Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

73. Қытай Цин империясының мәдениет саясаты.

Цин империясы (1644—1912) аралықты қамтиды.(маньчжур ақсүйектері, абсолютті феодалдық монархия). 1646 жылы қабылданған ұлы Цин империясының заңында көрсетілген:цин империясына қарсы қандай да сөдер мен істерге тыйым салынады.Классиканы оқу, Кунцзыге қызмет ету саясатын ұстайды. «Алдыңғы ұстаз Кунцзы» классикалық 6 шығармасын оқу қажет. Конфуции ілімі негізінде Кунцзының храмын алтынмен қайтадан қаптаған.Осының негізінде идеологиясын біртұтастандырды.Халықтық тілді қолдауды дәріптеді.Цин империясы жазуда қарапайым жазуды қолданды.Сонымен қатар, мектептер ашуды көздеді. Емтихан арқылы дарынды балдарды тану болды. Яғни, бұл кезде көптеген мектептер ашылған болатын: мемлекеттік мектептер, император мектебі, сегіз ұлы мектеп.Бұл мектептегі негізгі оқулық – қытайдың классикалық ілімдері оқытылды. Классикалық шығармалардан басқа шығармаларды оқуға, уағыздауға тыйым салынды.Кунцзының трактаттары басты оқулық болып есептелінді.Қоғамдық ұйымдардың құрылуына қатаң тыйым салынды. Сол кездегі Цин империясына қарсы жазған мақалалардың авторларын тұтқындаған болатын. 18-19ғасырларда Цин мемлекетінде жер иелену ірілендірілді. Ауыр салықтарға шыдамаған шарулар жерін сатып, өздері феодалдарға жалдануға мәжбүр болды.Мемлекеттегі халықтың басым кқпшілігі кедей шарулар егіншілікпен қатар қолөнермен, ұсталық, тоқымашылық, зергерлік сияқты жұмыстармен айналысты.Қытай шаруаларының қолынан шыққан тоқыма бұйымдар орталықтарына Нанкин, Сучжоу, Ханьчжоу, шанхай және т.б. қалалар жатты.Бқл қалаларда шығарылған қытайдың жібек, мақта мата бұйымдары дүниежүзіне белгілі болды.Қытайдағы қолөнердің ең кең таралған түрі фарфор өндірісі еді.Қолөнершілер ірілі ұсақты ұйымдарға бірікті. Мемлекеттік мануфактуралар құрылды. Олардың негізгілері әскери қару жарақ жасау, тау кен өндірісі салаларында болды.Қазыналық қолөнер шеберханалары мен мануфактураларда жалдамалы қолөнершілер істеді.18-19ғасырларда қытайдың аграрлық табиғи шарушылыққа негізделіп, үйдегі қолөнер өндірісі мен егіншілікті ұштастыра жүргізу сипатында болды. XIXғасырдың жартысында Цин империясы құлдырай бастады.Цин империясының құлдырауы Қытай өкілдерін терең ойға салдырды. Ең көрнекті ойшылдардың бірі Гун Цзы Джин 1792-1841жж өмір сүрген ақын, публицист. Қоғамдық қайшылықтарды зерттеуді көздеген болатын. Көптеген көркем әдебиеттер жазған. Практикалық маңызы бар ғылымдарды зерттеуіміз қажет дейді. «Біздің қоғам құлдырап бара жатқан қоғам, осы жағдайға тап болсақ та, билеушілер де басқалар да еш қозғалмайды»,-деген болатын. Саяси реформа жүргізуді қалаған еді..Билік басындағы адамдарды ауыстыруын, жастарды емтихан арқылы нақты білімін анықтап, басқару билігіне білімділерді қабылдауын негіздейді. Цин империясы сыртқы қатынастарға күшті агрессия көрсету қажет екенін және апиын саясатына қарсы тұруы керек дейді. Заңды қатаң түрде өзгерту керектігін айтады. Апиын сатқандарды өлім жазасы арқылы басқаларға үлгі ретінде көрсету керектігін насихаттайды. Келесі өкіл Пи Ру Жин 1763-1830жж өмір сүрген демократиялық идеяны насихаттаушы. Оның негізгі шығармасы: «Әйнектгі гүл» деп аталады. Көбірек әйелдер тағдырын жазған болатын. Теңдікті насихаттаған. Феодалдық қоғамдағы адамдардың теңдігін негіздеді. Білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу керек дейді. Үкіметтің бақылауында мемлекеттің монополиясында ірі кәсіпорындарды қалыптастырды. Консервативтік топтар қытайдың абсолюттік феодалдық қоғамды сақтауын негіздеген болатын. Тағы бір өкілді айтатын болсақ, Кан Ю Вей «Жазған ғылымға жаңаша анықтама» деген еңбек жазған болатын. Осылайша Цин империясының мәдениетінде жаңа ойшылдар пайда болғанын көре аламыз. Олардың цин қоғамына көптеген өзгерістер алып келгенін байқаймыз...

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]