
- •1. Мәдениеттің анықтамалары.
- •2. Қытайдың ертедегі заттық мәдениет мұралары.
- •3. Қытайдың қазіргі заман білім беру жүйесі
- •4. Конфуций ілімі.
- •5. Қағаз жасау техникасының тапқырлауы
- •6. Хань патшалығы кезіндегі архитектурасы
- •7. Қытайдың Даосизм ілімі
- •8. Қытайдың ерте замандағы астрономиясы
- •9. Қытайдың қазіргі қоғамдық ғылымдар құрылым жүйесі
- •10. Қытайдың легизм жүйесі
- •11. Қытайда жазу мәдениетінің қалыптасуы.
- •13. Қытайдың инь және ян ілімі.
- •15. Таң дәуірінде қала мәдениетінің дамуы
- •16. Қытайға буддизм өркениетінің таралуы
- •17. Қытай Республикасының (1912) мәдениет саясаты
- •18. Хх басында Кытай билим беру жуйесиндеги реформасы
- •19. Бзб Қытайдың мүсін өнерінің ерекшелігі
- •20. Дао діні және оның уағыздары.
- •21. Қытайдағы Батыстың саяси мәдениетінің әсері 19 ғасыр
- •22. Қытайдың ерте замандағы агрономия ғылымының дамуы
- •23. Қытайда алғашқы әскери қару-жарақ заводының құрылуы.
- •24. Қытайда марксистік мәдениеттің дамуы.
- •25. Таң патшалығы кезіндегі поэзияның дамуы.
- •26. Ислам өркениетінің қытайға таралуы.
- •29. Қытай Миң пат.Ы кезінде кеме жасау тех.Ң дамуы
- •30. Қытайда жаңа заман әскери училищелердің құрылуы.
- •31. 32. Қытайдың ертедегі жазбалары
- •33.Қытайдың Цин империясы кезіндегі демократиялық идеялар
- •34. Қытай философиясының қайнарлары
- •35. Қытайда тарихи жазу дәстүрі
- •36. Қытайдағы «жаңа мәдениет қозғалысының» (1915) тарихи маңызы
- •37. Цинь Шихуандидің сарбаздар мүсінінің мәдени мәні
- •38. Қытайда дәстүрлі бейнелеу өнерінің қалыптасуы.
- •42. Кытайдын ерте замандагы кала курылыс мадениети. Асен Алияда болган
- •44. Қытайда ең алғашкы Тас көпірдің салынуы.
- •45. Қытатайдағы емтихан мәдениетінің қалыптасуы.
- •46. XіXғ екінші жартысында Қытайдағы идеология саласындағы пікірталастар.
- •47. Қытайдың дәстүрлі мектепте білім беру жүйесі.
- •48. «Мәдениет революциясы» (1966-1976) зардабы.
- •50. Қытайдың шетел өркениетін қабылдау принциптері.
- •51. Дуньхуан қабырға сурет өнерінің құндылығы.
- •52. Юань әулиеті дәуірінде Қытайға батыстан әр түрлі діндердің таралуы.
- •53.Қытайдың классикалық прозалары
- •54. Ккп‑ның социалистік мәдениет концепциясы.
- •55. Қытайда теңіз картасын сызу өнерінің қалыптасуы.
- •56. Қытайдың «төрт қойма кітап» мәдени құндылығы.
- •57. Қхр‑дың білім беру жүйесіне реформа жүргізуі (1978 ж кейінгі)
- •58.Қытайдың мұнара сәулет өнері.
- •59. XX ғ Батыстың эволюция теориясының қытай мәдениетіне ықпалы
- •61.Қытайда машинамен жібек тоқу техникасы.
- •62. Қытайдың « Қызыл сарай түсі » романының мәдени құндылығы.
- •63. КхРдын билим беру жуйесин реформалау идеясы 1920
- •64. Қытайдың полиграфия өнерінің Батысқа таралуы.
- •65. Қытайдың “мәдени революциясының” мәдениетке кері ықпалы.
- •66. КхРдын гылыми-техника жуйес3не реформалау идеясы
- •67. Қытайдың шетел мәдениетіне ұстаған позициясы.
- •68. Қытайдың «Су бойында» атты романының мәдени құндылығы.
- •70.Ботаника ғылымы
- •71. Қытайдың «Үш патшалық қиссасы» романының мәдени құндылығы.
- •73. Қытай Цин империясының мәдениет саясаты.
- •74. Чуньсю дәуіріндегі металлургия
- •75. Қытайдың ерте замандағы медицинасы.
- •76. Қытайдың иероглиф реформасы
- •77. Чжанго дәуірінде қоғамдық ой-сананың дамуы.
- •78. Қытайда тас ойма өнерінің дамуы.
- •80. Қытайда физика ғылымының қалыптасуы.
- •82. Қытайдың ерте заманғы химия ғылымы.
- •83. Қытайда дәстүрлі инемен емдеу ғылымының қалыптасуы
- •84.Қытайда алғашқы шетел тілі мектебінің құрылуы.
- •85. Қытайдың ерте замандағы су құрылысы ғылымы.
- •86. Қхр спорт мәдениеті
- •88. Қытайдың аз санды ұлттар мәдениетіне ұстанымы.
