Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

56. Қытайдың «төрт қойма кітап» мәдени құндылығы.

«Қытайдың төрт қойма кітап» мәдениеті Қытай үшін өте маңызды. Бұл Мин және Чиң дәуірі кезінде жазылған, Қытай әдебиет тарихындағы ең маңызды төрт роман болып есептеледі. Олар: «Су бойында», «Қызыл сарай түсі», «Батысқа саяхат» және «үш патшалық қиссасы». Енді соларға жеке тоқталып кетсек:

«Қызыл сарайдағы түс» - Чиң патшалығы кезеңіндегі әйгілі көп тараулы роман. Шығармада феодалдық ақсүйек отбасындағы жастардың махаббат трагедиясы баяндалған. Сондай-ақ Цзя ордасының өркендеуден күйреуге бет алған өзгерістері арқылы тұтас феодалдық қоғамның соңғы кезеңіндегі шіріктігі мен әділітсіздігі сынға алынған. Феодалдық әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, өзіндік мінез танытып, батыл курес жасаған адамдар марапат нысанына айналған. Романда сын-сипаты дара, типтік маңызы зор 900-ден аса кейіпкерлердің образы жасалған. Бұл шығарма қытай әдебиет тарихындағы композициялық құрылымының шымырлығы, жазу тәсілінің шеберлігі, тілінің әсерлігі мен айқындылығы жағынан роман жанрының ең жақсы үлгісі болды. Әсіресе Қытай классикалық прозасының даму тарихында шырқау биікке көтерілген айтулы шығармасы болып табылады.

Келесісі, Ву Чыңынның «Батысқа саяхат» атты романы Миң дәіріндегі ең әйгілі шығармалардың бірі болды. Бұл көп тараулы роман Мин патшалығының орта шенінде жарыққа шықты. Романда Таң ғұламасының батысқа сапар шегуі, еліне барып, түрлі қасиеттері бар шәкірттері Сун-вукуң, Джу Бадзе және Ша –Сыңдардың қорғауында будда номын алып елуі жөніндегі қиял-ғажайып әңгімелер баяедалған. Таң ғұламасының кезіндегі Тян-Джу еліне барып будда діні туралы кітаптарды алып келуі тарихи шындық еді. Бұл оқиға аңызға айналып, халық арасында кеңінен тарады. Таң ғұламасының батысқа барып, будда номын алып келуі туралы әңгімелер 700 жылдан астам уақыт бойы ауыздан-ауызға таралу барысында біртіндеп толықтырылып, романның негізгі көлемін қалыптастырды. Осы негізде автор өзінің жасампаздық еңбегі арқылы діни бояуы басым әңгімелерді дәуірлік сипатқа ие аңыз романына өзгертіп жазып шықты. әсіресе, халық тілегін бейнелейтін Сун-Укуңның типтік образын жасап, әдебиет тарихында ерекше көркемдік стиль қалыптастырды. Бұл роман – Қытай классикалық прозасының маржаны б.т.

Ши Най-анның «Су бойында» атты көп тараулы романы қытай әдебиеті тарихындағы тұңғыш шаруалар көтерілісін тақырып етіп жазған таңдаулы роман болды. кейбір деректерде бұл романды Ши Най Ан жазып, Луо Гуанджун өңдеген деп те айтады. «Су бойында» романы ұзақ уақыттар бойы ауыздан-ауызға тарлған Сұң, Юан патшлықтары тұсындағы аңыз-әңгімелер, халық арасында қойылып жүрген драмалар негізіде жазылған. Онда тарихтағы шаруалар көтерілісінің жарыққа шығуы, дамуы және сәтсәздікке ұшырау барысы әсерлі тілмен суреттелген. Ляң-Шаң тауына жиналған 36 ержүректі азаматтың Суң-Цзяң атты қолбасшының жетекшілігінде тез арада 108 адамға, қолдарына қару алып, сол тұстағы әділетсіз билікке қарсы соғыс жариялап, көтерілісжасауға мәжбүр болуы романның негізгі желісі болған. Роман халыққа түсінікті жай тілмен жазылғандықтан, қытай әдебиет тарихындағы алғашқы жай тілмен жазылған шығарма болып табылады.

Луо Гуаңджуңның «Үш патшалық» шежіресі атты романы қытай әдебиеті тарихындағы тұңғыш көп тараулы тарихи роман болып саналады. Бұл романды «Үш патшалық қиссасы» атты тарихи кітап пен абыздар аңызы негізінде жазған. Негізгі мазмұны Шығыс Хан патшалығының соңғы кезінде және үш патшалық дәірінде (184-280жж.) өмір сүрген саяси, әскери топтар арасындағы қияңкескі соғыстар, әсіресе олардың мүдде қақтығысы салдарынан жүргізілген дипломатиялық саясаты туралы болды. бұ роман кең ауқымды қоғамдық тарихты мазмұн еткендіктен, бір қатар әсерлі оқиғаларды, толып жатқан кейіпкер образдарын қамтығандықтан халықтың әрқашан сүйіп оқитын шығармасына айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]