Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarix eg.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
99.28 Кб
Скачать

22. Қытай Ұлттық революциясының (1926-1927) нәтижесін нақты мысалдармен пайымда.

1926-1927 жылдар аралығында Гоминьдан ұлттық-революциялық армиясы Чан Кайши басшылығымен коммунистермен бірге елді әскери жолмен біріктіру мақсатында солтүстікке жорық жасады. Жорыққы қатысқан әскерлердің саны 100 000 нан 250 000 ға дейін адам болды. Гуандун базасынан солтүстікке жорық жасаумен Гоминьдан билігі арқылы әскери күш қолданып Қытайдыбіріктіру идеясы Сун Ят Сенге тиісті болды. Солтүстік жорық 1926 жылы 9 шілдеде басталып, 1927 жылы 12 сәуірде аяқталды. Бұл кезеңде революциялық күштер маңызды жетістіктерге жетті. Ұлттық революциялық армияның солтүстіктегі жетістіктері мен антиимпериалистік және антимилитаристік қозғалыстардың өршуі Оңтүстік пен Орталық Қытайдың милитаристік биліктен арылуына себеп болды.1926 жылы Ұлттық үкімет Гуанчжоудан Уханьға ауысты. Қытай революциясының маңызды факторы Кеңес Үкіметінің моральдық және материалдық көмегі болды. Коммунистер басшылығымен 1927 жылы Шанхайда жұмысшылар қаланы босатып кейіннен Ұлттық армияға кірді. Революция одан әрі жалғасу кезеңі 1927 жылы 12 сәуір мен 15 маусым аралығында Хубэй, Хунань, Цзянси провинцияларында Ухань үкіметінің ұлттық-революциялық билігі сақталды. Уханьдық революциялық армия солтүстік милмтаристерге қарсы билігін жалғастырды. 1927 жылы 1 қаңтарда Ухань Қытайдың астанасы және Ұлттық үкіметтің резиденциясы деп танылды. Чан Кайши Наньчанда қалды.

1927 жыл 15 маусымда конттрреволюциялық төнкеріс болды. 1925-1927 жылдар болған революция жеңіліске ұшырады. Бірақ Қытай революциядан алдынғы жағдайға қайта оралмады. Революция Қытай халқына манызды тәжрибе болды. Ол Қытайда соғыс жүргізіп жеңіске жетуде осы соғысты басқарушы жұмысшы тобымен оның партиясы маңызды рөл атқаруын көрсетті.

12 сәуір күні солтүстік жорық аяқталған соң Чан Кайши бұйрығымен Шанхайда антикоммунистік акция жүрді. Антикоммунистік акция елдің басқа қалаларында да жүріп жатты. 1927 жылы 18 сәуірде Чан Кайши Нанкинде үкімет құрды.

Солтүстік жорық Гоминьданның жеңісімен аяқталып 1927 жылы Қытайды Гоминьдан билігі негізінде Нанкин үкіметі құрылды. Оның билігі төрт Цзянсу, Чжэцзян, Фуцзянь, Аньхой провинцияларында жүрді. Ол 10 жыл өмір сүріп Нанкиндік 10 жыл деген атпен Қытай тарихында қалды.

24 . Қытайда ұлттық дағдарыстың тереңдеуінің басты көріністерін көрсет (хіх ғ. Екінші жартысы).

