Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860.16 Кб
Скачать

21. Қытайдағы Батыстың саяси мәдениетінің әсері 19 ғасыр

1860 ж Пекин конвенциясы бекітілгеннен кейін Қытайдың шет ел мемлекеттерімен қарым-қатынасы жақсара бастады. Астанадағы шет ел елшіліктер мен 1861 ж Сыртқы істер министрлігінің мекемесі (Цзунли ямэнь), Қытай мен Батыс, өздерінің арасындағы мемлекетаралық қайшылықтарды шешу үшін бірігіп іс шаралар қолданып жатқанын белгісі болды. Ал кеден императолық инспекциясының мекемесі әкімшілік жүйесінің күшейіп, өзаралық саяси ынтымақтастықтың белгісі болды.

1854 ж Шанхайдағы бірлескен қытай-шет ел кәсіпорын, 1860 жылдарда іс шаралар сферасын басқа да ашық порттарға таратқан. Бұл инспекция британ генерал-инспектор Роберт Харт басшылығымен орталықтандырылған басқаруға бағынған. Бар келісімдер жүйесі әр түрлі салаларда шет елдік ықпалының жағымды жағдайларын қамтамасыз етті.Батыс әдебиетінің миссионерлік қоғамдастықтар баслымдары мен қытай тіліне аудармалары қытай қоғамына, кем дегенде білімді топтарына, жаңа салалардағы біліммен танысуға мүмкіндік берді. Батыс өкілдерімен (дипломаттар, әскерлер, кеден мекемелердің қызметкерлері) тығыз кәсіпшілік байланыста болған қытай халқы, батыс идеясының ықпалына сөзсіз түсті.

Бірақ та америкалық пен еуропейттіктер қыталықтарға әрдайым жағып та қойғанжоқ. Шетелдiктердi пайдаланатын артықшылықтар жергiлiктi тұрғындарға ұнамады. Шетелдiк дипломаттар қытайлықтарға жиi тәкаппарлықпен қарады, ал қытай іс шараларға батыс миссионерлер мен саудагерлердің араласуы кернеулiктердiң күшеюіне алып келді. Нәтижесінде шетелдіктерге қарсы бағытталған көтерілістер жиі бола түсті. Ең ауыр 1870 ж болған «тяньцзиндік кескілесу» деп аталатын қақтығыс болды.

Негізінде Батыстың ықпалымен Қытай өзін-өзі күшейту үшін келесі саяси компонеттерді қолдану керек еді:

  • Батыстың әскери-техникалық жетістіктерін алып пайдалану (Батыс техниканы сатып алу Қытайда жаңа әскери өндіріс өнеркәсіптерін соғу);

  • Әскерлерді батыс қару-жарақтармен қайта жабдықтыру (Қытайда жаңа өнеркәсіптерде өндірілген немесе сатып алынған);

  • Әскерді Батыс үлгісімен үйрету және қайта ұйымдастыру;

  • Қытай мамандардың шетелде білім алғызу және Батыс техникалық мамандарды Қытайға шақыру.

XIX ғ ортасынан бастап Қытай Батыстың ықпалына түскен кезі еді. Әскери жеңілулер, әулеттердiң құлдырауы және мемлекетке жаңа идеялардың енуі, мүлде басқа саясат пен мәдениеттегі басымдылық пен құндылықтар жүйесінде негізделген, Қытайда дәстүрлі құндылықтарды күшпен алып, өз мемкетінің әлемдік держава ретінде түсінуіне алып келді.

22. Қытайдың ерте замандағы агрономия ғылымының дамуы

Қытай егін шаруашылығымен айналысатын ежелгі мемлекеттердің бірі. Қытайдағы егін шаруашылығы барлық жақтағыдай өңделмеген топыраққа дәндерді шашу арқылы әдеттегі әдістермен басталды. Уақыт өте қытайлықтар агромәдениеттегі түрлі әдістерді үйреніп алды.Ауыл шаруашылығын ойлап табу, дәстүрлі түрде бірінші соқаны жасаған, егістіктің тиімділігін және дәнді дақылдарды қалай отырғызуды көрсеткен Шэнь Нунға тиесілі. Ежелгі Қытайдағы агрономия Хуанхэ және Янцзы өзендерінің жағалауларында дамыды. Солтүстік – Батыс аудандары жемісті ормандық топырақтан құралды. Хуанхэ өзенінің асты жақтарындағы топырақ аллювиалды болып келетіндіктен, онда дәндерді ( бидай, арпа, сұлы ) жасанды ирригацияны қолданбай өсіруге қолайлы жағдай болды.Янцзы ауданына жасанды ирригация керек болды. Бұнда біріншіден күріш, ақмамық тұт және мақта отырғызылды. Қыс айларында күріш алқаптары құрғақ кезде, олар бидай, бұршақ өсіру үшін осы алқаптарды қолданды.

