
- •1. Мәдениеттің анықтамалары.
- •2. Қытайдың ертедегі заттық мәдениет мұралары.
- •3. Қытайдың қазіргі заман білім беру жүйесі
- •4. Конфуций ілімі.
- •5. Қағаз жасау техникасының тапқырлауы
- •6. Хань патшалығы кезіндегі архитектурасы
- •7. Қытайдың Даосизм ілімі
- •8. Қытайдың ерте замандағы астрономиясы
- •9. Қытайдың қазіргі қоғамдық ғылымдар құрылым жүйесі
- •10. Қытайдың легизм жүйесі
- •11. Қытайда жазу мәдениетінің қалыптасуы.
- •13. Қытайдың инь және ян ілімі.
- •15. Таң дәуірінде қала мәдениетінің дамуы
- •16. Қытайға буддизм өркениетінің таралуы
- •17. Қытай Республикасының (1912) мәдениет саясаты
- •18. Хх басында Кытай билим беру жуйесиндеги реформасы
- •19. Бзб Қытайдың мүсін өнерінің ерекшелігі
- •20. Дао діні және оның уағыздары.
- •21. Қытайдағы Батыстың саяси мәдениетінің әсері 19 ғасыр
- •22. Қытайдың ерте замандағы агрономия ғылымының дамуы
- •23. Қытайда алғашқы әскери қару-жарақ заводының құрылуы.
- •24. Қытайда марксистік мәдениеттің дамуы.
- •25. Таң патшалығы кезіндегі поэзияның дамуы.
- •26. Ислам өркениетінің қытайға таралуы.
- •29. Қытай Миң пат.Ы кезінде кеме жасау тех.Ң дамуы
- •30. Қытайда жаңа заман әскери училищелердің құрылуы.
- •31. 32. Қытайдың ертедегі жазбалары
- •33.Қытайдың Цин империясы кезіндегі демократиялық идеялар
- •34. Қытай философиясының қайнарлары
- •35. Қытайда тарихи жазу дәстүрі
- •36. Қытайдағы «жаңа мәдениет қозғалысының» (1915) тарихи маңызы
- •37. Цинь Шихуандидің сарбаздар мүсінінің мәдени мәні
- •38. Қытайда дәстүрлі бейнелеу өнерінің қалыптасуы.
- •42. Кытайдын ерте замандагы кала курылыс мадениети. Асен Алияда болган
- •44. Қытайда ең алғашкы Тас көпірдің салынуы.
- •45. Қытатайдағы емтихан мәдениетінің қалыптасуы.
- •46. XіXғ екінші жартысында Қытайдағы идеология саласындағы пікірталастар.
- •47. Қытайдың дәстүрлі мектепте білім беру жүйесі.
- •48. «Мәдениет революциясы» (1966-1976) зардабы.
- •50. Қытайдың шетел өркениетін қабылдау принциптері.
- •51. Дуньхуан қабырға сурет өнерінің құндылығы.
- •52. Юань әулиеті дәуірінде Қытайға батыстан әр түрлі діндердің таралуы.
- •53.Қытайдың классикалық прозалары
- •54. Ккп‑ның социалистік мәдениет концепциясы.
- •55. Қытайда теңіз картасын сызу өнерінің қалыптасуы.
- •56. Қытайдың «төрт қойма кітап» мәдени құндылығы.
- •57. Қхр‑дың білім беру жүйесіне реформа жүргізуі (1978 ж кейінгі)
- •58.Қытайдың мұнара сәулет өнері.
- •59. XX ғ Батыстың эволюция теориясының қытай мәдениетіне ықпалы
- •61.Қытайда машинамен жібек тоқу техникасы.
- •62. Қытайдың « Қызыл сарай түсі » романының мәдени құндылығы.
- •63. КхРдын билим беру жуйесин реформалау идеясы 1920
- •64. Қытайдың полиграфия өнерінің Батысқа таралуы.
- •65. Қытайдың “мәдени революциясының” мәдениетке кері ықпалы.
- •66. КхРдын гылыми-техника жуйес3не реформалау идеясы
- •67. Қытайдың шетел мәдениетіне ұстаған позициясы.
- •68. Қытайдың «Су бойында» атты романының мәдени құндылығы.
- •70.Ботаника ғылымы
- •71. Қытайдың «Үш патшалық қиссасы» романының мәдени құндылығы.
- •73. Қытай Цин империясының мәдениет саясаты.
- •74. Чуньсю дәуіріндегі металлургия
- •75. Қытайдың ерте замандағы медицинасы.
- •76. Қытайдың иероглиф реформасы
- •77. Чжанго дәуірінде қоғамдық ой-сананың дамуы.
- •78. Қытайда тас ойма өнерінің дамуы.
- •80. Қытайда физика ғылымының қалыптасуы.
- •82. Қытайдың ерте заманғы химия ғылымы.
- •83. Қытайда дәстүрлі инемен емдеу ғылымының қалыптасуы
- •84.Қытайда алғашқы шетел тілі мектебінің құрылуы.
