
- •1. Мәдениеттің анықтамалары.
- •2. Қытайдың ертедегі заттық мәдениет мұралары.
- •3. Қытайдың қазіргі заман білім беру жүйесі
- •4. Конфуций ілімі.
- •5. Қағаз жасау техникасының тапқырлауы
- •6. Хань патшалығы кезіндегі архитектурасы
- •7. Қытайдың Даосизм ілімі
- •8. Қытайдың ерте замандағы астрономиясы
- •9. Қытайдың қазіргі қоғамдық ғылымдар құрылым жүйесі
- •10. Қытайдың легизм жүйесі
- •11. Қытайда жазу мәдениетінің қалыптасуы.
- •13. Қытайдың инь және ян ілімі.
- •15. Таң дәуірінде қала мәдениетінің дамуы
- •16. Қытайға буддизм өркениетінің таралуы
- •17. Қытай Республикасының (1912) мәдениет саясаты
- •18. Хх басында Кытай билим беру жуйесиндеги реформасы
- •19. Бзб Қытайдың мүсін өнерінің ерекшелігі
- •20. Дао діні және оның уағыздары.
- •21. Қытайдағы Батыстың саяси мәдениетінің әсері 19 ғасыр
- •22. Қытайдың ерте замандағы агрономия ғылымының дамуы
- •23. Қытайда алғашқы әскери қару-жарақ заводының құрылуы.
- •24. Қытайда марксистік мәдениеттің дамуы.
- •25. Таң патшалығы кезіндегі поэзияның дамуы.
- •26. Ислам өркениетінің қытайға таралуы.
- •29. Қытай Миң пат.Ы кезінде кеме жасау тех.Ң дамуы
- •30. Қытайда жаңа заман әскери училищелердің құрылуы.
- •31. 32. Қытайдың ертедегі жазбалары
- •33.Қытайдың Цин империясы кезіндегі демократиялық идеялар
- •34. Қытай философиясының қайнарлары
- •35. Қытайда тарихи жазу дәстүрі
- •36. Қытайдағы «жаңа мәдениет қозғалысының» (1915) тарихи маңызы
- •37. Цинь Шихуандидің сарбаздар мүсінінің мәдени мәні
- •38. Қытайда дәстүрлі бейнелеу өнерінің қалыптасуы.
- •42. Кытайдын ерте замандагы кала курылыс мадениети. Асен Алияда болган
- •44. Қытайда ең алғашкы Тас көпірдің салынуы.
- •45. Қытатайдағы емтихан мәдениетінің қалыптасуы.
- •46. XіXғ екінші жартысында Қытайдағы идеология саласындағы пікірталастар.
- •47. Қытайдың дәстүрлі мектепте білім беру жүйесі.
- •48. «Мәдениет революциясы» (1966-1976) зардабы.
- •50. Қытайдың шетел өркениетін қабылдау принциптері.
- •51. Дуньхуан қабырға сурет өнерінің құндылығы.
- •52. Юань әулиеті дәуірінде Қытайға батыстан әр түрлі діндердің таралуы.
- •53.Қытайдың классикалық прозалары
- •54. Ккп‑ның социалистік мәдениет концепциясы.
- •55. Қытайда теңіз картасын сызу өнерінің қалыптасуы.
- •56. Қытайдың «төрт қойма кітап» мәдени құндылығы.
- •57. Қхр‑дың білім беру жүйесіне реформа жүргізуі (1978 ж кейінгі)
- •58.Қытайдың мұнара сәулет өнері.
- •59. XX ғ Батыстың эволюция теориясының қытай мәдениетіне ықпалы
- •61.Қытайда машинамен жібек тоқу техникасы.
- •62. Қытайдың « Қызыл сарай түсі » романының мәдени құндылығы.
- •63. КхРдын билим беру жуйесин реформалау идеясы 1920
- •64. Қытайдың полиграфия өнерінің Батысқа таралуы.
- •65. Қытайдың “мәдени революциясының” мәдениетке кері ықпалы.
- •66. КхРдын гылыми-техника жуйес3не реформалау идеясы
- •67. Қытайдың шетел мәдениетіне ұстаған позициясы.
- •68. Қытайдың «Су бойында» атты романының мәдени құндылығы.
- •70.Ботаника ғылымы
- •71. Қытайдың «Үш патшалық қиссасы» романының мәдени құндылығы.
- •73. Қытай Цин империясының мәдениет саясаты.
- •74. Чуньсю дәуіріндегі металлургия
- •75. Қытайдың ерте замандағы медицинасы.
- •76. Қытайдың иероглиф реформасы
- •77. Чжанго дәуірінде қоғамдық ой-сананың дамуы.
- •78. Қытайда тас ойма өнерінің дамуы.
- •80. Қытайда физика ғылымының қалыптасуы.
- •82. Қытайдың ерте заманғы химия ғылымы.
- •83. Қытайда дәстүрлі инемен емдеу ғылымының қалыптасуы
- •84.Қытайда алғашқы шетел тілі мектебінің құрылуы.
- •85. Қытайдың ерте замандағы су құрылысы ғылымы.
- •86. Қхр спорт мәдениеті
- •88. Қытайдың аз санды ұлттар мәдениетіне ұстанымы.
63. КхРдын билим беру жуйесин реформалау идеясы 1920
64. Қытайдың полиграфия өнерінің Батысқа таралуы.
