Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

86. Қхр спорт мәдениеті

2009 жылы 27-ші қыркүйек күні Мемлекеттік кеңес спорттың даму жолдарын қарастырды. Спорт жөнінде ҚХР-дың басқарманың басшысы ЛЮ Пэннің айтуынша, осы 60 жыл ішінде қоғамдағы үлкен өзгерістерге байланысты спорт жылдам дамып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қытай әлемдегі спорттық державалардың біріне айналды.

1952 жылы төраға Мао Цзэдунь «халық денсаулығын көтеру үшін спортты дамыту керек» деп айтқан болатын. Нәтижесінде Қытайда еңбек пен спортты дамыту жүйелері, стандартты спорттар мен гимнастика жүйелері пайда болды. Жалпы спорттық кеңейе бастады. Реформалау ашық саясат жүргізілуінің басталуынан 1995жылы Халық партиясының жоғарғы кеңесі «Спорт заңын» жарыққа шығарды. ҚХР-дың мемлекеттік кеңесі «Бүкіл халықтың денсаулығын нығайту бағдарламасын» бекітті. 2009 жылы қаңтарда ҚХР-дың мемлекеттік кеңесі 8 тамызды – халық денсаулығын нығайту күні деп жариялады. 2009 жылы қыркүйекте ҚХР мемлекеттік кеңесі «халықтың денсаулығын нығайтуға қатысты ережелерді» жариялады. Бұл Қытайдағы осы сферадағы алғашқы ережелер болатын, бұл спорт сферасындағы қызығушылықтарды қанағаттандыруға гарантия болды.

Сондай-ақ Лю Пэн 60 жыл бойы қалалар мен ауылдарда үзілмей жалпыға ортақ спорттық объектілер тұрғызылып келгенін атап өтті. Қазіргі уақытта елде 850 мың стадиондар есептелініпті. Бұл көрсеткіш ҚХР құрылған кездегіден 200 есе көп.

Жаппай спортпен шұғылдану дәрежесі өсіп келеді. Қалалар мен ауылдарда спорттық үйірмелер сұранысқа ие. Спорттық ассоцияциялардың саны 176. ҚХР-да 23 провинциялық спорттық центр құрылған, спорттық орындардың саны 210 мың, жастарға арналған спорт клубтары 3092. Елде Бүкілқытайлық ауылдық спартакиадалар, Бүкілқытайлық ауылдық спартакиадалар, Бүкілқытайлық ұлттық спартакиадалар, мүгедектердің, оқушылардың, студенттердің спартакиадалары жиі ұйымдастырылып тұрады. Қазіргі таңда елдің 28,2 пайыз тұрғыны спортпен тұрақты айналысады.

1956 жылы Чэнь Цзинкай ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартып, Қытайдан шыққан тұңғыш рекордсмен болды. 1959 жылы Жун Готуань алғашқы чемпиондық атақты 25-ші столь теннисінен болған әлем чемпионатында Қытайға жеңіп берді. Ал олимпиада алтынын қытайлық спортсмендер алғаш рет 1984 жылы алды. 2008 жылы Пекинде өткен олимпиадада Қытайлық спортшылар 51 алтын медель алып, жалпы командалық есепте 1-ші орын алды. 1980 жылы Қытай бірінші рет қысқы олимпиадаға қатысты . 2002 жылы қысқы олимпиададан алғашқы алтынын алды. 1982 жылы өткен 9-шы Азиялық спартакиадада Қытай спортшылары жеті рет 1-ші орын алды.

Лю Пэннің айтуынша, 60 жыл ішінде Қытайда спорттың даму стратегиясы мен спорт жүйесі қытайлық спецификамен форматталған. 2009 жылы тамызына дейінгі көрсеткіш бойынша Қытайда чемпиондық титулдардың саны 2310, ал әлемдік рекордтарды Қытай спортшылары 1195 мәрте жаңартқан екен.

Ли Пэн Қытай спортының дамуына күш салу бұнымен тоқталмайтынын да атап өтті.

