Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

58.Қытайдың мұнара сәулет өнері.

Қытайда қалалардың өсуімен сәулет өнері де алға жылжыды. Тан дәуірі кезіндегі архитектура қарыштап дамыды. Астана қалалар Лоян және Чэнъянда мұанаралар, сарайлар, храмдар салынды. Қалаларда монастырлар қасында тастан және кірпіштен будда мұнаралары салынды. Бұл мұнаралар геометриялық қатаңдыұпен ерекшеленді. Таң дәуіріндегі ең атақты мұнара Чэнъянда салынған Даяньта. Ол төртбұрышты формада, алпыс метрлі, кірпіштен жасалынды. Сырттай қорғанға ұқсас болды.

Қытайда қарапайым мұнаралармен қатар құлап бара жатқан мұнаралар да салынды. Шанхайдағы құлап бара жатқан «Хучжу» мұнарасы. «Хучжу» Шанхайдағы Сунцзян ауданында Тяньма тауларында орналасқан. Ол жеті этажды, сегіз қырлы, биіктігі 18,82 м. кірпіштен және тастан жасалған . бұл мұнара Солтүстік Сун династиясы кезінде салынған. Мұнараның құламау себебі оңтүстік шығыс желінің мұнараның иілшген тұсына қарсы соғуы.

Юцзянь өзеніндегі «Гуйлун» мұнарасы. Бұл мұнара Мин династиясы кезінде салынған. Кірпіштен салынған бес этажды, алты қырлы мұнара, биіктігі 8,82 м. Суйчжун уезіндегі мұнара Ляо династиясы кезінде салынған. Үш этажды, сегіз қырлы мұнара, биіктігі 10 м. «Хуцю» мұнарасы. Құлап бара жатқан «Хуцю» мұнарасы жеті этажды, сегіз қырлы, қара кірпіштен салынған, биіктігі 47 м. Оның құрылысы Кейінгі Чжоу дәуірінде басталып, Солтүстік Сун династиясы кезінде аяқталды. Бұл мұнара Янцзы өзенінің оңтүстігіндегі ең ерте ірі құрылыс болып табылады.

Пекин мұнараға бай қала. Солардың бірі ол мұражйлар. әйгілі «Гугүң мұражайынан» 1996 жылы табылған ізге құрылған «Пекин Уаңфужин ерте заманғы адамзаттың мәдени жұрты мұражайына» дейінгілерді шамалай салғанның өзінде де Пекиндегі мұражайлар жүзден кем түспейді. Удаң атуындағы байырғы сәулет шоғырлары.

Ол Қытайдағы ең зор даосизм сәулет өнері. 1994 дүние жүзілік мәдени мұрағаттар тізіміне тәркелді. ЮНЕСКО ның мәдени мұрағаттар мәлімдемесінде оны « типтік даосизм сәулет үлгілері мен ғажацып табиғат көріністерін мінсіз үйлестірген» деп бағалайды,

Юан династиясынан бері Удан тауында сарайлар, ғибадат храмдары храмдар, монах лашықтары салына бастады. Сарайлар мен ғибадат храмдары даосизм сәулеттерінің жалпы атауы , бас әулиенің қабылдайтын орны. Монах лашықтары мен храмдар қосалқы сәулет шоғырлары ретінде кішілеу болып келеді. Мин динасиясы Удаң тауының төбесінен тоғыз сарай, тоғыз ғибадат храмы, отыз тоғыз монахтар лашығы , жетпіс екі жартас храмы, сондай ақ самалдық, көпірлер, отыз үш топ сәулет шоғырын салған.

Қазір Удай шоғырларында « тайхы патша қорғаны алтын сарай» , түстік сарай , зышяу, үйжин қатарлы төрт сарай, фужын , жалпы екі жузге жуық. көлемі елу мың шаршы км.

59. XX ғ Батыстың эволюция теориясының қытай мәдениетіне ықпалы

Барлық эволюциялық концепциялар белгілі бір фактіге негізделген. Егер түрлі тарихи кезеңдерде адамзат қоғамдастығының түрлі типтерін салыстырсақ, өсіп келе жатқан күрделілікке ортақ жылжуды байқаймыз. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, дамыған қазіргі күнге дейін адамзат түрлі тарихи даму кезеңдерінен өтті. XIXғ және XX ғ социал-дарвинизм теориясы ерекше атаққа ие болды. Бұл теория бойынша, басқа организмдер сияқты адамзат та тіршілік үшін күрес жүргізеді және бұл күресте батыс қауымдастығы жеңіске жетіп әлеуметтік үрдістің жоғарғы дәрежесіне жетті деп есептейді. Саясат, мәдениет, әлеуметтік жағдай барлығы эволюциядан өтті. Жалпы Қытай мәдениетіне әлемді оптимистік тану тән, өмір мен өлімге деген байыпты көзқарас тән. Ол бойынша, тірілер мен өлілер тығыз қатынаста болатын адам біртұтас ғаламда өмір сүреді.

