
- •2. Қытайға Цин патшалғы билігінің орнауының тарихи алғы шартына талдау жаса.
- •6. Қхр реформасының ерекшеліктерін салыстырып көрсет.
- •9. Бірінші реткі Апиын соғысынын себеп салдарына талдау жаса
- •13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
- •19. Қкп «Бір мемлекет екі жүйе» саясаты кімдерге бағытталған!
- •22. Қытай Ұлттық революциясының (1926-1927) нәтижесін нақты мысалдармен пайымда.
- •24 . Қытайда ұлттық дағдарыстың тереңдеуінің басты көріністерін көрсет (хіх ғ. Екінші жартысы).
- •37. Хань патшалығын территориялық дамуына дәлелде.
- •39. Цин патшалығының саяси сипатына талдау жаса.
- •41. Қытайдың Гангокг пен Макаоны қайтарып алуының маңызын пайымда.
- •46.Қытай-Үндістан қақтынастары шиленісу себептеріне талдау жаса (1962).
- •47. Қытайдың аз санды ұлттарға қолданған автономия саясатының негіздерін көрсет
- •50.Цин империясының экономиканы қалыпына келтіру саясатына тарихи баға бер.
- •60. Қазіргі қхр-дың әлемдік аренадағы орны мен ықпалына талдау жаса.
41. Қытайдың Гангокг пен Макаоны қайтарып алуының маңызын пайымда.
Гонконг арнайы әкімшілік ауданы, қысқаша, Гонконг — Қытай Халық Республикасының арнайы әкімшілік ауданы, Азия мен әлемнің көшбасшы қаржылық орталықтарының бірі. 1997 жылы 1 маусымда шамамен жарты ғасырдай уақыт бойы Британ колониялық басқаруында болған Гонконг «Бір ел — екі жүйе» принципі бойынша Қытай құрамына арнайы әкімшілік аудан ретінде енді. Гонконг қауіпсіздік пен сыртқы саясаттан басқа сұрақтар жөнінде өзінің автономиялық тәуелсіздігін сақтап қалды. Бұл тарауда Гонконгтың тарихы мен қазіргі орнаған саяси ахуалы және экономикасына шолу жасамақпын.
1842 жылы Гонконгты Ұлыбритания жаулап алған еді. Тек 1997 жылы ғана ол оның боданынан босай алды. Сол жылы ҚХР Гонконг аумағына егемендік берді. Қытай-британ біріккен декларациясына және Гонконгтың Негізгі заңына сәйкес, аумаққа кем дегенде 2047 жылға дейін, яғни, егемендік алғаннан соң 50 жылға дейін кең автономиялық құқық берілген. Осы уақыт ішінде «Бір ел — екі жүйе» бағыты аясында ҚХР Орталық халықтық үкіметі аумақтың қорғанысы және сыртқы саясатымен айналысатын болса, аумақ заңнамаларын, полиция күштерін, ақша жүйесін т.с.с. бақылауды, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен іс-шараларда өкілдік ету құқығын Гонконг өз еншісіне қалдырып отыр.
Макао мәселесі бойынша 1979 жылы ақпан айында ҚХР және Португалия дипломатиялық қатынастар орнатты, және Қытай Макаоны «португалдық басқарудағы Қытай» деп мойындады. 1980 жылы португвлдық губернатор Мелу Эжидиу (1979-1981) Қытайға бірінші рет барып, екі тарапта Макао мәселесін тату шешуге келісті. 1986 жылы 20 мамырда Қытай және Португалия арасындағы Макаоға байланысты бірлескен коммюнике қабылданды. 1986 жылдың маусымында және 1987 жылдың наурыз айында келіссөздің төртінші бөлімі өтті. Сонымен қатар осы бөлімнен кейін 1987 жылы 13 сәуірде Пекинде Макаоға байланысты декларация қабылданды. Бұл декларация Макаоны ҚХР-дың арнайы әкімшілік аймағы ретінде, 1999 жылдың 20 желтоқсанына дейін 50 жыл көлемінде беру туралы мәселелерді қарастырды. 1993 жылдың наурыз айында ҚХР-дың Ұлттық халықтық конгрессінде екі тараптардың келісуі бойынша заңдары қабылданды.
43. . Қытайда монархизмның жойылуының тарихи маңызын ашып көрсет (1911).
Қытайдағы монархизмның жойылуының тарихи маңызын ашып көрсет
1911 жылы мамыр айында Маньчжур үкіметіне қарсы Хугуан теміржол компаниясында көтерілістер басталды. 1911 жылы тамыз айында У- шай қаласында революция басталды, бастаушысы Тон Мэн Хуо болған. Революция Қытайдың барлық аумағына ұласты. Қарашада 17 провинцияның 14 провинциясы Цинь империясынан бөлініп шықты. Цинь империясы Юан Шикайды генерал етіп жіберді. Оған берілген міндет революцияның отын өшіру еді. Ол революциянерлермен келіссөздер жүргізді. 1911 жылы желтоқсанда Цинь империясы биліктен құлатылды. Сонымен революция тоқтатылды. Сол кезде келіссөздің төрт алғышарты болды.
- Цинь империясы биліктен кету керек;
- Республиканың саяси жүйесін орнату;
- Император әулетіне құрметпен қарау;
- Маньчжурлерге гуманистік көзқараспен мәміле жасау.
1911 жылы Нанкин қаласында барлық провинция өкілдері жиналды. Юан Шикай және Сунь Ят Сень кандидат болды. Сунь Ят Сень 16 дауыспен Қытай Республикасы Уақытша Үкіметінің Президенті болып сайланды. 1912 жылы Қытай Уақытша Республикасы Жун Хуа Мин Го құрылды. Қытайдың саяси бағдарламасын Сунь Ят Сень жариялады.
- Ұлтты біртұтастандыру;
- Территорияны біртұтастандыру;
- Әскери саясатты біртұтастандыру;
- Ішкі басқаруд біртұтастандыру;
- Қазынаны біртұтастандыру;
Сунь Ят Сень Уақытша Үкіметті 3 ай басқарды. Бірақ кейіннен император әскерінің қолбасшысы Юань Шикайға президент лауазымын беруге мәжбүр болды. 1912 жылы Гоминьдан партиясының негізі қаланады. 1913 жылы екінші революцияны бастап, бірақ, өкінішке орай, жеңіліске ұшырайды.