
- •1. Мәдениеттің анықтамалары.
- •2. Қытайдың ертедегі заттық мәдениет мұралары.
- •3. Қытайдың қазіргі заман білім беру жүйесі
- •4. Конфуций ілімі.
- •5. Қағаз жасау техникасының тапқырлауы
- •6. Хань патшалығы кезіндегі архитектурасы
- •7. Қытайдың Даосизм ілімі
- •8. Қытайдың ерте замандағы астрономиясы
- •9. Қытайдың қазіргі қоғамдық ғылымдар құрылым жүйесі
- •10. Қытайдың легизм жүйесі
- •11. Қытайда жазу мәдениетінің қалыптасуы.
- •13. Қытайдың инь және ян ілімі.
- •15. Таң дәуірінде қала мәдениетінің дамуы
- •16. Қытайға буддизм өркениетінің таралуы
- •17. Қытай Республикасының (1912) мәдениет саясаты
- •18. Хх басында Кытай билим беру жуйесиндеги реформасы
- •19. Бзб Қытайдың мүсін өнерінің ерекшелігі
- •20. Дао діні және оның уағыздары.
- •21. Қытайдағы Батыстың саяси мәдениетінің әсері 19 ғасыр
- •22. Қытайдың ерте замандағы агрономия ғылымының дамуы
- •23. Қытайда алғашқы әскери қару-жарақ заводының құрылуы.
- •24. Қытайда марксистік мәдениеттің дамуы.
- •25. Таң патшалығы кезіндегі поэзияның дамуы.
- •26. Ислам өркениетінің қытайға таралуы.
- •29. Қытай Миң пат.Ы кезінде кеме жасау тех.Ң дамуы
- •30. Қытайда жаңа заман әскери училищелердің құрылуы.
- •31. 32. Қытайдың ертедегі жазбалары
- •33.Қытайдың Цин империясы кезіндегі демократиялық идеялар
- •34. Қытай философиясының қайнарлары
- •35. Қытайда тарихи жазу дәстүрі
- •36. Қытайдағы «жаңа мәдениет қозғалысының» (1915) тарихи маңызы
- •37. Цинь Шихуандидің сарбаздар мүсінінің мәдени мәні
- •38. Қытайда дәстүрлі бейнелеу өнерінің қалыптасуы.
- •42. Кытайдын ерте замандагы кала курылыс мадениети. Асен Алияда болган
- •44. Қытайда ең алғашкы Тас көпірдің салынуы.
- •45. Қытатайдағы емтихан мәдениетінің қалыптасуы.
- •46. XіXғ екінші жартысында Қытайдағы идеология саласындағы пікірталастар.
- •47. Қытайдың дәстүрлі мектепте білім беру жүйесі.
- •48. «Мәдениет революциясы» (1966-1976) зардабы.
- •50. Қытайдың шетел өркениетін қабылдау принциптері.
- •51. Дуньхуан қабырға сурет өнерінің құндылығы.
- •52. Юань әулиеті дәуірінде Қытайға батыстан әр түрлі діндердің таралуы.
- •53.Қытайдың классикалық прозалары
- •54. Ккп‑ның социалистік мәдениет концепциясы.
- •55. Қытайда теңіз картасын сызу өнерінің қалыптасуы.
- •56. Қытайдың «төрт қойма кітап» мәдени құндылығы.
- •57. Қхр‑дың білім беру жүйесіне реформа жүргізуі (1978 ж кейінгі)
- •58.Қытайдың мұнара сәулет өнері.
- •59. XX ғ Батыстың эволюция теориясының қытай мәдениетіне ықпалы
- •61.Қытайда машинамен жібек тоқу техникасы.
- •62. Қытайдың « Қызыл сарай түсі » романының мәдени құндылығы.
- •63. КхРдын билим беру жуйесин реформалау идеясы 1920
- •64. Қытайдың полиграфия өнерінің Батысқа таралуы.
- •65. Қытайдың “мәдени революциясының” мәдениетке кері ықпалы.
- •66. КхРдын гылыми-техника жуйес3не реформалау идеясы
- •67. Қытайдың шетел мәдениетіне ұстаған позициясы.
- •68. Қытайдың «Су бойында» атты романының мәдени құндылығы.
- •70.Ботаника ғылымы
- •71. Қытайдың «Үш патшалық қиссасы» романының мәдени құндылығы.
- •73. Қытай Цин империясының мәдениет саясаты.
- •74. Чуньсю дәуіріндегі металлургия
- •75. Қытайдың ерте замандағы медицинасы.
- •76. Қытайдың иероглиф реформасы
- •77. Чжанго дәуірінде қоғамдық ой-сананың дамуы.
- •78. Қытайда тас ойма өнерінің дамуы.
- •80. Қытайда физика ғылымының қалыптасуы.
- •82. Қытайдың ерте заманғы химия ғылымы.