- •85. Қытайдың ерте замандағы су құрылысы ғылымы.
- •86. Қхр спорт мәдениеті
- •88. Қытайдың аз санды ұлттар мәдениетіне ұстанымы.
38. Қытайда дәстүрлі бейнелеу өнерінің қалыптасуы.
Қытай бейнелеу өнерінің бастауы бес-алты мыңжылдықтан алынуда. Ең көне бейнелеу өнеріне тастарға салынған өсімдік, жануар және адам бейнелерінің суреттерін жатқызуға болады. Бұл суреттер минералдық бояулы заттардың көмегімен салынған. Қола дәуірі кезінде адамдар қола бұйымдарға ең алдымен нышандық , аңыздық сипатты білдіретін ою - өрнектер салған. Көне дәуірдегі белгіленген бейнелік ескерткіштер жалған раритет болғанымен, олардың көмегімен біз қытай қауымындағы көркемдіктің жағдайы туралы сипатты бейнелей аламыз. Бізге дейінгі қағаз бен жібекте салынған бейнелеу жұмыстары көне зираттарды қазу кезінде пайда болған, олардың ең алғашқыларына екі мың жыл.
Қытайдың ұлттық Го хуа бейнелеу өнері көне заманда пайда болған. Қытайдың бейнелеу өнерінде терең пәлсафалық толғаулар жиі ұшырасады. Бейнелеу өнерінің әрбір даму кезеңінде конфуцизм, даосизм және буддизм ілімдері өз әсерін қалдырды. Бейнелеу өнерінің негізін қалаған - Сэ Хэ өзінің «Көне бейнелеу өнерінің дәрежелері» туралы ескертулерінде (490ж ) алты негізгі қағиданы басшылыққа алды, осылардың көмегімен суретші жаңа бір бастама жасамақ болды. Олардың бірі бейнелеу өнерінде «Қозғалысқа жанды ырғақ беру»болып табылады. Қытай бейнелеу өнерінің үш маңызды жанры ретінде : адам бейнесі,пейзаж,жануармен өсімдіктер әлемі болып табылады. Мұнда портреттік жанр,пейзаждық жанр және натюрморт бар,олар батыс бейнелеу өнерімен параллель.
Қытай бейнелеу өнері көркемдік тазалыққа жетілгенімен ерекшеленді. Қытайдағы дәстүрлі білім салалары көркем шығармашылықтың орның баспады, ал ойдың жетекші екі ағымы – Конфуцияндық пен Даосизм – қытай бейнелеу өнері дамыған мәдени ауа – райын құрды. Бұл екі ілім түрлі тарихи кезеңдердің сұрасына сәйкес өзгеріп отырды.
Негізінде қытайдың бейнелеу өнерінде екі стильді бөліп қарастырған жөн:Гун би және сей. Гун би стилінде салынған суреттегі сызықтар анық жазылуы тиіс. Гун би стиліне қарағанда сей стилінде жазылған суреттер анық, әрі онда нақты сызықтар болмайды. Бұл кезде суретші заттың нақты бөлшегін сипаттағаннан гөрі сезімді яғни, рухани сезімді беруге ұмтылады. Сей стилін кейде «қатты қалам» деп те атайды. Қытайдың бейнелеу өнерінің ерте дәуірінде( XII ғ.дейін) гун би стилі алда тұрды, тек орта және соңғы ғасырларда сей стилі қалыптасты. Ал кәсіби суретшілер үшін гун би стилі маңызды болды.
39. ҚХР-дың Орта мектеп білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Қытайдың 5000 ж. көне тарихы дәстүрлі түрде мұғалімдерге білімге деген мейірімділік,сыйластық,құрмет әлі сақталуда.Қытай/ң білім беру жүйесін өзінің алғашқы бастамасын радикалдық әлеум/к 100 ж. бұрынғы кезеңнен алады.Алайда жартылай колониалдық жартылай феодалдық сол кездегі Қытай қоғамындағы жағдай оның жалпы дамуына кедергі келтірді.1949 ж. 1 қазан ҚХР құрылып,Қытай халқы өз мемл/де өзі қожайын болуға құқылы болды. Осы жылы жалпы Қытайдың 80% сауатсыз болды. Осы уақыттан бастап,Қытай Үкіметі білім жүйесіне маңызды нық сеніммен ықтиярлықпен назарын аударды. ҚХР-ң білім беру бағдарламасы *Бас бағдарламада* көрсетілген. Онда:ҚХР мәдениет,білім беру істері жаңа демократиялық бағытта болды, яғни ұлттық,ғылыми, халықтық мәдени білім беру болып таб/ды деп белгіленілген. ҚХР үкіметі құрылғаннан кейін Қытай/ң Гоминдань кезіндегі білім беру саласына толығымен мемл/к басқару тізімін орнатты. Ең негізгі міндеті – білім/ң жоғары деңгейлік жан-жақты дамыған жоғарғы сапалы түрде болуы үшін Жаңа Ұрпақты еңбекке тәрбиелеу.