“Апиын” соғыстары – Батыс Еуропа елдерінің Қытайға қарсы жүргізген соғыстары. Бірінші “апиын” соғысы 1840 – 42 жылдары болды. Соғысты Англия бастап, Қытайды тәуелді елге айналдыру мақсатын көздеді. 1840 жылы маусым айында басталған соғыстың сылтауы ағылшын отаршыларының контрабандалық жолмен сауда жүргізіп тұрған апиындарын 1839 жылы Қытайдың үкімет комиссары Линь Цзэ-сюйдің жоюы болды. Ағылшын және Қытай әскери кемелерінің арасындағы қарулы қақтығыстар 1839 жылдың соңында-ақ басталып кеткен еді. 1842 жылы ағылшындар Сянган (Гонконг) аралын, Динхай, Нинбо, Сямынь, Шанхай, Чжэньцзян қалаларын басып алды және 1842 жылы тамызда Нанкинге таяп келді. Қытай халқы басқыншыларға қатты қарсылық көрсетті (Гуандуньдегі шаруалар қозғалысы). Алайда Цинь үкіметі елді қорғауды ұйымдастыруда қабілетсіздік танытып, халықтың қолдауын пайдалана алмады. 1842 жылы 29 тамызда Нанкин бітіміне қол қойылды. Екінші “апиын” соғысына (1856 – 60 жылдары) Англиямен бірге Франция да қатысты. Қытайдағы азамат соғысын (Тайпиндер көтерілісі) пайдаланып, Англия 1856 жылы Гуанчжоу ауданында әскери қимылдарын бастады. 1857 жылдың басында оған Франция қосылды. 1858 жылы әскери қимылдар астаналық Ужили провинциясының аумағына ауысты. 1858 жылы мамырда ағылшын-француз армиясы Дагу портын басып алып, Тянь-цзинь мен Пекинге қауіп төндірді. Қытай үкіметі Англия және Франциямен кіріптарлық шарт жасасуға мәжбүр болды. Бір жылдан кейін Қытайдан жаңа жеңілдіктер алу мақсатымен Англия мен Франция соғыс қимылдарын қайта бастады. 1860 жылы тамызда ағылшын-француз әскерлері Тяньцзиньді, қазанда Пекинді басып алды. Қытай үкіметіне жаңа кіріптарлық шарттар таңылды “Апиын” соғыстары Қытайдың жартылай отарға айналуындағы маңызды кезең болды. 1894 — 1895 жылы жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пенхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғасырдың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 — 1905 жылы орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 жылы Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 — 1918) еуропа мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шандунг провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 — 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 — 1925 жылы АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. “Жас офицерлер” ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылы күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу — Го) құрылып, 1933 — 1936 жылы Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен “Антикоминтерндік пактіге” қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 жылы мамыр — тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар “оңтүстік” бағытта, яғни еуропа мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстік басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 жылы 6 — 9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 жылы 3 мамырда жаңа Конституция қабылданды. 1946 — 1949 жылы аграрлық реформа жүргізіліп, мемл. аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына (1950 — 1953) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты.

28. ҚХР экономикалық реформасының ерекшеліктерін пайыда.

ҚХР құрылғаннан соң, алғашқы үш жылда ол бар күшін азаматтық соғыс салдарын жоюға салды. Сондай-ақ ҚХР экономикасын қалпына келтіру Екінші Дүниежүзілік соғыстың салдарынан құлдыраған экономиканы ретке келтіруден басталды. 1937 жылмен салыстырғанда 1949 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі 20-25%-дан аса төмендеді, өнеркәсіп өндірісі 50-56%-ға азайды, ал жеңіл өнеркәсіп 30%-ға кеміді. Халықтың 90 %-ы ауылда тұрды, ал ауыр шаруашылығының даму деңгейі өте төмен болды. 1949 жылы жанбасына шаққандағы табыс 54 долларды немесе 66 юаньді құрады. Халық саны 541,7 млн. адамды құрады. Әуелбастан Қытайдың жаңа басшылығы кеңестік экономикалық модельді қолға алды. Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде 1949-1952 жылдары ауыл шаруашылығы жылына 14,1%-ға, өнеркәсіп 40,7%-ға жетті. Бұл көрсеткіштер 1937 жылғы деңгейге қайта келуін көрсетеді. 1952 жылы Қытайдың ЖІӨ-і 67,9 млрд. юаньді құрады немесе жан басына шаққанда 119 юаньді құрады[1]. Дегенмен Қытай экономикасының бұл көрсеткіштері әлемдік деңгеймен салыстырғанда өте аз болды. Бірінші бес жылдық жоспар кезінде (1953-1957) ауыр өнеркәсіпке көбірек көңіл бөлінді (оның өндірісі 75 %-ға өсті) Алғашқы бесжылдықтың негізгі міндеттері келесілер болды:

1.КСРО көмегімен 156 ірі нысандардың құрылысына бар күшті салу. Сондай-ақ социалистік индустриялизацияның негізі болып табылатын 694 ірі және орта кәсіпорындарды құру

2.Ауыл шаруашылық және қолөнер кооперативтерінің құрылуын жылдамдату.