- •83. Қытайда дәстүрлі инемен емдеу ғылымының қалыптасуы
- •84.Қытайда алғашқы шетел тілі мектебінің құрылуы.
- •85. Қытайдың ерте замандағы су құрылысы ғылымы.
- •86. Қхр спорт мәдениеті
- •88. Қытайдың аз санды ұлттар мәдениетіне ұстанымы.
68. Қытайдың «Су бойында» атты романының мәдени құндылығы.
Ши Най ан – автордың өмірі туралы нақты дерек жоқ. Шамамен Юан дәуірінің соңғы жылдарынан Мнң дәуірінің бастапқы жылдарына дейін өмір сүрген жазушы. Оның «Су бойында» атты көп тараулы романы қытай әдебиеті тарихындағы тұңғыш шаруалар көтерілісін тақырып етіп жазған таңдаулы роман болды. кейбір деректерде бұл романды Ши Най Ан жазып, Луо Гуанджун өңдеген деп те айтады. «Су бойында» романы ұзақ уақыттар бойы ауыздан-ауызға тарлған Сұң, Юан патшлықтары тұсындағы аңыз-әңгімелер, халық арасында қойылып жүрген драмалар негізіде жазылған. Автор әңгімелеуші ретінде кейіпкерлердің іс-әрекеттері, оймпікірі, оқиғалардың барысы, эпилогі, т.б. туралы іркіліссіз баяндаған. Онда тарихтағы шаруалар көтерілісінің жарыққа шығуы, дамуы және сәтсәздікке ұшырау барысы әсерлі тілмен суреттелген. Ляң-Шаң тауына жиналған 36 ержүректі азаматтың Суң-Цзяң атты қолбасшының жетекшілігінде тез арада 108 адамға көбейіп (бірінші деңгейдегі 36 батыр «пері», екінші деңгейдегі 72 батыр «Дыю» делініп суреттеледі, артынан ерген санмың сарбаздар бар), қолдарына қару алып, сол тстағы әділетсіз билікке қарсы соғыс жариялап, көтерілісжасауға мәжбүр болуы романның негізгі желісі болған. Роман халыққа түсінікті жай тілмен жазылғандықтан, қытай әдебиет тарихындағы алғашқы жай тілмен жазылған шығарма болып табылады. 71 тараудан тұратын бұл еңбектің кез-келген тарауы өз алдына жеке әңгіме бола алады.
ҚХР-дың театр мәдениет жүйесі
ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қытай театры кемелденуге қадам басты. Соның бір белгісі – Цау Йүй және оның «Нажағайлы нөсер», «Күн туды», «Дала» сияқты шығармаларының жарық көруі еді. Осы драмалық туындылар өзінің терең мазмұны, көркем шеберлігі арқылы Қытай театр шебінің көш басшысына айналып, тұтас Қытай драмашылығын осызамандану жолына бастады. Сөйтіп, Цау Йүйдің өзі де “Қытайдың Шекиспирі” деген даңққа ие болды.
Цау Йүй Қытай қазіргі заман әдебиеті тарихындағы дәуір түсі қанық автор есептеледі. Ол өзінің қажымас ізденгіш рухы арқасында, қазіргі заман драмаларының идеялылығы мен өнер өресі жағынан Қытай драматургия тарихындағы мұқым бір ұрпақтың өнер ұстазы деген талассыз тарихи орнын тіктеді.
Цау Йүй өз өмірінде Пекин халық көркем театрының бастығы, Қытай Жазушылар одағы хатшылар басқармасының хатшысы, Қытай орталық драма институтының құрметті ректоры, Қытай драмматургия одағының төрағасы қатарлы лауазымды жұмыстарды атқарды. Оның «Көктем келді» деген жинағы және «Цау Йүй таңдамалылары», «Цау Йүй: шығармашылық туралы», «Цау Йүй сценарийлерінің жинағы» деген кітаптары бар. Ол сонымен бірге Шекспирдің «Ромео мен Жулиетта» қатарлы драмалық шығармаларын аударды. Оның бірнеше драмалары жапон, орыс, ағылшын қатарлы тілдерге аударылды.