ҚХР-дың Заңы міндетті түрде білім алу жүйесі –мемлекет міндетті түрде 1-12 кластық жылдық білім жүйесін қалыптастырды,яғни бастауыш толық емес орта білім/ң этапы болып міндетті түрдегі білім жүйесіне жатады. Әр бір бала ұлтына басқа да жағдайларына қарамастан, 6 жасқа толған соң алғашқы бастауыш 12 ж. білімін алады.ҚХР- білім беру заңы мемлекет/к кеңес ж/е жергілікті халықтық үкімет әр түрлі сатыдағы орта толық емес білім-жергілікті халықтармен мемлекет/к кеңес жетекшілігімен басқарылады.Жалпы 2000 ж. бастауыш мектепке түсушілер 25%, 1949 ж. салыстырғанда 99,1% көбейді.Бастауыш мектептер 582300 ондағы 13547960 оқушылар оның ішінде мектеп бітірушілер 12 ж. білімін тамамдаушылар 94,37% тең.Осы жылы Қытайда 13 ұлттық университет, 5 автономиялық ұлттық аудан(Синьцзян,Тибет,Нинся,Гуанси), 74 Ұлттық жоғарғы оқу орны,150 орта ұлттық училище,158 ұлттық профес/ды орта мектеп, 20000 бастауыш мектеп, мамандандырылған орта мектеп 21800-оқушылар саны 144227500 болды. ҚХР ең ірі масштабты Дистанциондық білім жүйесін құрды, ең басты құралы болып,радио теледидар болып табылады. 3000 жуық мұғалімдер мен директорлар бастауыш ж/е орта мектептегі өздерінің оқу білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алды.Қытайда 50 жуық оқу орны интернет арқ/ы сабақ береді. Қазіргі таңдағы дистанциондық білім беру,спутник арқ/ы байланыс телекоммуникациялық білім жүйесін құрды.1985 ж. бастап 10 қыркүйек күні ҚХР Мұғалімдер Күні деп белгіленді. ҚХР Шыңжаң үкіметінің 1987 ж. шешімімен соған дей/гі 10 жылдық білім беру (5 ж. бастауыш, 5 ж. орта мектеп жүйесі) – 12 жылдық, яғни 6 жыл бастауыш, 3 ж. орталау, 3 ж. толық орта білім беру жүйесіне өзгерді. 1993 ж. бастап ҚХР Мұғалімдер Заңы д/а –мұндағы Мұғалімдер/ң құқы, міндеттері мұғал/р жұмысқа қабылдау мәселесі заңды жауапкершілігі барлығы осы заңда қарастырылды. Жоспар бойынша 2010 ж. жан-жақты мақсаттармен жүзеге асыру, қалалар/мен дамыған аудандарда білім деңгейін орта мектептерде тарату, жоғарғы білім жүйесінің масштабын күшейту,өмірлік білім-ғылыммен айналысатын жүйені енгізу. Осылайша, олар білімді жаңарту,модернизациялауды қолға алып отыр. Қытай Үкіметі мұғалім/ң әлеумет/к жағдайын жоғарылатуға тырысады. Орташа төлемақы мемлект/к қызметкерлер/ң төлемақысынан кем, не жоғары болмауы тиіс. Қытай әлемдегі ең үлкен мұғалімдер қызметкерлер тобы/ң санының көптігімен ерекшеленеді.
+39. Қытайдағы орта білім беру жүйесі (初中学校, 高中学校)
Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін алғашқы жылдары мемлекет халықтарының мәдени деңгейін көтеру мемлекеттік стратегияның басты мақсаты деп есептеді. 1949ж. дейін 500 миллион халықтың 80%-ы сауатсыз болған. ҚХР бұрынғы білім беру жүйесіннің қайта құрылуына көп күш салды, нәтижесінде халықтың көп бөлігі білім жолына түсті. Қазіргі уақытқа дейін аймақтың 91%-ы міндетті бастауыш оқуымен қамтылған. Мектеп жасындағы балалардың себепсізден оқуды тастап кетуі қысқарды. 1978ж. саяси реформалар жүргізілгеннен кейін, мемлекеттік емтихандарды жаңартқаннан кейін Қытайдағы білім жүйесі дамудың жаңа бағытын алды. Халықтың білім деңгейінің жоғарылауы ол әлеуметтік саяси дамуға тікелей әсер етті. «Білім жүйесін жоғарылату арқылы модернизацияға, сыртқы әлемге, болашаққа» деп түсінді.
ҚХР-дың қазіргі оқу жүйесін шетелдіктермен салыстырғанда, ерекше спецификалары біршама. Қытай халқының, тіпті қарапайым шаруаларының білім деңгейінің жоғарлауымен ерекшеленеді. Қытайда үлкендердің 15-17% білім деңгейі төмен болып келеді.
