Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

61.Қытайда машинамен жібек тоқу техникасы.

Жібек – Қытай мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жібек өндірісі алғаш рет Қытайда бес мың жыл бұрын пайда болған. Қытай жерінен табылған ең ерте жібек құрттарының қалдықтары б.з.д. 5000 және 3000 жж жатады, Шанкси, Ксия жерлерінен табылған. Жібек өндірісімен негізінен Оңтүстік және Орталық Қытайда айналысады. Табиғи жібек ақ жәгне сары түсті болады. Ақ түсті жібекті Гуаньдун, Чжэцзян, Цзянсу, Аньхой, Шаньдун және Хубэйде жасалынады. Мұндай жібек сорттарын «үй жібекқұрттары» береді. Табиғи сары жібек Сычуань, Хубэй, және Шаньдун провинцияларында өндіріледі. Жібектің тағы бір сорты «жабайы жібекқұртынан» жасалынады, ол еменнің жапырақтарымен қоректенеді. Бұл жібектің түсі қоңыр болады және боялу үрдісі күрделі. Ал алғашқы тігін машиналарының қалдықтары Юйао, Чжэцзяндағы Хемуду елді мекенінен табылған, кезеңі шамамен б.з.б. 4000 жылға жатқызылды. Жібекті өндіру Қытайда аса қатң құпиялылықты сақталды. Жібек өндіру техникасын таратқандар қатаң жазаға тартылды. Кейінен жібек өндірісі Батыс Европа елдеріне, алдымен Италияға, сосын Францияда дами бастады. Өнеркәсіптік төңкеріс нәтижесінде тігін машиналары шыға бастады. 1790 ж қазіргі компьютерленген тігін станоктарының негізі болған Жаккарда станогы ойлап табылды. Жібек өндіру технологиясы көп уақыт бойы өзгеріссіз болды. Тек XVII-XVIII ғғ жібек жібін дайндау үрдісінде қарапайымдылық және стандартизация байқала бастады, бұл жібек өндірісі көлемінің ұлғаюына мүмкіндік берді. Жібек өндірісі жаңа машина, станоктар шығуымен дами түсті.

62. Қытайдың « Қызыл сарай түсі » романының мәдени құндылығы.

Қызыл сарайдағы түс – Чиң патшалығы кезеңіндегі әйгілі көп тараулы роман. Оның алғашқы нұсқасын 80 тарау болып, «Тас туралы аңыз» деген атпен Цау Щүечин жазған. Цау Щүечин Цзянь-Ниң ( қазіргі Цзяң-Су өлкесі, Нән-Цзиң қаласы) жеріндегі оқымысты ақсүйек отбасында дүниеге келген. Қоғамдағы саяси өзгерістерге байланысты патша ордасымен тікелей қарым-қатынасы бар оның отбасында үлкен өзгерістер болады. Олардың тұрмыс жағдайы күрт төмендеп, Бей-Цзиңге көшіп кетеді. Қоныс аударғаннан кейін де оның отбасында еш оңды өзгерістер болмайды. Тіпті бұрынғыдан да кедей қалге түседі. Цау Щүечиннің өзі аурудан қайтыс болады. Ол өмірінің соңғы кездерінде « Қызыл сарайдағы түс » атты өмірбаян сипаттағы романды жазған. Орда ақсүйегі дәрежесінен кедей күйге түсіп қалуы, яғни өз басынан өткен істері оның осы шығарманы жазуына себеп болды. Оның алғашқы нұсқасы 1763 жылы 80 тарау болып, «Тас туралы аңыз» деп аталған. Соның өзі қол жазба түрінде көпке кеңінен таралды. 1791 жылы Гау-Ы, Чың-Выйюан қатарлы әдебиетшілер бұл кітапты 120 тарауға толықтырып, тақырыбын « Қызыл сарайдағы түс » деп өзгертіп басып шығарған.

« Қызыл сарайдағы түс » - Чиң патшалығы кезеңіндегі әйгілі көп тараулы роман. Шығармада феодалдық ақсүйек отбасындағы жастардың махаббат трагедиясы баяндалған. Сондай-ақ Цзя ордасының өркендеуден күйреуге бет алған өзгерістері арқылы тұтас феодалдық қоғамның соңғы кезеңіндегі шіріктігі мен әділітсіздігі сынға алынған. Феодалдық әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, өзіндік мінез танытып, батыл курес жасаған адамдар марапат нысанына айналған. Романда сын-сипаты дара, типтік маңызы зор 900-ден аса кейіпкерлердің образы жасалған. Бұл шығарма қытай әдебиет тарихындағы композициялық құрылымының шымырлығы, жазу тәсілінің шеберлігі, тілінің әсерлігі мен айқындылығы жағынан роман жанрының ең жақсы үлгісі болды. Әсіресе Қытай классикалық прозасының даму тарихында шырқау биікке көтерілген айтулы шығармасы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]