3.Ұлттық капиталистік өнеркәсіпті мемлекеттік капитализм жолына қою.

Қытай Халық Республикасына 1978 жылғы ҚКП Орталық комитетінің он бірінші кезекті, үшінші пленумы үлкен өзгерістер алып келді. Осы пленумнан кейін Дэн Сяопиннің басшылығымен біртіндеп халықтың мүддесін қорғайтын экономикалық реформалар жүргізіле бастады. Бұл реформаларды негізгі бес кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1-кезең 1978-1986 жылдар аралығы;

2-кезең 1987-1991 жылдар аралығы;

3-кезең 1992-1997 жылдар аралығы;

4-кезең 1998-2002 жылдар аралығы;

5-кезең 2002 жылдан бастап қазірге дейін;

Экономикалық реформа бағыттары мен ерекшеліктері:

Аграрлық реформа. Қытай ауылдарындағы шаруашылық жүйесінің реформасы ең бірінші жарияланып, басқа сектор реформаларынан ерте басталып, ерте аяқталған болатын. Сондай-ақ бұл реформа ҚХР-ң басқа да әлеуметтік-экономикалық салаларындағы реформаға бағыт бағдар берген. Аграрлық жүйедегі реформа ұғымын экономистер социалистік өндірістің даму қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілетін халық шаруашылығының негізгі түрлерін қайта құру деп түсіндіреді. Шаруашылық жүйедегі реформаны қарастырғанда Қытай ғалымдары шетелдің тәжірибесін пайдалануға тырысты. Нәтижесінде Қытайдағы аграрлық реформа шетел үлгілерінің пайдалы және пайдасыз жақтарын ескере отырып, Қытай ерекшеліктерімен жаңа шаруашылық үлгісін жасады. ҚХР-дағы аграрлық реформаның теориялық негізі социалистік ел экономикасының қоғамдық жеке меншікке негізделген жоспарлы тауар шаруашылығы болып табылады, ал мақсаты біртіндеп тауар шаруашылығы негізінде ауылдық жүйеге көшіп экономиканың барлық салаларын қамтамасыз ету. Халық коммунасының аграрлық реформасы сәтті жүргізілді. 1985-жылдың көктемінде, ауыл-қыстақтардағы халық коммунасының күші әлсіреп, ауылдық үкімет құру қызметі толығымен аяқталды. Мұнда ең әуелі реформа ауыл шаруашылығының тез қарқынмен дамуын және ауыл шаруашылығы өнімдерімен жақсартуын қамтамасыз етті. Қатысты мамандардың өндіріс санды мәліметі бойынша жасаған баяндамасына қарағанда, 1978-жылдан 1984-жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім құнын өзгермеген баға бойынша есептегенде 42,23% артқан, мұның 46,89%-ы отбасылық мердігерлік өнімділігінен болған, ал химиялық тыңайтқыштың өнімділігі 32,5 пайыз еді. 1978-жылдан 1984-жылға дейін астықтың жылдық өнімі 300 миллион тоннадан 400 миллион тоннаға артқан; Мақта 2 миллион 170 мың тоннадан 6 миллион 260 мың тоннаға, майлы дақыл 5 миллион 220 мың тоннадан 11 миллион 910 мың тоннаға жеткен. Мұнан қалса аграрлық реформасы диқандар кірісінің 15,1% пайызы құрады, диқандар кірісінің ең аз артқан мезгілі болды. Ауыл шаруашылық айналым түзіліс реформасы ең алдымен жоғары дәрежеде жүргізілді.

Қытай елінің ауыл шаруашылық реформасы жалпы тұлғалық жақтан мынадай екі түрге бөлінеді.

1.Отбасылық мердігерлік арқылы жанұялардың жағдайын жақсартып, халық коммунасын әлсірету. Сондай-ақ диқандармен коллективтік қатынасын дамыту.