Қытайдың заңы кез келген адамға, яғни, аз ұлттың өкілдеріне, балаларға, әйелдерге және мүгедектерге білім алуға мүмкіндік береді. Қытайдағы білім беру жүйесі негізгі білім беру(мектепке дейінгі, ортақ бастауыш және орта мектеп), орта тәжірбиелік техникалық, орта жоғарғы білім және үлкендерге білім беру жүйесінен тұрады. Қытайдың үкіметі негізгі (базистік) білім беру жүйесінің таралуына үлкен көңіл бөледі. 1986ж. «Қытайдың міндетті білім беру жүйесі заңын» мақұлдағаннан кейін Қытайдың көптеген аймақтарында бастауыш білімі міндетті деп кіргізілді. Көптеген үлкен қалаларда және кейбір экономикасы жоғары дамыған аймақтарда орта білімнің бірінші деңгейін оқу міндеттілікке кіргізіліп жатыр. Бүкіл мемлекет бойынша, бастауыш мектептерге мектеп жастағы балалардың 97,7% оқуда, оның ішінен 98,1% бітіруіне мүмкіндік бар. Шамамен жас өспірімдердің 73% орта мектептің бірінші деңгейіне оқуға түседі, ал 44,1% бітірушілері өздерінің білім жолын жалғастыруда.
Жалпы, Қытайда халқының көптігіне байланысты және аймақтарының экономикасының дамуының деңгейі әр түрлілігіне байланысты Қытайдың білім беру жүйесінің деңгейі артта қалып қойды. Тек арнайы жастағы Қытайдың 10% ғана, тәжірбиелі-техникалық орта мектептің екінші деңгейінде білім алуға мүмкіндігі бар. Жыл сайын бастауыш мектептің және орта мектептің бірінші деңгейін бітіруші 12,5 миллион бітірушілер оқуын жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, олар көбінде арнайы тәжірбиелік-техникалық білімсіз және дайындықсыз жұмыс істеуді бастап кетеді. 1990ж. халықтық санақ бойынша, халықтың тек 1,87% ғана арнайы мамандандырылған жоғарғы оқу орындарын бітірген, 2,07% ғана орта әлеуметтік оқуды бітіргендер, ал 87,06% орта мектептің бірінші деңігейін немесе оған дейінгі оқуды бітіргендер.
Қытайдағы үкіметтік емес оқу орындары – бұл оқу ғимараттар жеке тұлғаның немесе жеке өндірістік топтардың тарапынан соғылған. Бұл оқу ғимараттарын қаржыландыру жеке топтардың, яғни жеке тұлғалардың тарапынан жасалынады. Қытайдағы үкіметтік емес ғимараттардың қалануына негіз болған бірнеше фактор бар:
Конфуциандық өркениеттің шеңберіндегі мемлеккеттің дәстүрлі рөлі, орталықпен бақыланатын жүйенің ішінде соңғы жылдарда жеке сектордың рөлі артып келеді.
Бұрынғы саяси бағыттың болуы
XXғ. ҚХР үкімет тарапынан жарияланған тоталитарлық жүйеден қоғамның демократиялық жүйеге өтуі, бұл қоғамға өздерінің жеке секторларының ашуына мүмкіндік берді.
Бұл үкіметтік емес оқу орындарының мұғалімдері барлығына ортақ қабылданған заңды пайдаланады. 1997ж. таман барлық үкіметтік емес бастауыш және орта мектептердің бәрі акредиттелді. Ал жоғарғы оқу орындарының жағдай өзгеше: 1200 оқу орындарының 21 ғана диплом беруге құқық алды. Қытай үкіметі бұл үкіметтік емес оқу орындарына саяси көмек бергенімен, қаржылай көмек көрсетпейді. Бұл үкіметтік емес оқу орындарының 80-90 жылдарға таман азаюына себепші болды. Бірақ, бұл салынған оқу ғимараттары сол өндірістік топтардың немесе компаниялардың атымен аталуы оларға өздерін жақсы жағынан жарнамалауға көп мүмкіндік берді. Осындай үкіметтік емес оқу орындарының қатарына Нашсин қаласындағы Юийнді айтуға болады.
1998ж. мемлекетте 9,38 млн адам оқитын 13948 жалпыға ортақ жоғарғы деңгейлі орта мекептер, 11,26 млн адам оқитын 17106 барлық түрдегі және деңгейдегі кәсіби мектептер ашылды. Бірінші деңгейлі орта мектепте 54,5 млн адам оқыған. 98.9% мектеп жасындағы балалар мектепке барады. Орта кәсіби мектептерде 2,51 млн адам оқиды. Бұл ақпараттардың барлығы Қытайдың білім деңгейіндегі алға жылжуын көрсетеді.
ҚХР «мемлекеттік деңгейді ғылым мен білім арқылы көтеру» стратегиясын алға қоя, білім деңгейін, халықтың мәдени деңгейін көтеруді алға басты етіп қояды. «Ақпараттық жарылыс» заманы басталғаннан кейін әлеуметтік экономикалық дамуға білім деңгейін жоғарылту басты фактор ретінде маңыздылығы артып келеді.
