
- •2. Қытайға Цин патшалғы билігінің орнауының тарихи алғы шартына талдау жаса.
- •6. Қхр реформасының ерекшеліктерін салыстырып көрсет.
- •9. Бірінші реткі Апиын соғысынын себеп салдарына талдау жаса
- •13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
- •19. Қкп «Бір мемлекет екі жүйе» саясаты кімдерге бағытталған!
- •22. Қытай Ұлттық революциясының (1926-1927) нәтижесін нақты мысалдармен пайымда.
- •24 . Қытайда ұлттық дағдарыстың тереңдеуінің басты көріністерін көрсет (хіх ғ. Екінші жартысы).
- •37. Хань патшалығын территориялық дамуына дәлелде.
- •39. Цин патшалығының саяси сипатына талдау жаса.
- •41. Қытайдың Гангокг пен Макаоны қайтарып алуының маңызын пайымда.
- •46.Қытай-Үндістан қақтынастары шиленісу себептеріне талдау жаса (1962).
- •47. Қытайдың аз санды ұлттарға қолданған автономия саясатының негіздерін көрсет
- •50.Цин империясының экономиканы қалыпына келтіру саясатына тарихи баға бер.
- •60. Қазіргі қхр-дың әлемдік аренадағы орны мен ықпалына талдау жаса.
37. Хань патшалығын территориялық дамуына дәлелде.
Хань әулеті — Қытайды біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 220 жылына дейін билеген императорлық әулет.Батыс немесе Ерте (Үлкен) Хань (біздің заманымыздан бұрынғы 206 — біздің заманымыздың 25 жылы) және Шығыс немесе Кейінгі (Кіші) Хань (біздің заманымыздың 25 — 220 жылы) болып бөлінеді. Хань мемлекеті құрылған кезден бастап өзінің қарулы күзеті бар “күшті үйлердің” жер иеліктері пайда болды. Хань мемлекетінде ірі сауда орталықтары Лоян, Чэнди, Ханьдань, Линьцзы күшейіп, тауар-ақша қатынастары, сыртқы және ішкі сауда дамыды. Қытай тарихнамасында Ван Ман билеген уақыт (біздің заманымыздың 9 — 23 жылы) пен одан кейінгі Лю Сюань билік еткен екі жыл ерекше кезең болып көрсетіледі және бұл жағдайда Батыс Хань әулеті біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 8 ғасырына дейін биледі деп есептеледі. Әулеттің негізін салушы — Лю Бан елді біріктіріп, орталықтанған күшті империя құрды. Алайда оның туыстары мен жақтастарына көлемді жер иеліктерін бөліп беру саясаты елдің жікке бөлінуіне алғышарт жасады. Өз әскері, қаржысы мен әкімшілігі болған дербес иеліктер орталыққа қарсы тұрған патшалықтарға айналды. Орталық өкімет император Цзин-Ди (біздің заманымыздан бұрынғы 156 — 141 жылы), әсіресе, У-ди (біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) патшалық еткен кезде нығая түсті.
Хань әулетінің ресми идеологиясы конфуцийшілдік болды. Хань әулеті солтүстік пен солттүстік-батыста ғұндарға, батыста цян тайпаларына, Шығыс пен солтүстік-шығыста Кореяға, оңтүстік пен оңтүстік-батыста ухуаньдар мен сяньбилерге қарсы жаулап алушылық соғыстар жүргізіп, империя шекараларын елеулі ұлғайтты. Хань әулеті кезінде Орталық Азия мемлекеттерімен және Үндістанмен сауда және мәдени байланыстар орнатылды. ресми идеология болып танылып, монархиялық биліктің тірегіне айналды. Хань билеушілері көршілес халықтарға қарсы ұзаққа созылған басқыншылық соғыстар жүргізді. Жоңғария мен Шығыс Түркістан арқылы батысқа қарай Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне дейін жететін “Ұлы Жібек жолы” ашылды. Вьет мемлекеті — Намвьет — Аулак (қазіргі Гуандунь провинциясы, Гуан-си-Чжань автономия ауданы мен Үндіқытай түбегінің солтүстік), қазіргі Чжэцзян мен Фуцзянь провинцияларының оңтүстік бөлігі, Корей мемлекеті — Чосон (Чаосянь) жаулап алынды. Дегенмен, ұзаққа созылған соғыстар және ішкі тақ тартыстары салдарынан Хань мемлекетінде халықтың тұрмысы нашарлап, әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті.
Батыс Хань шаруалардың “Қызыл қастылар” және “Жасыл орман тұрғындары” (117 — 27 жылы) көтерілістерінің нәтижесінде құлады. Шығыс Хань шаруалардың ірі “Сары орамалдылар” көтерілісі (184 — 204) мен әскери ақсүйек топтардың күресінің барысында құлады.
39. Цин патшалығының саяси сипатына талдау жаса.
Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» талдау жасап кетсем (1901ж).Ихэтуандар көтерілісі басылғаннан кейін қытайлық державаның жартылай отарлық мәртебесі нығайды. Батыс державалар елдің ішкі істеріне араласа бастады. Англия Қыт/ң оңт/не сонд/ақ Янцзы орта ағысының провинцияларына енді. Жапония Янцзы төменгі ағысындағы провинцияларды, Франция оңт пров/р/ға, Германия Шаньдуньді бақылауға алады. Ал Ресей Маньчжурияда өз бақылауын орнатады.
Қираған жағдайды қалпына келтіру мақс/да 1900ж тамызда реформаны жүргізу тур императорлық бұйрық жаңартылады. 1901ж қаңт Сианда «жаңа саясат» атты реформасы жарияланған эдикт баспаға шығарылады. Реформаны бақылайтын тез арада үкіметтік комитет құрылады.
Негізгі мәні: 1) XIX ғ 60-90ж/ғы жүргізілген реформамен салыстырғанда радикалды қайта жаңару үрдісін жүргізу; 2) Үкіметтің сауда кәсіпкерлік буынға қатынасын өзгерту. Жаңа саясат әрт салада жүргізілді.
Экономикада. 1903ж Сарай бұйрығымен сауда министрлігі құрылады. Таурудалық істер ретке келтіріледі, бұрынғы кейбір аудандардағы табиғи ресурстарды пайдалануға салынған тыйым жойылады. Провинциялық орталықтарда, кейбір едәуір дамыған қалаларда сауда өнеркәсіптік палаталар, әрт акционерлік қоғам ж/е сауда одақтар құруға рұқсат берді.
Саяси өзгерістер: Мем/к құрылым реформалары үлкен мәнге ие б/ы. Олар мем/к басқару формасын батыстық үлгіге жақындауына тырысты. Әрт елдерге байланысты істермен айналысқан архаикалық Басқарудың орнына СІМ құрылады. Сонд ақ ІІМ құрылады.
Әскери істе: Әскери реформаларға үлкен мән берілді. Офицерлік корпус жүйесі жойылады, атағанда ауырлықты көтеру мен садақтан ату емтиханы жойылады. Оның орнына әскери жоғары оқу орындарының жаңа үлгілері қалыптасады.
«Жаңа саясаттың ортақ қорытындысы – кәсіпкерлік, айм/қ элитаның ұстанымдары нығайды. Олардың ең басты мақсаты – орталықты әлсірету, яғни олардың «Жоғарғы бірлік» пен мем/ң тәуелсіздігіне қатысты міндеттерін орындауға қабілетсіз етіп, билікті өзінің тиімді етіп бөліп алу.