Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

84.Қытайда алғашқы шетел тілі мектебінің құрылуы.

Адамдардың әр ұрпағы үш маңызды мәселені шешеді: алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін үйрену, осы тәжірибені ары қарай дамытып, оны келесі ұрпаққа жеткізу. Қоғамның жылдам немесе ақырын дамуы, ондағы жас ұрпақтың тәрбиесіне байланысты. Осы ретте тәрбиені жақсарту үшін арнайы оқыту – тәрбиелеу орындарын құру керек болды. Осы себептен Қытайда ежелден білім беру жүйесі пайда бола бастады.Қытайдағы мекеп көптеген экономикалық, әлеуметтік, мәдени, этникалық, географиялық және басқа да факторлардың әсерінен дамыды. Қытайдағы бірінші мектептер б.з.д. 3 мыңжылдықта пайда болды. Олар Сяо және Сюй деп аталды. Кейіннен ғасырлар өте, Қытайда көптеген шетел тілді мектептер құрыла бастады. Ол біріншіден шетелдіктердің Қытайға түрлі мақсаттармен ( сауда, зерттеу жұмыстары, экспансия ) келуімен байланысты. Қытайдағы орыс тіліне келетін болсақ, Қытайда ресми түрде орыс тіліне үйрету 1708 ж. деп саналады. Бұл кезде Цин династияның императоры Канси орыс тіліне қытай дипломаттарын үйретуге бұйрық берген. Сондықтан білім беру министрлігінің аясында орыс тілінің арнайы мекемесі құрылды. Осы кезде Қытайда бірінші рет орыс тілді мектеп ашылды. 1798 ж. империяда қытайлық студенттерге арналған орыс тілі оқулығы басылып шықты. Ал 64 жылдан кейін Қытайда шетел тілдерін үйрететін бірінші училище ашылды. XIX ғ. соңында шетел тілді институты жұмыс істейтін Үлкен астаналық академияның негізі салынды. Жаңа Қытайдың пайда болуымен орыс тіліне деген қызығушылық шарықтап кетті, әсіресе Мао Цзэдун оны үйренуді қолдағаннан кейін. Елде « Орыс тілін бүкіл халықпен үйрену » деген лозунг жарияланды. Орыс тілі мектептерде және жоғарғы оқу орындарында міндетті сабаққа айналды. 1800 ж.ж ағылшындықтардың Қытайға көптеп келуі, « Опиум соғ.» осының барлығы Қытайда ағылшын тілінің таралуына себеп болды. Осыған байланысты 1900 ж.ж қытайлықтар ағылшын тілін үйрене басталды. Дәл осы кезде Қытайда бірінші рет ағылшын және басқа да еуропа елдерінің тілдерін үйрететін мектептер ашыла бастады. Кейіннен 1990 ж қарай ағылшын тіліне деген қызығушылық пайда болғаннан кейін, осы тіл халықаралық тілдердің біріне айналғаны үшін, көптеген қытайлық жастар осы тілді үйрене бастады.

85. Қытайдың ерте замандағы су құрылысы ғылымы.

ежелгі Қытай архитектурасының жетістіктерінің бірі ретінде Ұлы Қытай қорғанын айтсақ, сол замандағы су құрылысы көрінісі ретінде Ұлы Каналды (архар, арна) айта аламыз. Ол Пекинда бастау алып, оңтүстікте Ханчжоу қаласында аяқталады. Канал екі қала – Пекин мен Тяньцзин – және төрт провинция – Хэбэй, Шандун, Цзянсу, Чжэцзян – арқылы өтіп, бес өзен – Хайхэ, Хуанхэ, Янцзы, Цяньтанцзян – бассеніндерін бір өзен жүйесіне біріктіреді. Каналдың жалпы ұзындығы 1794 метр. Бұл – жасанды су жолдарының әлемдегі ең алғашқысы және ең ұзындарының бірі болып табылады.

Каналды салып бастау уақыты бізден 2400 жыл бұрынғы Көктемдер мен Күздер кезеңіне сәйкес келеді. У княздігінің билеушісі Орталың жазықты басып алу ойымен Янцзыдан солтүстікке қарай канал қазуды ойлатырады. Оны қазуға көптеген әскер мобилизацияланып, нәтижесінде Янчжоу жанында 150 км–ге созылған Янцзы мен Хуанхэны байланыстыратын канал жасалды. Бұл жер Ұлы каналдың ең көне жері болып табылады.

Сүй династиясы кезіндегі канал. ІІ этапы болып 605 – 606 ж. саналады. Сүй императоры Ян–ди өз билігін күшейту мақсатында Лоян астанасынан екі бағытта: Чжозюнге дейін солтүстікке, Юханға дейін оңтүстікке канал салуды ұйғарды. Осы мақсатта бірнеше миллион адам жұмыспен қамтылды. Жаңа су жолының жалпы ұзындығы 2500 км–ге жетті.

Юанб династиясы кезіндегі канал. Юань династиясы кезінде Қытай астанасы Пекин болы. Саяси орта Орталық жазықтан солтүстікке қоныс айдарды, алайда қаржы–экономикалық орталық әлі де болса Янцзы мен Хуанхэ болып қала берді. Егінді Лояннан Пекинға ұзақ айналып өтетін жолмен тасымалдау өте ауыр әрі тиімсіз болды. Осы себептен 1283 жылы Ұлы канал трассасында ауқымды құрылыс жүргізу ұйғарылды. Трасса бағыты өзгертіліп, енді Пекиннен тікелей Ханчжоуға жету мүмкіндігі жасалды.

Канал гүлденуі мен құлдырауы. Бірнеше ұрпақ бойы маңызды су жолы болып келген Ұлы канал ХІХ ғасырда теңіз транспорты мен темір жолдар іске қосыоуына байланысты өз маңызынан айырылды. 1949 жылы жаңа Қытай құрылуымен бірге каналдың кейбір зоналарында кеңейту және тазалау жұмыстары жүргізіле бастады. Қазіргі таңда канал магистралінде кеме қатынасын қайта жандандыру шешімі қабылданған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]