Бастауыш және орта білім деңгейі:
Қытайда бастауыш мектепті оқу 6 жыл көлемінде. Ал орта білім деңгейі екі сатыдан тұрады, бірінші және екінші деңгейлер. Бірінші деңгейді – 3 жыл, екінші деңгейді – 3 жыл оқиды. Оқудың алғашқы тоғыз жылы (бастауыш және орта білімнің бірінші деңгейі) міндетті деп саналады. Барлық алты жастағы балалар мектепке баруы қажет. Орта білімнің бірінші деңгейі орнатылған аймақтарда бастауыш мектепті бітірген барлық оқушылар ешқандай кедергісіз, емтихан тапсырмастан орта білімді жалғастыруға мүмкіндігі бар. Ал орта білім деңгейінің екінші деңгейіне өту үшін арнайы административтік органдармен даярланған жалпыға бірдей емтихан тапсыруы қажет. Осылардың арасынан жақсының ең жақсысы ғана өтеді.
1986ж. «ҚХР-дың міндетті білім заңы» қабылданғаннан кейін әр түрлі деңгейдегі үкімет басшылары осы тоғыз жылдық міндетті білімді енгізу жұмысты іске асыруда бірнеше оң қадамдар жасады. Шамамен 1500дей уезде осы тоғыз жылдық білім жүйесі енгізілді, ал ол бүкіл халықтың 50 пайызына тең. Үлкен және орта, экономикасы дамыған қалаларды екі деңгейлі толық орта білімі енгізілген.
Бастауыш және орта мектептегілер оқушылардың білім деңгейін, физикалық қабілетін, эстетикалық және құқықтық қабілетін жоғарылату үшін көптеген іс шаралар жасалынуда.
Негізгі білім алуға мектепке дейінгі оқу кіреді. Міндетті тоғыз жылдық білім алуға бастауыш және орта мектептің төменгі деңгейі кіреді. Орта мектептің жоғарғы деңгейінде оқуға санасыздықты жоюдағы мүгедек балатараға арнайы білім беру кіреді.
Қазіргі уақытта Қытайда бастауыш және орта мектепте 200млн-нан астам оқушы оқиды, ал мектепке дейінгі оқу жалпы халықтың алты бөлігін қамтиды. Мектепке дейінгі оқу – негізгі, бұл мемлекеттің гүлденунің басты факторы болып есептелінетіндіктен оған көп көңіл бөледі.
Соңғы жылдары орта мектепте оқу деңгейі көтеріліп келеді, мысалы, 1998ж. қарағанда, 2003ж. 7,52 млн оқушы оқуға алынды. Қазіргі уақытта халықтың 42,8% орта мектепте білім алуда.
Үкімет мектепте білім алу үшін барлық мүмкіндіктің болуына көптеген жағдайлар жасауда. Жаңа ғимараттар және мектептің көлемін үлкейткеннен басқа, үкімет дамымаған аймақтарда мектептерді қайта жаңарутмен айналысуда. Жыл сайын мектептерге қаржылай көмек көлемі ұлғаюда, сондай-ақ, зертхана кабинеттері жаңартылып, оларды жаңа техникамен және тиісті кітаптармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Қытай үкіметінің 2010 жылға алға қойған мақсаты, орта білімнің деңгейін дамушы елдердегі деңгейге жеткізу.
Ерекше білім:
Ерекше білім қашанда болмасын үкіметтің назарында. 1978ж. реформа жүргізілгеннен кейін ерекше білімді дамыту басты мақсат етілді. Үкімет мүгедектерді білім алуда барлық мүмкіндікпен қамтамасыз ету үшін кқптеген заңдар мен актілер қабылдады. Ерекше білімді дамытуда негізгі курс және саяси қондырғылар, арнайы фонд құрылды. Бұлардың барлығы ерекше білімнің дамуына негіз болады. Мемлекетте көз, құлақ және ақылы төмендерге байланысты 1426 оқу орындары қызмет атқарады. Сондай-ақ, көптеген мүгедектер денсаулығы бар балалармен бірге жалпыға ортақ мектептерде білім алуда. Елде құлағы ауыр мүгедектерге байланысты емдекде және біліммен қамтамасыщ етуде 1700 орталық қызмет атқаруда. Мүгедектерді профессионалды түрде тағайындауда 1000-нан астам оқу орындары ашылған.
Кәсіби білім:
Бұл білімге байланысты «ҚХР-дың кәсіби білім туралы заңы» 1996ж. қабылданды. Онда кәсіби білімнің мағынасы, құрылымы, негізгі бағыттары, басқаратын құрылғысы, қаржылық нүктелері нақты көрсетілген. Бұл құжаттың қабылдануы Қытайда кәсіби білім біртіндеп құқықтық негізге айналып жатқанын көрсетеді.
Қытайдағы кәсіби білімге жоғарғы және орта кәсіби мектептер, орта техникумдар, кәсібилікке бағытталған орта мектепте, үлкендердің техникалық дайындығына арналған мектептер және т.б. кіреді.
