Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

57. Қхр‑дың білім беру жүйесіне реформа жүргізуі (1978 ж кейінгі)

Қытайда білім беру саласына реформа жүргізу 1978жылы, «мәдени революцияның» осы саланы терең дағдарыс жағдайына жеткізгенін және білім беру орындарның жұмысын бұзғандығын түсінгеннен кейін бастады. Нәтижесінде келесідей білім беру жүйесі құрылды: қалалық өнеркәсіп орындары, ауылдық және поселкелік халықтық коммуналардың жанындағы мектепке дейінгі орындар; 7 мен 15 жас арасындағы 9 жылдық мектеп жүйесі (5жылдық бастауыш мектеп, 2 жылдық орта мектеп және 2 жылдық толық орта мекте); мамандандырылған жәнк жоғарғы оқу орындары (оқу мерзімі 9 жыл мектептен кейін 3 жылдан кем емес); содан соң өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылығында немесе әскери организацияларда тәжірибе өту.

Білім беру саласына мемлекеттік шығындардың көлемі ұлғайды. 1977жылғы жоғарғы білім беру жүйесіне реформа жасалып, ол бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу 4-5жылға созылды, жаңа институттар құрылды, ЖОО-ға түсу үшін ортақ эмтихан жүйесі құрылды.

1978жылы ҚХР мемлекеттік Кеңесінің шешімімен ортақ білім берудің онжылдық жүйесі енгізілді (5ж. бастауыш, 3 ж. толық емес орта, 2 ж. толық орта). Сонымен қатар, жоғарға мектепте оқу 4-5 жылға созылды. 80 жж. ортасында 12 жылдық білім енгізілді.

ЖОО-ды қайта орталықтандыру процесі басталды. Барлық ЖОО-р бес категорияға бөлінді: гуманитарлық және жаратылыстану бөлімдері бар отақ профильді университеттер, технологиялық универ-р мен инст-р, салалық инст-р, педагогикалық инст-р мен колледждар, мамандандырылған колледждар. ЖОО-да оқу ақылы болды. олардың автономиясы кеңейді: оқу бағдарламалары мен жоспарларын университеттердң өздері жасады, білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік комитет тек негізгі шарттардың орындалуын бақылады. Кешкі оқу, сырттай оқу және экстернат, сонымен қатар, 1978 жылдан бастап біртұтас ұлттық емтихан жүйесі енгізілді. Ал 1985жылдан бастап ЖОО-ға қабылдау үш бағыт бойынша жүргізілді: 1. мемлекеттік жоспар бойынша; 2. кәсіпорындардың ұсынысымен; 3. өз қаражатына оқу. Бастапқы екеуінде оқуды мемлекет пен кәсіпорындар төлейді, ал соңғы жағдайда студенттің өзі.

1980 ж сәуір айында ҚХР-ң Білім беру министірлігі мен Жастар Лигасы идеологиялық жұмыс пен саяси инструктажды күшейтуге шақырды. Кейбір шаралар 1980ж желтоқсан айында Тяньцзинде білім беру мәселесіне байланысты өткен конференцияда қабылданды. Осындай қаулыға сәйкес саяси білім беру тәжірибесі қайта жанданды: саяси инструкторлар таңдалып , оларға білім беру үшін курстар ұйымдастырылады. 1980 жылдың күзінен бастап Марксизм – Ленинизм курсы жоғарғы оқу орындары үшін міндетті болады. Одан өзге, жаратылыстану мамандығы бойынша студенттерге Партия тарихы, саяси экономика мен философия курсын меңгеру міндетті болады. Ал, гуманитарлық бағыттағы студенттерге жоғарыда аталғанннан өзге халықаралық коммунистік қозғалыс тарихы мен ғылыми социализм курсын меңгеру міндетке енгізілді. Ал , орта оқу орындарында 60 жылдардағы бағдарлама қайта жанданды. Бұл бағдарламалар кеңестіктердің көшірмесі негізінде құрылды және біртіндеп жастар үшін конститутцияның саяси білмі , қоғамдық тарих пен диалектикалық материализм жөніндегі этикалық талаптардан базалық талаптарға өзгерді.

1982 ж Білім беру министрлігі білім беру поцессінің негізгі мақсаты «идеал, мәдениет , тәртіп, дисциплина сияқты қасиеттерге ие жаңа ұрпақты» тәрбиелеп шығу жөніндегі бағдарламаны енгізді. Соған орай тәрбие беру коммунистік идеология негізінде жүзеге асатындығы жөнінде шешілді. Оның негізгі принциптері «5 сүю» болды: «мемлекетті сүю», «халықты сүю», «еңбекті сүю» , «ғылымды сүю» және «социализмді сүю».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]