Бейжіңде өткен жазғы жарыста қытайлықтар ешкімге дес берген жоқ. Ашылмаған қыр сыры көп, жұмбақ ел Олимпиаданы абыроймен өткізіп, коммунизм жүйесінің батыспен тең дәрежеде сөйлесе алатынын дәлелдеді. Алайда Қытай спортшыларының бұл жетістігін әлем әртүрлі болжап отыр. Бірі тарихын тереңнен тартқан қытай медицинасының арқасы десе, енді бірі Конфуциймен тәрбиелленген ұрпақ допингсыз-ақ ұлтын жеңіске жетелейді дейді. Қалай болғанда да қытай күллі әлемге өзінің мықтылығын мойындатты. Қытай бұл Олимпиаданы бір ғасыр күтті. 1908 жылы Ұлыбританияда өткен Жазғы ойындар кезінде қытай журналисі үш мәселе көтереді. Қашан ханзулық команда, тым болмаса бір қытайлық әлемдік додаға қатысады. Олимпиаданы Аспан асты елі ұйымдастырса деп армандапты. Кез келген нәрсеге ұлттық бояу беретін ханзулар жүз жыл бұрыңғы сол мақаланы тауып жария етті. Cөйтіп Бейжіңдегі жарысқа жұрт жаппай жанталаса дайындалды. Хош. Қытай Олимпиаданы ұйымдастыру арқылы ұтпаса ұтылған жоқ. Халқын жігерлендіріп, Аспан асты астанасаның инфрақұрылымын жақсартып алды. Спорттық сайыстар өтетін ғимараттарды салуда да қателескен жоқ. Әлем таңдай қаққан спорт залдар Жоғарғы Оқу Орындарының жанынан тұрғызылды. Жастар Олимп рухымен спорттқа одан әрі ден қойып, салауатты өмір салтын ұстайды.

87. Қытайдың индустрия мәдениеті. Қытайдың индустрия мәдениет реформасы экономика реформасының өткізілуімен сәйкес келеді және соған тікелей байланысты. Индустрия мәдениеті мәдени бағыттағы қоғамдық іс-шаралардың сапасының өсуіне үлкен үлес қосады. Сондықтан да ҚХР алғашқы кезеңде нарықтық экономиканың мәдени ресурстарды бөлісудегі негізні орнын анықтады. Бұл мәселені шешу үшін, қоғамға мәдени салада қызмет көрсететеін ұйымдардың жұмысын қайта қарастырды. Яғни бұл ұйымдарға инвестиция құюды көбейтті, басқару құрылымдарының жұмысын жақсартуға көп қызмет атқарды. Соңғы жылдары мәдени индустрия саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Негізгі орында мәдени индустрияның мемлекеттік салаларында жеке құрылымдардың трансформациясы өткізілді. Яғни, ҚХР мемлекеттің мәдениетін жаңа сатыға көтеру үшін, жеке компаниялар мен жеке тұлғалардың көмегіне сүйене бастады. Бұл шешім қытайдың дәстүрлі мәдениетін әлемге жарнамалауға және одан көп тәжірибе алуға көмегін көрсетті. Сондықтан да республикада мәдени индустрия саласына жастарды тарту саясаты жүргізілуде, мемлекетте мәдени индустрия институттары ашылуда, мәдени саладағы жұмысшылар арасында бәсекелестік рухы өсуде. Бұған қоса, мәдени саладағы мемлекеттің қызметі де біршама өзгерді. Ол микросатыдан макросатыға қайта ауысты. Мемлекетте мәдени индустрияның ортақ, ашық, бәсекелестікке қабілет ібар жүйесі қалыптасқан. 1978 жылдан бері жыл сайын «Мәдени индустрия жәрмеңкесі» өткізіледі. Бұл жәрмеңкеде түрлі мәдениетті көтеруге арналған бағдарламаларға қол қойылады. Сонымен қатар, ҚХР мәдени индустрия саласының өсу қарқынын келесі мысалдардан да көре аламыз. 2009 ж ҚХР киноиндустрия саласында әлемдік кино шығарушы негізгі үш мемлекеттің қатарына енді. Қазірге кезде Қытай жылына кем дегенде 400 кино түсіреді. Қытай шоу-бизнесі әлемге жылдан-жылға танылуда. Ал баспасөз саласының табысы жыл сайын 20% өсуде. Қазірге кезде, ҚХР мәдени саланың нарықтық үлгісі қызмет атқаруда. Яғни, дәстүрлі мәдениет негізгі болып қала береді, бірақ, шетел мәдениетінің үлгілері де болуға мүдделі. Бұл ерекшелік, Қытайдың негізгі мәдени секторынынң дамуына көп пайда тигізуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]