Орта кәсіби білім Қытайдағы кәсіби білімнің негізгісі болып есептелінеді. Оның қатарына орта кәсіби-техникалық мектептер, кәсібилікке бағытталған толық орта мектептер және орта техникумдар. Олар орта деңгейлі өндірістік тезникалық және басқарушы жұмысшыларды тағайындайды. Қазіргі уақытта елде 3026 орта кәсіби мектептер бар.
Орта толық кәсібилікке бағытталған мектептер 80ж. басында қайта құрылды. Ұлттық экономиканың көтерілу сұранысына және орта білімнің жүйесінің құрылымдық реформасының сұранысына жауап бере отырып, дамудың жаңа бағытына бұрылды. Бүгінде 8500 мектептерде 4млн адам оқиды. Бұл орта толық кәсібилікке бағытталған мектептердің мақсаты толық орта біліммен қамтылған, арнай кәсіби тәжірбие және біліммен қамтылған кең профильді мамандарды дайындау. 80 жылдары бұл оқу орындарында мұғалімдер, зертханашылар, арнайы мамандар жетіспесе, қазір ол бос орындардың барлығы толтырылған.
ҚХР-дың білім министрлігінің жоспарына сәйкес, алдағы бес жылда үкімет енді тоғыз жылдық міндетті білім алуды батыста таралуынмен айыналысатын болады, сондай-ақ, ересек жастағы адамдардың сауатсыздығын жояды қолға алды. Орталықта, шығыста тоғыз жылдық білімнің жоғары деңгейлі түрде таралуын қамтамассыз етуді баст мақсат етті. Сонымен қатар, ауылды аймақтарда білімнің дамуына жол ашты.
40. Мэн цзы және оның ілімі.
Мэн-цзы – қытай ойшылы, Конфуций ізбасары болған Мэн-цзының (б.з.б.372-289) пайымдауынша, әлеуметтік теңсіздік құдайдың құдіретімен. Хань Фэй пікірінше, Мэн–цзы негізін қалаған ілім сол кездегі конфуцийшіл сегіз мектептің біріне айналды. Оның ілімі жеті двухчастный тарау мен 261 параграфтан тұратын, Конфуцийдің Лунь юінің үлгісіндегі өз трактатында жазылған. Бірақ ол соңғысынан өзінің күрделі аргументациялық жүйесі мен протологиялық және нумерологиялық әдістерімен ерекшеленеді.
Бір жағынан ол билеуші мен қарапайым адамдар арасындағы жіктік бөліністі қатаң бөліп, билеуші мемлекетте жанұяда әке сияқты деген.
Мэн цзы этикалық ережелер мен саясатты байланыстырып, моралді қасиеттер билеу түпнегізі болып табылатынын айтты.
Мэн–цзының қытай философиясына қосқан үлесінің ең маңыздысы ол – адамның «мейірімді табиғаты» (син шань) жайлы ілімі. Оған сәйкес адам табиғатына мейірімділік тән. Мейірімділікті адами табиғаттың бастапқы қасиеті ретінде санаған Мэн–цзы Конфуций ілімін дамытып қана қоймай, беогілі бір тексерістен өткізді. Ол адамның өзіндік мейірімді табиғатын жүзеге асыруын Дао–жолына түсу және әлеммен гармонияға түсу деп түсіндірді.
Мэн цзы төрт конфуциандық мораль нормаларын біріктірді:
«жэнь» – адамгершілік;
“и” – әділеттілік;
“ли” – әстүр мен “чжи” – даналық.
Мэн цзы іліміне сәйкес әр әрекеттің мейірімділігі оның аспанмен ынтымақтас болуында. Дао жолының негізі ақиқаттылықта жатыр делінген. Егер Конфуций дао жолының ортасын жетіспеушілік деп таныса, Мэн цзы мұнда гармониялық жағдайды айтады. Дао жолын аяқтап қайтыс болу дұрыс, ал керісіншесі дұрыс емес пешене деп таныған Мэн цзы, лсыған орай ол мемлекеттік билік пен династиялық биліектің ауысу үрдісін заңды процесс екендігінің негізін қалады.
Лян, Ци, Сун, Тэн, Лу империяларының басшылары күштеу арқылы Қытайды біріктіруді ойластырған, сы себептен Мэн цзының «Гуманистік билік ету» теориясы қодау таппады. Оның ілімін тақуал деп санап, толыққанды назар аударылуға ие болмады.
41. ҚХР-дың жаратылыстық ғылымдар зерттеу құрылым жүйесі.
ҚХР ғылыми-техникалық жүйе мемлекеттік зерттеу ұйымдарынан, Жоғары оқу орындарынан және зерттеу кәсіпорындарынан тұрады.