Х-ХІІІ ғасырларда Қытай қалалары ауылдық мекендерден әлдеқайда ерекше дамыды. Қалалар мәдениеттің маңызды орталығы болды: онда мектептер, кітапханалар мен академиялар орын тепті, ал астанада VIII ғ.бастап шы5а бастаған үкіметтік газет, кітаптар басылып, мемлекеттік мұрағат жұмыс істеді, оларға елдің әр түрлі түкпірлерінен тарихты құрастыру үшін түрлі ақпарлар мен мәліметтер түсіп отырды.
Сол заманда полиграфия өндірісі өркендеп дамыды. Қытайлықтар кітап шығарудың ксилографиялық тәсілін, яғни арнайы дайындалған ағаш тақтайға әріптерді ойып жазу арқылы кітап басуды кеңінен дамытты. Ксилография Сұң заманының жаңалығы. 1048 жылдары Қытайдағы қарапайым Би Шэн деген адам жылжымалы әріптер топтамасын ойлап шығарды. Бірақ, қытай жазуында алфавиттің болмауына байланысты «тірі иероглифтер» өте қолайлы бола қоймай, таңбалы тақташаларға қарағанда көп қолданыста бола алмады. Батыс Еуропадағы мәдени көкжиектің кеңеюі мен өнердің дамуына септігін тигізген баспа станогының ойлап табылуы сияқты, ксилографияның енгізілуі Қытайдың мәдени кеңістігінің ұлғаюына оңды әсерін тигізгені даусыз. Ежелгі замандағы орам түріндегі алғашқы кітаптардан түпкілікті өзгеше, түптелген кітап шығару дүниеге келді. Кітап өндірісінің арзандалуы елеулі түрде халықтың сауаттылығына әсер етті. Қазыналық және жеке меншік баспаханалар, кітап дүкендері ашылды, жеке меншік және қазыналық кітапханалар құрылып мектепте білім беру өркендеді. Сарай жанындағы ірі кітап қоймаларында әр түрлі жанрдағы тарихы шығармалар мен ежелгі заманның классикалық туындыларына талдау мен сипаттама жасаған орасан көп жұмыстар атқарылды. Қаағаз өндірісінің өсуі, ксилографияның түрлі түсті болуы және ең бастысы коммуникация жүйесінің жолға қойылуы, Кайфын мен Ханчжо қалаларында ресми «Астаналық хабаршы» газетінің шығарылуына мүмкіндік беріп, онда елдегі болған жаңалықтармен халықты хабардар етіп отырды.
65. Қытайдың “мәдени революциясының” мәдениетке кері ықпалы.
1965 жылы Мао Цзэдун құпиялы түрде өзінің қарсыластармен ашық түрде күресуге дайыдалды. Осы уақытқа дейін “прогматиктер” өз қолына биліктің бір бөлігін алған болатын. Олар партияның орталық органдарында алып отырған дрежелерінің арқасында зор билігі болды: Лю Шаоци ҚХР-ның төрағасы, ҚХР-ның Орталық комитетінің төрағасының орынбасары және Дэн Сяопин ҚХР-ың ОК-нің Бас хатшысы. Маоның қарсыластарының позициясы Пекинде мығым болды. Оларды Партияның Пекин қалалық комитетінің хатшысы Пэн Чжень қолдады. Пэн Чженьге қала мэрінің орынбасары, әдебиетші, партия қызметкері әрі көпке танымалы драма “Хай Жуйдің авторы У Хань жақын болды.
Пекинде өз ықпалынан айырылғанын түсінген Мао Цзэдун, өз тірегін Шанхайдан табады. Шанхайда “мәдени революция” кезінде жетекші рөл атқаратын оның жақтастары шоғырланған болатын. Шанхайда Мао Цзэдун қала комитетінің хатшысы Кэ Циншиге, қала қала комитетіің пропаганда бөлімінің басшысы Чжан Чуньцяоға, ҚКП-ың қалалық комитетінің газеті “Цзэфон жибаоның” бас редакторы, публицист Яо Вэньюнға сенім артты.
Осылармен Маоның бұйыруымен Маоың әйелі Цзян Цин У Ханның пьсасының мазмұнын критикалап газетке мақала шығару жайлы сөйлеседі. Бұл мақала бірнеше ай дайындалып, басылымға 1965 жылы 10 қарашада, яғни Мао Цзэдунның Шанхайға келген күні жарыққа шықты. Яо Вэньюнның тарихи драманың жаңа редакциясы жайлы “Хай Жуйді сынға алу” атты мақаласында Мао Цзэдунның да қаламының іздері болды. Бұл партияда жаңа саяси компания ретінде қарастырылды. Негізі У Ханға қарсы мақала Пэн Чжэнге, артына Лю Шаоциға және де ҚКП-ың Мао Цзэдунның утопиялық идеяларына қарсы күшіне аралған соққы екені айқын болды. “Мәдени революцияда” алғашқы зардап шеккен адам Қытай халық азаттық армиясының басшысы Ло Жуйцин болды, оны партияның барлық әскери дәрежелерінен алып тастап, 1965 жылы қарашадан бастап уйінде қамауда отырды.
Жалпы алғанда “мәдени революцияның” елді құлдырату жағынан әсері “үлкен секірістен” кем түскен жоқ. Өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығығының құлдырауы байқалды. Мәдени өмір мен білім бру жүйесіне үлкен зиян келтірілді. Осы жылдары басты кітап мао Цзэдуннің цитатнигі болса, әлемде мойындалған классикалық әдебиеттер жұрттын көзінше өртелініп, жойылды. Жоғары және орта оқу орындары бұл жылдары жұмыс істемеді, осының әсерінен елде сауатсыздар көбейіп, халық шарушылығына милиондаған жұмысшы кадрлар жетіспей жатты.