Цау Йүй Қытай театр тарихындағы тыңға түрен салған автор. Ол “4 мамыр” империализмге, феодализмге қарсы демократиялық рухына мұрагерлік етіп, Қытайдың классикалық драмалары мен Еуропаның таяу заманғы драмаларының бейнелеу әдісін қабылдады. Сөйтіп, Қытай драмматургия өнерін жаңа бір кезеңге алып шықты. Оның «Нажағайлы нөсері» Қытай драмматургия өнерінің толысқандығының нышаны. Одан соңғы «Пекиндіктер», «Әулет» қатарлы еңбектері де әйгілі туындылар. Цау Йүй шығармалары режиссурға, актерлік өнер және сахналық көркемдік саласында да терең ықпал тудырып, драматургияны нағыз әмбебап өнерге айналдырды. Сол арқылы көптеген көрермендерге ие болып, театр өнерін өрге сүйреді. Оның шығармалары, жүйеден «Нажағайлы нөсері» мен «Күн туды» елу неше жылдан бері сахнадан түспей, қойылым саны жағынан ағалап алда келеді. Бастан- ақыр Қытай драмасының сақталу тізімі мен мектептерде сынақ ретінде орындау тізімінде келеді. Сонымен бір уақытта, көптеген шетел тілдеріне аударылып, шетел сахналарында қойылды. Цау Йүйдің уәкілдік шығармалары – «Нажағайлы нөсер» (1933), «Күн туды» (1935) сынды шығармаларынан сырт, «Дала» (1937), «Азғындау» (1939), «Пекиндіктер» (1941), «Әулет» (1942, Бажинның әңгімесіне сай), «Арайлы аспан» (1947, Киносценарий), «Ашық аспан» (1952), «Семсердей өткір, өттей ащы» (1961), «Уаң Жаужүн» (1978) қатарлылар.
Күнчүй Қытайда қазір бар ұлттық опералар ішінде тарихы ең ұзағы, ол дүние жүзіндегі үш ірі классикалық опералар бұлағының бірі. Қазірге дейін оның тарихы 600 жылдан асты. Күнчүйдің тарихы ұзақ, өнер формасы бірегей, ықпалы кең, ол дәстүрлі мәдениеттің жауһары, әрі Қытай операларының үлгісі. Күнчүйдің айырықша мәдени құны болғандықтан, 2001 жылы: “1. классикалық театр әдебиетінің ең жоғары деңгейі; 2. классикалық музыка мәдениетінің ең соңғы қалдығы; 3. классикалық актерлік өнердің кемел жүйесі” деген себептермен ЮНЕСКОда «Адамзаттың ауызша таралған және бейматериалдық мұрағаттарының өкілдік шығармалары» санатына алғашқы топта бірінші болып қосылды.
ХІV ғасырдың ортасынан басталған алғашқы 200 жылда ол ел арасындағы, минограммадағы ән формасында ғана болатын. Оның таралу аясы алғашында Сужу ауданы көлемінде ғана болды. ХVІ ғасырдың орта шенінде Уи Ляңфу деген адам оны жаңалап, бұрынғыдан да жағымды әуен шығарды да, оны “Су тирмен әуені” деп атады. Сонымен, Күнчүйдың негізгі формасы қалыптасты да, тез тарала бастады. Жяңсу, Жыжяң өлкелерінен шығып, Қытайдың басқа жерлеріне кеңейді. ХVІІІ ғасыр Күнчүйдің толысқан алтын дәуірі болды. Осы мезгілде Күнчүй кемелденген бейнелеу формасымен адамдарға өмірдің алуан сырларын аңғартып отырды. Күнчүй ол шақта патша сарайының үнемілік мейманы, білімпаздар мен дегдарлардың ермегі болды. Чиң династиясының Чянлұң жылдарында (1711 жылдан соң) Күнчүйдің халі нашарлай берді. Жаңа Қытай құрылған соң, Күнчүй өнерінде бұрылыc болды. Қазіргі кезде, Күнчүй Жяңсу, Жыжяң, Шаңхай, Пекин, Хунан сияқты жерлерде көбірек қойылады.
Күнчүй Қытай операларындағы бейнелеу өнерінің жауһары есебінде, қашан да нәзік өнердің өкілі ретінде, Қытайдың білімпаздары мен дегдарларының, өнер мамандарының баптауымен, айырықша бір опера түрі болып келеді. Сондықтан ол музыка, би, цирк, сайыскерлік, дикламация, опера сияқты Қытайдың дәстүрлі өнерлерін тоғыстырып, бір дәуірде Қытайда және шетелдерде “Ел театры” деп танылып, “Опера біткеннің атасы”, “Опера біткеннің нәрі” деп аталды. Қытайдың көптеген жергілікті опералары, мәселен, Шанши, Сычуан, Гуаңдұң сияқты өлкелердегі опера түрлері күнчүй өнерінен жан-жақтылы тәлім алған.
Дәуірдің озуымен, сценарийден тартып, орындауға дейін, ұлығаусар өзгерістерге ұшырады, ал Күнчүйде өзгеріс тым аз. Онда операның дәстүрлі ерекшеліктері көбірек сақталған. Реператуарлары да мол. Оны “Тірі тасқалдық” деп атайды. “Тірі тасқалдық” болатын себебі – оның қалыптасуы өз кезіндегі ақсүйектер мен білімпаздардың тұрмыс тірлігі мен өнер талғамына жалғас болуында. Сондай таптың мәдени өресі Күнчүйге айырықша нәр берген. Білімпаздар мен ақсүйектердің қамсыз тұрмысы мен қияли дүниеге деген құмарлығы Күнчүйге жатымды ырғақ, сипат және таза өнер құрамдарын сыйлады.