Мемлекеттік зерттеу ұйымдары бүгінде Қытайда 4347 және оның 98-і Қытай Ғылым Академиясына бағынады. Онда 260 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Жарытылыс ғылымдарының ең басты органы бұл- Қытай Ғылым Академиясы. Ол 1949 жылы 1-қарашада құрылған болатын. Осы Ғылым Академиясына бағынышты мемлекеттік зерттеу ұйымдарында ең озатты ғалымдар жұмыс істейді. Олар фундаменталды, қоғамдық және жаңа технологиялар зерттеулерімен айналысып, жаңа ғылыми салаға керек кадрларды дайындайды. Бүгінде Академияняң президенті Лу Юнсян. Академияда мынадай бөлімшелер бар: математика-физикалық, химиялық, Жер туралы ғылым, биология мен медицина, техникалық ғылымдар, ақпараттық ғылымдар бөлімшелері. Ғылым Академиясының алпыс мыңнан астам арнайы мамандырылған кадрлары бүкіл мемлекет аумағында жұмыс істеп жатыр. Олар жүз зерттеу институттарында, төрт жүзден астам ғылыми-техникалық ұйымдарында, үш университетте және Пекиндегі Академияның негізгі орталығын санамағандағы он үш филиалында зерттеу жұмысымен айналысады. Академияда «академик» атағын сексен жыл бұрын алған ғалымға «тәжірибелі академик» атағы беріледі. Қазір Қытай Ғылым Академиясында 159 тәжірибелі академиктер бар, оның 44-і әйел адамдар. Академиядан басқа мемлекеттік зерттеу ұйымдарына жататындар: Қытай физика институты, Қытай медицина ғылым академиясы, Қытай ауыл шаруашылық зерттеулер академиясы, Қытай орман шаруашылығы ғылыми академиясы, Қытай қоршаған ортаны зерттеу институты.
Жаратылыс ғылымдар жүйесінің Екінші звеносы бұл ЖОО. 2002 жылғы статистика бойынша 1396 ЖОО бар және онда 96 зерттеу лабораториялары жұмыс істейді. Ең ірісі ЦинХуа Университеті, онда 12 институт бар, сол институттардың ең ірілері бұл физика және құрылыс институттары, бұдан басқа Цинхуада 48 факультет қалыптасқан. Университеттің 7500 оқытушылардың 25-і Ғылым Академиясының академиктері болып табылады. Цинхуада бүгінгі таңда ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жаратылыс ғылымдар фондысының жобаларын жүзеге асырушы 16 лаборатория ашылған.
Қытайдағы реформалардан кейін, ғылыми зерттеу ұйымдары арасынан зерттеу кәсіпорындары қалыптаса бастады. Бүгінде олардың саны 23 мыңнан асады олардың 10 мыңнан астамы жаратылыс ғылымдар зерттеулерімен айналысады. Кезінде зерттеу жұмысымен айналысқан кәсіпорындар топтары: Леново, Стоун және Фанчжен қазір өз продукциясын нарыққа шығара бастады. Олардың продукциялары Пекиндегі әйгілі техникалық орталық болып санадатын ДжоңГуан Цүн көшесінде сатылады.
Тіпті барлық жаратылыстанулық көзқарастарда- бес «бастапқы стихия» туралы, «үлкен шектеулік» (тайцзи) туралы, ян мен инь күштері туралы, дао туралы ілімдерде мифологиялық- діни аңыздар кезігеді.Қытай дүниетанымының ерекшелігі сол, ол өзін –өзі реттейтін,бастауы әшкі динамикалық тәртіппен байланысты дүниеге, әлемге негізделеді.Үнді және грек философиясымен салыстырғанда,қытай ойшылдары табиғаттан тыс күшті немесе оны қалыптастыратын,өзінше жетілген, тұрақты тәртіп пен жалпылама принциптің болатынын мойындамады.Қытай философиясында қарама-өарсы нәрселердің – болмыс пен болмыс еместің ,идеалдылық пен материалдылықтың айырмашылығына онша мән берілмеді.Ертедегі қытай ойшылдары да дүниетанымдық мәселелерге тарихи тұрғыдан , мәдени дәстүрмен салыстыра отырып жауап іздеген.Қытай ойшылдары әр мәселе туралы дайын жауап беруден немесе кесіп айтудан сақтанды.Олар дүниенің біржақты байланысын талдаудан гөрі, ондағы құбылыстардың өзара тәуелділігін ашуға көп көңіл бөледі, ізденеді.Дүние туралы әңгімені бастағанда, батыстағыдай алғашқы себеп емес, дүниенің бастауы қытай ойшылдарының назарынан тыс қлмайды.Сансыз көп, «10 мың заттардың» бір ғана бастауы,не бір ғана басқаруы бола бемейді.Барлық заттардың өз тіршілігі бар, бірақ олардың түптамыры көріне бермейді».Қытайлықтар үшін өмір сүру басты мәселе болса, оны бас аяғы жоқ тұйық ,циклді, шексіз процесс ретінде қарастырады.Д/ж процесс туралы тұсінік лғаш «өзгерістер кітабында» (И цзин) жазылған.