Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

9. Қытайдың қазіргі қоғамдық ғылымдар құрылым жүйесі

Қазіргі кездегі Қытайдағы қоғамдық ғылымдар шеңберіндегі құрылым жүйесін бес жүйеге бөліп қарастыруға болады:

  • Жоғарғы оқу органдары;

  • Қоғамдық ғылымдардың жергілікті Академиясы;

  • Үкіметтік органдар және армия;

  • Ғылыми зерттеу мекемелері;

  • Партиялық мектептер;

Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясы – жоғары академиялық мекеме және кешенді ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. 31 ғылыми-зерттеу институттраы бар.

Сонымен қатар қоғамдық ғылымдар шеңберінде үш жүз мыңға жуық адамдар жұмыс атқарады. Жалпы алғанда, үкіметтік органдар мен әскерлер ведомстволарды барлығы дерлік қажет етеді. Соңғы жылдары Қытайдағы қоғамдық ғылымдардың жергілікті орталықтары барынша даму сатысына түсіп, автономдық аудандар мен барлық провинцияларда, қалаларда әр түрлі көлемдегі қоғамдық ғылымдардың мекемелері ашылды. Мемлекеттің қоғамдық ғылымдар факультеті мен гуманитарлық ғылымдар факультеттері – қоғамдық ғылымдардың мағызды ғылыми зерттеу базалары. Бұл жерде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың 60мыңға жуық оқытушылары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қоғамдық ғылымдарға байланысты орталық және жергілікті, партиялық мектептер, әскери оқу орындары, кадрлық мектептер, анықталған мекемелері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қытайдың қоғамдық ғылымдарының жұмыскерлері практикамен теорияны байланыстыра отырып, терең зерттеулер өткізіп, ғылыыми жұмыстарды дайындады. Жетістіктер экономикалық және әлеуметтік дамуға алып келді.

Қытай Халық Республикасы құрылған кезде қоғамдық ғылыми жұмыскерлердің саны 50 мың адамды құраған, ал қоғамдық ғылыми-зерттеу институттарының саны 40 қа жеткен болатын. 1995 жылы Барлық қытайлық жиналыс өтті. Жиналыста қаралған басты мәселе – қоғамдық ғылымдардың дамуы мен техникаға байланысты болды. Қытай гүлдену саясатын бастаған болатын. 1980 жылы Қытайдың қоғамдық ғылымы және техникасы барынша дамып, жоғары жетістіктерге жетті.

1992 жылғы «Жоғарыға жету» бағдарламасы ресми түрде басталған болатын. 2010 жылы қоғамдық ғылымдар келесідей стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырады:

  • Жаңа қоғамдық ғылыми-зерттеу жүйесі негізделіп, дамуын;

  • Ғылым мен техниканы барынша дамыту;

10. Қытайдың легизм жүйесі

Легизм – халықтың саяси билікті, оның заңдылығы мен шешімдерін растауын білдіретін түсінік ретінде Ежелгі Қытайда б.з.д. VI-III ғасырларында пайда болған этикалық және саяси ілім. Ежелгі Қытайда легизмнің екі түрін бөліп көрсетеді:

  • Хань патшалығындағы Шэнь Бу-хай кезіндегі легизмнің бірінші түрі. Легизмнің бұл кездегі негізгі теорисы – жетекшілік етудің өнері болып табылады.

  • Вэй патшалығындағы Шань Ян теориясы – легизмнің екінші түріне жатады.

Қытай қоғамының демографиялық тығыз орналасуы- олардың әлеуметтік- саяси тұрғыда дамуына кедергі жасаумен қатар, мемлекеттік билікке де әсер ететін. Осы тұрғыда қытайлықтар қоғамды және мемлекеттік басшылықты нығайту барысында және дамыту барысында күрескен болатын. Яғни бұл сыртқы қарым- қатынаста легизм және конфуциансто күресі ретінде көрініс тапты. Әлеуметтік, саяси тоталитарлық доктринаның легистік символы негізінде Цин Шихуанди халқына «халық –шөп, ал билік болса- жел, жел қайда соқса, шөп солай қарай иіледі, бағынады»деген ой тастаған. Легистер басынан адамзатты бағынышты деп тауып, мынадай тұжырым жасаған: «адамзат бағынышты болғандықтан, билік басындағылар сол адамзатты мемлекеттік биліктегі екі пайдалы жолға итермелеуі қажет» деп тапты. Ол екі жолды көрсетті :

  • Соғыс;

  • Жериелену;

Легизм – жоғары билік басында императорлық жүйенің қалыптасуымен, биліктегі госаппараттың жүйеленуімен ерекшеленеді. Ежелгі Қытайда мемлекеттік билік легитімді болуы үшін мынадай екі шарт қажет деп тапты:

  • Легизмнің халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы;

  • Мемлекеттік биліктің қағидаларға сәйкес жүргізілуі;

Легизм – заңдар, құқықтық нормалар мен принциптер негізінде қызмет етуінен, биліктің заңдылығынан, олардың қажеттілігі мен мақсатына лайықтылығын танудан, мемлекеттің саясаты мен саяси бағытын қолдаудан тұрады.

Ежелгі Қытайдың белгілі бір дамуы кезеңінде легизм және оның методы тарихи, прогресивті орын алған. Легизм- жоғары билік басында императорлық жүйенің қалыптасуымен, биліктегі госаппараттың жүйеленуімен ерекшеленеді. Орта ғасырдағы Қытайдың саяси және әлеуметтік жүйесінде:

  1. қоғамды күшпен басқару- реалисттік легизм идеясы;

  2. әлеуметтік статусына байланыссыз, конфуциандық идеализм болған;

Ежелгі Қытайда легизмнің әлеуметтік дамуы биліктің саяси құрылымын орнатқан құқықтық ережелерге негізделуімен ерекшеленеді. Билікті күшпен басқару қоғамның идеологиясына кері әсерін тигізгендіктен, легизмнің дамуы ұзақ болмады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]