамасының, оңтүстіктің, жарықтың, өмірдің, аспан, күннің, тақ сандардың мәнін білдіре бастады. Осындай жұп символдардың ежелгі қатарына каури тастары (инь) және нефрит (ян) жатады. Бұл символика әйел және ер тектердің дуализмін білдіреді. Чжоу кезеңінен бастап, қытай халқы аспанда ян көрінісі ретінде, ал жерді инь көрінісі ретінде қарастыра бастады. Әлемді құру және болмыс процессін қытайлықтар өзара әсерлесу, инь және янның қарама-қарсылығы емес, керісінше олардың бір-біріне ұмтылысы ретінде қарастырылуы керек деп есептеді. Бұл процесстің шарықтау шегі аспан мен жердің қосылуы болып есептелінеді. Инь және ян концепциясын Қытайдың көптеген философиялық трактаттар мен кітаптар барынша түсіндіруге тырысқан. Теория жүзінде инь және ян б.з.д І мжд. ортасында қалыптаса бастады. Алғашқы рет бұл концепция «И цзин» (Өзгерістер кітабы) кітабында жүйеленген болатын. Инь және ян «екі үлгі» атанды, олар «Ұлы бөлініс» - ті құрады, және гексаграмм «үзілген және толық» - компоненттерімен сәйкестендірілді. «Су вэнь» канондарында, «Инь және Ян – бұл Аспан мен Жердің шынайы Жолы, барлық дүниенеің басқарушысы, өзгерістердің ата-анасы, ізгі ой-сананың сарайы» деп жазылған. Яғни, барлық құбылыстар мен заттардың негізін Инь және Ян қалыптастырады. Өздігінше Инь және ян анық бір нәрсені түсіндірмейді. Олар, тек қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын түсінуге және анализдеуге бағытталған теоретикалық құрал қызметін атқарады. Инь және ян жүйесі ежелгі және орта ғасырлардағы қытайлық сана сезімнің негізін салып, барлық философиялық және ғылыми құрылымдардың орталығы болды. Оны даосстар рухтардың классификациясында, түрлі мистикалық дәстүрлерде ұлттық дінде көп қолданды. Дәл осы мистика негізінде, инь немесе ян абсолютті болмайды деп есептелінеді. Бұл тек бір құбылыстың жағы, ал оны «жақсы» және «жаманә деп қарастыру, күнделікті өмірде кездесіп қарастырылады. Дао бойынша, «тек Аспан асты елінде әдеміліктің-әдемі екенін ұққан кезде, әдемі еместік пайда болды. Жақсының-жақсылық екенін білгенде, жамандық пайда болды. Өйткені бар болу мен жоқ болу бір-бірін тудырады. Қиын және жеңіл нәрселер бір-бірін құрастырады» деген тұжырым жасалған («Дао дэ цзин», §2.) «Топтық пайда болу» заңдылығы (шуан шэн) өзара бір-бірін толықтыру шексіз айналымының негізін салады. Дәл осы шексіз айналым концепциясы «Дао дэ цзин» кең айтылған. Бұл болашақ инь және ян концепциясының тұжырымдалған алғы шарты болып есептелінеді. Философияда инь және янның қосындысы - алғашқы хаос, бұл адамның өзінің пайда болуына деген сұранысы. Бұл хаос, әлемнің бөлінбестігін және ортақтығын меңзейді. Яғни, инь әлемнің пайда болу белгісі ғана емес, сол пайда болған адам немесе құбылыстың потенциалды мүмкіндіктерінің белгісі. Инь және Ян – қоршаған ортаның өзара байланысты заттар мен құбылыстардың қарама-қарсылықтарын ортақтастыруға бағытталған философиялық түсінік.

14. Қытайдың ерте замандағы жібек тоқыма технологиясы. Жібек өнімдерін шығару технологиясы Қытай елінен б.з.б. 3000жылдары шыққан. Қытайлықтар мәдениет пен жібек өндірісін жетілдіргені соншалықты б.з.д. 1400жылдары жібек матасынан өндірілген киімдер бұл елде күнделікті қолданыс құралына айналды. Осы заманда Қытай елінде жібек өнімдерін қолдануға салық салған болатын.

Жібек тоқу Қытай мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылды. Көп уақыт Батыс үшін Қытай ең алдымен жібектің отаны болды. Кейіннен барлық еврпалық тілдерде қолданылған, Грек тіліндегі Қытай атауының өзі – Seres, жібек деген мағынаны білдіреді.

Жібек тоқу өнері және оны құпияда сақтау қытайлықтар үшін өте маңызды болды. Сондықтын да, екі жарым мың жылдан аса қытай жібекті тоқу техникасын құпияда сақтады. Тіпті сол құпияны шет елге алып шығуға тырысқан адамдарды өлім жазасына кескен.

2500-2800 жыл бұрын жібек өндірісі өте дамыған жағдайда болды. Ал б.з.д. 475-221 жж. жібек халықтың кең аудиториясына танымал бола бастады. Оны дайындау техникасы барлық жерлерге жайылып, жібек өнімділігі мен сапасы артты. Хань династиясы кезінде өнімділік жоғарылады.

Сунн Юйтанмен жинақталған ежелгі жазба қөздерінің мәліметтері бойынша жібек құрттары өсетін тұт ағаштарын шөлдерде, кең далада, үйдің алдында еккен. Ай күнтізбесі бойынша «жібек тоқу айы» деп аталған үшінші айында жібек құрттарын тамақтандыратын жұмыстар басталады. Жібек құрты тұт ағашының жапырақтарына жұмыртқа салады. Осы айдың бірінші күні әйелдер жұмыртқаларды таза сумен шайып, кейін оларды жылы «жібек үйшіктерге» орналыстырды. Жібек құрттарын пайда болуын тездету үшін жұмыртқалардың үстіне өсімдіктен қайнатылған сұйықтық құйып отырды. Оларды ұстау үлкен ұқыптылықты талап етеді. Сонымен қатар, аса абай болу керек, өйткені кішкене бір шу, жел неме түтін оларға зиян келтіруі мүмкін және ғимараттағы температура мен ылғалдылықты бақылауда ұстау керек. Ал құрттарды тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенндіруге болады, оның үстіне олар таза және құрғақболу керек. Құрттар өте сезімтал болып келеді, соныме қатар, олар өте нәзік және түрлі ауруларға тез шалдығады да, бір күн ішінде бүкіл колониясы өліп қалуы мүмкі. Содықтан олар аса байпты және ұқыпты күтімді қажет етті. «Жібек үйшіктерінде» керекті температура мен тыныштықты, тазалықты сақтап, желдетіп, алайда ауаның жылдам қоғалысына жол бермеу қажет болды. 20-22 күн өткеннен кейін жібекқұрттаркуклаға айналды. Одан кейін оларды торға орналастырып, ағаш тартпаларына қойды. Кейін ұяларды ыстық суға салды, бұл операцияның нәтижесінде ұялар бөлшектеніп құрамындағы желім серицин жуылды. Бір ұядан 700-1000м ұзарған талшықтар қалатын болды. Тоқитын құралда бұл талшықтар бір жіпке біріктірілді. Кейде жіптер қалыңдатылу үшін қайта оратылып отырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]