Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

11. Қытайда жазу мәдениетінің қалыптасуы.

Қытай жазуы б.з.д ІІ ғасырда қола ыдыстардың сыртанда кездесе бастайды. Ал б.з.д. І ғ жазу үшін бамбук таяқшалары мен спираль тәріздес жіптерді пайдаланып, мәтін бамбук таяқшасының көлденең жазылды. Осы бір таяқшада 40 иероглифті жазуға болатын. Бұл мәтіндер цзяугувэнь деп аталды. Қытай жазуынының алғашық үлгілері Шан империясының соңғы басқару кезеңіне сәйкес келеді. Б.з.д. ІІІ ғ жазуға арналған материал ретінде жібекті пайдалана бастады. Бірақ ол өте қымбат болды. Кейін қола жапырақ технологиясы пайда болды, енді жазулар қола ыдыстарда көріне бастады. Бұл мәтіндер цзиньвэнь деген атқа ие болды. б.з.д. І ғ қағаз шығарылыды, ол жазу өнерінің кең таралуына өз септігін тигізді. Бамбук таяқшаларынан бастап жазу қалам арқылы бояумен жазылған. Бұл бояу тас көмір мен жағылған ағаштың күлінен алынды. Жазудың кең таралуы және оның қоғамдағы үлкен орынды алуы, иероглифтердің қаралуына себеп болды. Негізінен осы иероглифтерді Цан Цзе, аңыздық Хуан ди императорының тарихшысы, ойлап тапты деп есептелінеді. Дегенмен, қытай грфикасының кодификациялануының белгілі тәжірибесі – Ши чжоу пянь иероглифтерінің тізімі болып табылады. Бұл тізімді Ши Чжоу император тарихшысы жасаған болатын. Кейін, Цинь және Хань импе-ң кезінде жазудың реформалануы болады. Дәл осы реформа болашақта жазудың стандартты стилінің – кайшу (уставты жазу) - пайда болуына үлесін салады. Бұл жазу түрі 1956-1959 жж қытай жазуының реформасына дейінгі аралықта негізгі жазу түрі болып отырады. Иероглифтік жазуда белгілердің көп түрі қолданылады. Конфуцийлік канонды оқу үшін 10000 иерог-ф білу қажет. Қазіргі кездегі қытай сөздіктерінде 100000 иерог-ф бар. Қытай жазуының өте маңызды мәдени мағынасы бар. Қазіргі кезде түрлі әдеби кытай иероглифтік жазуының ескерткіштері сақталған. Жазу ежелден бері Жапония, Корея және Вьетнам сияқты мемлекеттердің жазуына өз ықпалын көрсеткен. Қазіргі кезде кейбір көрші мемлекеттерде қытай жазуы қолданылады.

  1. ҚХР-дың білім беру жүйесі

үш негізгі сатыдан тұрады- Бастауыш, орта және жоғары. 2001 жылы білім жүйесі 229млн. адамды қамтыды. Қазіргі кезде әлем бойынша бастауыш мектептерге қатысу көрсеткіші 98,58 пайызды, орта мектептерде 90 пайызды құрайды. Балалар мен үлкендер арасындағы сауатсыздық 5 пайызға дейін төменедеді. Батыс елдері сияқты Қытайда қалыпты үш деңгейлі дайындық бағдарламалары бар.

Бакалавриат. Оқу мерзімі- 4—5 жыл. Аталған кезеңді табысты аяқтағаннан кейін, түлектер аяқталмаған жоғарғы білімді “бакалавр” дәрежесін алады. Қытайдың жоғарғы оқу орындарының білім беру жүйесі бақылау емтихан түрінде жүзеге асырылады, сынақтар болмайды. Әр пәннің емтиханы жазбаша түрде (тест үлгісінде) өткізіледі, оған 2 сағатқа жуық уақыт беріледі. Емтиханда келетін сұрақтар дайындық үшін алдын-ала берілмейді. Пәндер негізгі және факультатив түрінде өткізіледі. Оқу жоспарында әр пәнге лайықты сабақ сағаттары бөлінген. Семестр бойынша қажетті балл жинаған студент келесі курсқа жіберіледі. Қытайдың жоғарғы оқу орнында ағылшын тілінен басқа пәндерде семинар түріндегі оқу үлгісі болмайды. Қытайдың барлық жоғарғы оқу орындарына арналып, Білім министрлігінің ұсынысы негізінде, бірыңғай оқулықтар басылып шығарылады. Сонымен қатар, басқа да оқулықтар түрі кездеседі, ал негізгісі- тек біреу. Магистратура. Оқу мерзімі- 2—3 жыл. Осы кезеңді табысты аяқтаған студенттер заңды түрдегі жоғарғы білімді “Магистр” дәрежесін алып шығады. Докторантура. Оқу мерзімі- 2—4 жыл. Осы кезеңді табысты бітірген түлектер заңды түрдегі жоғарғы білімді “Доктор” дәрежесін алып шығады. Бірінші жылы стипендиаттар тіл курстарынан өтеді, одан кейін белгілі бір деңгейде білім алу үшін емтихан тапсырады. Мамандық бойынша қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырған үміткерлер оқуға жіберіледі. ҚХР жоғарғы оқу орындарында “мемлекеттік басқарудың бакалавры” бағдарламасы бойынша білім берілмейді.Жоғарғы білім тұрақты дамуда. 2003 жылы бүкіл елде 2003 вуз саналды, ол жақта білім алып жатқандардың саны 19 млн. адамнан асады. Масштабта жоғарғы білім бойынша Қытай бірінші орынды иеленеді. 1993 жылдан бастап халықаралық дәрежедегі бірінші сатылы 100 университеттер жүйесін құруды бастады. 708 вуздардан 302 әмбебап, көп салалы жоғары оқу орындары пайда болды. Соның ішінде, Қолданбалы өнер орталық академиясы ең абыройлы Қытай ғылымының храмы- университет Цинхуамен біріктірілді. Жүз жылдан астам тарихы бар Пекин университеті мемлекеттегі ең жақсы Пекин медициналық академиясымен біріктірілді. Жоғарғы оқу орындарының біріктірілуі жоғарғы білім жүйесін басқаруында терең өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Көп жылдар бойы жоғарғы оқу орындарына студенттерді қабылдауы кеңеюде. 1999-2002 жылдары жоғарғы оқу орындарына түскен студенттердің саны 1,6 млн-нан 3,2 млн-ға өсті. 2003 жылы жай жоғары оқу орындарына 3,82 млн. студенттер түскен, бұл алдыңғы жылға қарағанда 620 мың студентке көп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]