Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

26. Ислам өркениетінің қытайға таралуы.

Тарихи деректер б/ша ислам Қытайға шамамен 7 ғ мұсылман көпестерімен келді, Қытайға сауда жасауға келгендер. «Жібек жолы» және теңізден Қытайға жиі араб және парсы саудагер-мұсылмандар келген. Қытай және мұсылман әлемі арасында мықты сауда байланысы орнатылды. Олар қытайдың көптеген жаңалықтарын қолданып, өз елдерінде сауда жасады. Көптеген саудагерлер қытай жерінде тұрақты өмірге қалып отырды, тұрғылықты халықпен туыстас болды. Олардың ұрпақтары алғашқы қытай мұсылмандары болды. Ислам Қытайда кең таралды. Ислам терең әсерін тигізді тарихқа, мәдениетке, этикаға, өмір сүруге, мінезгі, әдет-ғұрыпқа. Мешіттерді салуға, қажылыққа бару, негізгі теориялық еңбектерді аудару және зерттеу Қытайда исламның дамуына және таралуына маңызды әдіс. Қытайда исламның таралуынан кейін ақырындап кытайлық дәстүрллі мәдениетін қабылдады, осылайша қытай спецификасымен дін пайда болды. Қытайда ислам ең көп таралған дін, ол 10нан астам аз- ұлттардың арасында таралды: хуэйцтердің, салар, дунсян, баоньцттар, ұйғырлар, қазақстар, қырғыздар, өзбектер, татарлар және тәджіктер.

1949ж ҚХР пайда болуымен елде еркін таңдау саясаты асырылды, еркін дін таңдау және діни өмірді құрметтеуге көп мән бөлу және кең массалы мұсылмандардың дәстүрін құрметтеу. 1953ж Бейджинде Қытай Ислам Ассоциациясы құрылды – қытай мұсылмандарының ұлттық ұйымы. Ол еркін дін таңдау саясатын өткізуге - орталық үкіметке көмектеседі, заңды құқықтарын, мұсылмандарлы және ислам шеңберіндегі мүдделерді қорғайды. Қазіргі таңда Қытайда санақ бойынша 18 миллион мұсылман, 30 мыңнан астам мешіт ашылды, онда 50 мың имам мен ахундар жұмыс істейді, олар отан сүйгіштік принципін ұстанады және өзінің дінін ғибадат етеді. Басқа діндергі қарағанда кішкентай қалаларда және ауылды аудандарда мұсылмандар әдетте бірге тұрады, ал ірі қалаларда олар шашыраңқы орналасқан. Ал мешіт орталық болып табылады, олардың жиналатын жерлері. Қазір барлық жерде провинцияларда, автономды аудандарда, орталыққа бағынған қалаларда, уездерде, ауылды аудандарда мұсылмандар бірге өмір сүреді, онда міндетті түрде Қытай Ислам Ассоциациясының бөлімшесі орналасады. Әр төрт жыл сайын бүкілқытайлық ислам конференциясы өткізіледі. Кейде конференция төтенше жағдайларда ертерек немес кешірек өткізілуі мүмкін. Қытайда ислам текстерінің көптеген аудармалары және зерттеулері бар. Ұйым қайтандан Құранды қайда басып шығарды.

27. ҚХР интеллигенция саясаты ХХ ғасыр 50-70 жжж.

