
- •1. Мәдениеттің анықтамалары.
- •2. Қытайдың ертедегі заттық мәдениет мұралары.
- •3. Қытайдың қазіргі заман білім беру жүйесі
- •4. Конфуций ілімі.
- •5. Қағаз жасау техникасының тапқырлауы
- •6. Хань патшалығы кезіндегі архитектурасы
- •7. Қытайдың Даосизм ілімі
- •8. Қытайдың ерте замандағы астрономиясы
- •9. Қытайдың қазіргі қоғамдық ғылымдар құрылым жүйесі
- •10. Қытайдың легизм жүйесі
- •11. Қытайда жазу мәдениетінің қалыптасуы.
- •13. Қытайдың инь және ян ілімі.
- •15. Таң дәуірінде қала мәдениетінің дамуы
- •16. Қытайға буддизм өркениетінің таралуы
- •17. Қытай Республикасының (1912) мәдениет саясаты
- •18. Хх басында Кытай билим беру жуйесиндеги реформасы
- •19. Бзб Қытайдың мүсін өнерінің ерекшелігі
- •20. Дао діні және оның уағыздары.
- •21. Қытайдағы Батыстың саяси мәдениетінің әсері 19 ғасыр
- •22. Қытайдың ерте замандағы агрономия ғылымының дамуы
- •23. Қытайда алғашқы әскери қару-жарақ заводының құрылуы.
- •24. Қытайда марксистік мәдениеттің дамуы.
- •25. Таң патшалығы кезіндегі поэзияның дамуы.
- •26. Ислам өркениетінің қытайға таралуы.
- •29. Қытай Миң пат.Ы кезінде кеме жасау тех.Ң дамуы
- •30. Қытайда жаңа заман әскери училищелердің құрылуы.
- •31. 32. Қытайдың ертедегі жазбалары
- •33.Қытайдың Цин империясы кезіндегі демократиялық идеялар
- •34. Қытай философиясының қайнарлары
- •35. Қытайда тарихи жазу дәстүрі
- •36. Қытайдағы «жаңа мәдениет қозғалысының» (1915) тарихи маңызы
- •37. Цинь Шихуандидің сарбаздар мүсінінің мәдени мәні
- •38. Қытайда дәстүрлі бейнелеу өнерінің қалыптасуы.
- •42. Кытайдын ерте замандагы кала курылыс мадениети. Асен Алияда болган
- •44. Қытайда ең алғашкы Тас көпірдің салынуы.
- •45. Қытатайдағы емтихан мәдениетінің қалыптасуы.
- •46. XіXғ екінші жартысында Қытайдағы идеология саласындағы пікірталастар.
- •47. Қытайдың дәстүрлі мектепте білім беру жүйесі.
- •48. «Мәдениет революциясы» (1966-1976) зардабы.
- •50. Қытайдың шетел өркениетін қабылдау принциптері.
- •51. Дуньхуан қабырға сурет өнерінің құндылығы.
- •52. Юань әулиеті дәуірінде Қытайға батыстан әр түрлі діндердің таралуы.
- •53.Қытайдың классикалық прозалары
- •54. Ккп‑ның социалистік мәдениет концепциясы.
- •55. Қытайда теңіз картасын сызу өнерінің қалыптасуы.
- •56. Қытайдың «төрт қойма кітап» мәдени құндылығы.
- •57. Қхр‑дың білім беру жүйесіне реформа жүргізуі (1978 ж кейінгі)
- •58.Қытайдың мұнара сәулет өнері.
- •59. XX ғ Батыстың эволюция теориясының қытай мәдениетіне ықпалы
- •61.Қытайда машинамен жібек тоқу техникасы.
- •62. Қытайдың « Қызыл сарай түсі » романының мәдени құндылығы.
- •63. КхРдын билим беру жуйесин реформалау идеясы 1920
- •64. Қытайдың полиграфия өнерінің Батысқа таралуы.
- •65. Қытайдың “мәдени революциясының” мәдениетке кері ықпалы.
- •66. КхРдын гылыми-техника жуйес3не реформалау идеясы
- •67. Қытайдың шетел мәдениетіне ұстаған позициясы.
- •68. Қытайдың «Су бойында» атты романының мәдени құндылығы.
- •70.Ботаника ғылымы
- •71. Қытайдың «Үш патшалық қиссасы» романының мәдени құндылығы.
- •73. Қытай Цин империясының мәдениет саясаты.
- •74. Чуньсю дәуіріндегі металлургия
- •75. Қытайдың ерте замандағы медицинасы.
- •76. Қытайдың иероглиф реформасы
- •77. Чжанго дәуірінде қоғамдық ой-сананың дамуы.
- •78. Қытайда тас ойма өнерінің дамуы.
- •80. Қытайда физика ғылымының қалыптасуы.
- •82. Қытайдың ерте заманғы химия ғылымы.
- •83. Қытайда дәстүрлі инемен емдеу ғылымының қалыптасуы
- •84.Қытайда алғашқы шетел тілі мектебінің құрылуы.
- •85. Қытайдың ерте замандағы су құрылысы ғылымы.
- •86. Қхр спорт мәдениеті
- •88. Қытайдың аз санды ұлттар мәдениетіне ұстанымы.
20. Дао діні және оның уағыздары.
Қытайда діндер өте көп. Олардың ішінде ең көнесі – дао. Даосизм (қытайша “дао цзяо” – “жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Даосизм - б.э.д. 6-5 ғ. Қытайда дамыған «дао» ілімі. Идеализм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао – Цзы (4 – 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао – мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын – Көк Аспан емес, Дао. “Дао – заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, - деді – Бүкіл әлем сол заңға бағынады”.
Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди (“Сары император”) ашқан. Ал жалпы алғанда, бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Лао – Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды. Тұтас жүйе ретіндегі даосизмді және тағы “Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған. Сонымен қатар прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірдің қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндеті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау.
Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі “киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
Көне даосизмнің философиялық ұстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VІ ғ.), Ван Сюаньлань (VІІ ғ.), Ли Цюань (VІІІ ғ.), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ.), Чжуан Бодуань (XІ ғ.). Конфуцийшілдік білім алған интеллектуалды элита да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда творчестволық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас, әсіресе, Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі барысында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдерге аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті. Жалпы алғанда, даосизмнің қытай мәдениетіне әсері үлкен болды.