
- •2. Қытайға Цин патшалғы билігінің орнауының тарихи алғы шартына талдау жаса.
- •6. Қхр реформасының ерекшеліктерін салыстырып көрсет.
- •9. Бірінші реткі Апиын соғысынын себеп салдарына талдау жаса
- •13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
- •19. Қкп «Бір мемлекет екі жүйе» саясаты кімдерге бағытталған!
- •22. Қытай Ұлттық революциясының (1926-1927) нәтижесін нақты мысалдармен пайымда.
- •24 . Қытайда ұлттық дағдарыстың тереңдеуінің басты көріністерін көрсет (хіх ғ. Екінші жартысы).
- •37. Хань патшалығын территориялық дамуына дәлелде.
- •39. Цин патшалығының саяси сипатына талдау жаса.
- •41. Қытайдың Гангокг пен Макаоны қайтарып алуының маңызын пайымда.
- •46.Қытай-Үндістан қақтынастары шиленісу себептеріне талдау жаса (1962).
- •47. Қытайдың аз санды ұлттарға қолданған автономия саясатының негіздерін көрсет
- •50.Цин империясының экономиканы қалыпына келтіру саясатына тарихи баға бер.
- •60. Қазіргі қхр-дың әлемдік аренадағы орны мен ықпалына талдау жаса.
46.Қытай-Үндістан қақтынастары шиленісу себептеріне талдау жаса (1962).
1962 жылы «шекаралық соғыс» Үндістанның жеңілісімен екі ел арасындағы шекара мәселесін шиеленістіріп жіберді. Үндістан 1962 жылы екі елдің шекара аймағында Қытайдың салған жолын көріп, екі ел арасында соғыс басталып кетеді. Мао Цзэдун үнді премьер- министрі Джавахарлалу Неруге, оппозициялық қосылмау лидеріне сабақ берейін деп, қытай әскеріне атака бастауға рұқсат береді. Үнділердің шығыстағы шекара учаскесін басып алады. Үнділер жеңіліс табады. Бірақ Қытай қайтадан өзінің әскерін артқа қарата шегіндіреді. Шекара демаркацияланбаған болып қалды. Батыс жақта шиеленіс аймағы қытайлықтардың қолында, ал шығыс аймақтағы шиеленіс аймағы бір бүтін Аруначал Прадеш штатына көз тігіп отыр. Пекинде бұл жерді Тибеттікі деп отыр.
Тибеттің рөлі үнді-қытайлық территориалды шекаралық проблемасында зор рөл ойнайды. Сонымен қатар Кашмир мәселесі. Себебі бұл тұста үш мемлекеттің мүдделері қиылысып отыр, Қытай, Үндістан, Пәкістан.
Көптеген шекаралық қақтығыстар кейінірек әскери іс қимылдарға айналып кетті 1962 жылдың күзінде. Осы соғыстың нәтижесінде Қытай Халық Республикасы бірнеше үлкен аудандарды иеленді. Осы территорияларды Үндістан өзінің территориясы деп есептейді, қазірге дейін солай есептейді. Қытай мен Үндістан арасындағы шекара «факт түріндегі бақылау линиясы» бойынша өтетін болды. Көптеген учаскілер үнді – қытай қарама –қайшылығының қайнары болып табылады. 1962 жылғы қарулы қақтығыс тікелей Тибетпен байланысты, территориялды шекаралық проблемамен, сонымен қатар үнді – қытай қатынастарын алдыңғы он жылдарға анықтап тастады. Қазірге дейін шекара мәселесі шешілмей отыр. Бірқатар зерттеушілердің айтуынша 1960 жылы -1980 жылдың басында үнді – қытай қарым- қатынстарының жақсы жақа қарай бұрылуы, көбінесе Үндістердің Тибеттің өзіндік анықтау сұрағына оң көзімен қарауымен анықталған. 1980жылдың аяғында Тибет сұрағы қайтадан Қытайға ерекше мәнге ие болады, себебі Тибеттегі ұлттық қозғалыстарының жандануы басшылықтың наразылығын тудырады. Мұнда үнділер қытайлықтардың позициясын қолдады. Бұл Қытай мен Үндістан арасындағы коммюникеде белгіленді, бұл Гандидің Қытайға жасаған тарихи сапарының нәтижесінде. Коммюникеде көрсетілген Тибет Қытайдың автономды ауданы және үндістанның территориясында антиқытайлық саяси тибеттік элементтердің қызмет етуге рұқсат етілмейді. Бірақ үндістанда қазір Далай лама тұрып жатыр, көптеген қашып келген тибеттіктерге «беженец» статусын береді. Алдында далай ламаның шиеленіскен аймаққа барып қайтуға рұқсат алғанда қытайлықтардың наразылығын білдірді, жауап ретінде қытайлықтар үндістанның премьер министрін қытайдың қолындағы үндістердің ауданына жібермей қойды.