Бұл көне текст болжам-жорамал дәстүрінен құралған.Жорамалдау практикасы Қытайда бдд. ІІ-І мың жылдары тамырланып, біртіндеп сан мен геометриялық фигурадан тұратын нөмірлік жүйеге ауысады.Ол үш бөлімнен тқратын И Цзиннің бас тақырыбы.1-тарауда 64 гексограмма мен түрлі формуланың атау кезігеді.Гексограммалық символика алғашқы қытай жазбасының рөлін атқарғандай.»Өзгеру кітабында» жиі кеігетін келесі бір объект - триграмма (ба гуа), үштік сызықтың қиылысқан түрлері.Үштік- әлемнің үш күшінің - Аспан –Жер- Адам жүйесінің белгісі.Ертедегі қытай даналары осындай үштіктің сегізінің суретін салған.Үштіктің сегізі – янь,ин, су,от,металл, ағаш, топырақ әне дән, «аспанның он баанын « құрайды.Өзгерістер кітабы- пайымшыл адамның д.ниеге деген айқын көзқарастарының алғашқы жиынтығы.Өмірмен аралас – құралас көне заманның адамы үшін, дүние дегеніміз басы да, аяғы да жоқ, үнемі өзгеріс пен күресте болатын айналымда ағым.Д.ниенің басталуын, Хань дәуірінің «йгілі ойшылы Дун Чжуншу «Аспан мен жер арасындағы сансыз заттардың біртұтас тіршілігімен» салыстырады.Дүниенің басталуы туралы пікірлер аз емес.Дүниеге деген жаратылыстанылық көзқарастардан бұрын теистік идеялар таралды.Моистер мектебінің үйретуінше Аспан дұниені жасаған да, басқаратын да трансцендентті күш. Аспна- барлық заттарды тудыратын да, өсіретін де, оларға пайда әкелетін де құдырет.Аспан ырқына көнбегендер жазаға ұшырайды.Аспан қаһарына келсе, табиғатта да қоғамда да апаттар басталады.Қытай тарихи дәстүрінде көзқарастар көп болса да, сол дәстүрдің бағдары мыңдағын жылдар бойы сақталнды.Дәстүрлі рәсімді ұстаған және оны жаңартуға белсенділік танытқандардың бірі- Хань дәуіріндегі ойшыл Джун Чжуншу болды.Хань дәуірінің Конфуцийі» лауазымын иемденген осы ойшыл дүниенің біртұтас, түпбастамасы ретінде Даоны атайды.Дао дүниенің потенциясын құрайтын дэмен тең,сондай-ақ Аспаннан да бұрын п.б. Дүниедегі күллі нәрсе циден және оның күш-қуаты екі түрлі- инь мен яннің арақатынасынан туындайды.Атап айтқанда, Аспан бес элементтен –ауадан, оттан, судан, жерден,металдан тұрады.Бес элементтің орталығы- Жер.Аспан элементтерінің тәртібін анықтайды,мейірімді немесе қиянатшыл «халықты өмірге келтіреді».Халықты қайырымды ету үшін, Аспан оның патшасын тағайындайды.Патша Аспанның ниетін жалғастырып, халықтың қалыптасу табиғатын аяқтайды.
ҚХР құрылғаннан кейін ғылым мен техниканың жоспарлы түрде дамуына қолайлы жағдай жасалды. 1949-1957 ж. партия мен мемлекет басшылары ғылым мен техника жетістіктерін әлеуметтік экономиканы дамытуға пайдалана отырып, ғылым мен техниканы неғұрлым кеңінен өрістету мәселесін алға қойды. Қытайда ғылым мен техниканың дамуына КСРО мен ҚХР арасындағы тығыз қарым/қатынас орнауы себепкер болды. әсіресе, 50–жылдардағы бірлесіп жасаған ғылыми жұмыстардың маңызы зор болды.
1971–1972 ж. Жаратылыстану және техника ғылымдарының дамуы жеделдеді. “Мәдени революция” кезінде тоқтап қалған бірқатар ғылыми–зерттеу мекемелері іске қосылып, реабилитация алған ғалымдар жұмыстырына кірісті.
Қытайда елдің табиғи байлықтарын зерттеу және оларды пайдалану жұмыстарына баса көңіл бөлінуде. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде таскөмір, темір рудасы, түсті және сирек кездесетін металлдар мен т.б. пайдалы қазыналардың орасан зор қоры табылды. Алайда, кейбір жеке металдар мен алмастан ҚХР–де түбегейлі кен қоры тоқсаныншы жылдарға дейін де толыққанды жасалмаған болытан. 1950–1960 ж. Ірі мұнай көзі табылды.
Математикадан зерттеу жұмыстары негізінен сан теориясы, есептеу математикасы, топология саласында дамытылуда.
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі уақытта химия жедел дамыды.
1958 ж. Кеңес үлгісімен жасалған тұңғыш ЭЕМ шығарылды. ҚХР биология мен ауылшаруышылығы ғылымдары саласында да елеулі жетістіктерге ие болды. әр түрлі ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыру, мал тұқымын асылдандыру, топырақ зерттеу т.б. салаларда ғылыми–зерттеу жұмыстары жүргізілуде.