2.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналым формасына реформа жасап, ауылда тауар шаруашылығын бар күшімен дамыту, сол арқылы жоспарлы шаруашылық формасынан нарық шаруашылығы формасына қарай біртіндеп өтуді жүзеге асыру.

Көптеген Қытай ғалымдары 1976 жыл мен 1985 жыл арасында ҚХР-да болған қаржы реформасын 3 кезеңге бөледі.Бастапқы 3 жыл Қытай қаржы жүйесін реформалаудың эксперименталды-дайындық кезеңі болып табылады. Бұл периодта тәжірибеде түрлі қаржы қатынастар формасы сыналды. Негізгі формалар:

А) Орталықтанған қалалар, провинциялар мен автономды аудандарда бірінші қаржы қатынасы жүйесінің формуласы келесі болды: «Табыс пен шығыстың тұрақты арақатынасы, оның жалпы сомасына бөлу». Яғни шаруашылық пайда түскен кезде оның бір бөлігі ауданда, шығыны көп жерлерде қалады, ал шығындардың тағы бір бөлігі мемлекеттік бюджеттен жабылады.

Б)Екінші форма – «табыс өсімін бөлу, табысты шығыстармен байланыстыру» - оң немесе теріс балансқа көңіл бөлінбеді. Алдыңғы жылға қарап, табыс өсімін салыстырды, содан соң табыс шығыстарға қарай орталық бюджет есебінен немесе пайдасына үлестірілді. Бұл жағдайда аймақтық ынталандыру алдыңғы формамен салыстырғанда төмен болды.

В) Үшінші форма ерекше болды. Бұл форма эксперимент ретінде 1977 жылы Цзянсу провинциясында қолданылды. Ол бюджетке тұрақты аударымдарға негізделді. Бұл аударымдар аймақтардың тарихи қалыптасқан табысы мен шығысының үлесі бойынша анықталды. Бұл жүйенің толық атауы – «табысты шығыстармен байланыстыру, жалпы соманы бөлу, бірнеше жыл қолданылатын нормативті коэффициент». Бұл форма кейіннен мемлекеттің шаруашылық және мәдени жағынан оқшауланған елдің таулы аймақтарымен өзара есеп айырысуда қолданыс тапты. Қытай Халық Республикасының соңғы жылдардағы айтарлықтай үлкен жетістіктері ел ерекшеліктеріне сай жүргізілген экономикалық реформалардың нәтижесі екендігі белгілі болды. Реформа кезінде оның ең алдымен ауыл шаруашылықтан басталуының өзі саясаттың дұрыс таңдалғандығын көрсетеді. Оған себеп ауыл шаруашылығының дамуы басқа да салалардың дамуына түрткі болуы. Себебі ауыл шаруашылық саласы басқа салаларға шикізат жеткізіп тұратын басты сала болған.

31. Хань патшалығының ғұндармен құдандалы саяси құдандалық саясатынына талдау жасаy

Хань империясы — Қытайдағы Хань әулеті құрған мемлекет (біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы — біздің заманымыздың 220 жылы) Хань мемлекетіқұрылған кезден бастап өзінің қарулы күзеті бар “күшті үйлердің” жер иеліктері пайда болды.

Хань мемлекетінде ірі сауда орт-тары (ЛоянЧэндиХаньданьЛиньцзы) күшейіп, тауар-ақша қатынастары, сыртқы және ішкі сауда дамыды. У-ди патшалық еткен кезде (біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) қалпына келтірілген және өзгеріске ұшыраған конфуцийшілдік ілім үстем ресми идеология болып танылып, монархиялық биліктің тірегіне айналды. Хань билеушілері көршілес халықтарға қарсы ұзаққа созылған басқыншылық соғыстар жүргізді. Жоңғария менШығыс Түркістан арқылы батысқа қарай Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне дейін жететін “Ұлы Жібек жолы” ашылды. Вьетмемлекеті — Намвьет — Аулак (қазіргі Гуандунь провинциясы, Гуан-си-Чжань автономия ауданы мен Үндіқытай түбегінің солтүстік), қазіргі Чжэцзян мен Фуцзянь провинцияларының оңтүстік бөлігі, Корей мемлекеті — Чосон (Чаосянь) жаулап алынды. Дегенмен, ұзаққа созылған соғыстар және ішкі тақ тартыстары салдарынан Хань мемлекетінде халықтың тұрмысы нашарлап, әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті.