ҚХР-дың 1950-1970 жылдардағы саясатына келетін болсақ, КСРО-ның моделіне сүйене отырып КПК жоспарлы экономиканы құруға бел буады. Бірақ Қытай КСРО-ға қарағанда қатал аграрлық коллективизация мен асығыс индустриализацияны жасауға асықпады. Негізінен қытайлар өзі ерекше халық қой, олар ешқашан сыртқы ішкі саясатты асығып жүргізбейді. Біріншіден, олар барлық жағын қарастырып, ойланып болған соң шешім қабылдайды. 1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Цзэдун идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.) Бірінші 5 жылдық жоспар керемет жүзеге асты деп айтуға болмайды, сонда да ол саяси тұрақтылықты көрсетіп, Мао Цзэдунның авторитетін күшейтті. Қытай өзінің сыртқы саясатында КСРО-мен жақындасып, АҚШ пен НАТО-ның басқа да мемлекеттерінен экономикалық изоляцияға ұшырады. 100 гүл ашылсын, 100 мектеп қарсылассын атты лозунгпен 1957 жылы қытай лидері Мао Цзэдун Байхуа юньдун (百花运动) қозғалысын бастады. Бұл қозғалыс 1957 жылдың ақпанында белең алған болатын,Маоның Қытай интеллигенциясына өз ойыңның еркіндігі, критика мен плюрализмді ұсынып шақырды. Бұл коммунизм идеялары мен Маоның өзіне дереу өткір сынға ұшырады. 1957 жылдың маусымында бүкіл компания бірден түсірілді, бірақ бұл қозғалыс 1958 жылдан 1966 жыл аралығында жалғаса берді. Жариялылықтың алғашқы кезеңi қақпанмен көрсеттi: науқандар нәтижесі интеллигенцияның жаппай талауы болды. Ұлы пролетарлық мәдени революция (Wuchan Jieji Wenhua Da  Geming) – 1966-1976ж аралығындағы он жылдық кезеңді қамтыған Қытай тарихындағы оқиға. Бұл кезең әлеуметтік баспалдақтың төменгі деңгейіндегі жұмысшылар мен студенттердің тәртіпсіздік әрекеттерімен және елдің партиялық басшылығындағы хаоспен сипатталды. Революцияның басталуына қорытынды ықпалды саяси оппозициялық көзқарастармен күрес шеңберінде және мемлекеттік идеология ретінде ҚКП басшылығындағы өз жақтастарының көзқарастарын (маоизм) орнықтыру үшін ҚКП төрағасы Мао Цзэдун жасады. Мао Цзэдун  өмірден  өткеннен  кейін  «Мәдени революция» барысында түрлі себептермен сыналған және репрессияға адамдар ұзаққа созылған саяси  күрес нәтижесінде Дэн Сяопиннің басшылығымен билік басына келді. Жаңа басшылық «Мао Цзэдунның идеялары» мен марсизм-ленинизмге ритуалды адалдықты сақтай отырып, бай және қуатты Қытай елін құру патриоттық идеясын алға тұтты. Жалпы алғанда, орын алған терең саяси үзілістер жаңа экономикалық саясатты жүргізуге алғышарт болды деп айтуға болады.

28. Юань империясы кезіндегі қытайдың тоқымашылық техникасының дамуы. Негізінен Қытайдағы тоқымашылық өнері Тан дәуірінен бастап қарқынды дамуда. Осы кезеңнің тарихи жазбаларына сәйкес тоқыма өнерінің 50 астам бейнелеу түрі болды деп есептелінеді. Бұл оюлардың көбісі Хань дәуірінде де болған ж\е осы кезге дейін жеткендері де бар. Сұң дәуірінде кэ сы тоқыма өнері пайда болады. Бұл тоқымашылық техника түрін Юань империясында пайдаланып, жетілдіре түседі. Юань империясындағы тарихи жазбаларға сәйкес тоқылған заттар мен киімдерде атақты суретшілердің суреттері басылған. Тоқылған киімдер көбіне алтын ж\е күміс жіптерден болған. Дегенмен, моңғолдардың Қытайды билеуі 70 ж созылған ж\е бұл уақыт аралығында мәдениетте айтарлықтай өзгеріс орын алғды деп айту қиын. Бірақ, Юань империясының қытай мәдениетіне жаңа бағыттарды алып келгені сөзсіз. Тоқымашылық техникасында ауыл шаруашылық өнімдер кең қолданыла бастайды. Және жаңа тоқыма станогі – пышақ тежегіші бар тоқыма құралы шығарылады. Сонымен қатар жібек тоқыма станогі де өзгеріске ұшырайды. Қоғамда моңғолдық стильдегі киімдер ене бастайды. Адамдар тоқу өнерін қоғамға оңай жетілу жолдарын іздестіре бастайды. Тоқу жіптері де алтын, күмістен емес, мал өнімдерінен даярланады. Тоқыма техникасын өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатымен тоқыма туралы кітаптар жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]