7. Қытайдың Даосизм ілімі
Даосизм (қытайша “дао цзяо” – “жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди (“Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын “Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) “Чжуан-цзыда” баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм “Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және “Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек “дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны “ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі “киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
Көне даосизмнің философиялық ұстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VІ ғ.), Ван Сюаньлань (VІІ ғ.), Ли Цюань (VІІІ ғ.), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ.), Чжуан Бодуань (XІ ғ.).Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайваньда, Сянганда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да қудалауға ұшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Қытайдағы “Даосизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы” жұмысын қайта жандандырған. Жалпы алғанда, даосизмнің қытай мәдениетіне үлкен әсері болды. Алхимиямен шұғылдану химия, фармакология саласында бай эмпирикалық материалдың жиналуына ықпалын тигізді. Даолық ғалымдардың шығармаларында металдар мен минералдар, қағаз жасау сыры, оқ-дәрі, фарфор, жібек, дәрілер рецептін баяндайтын деректер сақталған.
8. Қытайдың ерте замандағы астрономиясы
Негізінен, Ежелгі Қытайда ерте Шығыс астрономиясы бастау алған болатын. Ся әулетінің өзінде(б.з.д. III ғасырдың аяғы — II ғасырдың басында) пайда бола бастаған. Қытай астрономиясының дамуы Ежелгі Египет пен Вавилонмен тығыз қарым-қатынасы негізінде дами түсті. Ең бірінші бізге жеткен астрономиялық шығарма — «Ши цзин» («Жұлдыздар кітабы») дап аталады. Ол б.з.д. IV ғасырда жарық көрген. Осы жылдың ішінде қытайлықтар жылдағы күннің ұзақтығын тексерді. (365,25 күн ) Чжуань юй дәуірінде жылдың ұзақтығы 365 ¼ күнді, ал айдың ұзақтығы 29, 53085 тәулікті құраған. Нәтижесінде 29,53085*235=365 1/4 *19. Көктемді жыл басы деп тапқан.
Сонымен қатар, аспанның айналымын 365,25 градусқа немесе 28 жұлдызға бөлген болатын.(бұл негізінен айдың қозғалысы бойынша бөлінген болатын.) Б.э.д. XII ғасырда обсерваторлар пайда болды. Дегенмен ертеректен қытай астрологтары аспандағы айрықша жағдайларды қарастырып отыра, оларды тіркеп отырған. (күннің тұтылуы, кометалар - «құйрықты жұлдыз», метеорлар және жаңа жұлдыздар). Б.э.д. 2315 жылы комтелар туралы алғашқы хабарлар шыға бастады. Ал айдың тұтылуы туралы хабар - б.э.д. 1137 жылға жатқызылады, күннің тұтылуы - б.э.д. 720 жылға жатады. Ең алғашқы метеоритті жаңбыр б.э.д. 687жылға тән құбылыс болып саналады. Қытай астрономиялық шығармаларынан : Антарес, Орион, Үлкен Аюдың жеті жұлдызын, ай мен күннің бірігу нүктесін қарастырылады. Осы аталған шығармалар Чжоу династиясының б.э.д. XII ғасырында пайда болған.
Б.з.д. 2137 жылы аңыз бойынша, күннің тұтылуын болжай алмаған үшін Хо және Хи есімді екі астрономды жазаға тартады. Б.з.д. III ғасырдың басынан осы ұқсас қателіктер жіберілмей, тек олардың уақытын белгілеп қоймай, оның үстіне олардың типтері мен бақылау аудандарын анықтап беретін болған. Қытайда күнтізбе көптеп болды. Б.з.д. IV ғасырға қарай айлық – күндік күнтізбе ойлап шығарылады. Жылдың бастауы – қыстық күнжағдайының күні,ал ай басталуы – жаңа айдың тууы боп есептелді. Тәулік 12 сағатқа немесе 100 бөліктерге созылды. Қытайдың суй иероглифі жыл деген мағына берген. Чунь-цю дәуірінде 31 күннің тұтылуы жайлы шығармалар табылған.
Қытайда күнтізбелік реформалар көптеп жүргізіліп тұрды. Жылдар алпыс жылдық циклге біріктірілді: әр бір жыл он екі жануардың ішінде біреуіне келіп отыратын болды. Қытай астрономиясының бірден бір жетістігі ретінде, күн және айдың тұтылуының дұрыс анықталғандығы болып саналады. Қытайдағы Чжоу династиясы кезінде уақытты айды төртке бөлу арқылы есептеу расталған болатын, бірақ та сол уақыттарда Таяу Шығыста үш декадаға бөліп қарастыру орын алған болатын. Қытайдың цэя, и, бин, дин, моу, цзи, чэн, синь, жэнь, гуй сөздері декаданың күндерін белгілейді. Сонымен қатар, қытайлық он екі символ : цзы, чоу, инь, мао, чэнь, сы, у, вэй, шэнь, ю, сюй, хай символдары қазіргі кезде он екі ши эр чжи, яғни он екі бұтақ жылдың он екі айына орай жасалған іспеттес. Бұл хабар жалпы, Инь династиясы кезіндегі құбылысқа жатады.