184 — 204 жылы болып өткен шаруалардың қуатты “Сары орамалдылар” көтерілісінен кейін Шығыс Хань әулетінің билігі құлдырап кетті. Көтерілісші шаруалармен күрес барысында әскерді басқарған жергілікті билеушілер орталық үкіметтен іс жүзінде тәуелсіздікке қол жеткізді. Олар 220 жылы Шығыс Хань империясын жойып, оның орнына Саньго мемлекетін (220 — 280 жылы) құрды.

Хань мемлекетінің батыстағы негізгі жауы ғұндар болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 — 1 ғасырларда ғұндардың қауіпті болғаны сонша Хань мемлекетінің олардан қорғану үшін Қытайқорғанын салуға мәжбүр болды. Көшпелілермен соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінген Хань билеушілері ғұндарды бір-біріне айдап салуға тырысты. Көп ұзамай бұл саясат өз жемісін беріп, көшпелілер өзара соғысты. Ғұн мемлекеті ыдырап, бір бөлігі батысқа ауып кетті де, қалғандары Хань мемлекетініңне бағынды.

Хан әулеті (206 ЗБ220) тұсында, қытайлар мен ғұндар арасында үнемі соғыс болып тұрады да, Хан патшалығы «Ұлы Қорғанды» батысқа қарай соза түсіп, жалпы ұзындығын мөлшермен 10 мың км жеткізеді. Бұл ханзулар тарихындағы ең ұзын қорған есептелінеді. Хан патшалығының бұлай істеуі, жаңа ашылған «Жібек Жолын» қорғау үшін де еді.

32. Тан патшалығның қоғамдық дамуы кезеңдері.

Цзю Тан Шу — қытай тіліндегі жылнамалық тарихи еңбек. Қытай тілінен аударғанда “Тан патшалығының көне тарихы” дегенді білдіреді. (“Тань” — Тан патшалығы, “Цзю” — көне, ескі, “шу” — жазу, кітап). Кейіннен Оу Янь Сю мен Сунь Ци сияқты тарихшылар “Цзю Тан Шудың” жалғасын жазып, оны “Синь Тан Шу” (“Жаңа Таңнама”) деп атады. “Цзю Тан Шуды” 941 — 45 ж. патша сарайындағы тарихшылар жазған. Шығарманың жарық көруіне патша уәзірі Лю Ци жауапты болғандықтан автор болып есептелген. Қолжазба нұсқасы 200 бумадан тұрады. Онда Тан патшалығының құрылған уақытынан бастап, 841 жылға дейінгі 230 жылдық тарихы баяндалған. Негізгі мәліметтер патша сарайындағы құжаттар мен “Патшалық тарихы” еңбегінен алынған. “Цзю Тан Шу” 3 бөлімнен тұрады:

1)“Бинь чжи” — патшалар мен олардың әулеттерінің ғұмырнамаларына;

2)“Чже” — сол кездегі патшалықтағы әлеум. оқиғалар мен табиғи құбылыстарға;