Бидай мен арпа Қытайға кейінгі неолит дәуірінде Батыс Азиядан келді. Мақта 3 – 6 ғ.ғ Үндістаннан келді, бірақ мақтаны кеңінен қолдану 12 – 13 ғ.ғ басталды. 11 ғ. Үндіқытайдан тез пісетін күріштің арнайы сорттары әкелінді. 16 ғ. соңында еуропалық делдалдар арқылы Америкадан дәнді дақылдар импортталды: картоп, жүгері, арахис, табак. 17 ғ. Қытайға ирландық картоп жеткізілді.Халықтың ұдайы өсуінен, қытайлықтарда үнемі азық – түлікпен проблемалар болды. Бұл интенсивті агрономияны талап етті. Шан – Инь эпохасының өзінде, дәнді дақылдарды жүйек ( грядки )арқылы отырғызу пайдаланылды. Бұл әр өсімдікті күтуге мүмкіндік туғызды. Б.з.д 3 ғ. « Лю мырзаның көктемі мен күзі » деген шығармада, егер өсімдіктерді қатарымен отырғызса, онда олар бір – біріне кедергі жасамайды делінген. Чжоу дәуірінде қолданысқа жерді өңдеуде бу жүйесі кірді. Бұл жүйенің ерекшелігі, учаскіні егінге екі жыл қолданғаннан кейін, оны бір жыл өңдемеді. Ерте Хань дәуірінде бұл жүйе ғалым – агрономдар Фань Шэньчжи және Чжао Го ұсынған цюйтянь және дайтянь сияқты дамыған жүйелермен алмастырылды. Бірінші түрінде, егістік алқабы көлденең және түзу 30 см. қазылды. Керекті дәнді отырғызған кезде араларындағы цюй деген төртбұрышты учаскілерде топырақ былтырғы жапырақтармен араласып, тыңайтқыш түзетін.Екінші түрінде алқапта ені мен тереңдігі 30 см. арық қазылды. Дәнді осы арықтарға екті. Бұнда үнемі тыңайтқыштар салынды. Осылайша, жан – жанғынан қоршалған өсімдіктер мықты болып, желге төтеп бере алатын болды. Бұл әдістің тағы бір артықшылығы, суарылған өсімдіктер ұзақ уақыт бойы ылғалды болып тұрды. 6 ғ. басында Цзя Сысе деген ғалым « Қарапайым халыққа арналған энциклопедияны » жазды. Бұл дәстүрлі Қытай агрономия ғылымына айтарлықтай жетістіктер алып келді. Оны жазған кезде егін шаруашылығы туралы 180 мәтін қолданылды, солардың ішінде Фань Шэнчжидің трактаты болды. Бұл энциклопедияда қай өсімдіктің калай отырғызылуы, суық қыс кезінде өсімдіктердің үсіп қалмауы, ауыл шаруашылығына зиян келтіретін құрт – құмырсқалармен күресу, өсімдіктерді күту туралы кеңестер берілген. Кейінгі кездері ежелгі Қытай агрономия ғылымының жетістіктері ары қарай дамыды.1 – 2 ғ.ғ Қытайдың оңтүстігінде күрішті отырғызудың әдістері өнімді біршама көтерді. Қытайлықтар тыңайтқыштарды көп қолданды. Көбіне олар Янцзыдан алынатын топырақпен қолданды. Солтүстікте жануарлардан алынатын тыңайтқыштарды қолданды. Сун дәуірінде егін алқаптарының жетіспеушілігінен қытайлықтар таулы аудандарда террасалар жасай бастады. Сонымен қатар, кейбір көлдерді құрғатып, олардың орындарына алқаптар жасады. Отырғызу алқаптарын ұлғайту мақсатымен, қытайлықтар бамбук тақтайшаларының үстіне топырақ себілген « жүзетін алқаптарды » жасады. Бұл әдістер экономикалық орталықтың Янцзы ауданына көшуіне әкелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]