47. Қытайдың аз санды ұлттарға қолданған автономия саясатының негіздерін көрсет
Қытай бірыңғай көпұлтты мемлекет болып табылады. Қытай үкіметі теңдік негізінде ұлттық саясат жүргізеді, Қытай оларға қатысты бүкіл ұлтты дамыту, еркіндігін қамтамасыз ету құрметтеу, әдет ғұрпын сақтау сияқты саясат қолданады. Қазіргі кезде Қытайда 56 түрлі ұлт өмір сүреді. Бұл ұлттар бір-бірінен сезілерлі дәрежеде ажыралып тұрады. Олардың арасында саны көбі хань қалған 55 ұлттардың саны аз. Сол себепті оларды аз санда ұлттар деп атайды. Осы 55 түрлі ұлт 104,49 млн адамды құрап, жалпы халықтың 8,41%ы болып табылады.
1947 жыл ҚХР құрылғанға дейін Компартия басшылығымен Қытайда алғаш рет монғолдар тұрып жатқан территорияда өзін-өзі басқаратын автономды район Ішкі Монғолия құрылды. ҚХР құрылғаннан кейін Қытай үкіметі көптеген аз санды ұлттарға автономды район құқығын беру туралы шешім қабылдады.
1955 жылы қазанда Синьцзян-Уйғыр автономды ауданы құрылды. 1958 жылы наурызда Гуанси-Чжуани автономды районы, 1965 жылы қыркүйекте Тибет автономды районы құрылды. Соңында 2003 жылға келіп Қытайда 155 әкімшілік бірыңғай ұлттық автоомиялар оның ішінде 5 автономды аудан, 30 автономды округ және 120 автономды уезддер құрылды.
2000 жылғы 5 ші жалпықытайлық халық есебі ьойынша 55 түрлі аз санды ұлттардың 44і өздерінің ұлттық территориялық автоноиһмиясын құрған. Автономия алған аз санды ұлттар бүкіл аз санда ұлттардың 71% ын құрайды екен.
Аз санды ұлттар компактты түрде өмір сүруіне байланысты тұратын аумағы мынадай дәрежелерге бөлінеді: автономды район, автономды округ және автономды уездер. Бүкіл ұлттық автономды аумақтар ҚХР ның құрамдас бөлігі болып табылады.Ұлттық автономды райондардың аталуы 3 бөліктен құралады. Жердің атауы, ұлттың атауы және әкімшілік стсатусы білдіріледі. Мысалы: Гуанси-Чжуан автономды районы “Гуанси”-бұл жердін атауы, “Чжуан” – ұлттың атауы. Ал автономды район оның әкімшілік статусын білдіреді.
Ұлттық автономиялы аудандарда бүкіл халық Концитуция және басқа заңдарға сай сайлай және сайлану құқығына ие болып табылады.
ҚКП-ның Қытайды біртұтастану принципін ашып көрсет.
1951 жылдың аяғы мен 1952 жылдың басында ҚКП басшылығы мемлекеттік аппаратта «үшке қарсы тұру» (жемқорлық, сұрапшылдық, бюрократизм), «беске қарсы тұру» (парақорлық, салықты тапсырмауға қарсы тұру, мемлекеттің байлығын жеке меншікке айналдыруға қарсы болу, құрылыс материалдарын кесітуге, мемлекеттің экономикалық ақпараттарды ұрлауға қарсы тұру) науқанын ұйымдастырды.