3)“Ле Чжуань” — патшалықтағы атақты адамдар мен жат елдердің тарихы мен қоғамдық жағдайлары, олардың Тан патшалығымен қа-рым-қатынастарына арналған. 3-бөлім көлемі жағынан ең үлкені болып табылады (150 бума). Ерте орта ғасырлардағы Қытайды түгелдей біріктірген мемлекет Суй 354345әулеті болды. 581 жылы әскербасы Ян Цзянь (Вэнди) түгел Қытайды біріктіріп, жаңа негізін қалады. Вэнди билікке келісімен мемлекетті орталықтандыруға бағытталған реформа бастады. Реформа бойынша: өлшем бірліктері енгізілді, жаңа стандартты тиындар енгізілді, салық жүйеге келтірілді, төтенше алымдар жойылды. Жер реформасы жүргізіліп, шаруаларға үлестік жер берілді, егін салығы ретке келтірілді, шаруалар кәсіпшілік салығы мен еңбек міндеткерлігін өтейтін болды. Түрғындардың санағы жүргізіліп, алым төлейтін шаруалар есебі белгіленді. 605 жылы таққа Вэндидің баласы Янди отырды. Янди тұсында құрылыс жұмыстарына басы назар аударылды. Хуанхе мен Янцзы өзендерін жалғастырып тұрған Ұлы канал салынды. Ұлы Қытай қорғаны қалпына келтірілді. Сыртқы саясатында Ян-ди Түрік Қағанатымен, Вьетнаммен, Кореямен соғыс жүргізді. 614 жылғы ұзаққа созылған Кореяға жасалған сәтсіз шабуылдан соң елде көтерілістер басталды. Оған Яндиге наразы болып жүрген ақсұйектер қосылып, елде төңкеріс жасады. Янди астанадан қашып кеткенімен оны ұстап алып өлтірді де, оның әскербасыларының бірі Ли Юань жаңа Тан әулетінің билеушісі деп жарияланды.Тан империясы Қытайда 300 жылдай (618-907 ж.ж.) өмір сүрді. Астанасы Чанань (қазіргі Сиань). Бұл қалалардың бірі болып, VІІІ ғасырда түрғындарының саны 1 миллионға жетті. Бұл әулеттің ең күшті императоры Ли Юанның баласы Ли-Ши – Мин немесе Тайцзунь (626-649 ж.ж.) болды. Ли-Ши – Мин тұсында чиновниктер үшін арнайы атақтар енгізді. Емтихан тапсыру жүйесі қалпына келтірілді. Елді мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесінде өзгеріс жасады. Император жанында Мемлекеттік Кеңес болды. 6 Министрлік болды: Шендер, Салық, Қылмыстық сот, Қоғамдық жұмыстар, Әскери, Сән-салтанат. Ел 10 провинциға бөлінді. Провинциялар облыстарға, облыстар-округке, округ-уезге, уездер-болыстарға, болыс-ауылдарға бөлінді. VІІІ ғасырдың 20-30 жылдары Тан империясының 6 жеке кодекстен түратын заңдар жинағы жасалды. VІІ – VІІІ ғасыр Тан империясы Сиаммен, Үндістанмен, Вьетнаммен, Араб халықтарымен сыртқы сауданы дамытты.VІІІ Таң империясы дағдарысқа ұшырай бастады. Елде көтерілістер көбейді. 785 жыл әскербасы Ань Лу-шан 120 мыңдық әскермен императорға қарсы көтеріледі. 786 жыл екі астананы да Лоян мен Чаньанды басып алады. Тек бір жылдан кейін ғана император ұйғырлардың көмегімен көтерілісті басты. Шаруашылықтың өте қиын жағдайлары ІХ ғасыр басында жаңа көтерілістің басталуына себеп болды. 875-884 ж.ж император гвардиясының әскері, бұрынғы тұз саудагері Хуан Чао бастаған шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс Солтүстік Шаньдун және Хэбей провинцияларында басталды. Көтеріліс басталғанда көтерілісшілер саны 100 мың болса, 880 жылы 250-300 мыңға жетті. 879 ж Хуан Чао Оңтүстік Қытайға жорық жасап, Гуанчжоу портын бағындырды. 880 жылы Лоян мен Чананьды бағындырды да өзін император деп жариялады. 784 жылы бұрынғы император ұйғырлардың, тангуттардың т.б көшпенділердің көмегімен көтеріліс басылды. Көтерілісшілерді аяусыз қырып жойды. Көтерілістерден соң Тан империясы әлсіреген еді. Х ғасырда Солтүстікте Манчжурияны, Монголияның бір бөлігін, Қытайдың солтүстігін қамтыған Қидандар мемлекеті құрылды. Мемлекеттің аты Ляо деп аталды. Астанасы Яньцзин (қазіргі Пекин) болды. 907 жыл Тан имериясы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Қытайда бытыраңқылық орын алды. Х ғасырдың ортасында елде экономикалық өсу байқалады, нетижесінде 960 жыл Қытайдың Сун әулетінің төңірегіне бірігу басталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]