XX ғ басында Қытай мәдениетінде, әдебиетінде батыстық үлгі пайда бола бастады. Қытайдың әйгілі философы Ху Ши еңбектерінде батыстық көзқарас басым. Прогматистік моделді қолдану дәстүрлі конфуциандық көзқарасты интеллектуалды шығармашылыққа жақындатты. Қытайдың тағы бір атақты философы Кан Ювэй идеялары Батыстың Қытайды мойындауына ықпал етті. Кан Ювэй Қытайда, сонымен қатар батыс елдерінде де утопистік жанрдың негізін қалаушы ретінде танылған. XIX ғ мен XX ғ Қытай мәдениетінің барлық салаларында батыс ықпалы байқалды. әдебиет жанрында батыстың аударма шығармалары танылды, көптеген суретшілер батыстық үлгіні қолдады.

60.ҚХР-дың ғылыми-техника саласындағы реформасы (1978ж кейінгі)

Реформа және ашықтық саясатына дейін Қытайда техниканың түрлері жасалып, бағындырылған, ғылым мен техникада жетістіктерге жеткен. Атом және сутекті бомба сынағы жүргізілді, жердің жасанды серігі жіберілді. Ал ғылым және техника саласында реформа жүргізілгеннен кейін мемлекет одан да керемет жетістіктерге жетті. 1978 ж мен 1998 ж аралығында елде 51 жасанды спутник, соның ішінде қайтымды спутниктер де болды. Сол арқылы

Қытай космостық техника жасауда АҚШ пен КСРОдан кейінгі әлемде үшінші орынға шықты. 1981 жылы елде 3 спутникті 1 ракета-тасығыш арқылы жіберу жетістікпен жүзеге асырылды. Қытай «Бір тасығыш – бірнеше спутник» техникасын АҚШ, КСРО, Франциядан кейін меңгерген төртінші мемлекет болды. Сонымен қатар, суасты ракеталары, атом электростанциялары, атом реакторлары т.б. жүргізілді. 1996 жылы Қытайда ғылыми-техникалық 10 бағдарлама , жобалар қабылдап, жүзеге асырылды. ҚКП Орталық комитетінің он үшінші съезінің үшінші шақырылымында ҚКП және Мемлекеттік кеңес ғылыми-техника саласында жүргізілетін саясат бағыттарын айқындады. 1985 ж. «ҚКП ОК ғылыми-техника жүйесі реформасы жөнінде шешімі» жарияланды. 1987 жылы қабылданған «ҚХР техникалық контрактация жөнінде заңы» ғылым мен техниканың дамуына жол ашты. 1991ж «Ғылыми техниканың орта және ұзақ мерзімде дамуының мемлекеттік бағдарламасы» жарияланды. 1993ж Бүкілқытайлық халықтық жиналысының тұрақты комитеті «ҚХРдағы ғылыми техниканың прогресі жөнінде заң» қабылдады. Бұдан кейін де көптеген заңдар қабылданды. Қытай ғылым ассоциациясы және оған бағынышты ұйымдар 244 халықаралық ғылыми техника конференцияларына қатысты. 36 мемлекетпен техника алмасу, жалға алу жөнінде келісімдер жасады. Технологияларды жалға алу Қытайдың ашықтық саясатының бір бөлігі болып есептелді. Ол Қытайдың ғ-т дамуына, технологиялық салалардың дамуына, Қытайдың басқа мемлекеттермен салыстырғанда техникалық артта қалушылығын қысқартты. Онымен қоса, техникалық мамандар дайындау да алға жылжыды. Статистикалық көрсеткіштер бойынша, ғылым мен техника дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен үздіксіз қаржыландырды. 1998 ж 1978 жылмен салыстырғанда мемлекет қаржыландыруы жеті, сегіз есе өскен. 1981-1995 жж аралығында 73мың ғылыми ашылулар жасалынды, олардың 35% әлемдік дәрежедегі ашылу болды. 1986 ж Қытайда «Жоғарғы технологияларды зерттеу және дамыту бағдарламасы» жасалынды, ол жеті бағытта: биология, авиация, космос, информатика, лазерлі техника, автоматика, энергетика жүргізілді.

Қазіргі күнде Қытай әлемдегі супер державалардың қатарында және ғылыми техника саласында әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері қатарында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]