Мао Цзэдунның партия ішіндегі күресте жеңуі, мемлекеттің «жаңа демократиялық» мүдделерін, билеуші әлеуметтік партия мүдделерінің өзгеруі ҚХР тарихындағы жаңа кезеңнің дамуын білдірді. Мао Цзэдунның «үлкен секіріс» саясатын жүзеге асырудың негізгі мақсаты – аз уақыт ішінде коммунизмге өту болды. Мао Цзэдун 1957 жылдың күзінде ІІІ пленумде экономикалық және қоғамдық дамуды алға қойды. 1958 жылдың басында Mао Цзэдун осындай мәселерді ҚКП-ның жиналысында жүзеге асыру туралы ұсыныс жасады. Он жылдық жоспарды Мао үш жыл ішінде орындауды көздеді. Біз 15 жылда – Англияны, 20 жылда – АҚШ-ты қуып жетуіміз керек, Жапонияның ауыл шаруашылық өндірісімен үш жылда теңесуіміз керек деген еді. Осындай жарқын идеяларды жүзеге асыру үшін Моаға жоғарғы партиялық органдардан санкция керек еді. 1958 жылдың мамыр айында ҚКП ОК-ның VІІІ съезінде ол санкцияны иеленген болатын. Ол Қытайда маоистік коммунизм орнатқан болатын. Жаңа бағдарлама «үш қызыл ту» атауына ие болды. Олар: жаңа генералды сызық, үлкен секіріс, халық коммунасы. 1958 жылы «үш жыл қажымай еңбектенетін болсақ, он мың жыл бақытты өмір сүреміз» деген ұран тастаған болатын. Мао Цзэдун халық коммунасы – социализмнен коммунизмге өтетін универсалды форма деп атаған болатын. Сондықтан да, мұндай коммуналар тек ауылды жермен ғанашектелмей, қалаларда да енгізілді. «Үлкен секіріс» саясатынан кейінгі нәтижелер мемлекет үшін өте қиынға түсті, мемлекет үлкен дағдарыс кезеңінде болған еді. Оның ең басты нәтижесі – ауыл шаруашылығының күрт төмендеуі болып табылды. «Секіріс» кезеңінде мемлекеттің жағдайы он жыл сайын 10%-ға төмендеп отырды, бұл өз кезегінде елдегі аштыққа негіз болып, оның нәтижесінде 10 млн. адам қаза тапты. Жалақы көлемі қалаларда 10%-ға төмендеді. Жалпы, «үлкен секіріс» саясаты Қытайға 70 млн. долларға шығындалды, бұл елдегі ЖІӨ-нің 1\3 бөлігін қамтыды. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін бөлек шаруашылық аймақтарда берілген тапсырмаларды орындауға қорықпай істеп, жеке еңбекті құрметтеуді ұсынған болатын. Бұл мәселені факт негізінде қарастыратын болсақ, бұл коммунизация саясатынан алшақтанып, ауылдарды ұжымдастырудың маңыздылығын атап кетіп, өте ауыр жағдайдағы аудандарды ұжымдастыру реформаларының негізінде жүргізілген еді. «Мәдени революциясы» кезінде Қытайдың өмір сүру жағдайы күрт төмендеп, өте нашар болған еді. «Үлкен секіріс» кезінде Қытай дамыған мемлекеттердің
қатарына қосыла алмай, олардың арасындағы қашықтық ұлғайды. Үлкен дағдарысқа ұшыраған – ол білім беру жүйесі болған еді. Бұның нәтижесінде мектептер, университеттер жабылды. Жалпы алғанда, Қытай «үлкен секіріс» саясатының нәтижесінде ҚКП-ның басшыларының коммунизмге өтетініне үмітін үзген болған және маоистік социализмнің өмірге қажетсіз екенін түсінді. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу кезіндегі жеткен үлкен жетістіктер, олар яғни ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, қалаларда сауда қатынастарын орнату, осының негізінде экономикада жекеменшік секторларының орнатылуы жаңа қоғамдағы Қытайдың негізін өзгертті. Бұл енгізілген өзгешеліктер елдің тоталитарлық жүйеден шығып, елде еркін экономиканың дамуына жол ашқан болатын. Бұл жағдай саяси жүйе мен қоғам арасындағы қайшылықтары тудырды. ҚКП әлі де мемлекеттің «басқарушы және бағыттаушы күш» және мемлекеттегі бірден-бір саяси партиясы болып қала берді. Барлық саяси құрылым сол қалпында саяси механизмнің негізі – партия комитетінің құрамында болды. Басқаша айтқанда, экономикалық және саяси реформалар арасында қашықтық білініп, бұл елде демократиялық қозғалыстардың дамуына негіз болды.