Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

33.Қытайдың Цин империясы кезіндегі демократиялық идеялар

1644 жылдың маусым айында Пекин қаласын басып алып,маньчжурлік Цин династиясының билігін орнатады. 18 ғасырдың басында елде 100 миллион адам болса, ал 18 ғасырдың соңында 300 миллионнан аса адам тұрды. 18 ғасырдың соңында шенеуніктер халықтың шамадан тыс көптігі туралы: « алқаптарда үйлер үшін жер жетпейді»деген мәліметтерді хабарлаған. Қытайда азық-түліктің қатты жетіспеушілігі сезіле бастады. Мемлекет әрекет етуге дәрменсіз болды. Елде толқулар мен көтерілістер басталды, олардың ұйымдастырушылары құпия қоғамдар мен діни секталар болды. Мәселен, 18 ғасырдың соңында «ақ лотос қоғамының» басшылығымен жаңа кезең кезеңіндегі аса ірі халық көтерілістерінің бірі басталды. Көтерілісшілер Маньчжур династиясын құлату, сатқын және қатал шенеуніктерді жою ұрандарын көтерді. Бірақ бұл көтерілісті жаншып тастады. Бірақ демократиялық идеялар мұнымен шектелген жоқ. Ихьэтуан көтерілісі басталады. Бұл көтерілістің көсемі қытайдың ұлы революционер-демократы Сунь- Ятсен (1866-1925) болды. Ол 1894 жылы «Қытайды қайта өркендету қоғамын» құрды. Бұл ұйым қытайдағы маньчжур үстемдігін құлату, тәуелсіз Қытай Республикасын құру мақсатын көздеді. Сунь Ятсен Цин империясын құлатқан соң, Қытай демократиялық билікке көшуі тиіс, яғни монархиялық биліктен бас тартып, Республика түрінде дамуы керек деп есептеді. 1905 жылы Қытайдағы маньчжур үстемдігіне қарсы ұйымдар Сунь Ятсеннің төңірегіне топтасып, « Біріккен одақ» партиясын құрды. Реформалық қозғалысқа қарағанда алдына барынша айқын мақсат қойған, Қытайдағы барлық дағдарыстың себебі болып отырған маньчжур үстемдігінен құтылуды көздеген Сунь Ятсеннің партиясына халық көп сенім артып, революциялық-демократиялық қозғалысқа қатысуға ұмтылды. Бұл 19 ғасырдың басындағы Синьхай революциясына әкеліп соқтырды. Революция барысында 268 жыл үстемдік еткен маньчжурлық Цин әулеті мен 2 мың жылдық монархиялық жүйе жойылды. Республика мен конституцияның жариялануы Қытайдың болашағы үшін үлкен маңызды оқиғалар болды. Синьхай жыл атауы (Қытай күнтізбесі бойынша ол 1911 жылғы 30 қаңтардан 1912 жылғы 17 ақпанға дейін созылады.) Сондықтан осы мерзімді өткен революция «Синьхай революциясы» деп атады.

34. Қытай философиясының қайнарлары

Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамығанымен, кейін екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

1. Инь және Ян мектебі.

2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.

3. Моистер мектебі.

4. Атаулар мектебі.

5. Заңгерлер мектебі.

6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).

Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.

Конфуций қайтыс болғаннан кейін оның түсініктерін шәкірттерінің дамытқаны белгілі. Олар Конфуций ілімін Қытай философиясына ұсынды. Алайда Мо-цзы (б.з.б.5 ғ.) Конфуций ілімінің негіздерін, соның ішінде әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алды. Чжанцзы да ұстаз Кунның моральдық ережелеріне қарсы шықты. Дегенмен, буддизмді уағыздаушылардың өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы Конфуций, Чжау-цзыға жүгінгені ғылыми еңбектерден бізге таныс.

Ортағасырлар философиясына Бұл кезеңге конфуцианство, легизм және даосизм арасындағы талас тән. Түптеп келгенде бұл таластан мемлекеттік дін және этика ретінде конфуцишілдік басым орынға ие болды.

17-18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэн-цзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды, 19 ғасырда Қытайда әлеу-меттік реформа мен ағартушылықтың саяси идеялогиясы өмірге келіп, Қытай Халық Республикасы құрылысымен Қытай философиясында марксизм ілімі, диалектикалық және тарихи материализм бірден-бір теориялық негіз ретінде таралды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]