Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarix eg.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
99.28 Кб
Скачать

19. Қкп «Бір мемлекет екі жүйе» саясаты кімдерге бағытталған!

Бүгінгі ҚХР 1949 жылы 1 қазан күні құрылған. Кейбір құжаттар мен әдебиеттерде жаңа Қытай деп те аталады. Қазіргі Қытай социалистік саяси жүйені ұстанады. Бұл саяси жүйе – бір елдегі екі жүйені негізгі арқау етеді. Осындағы «бір ел – екі жүйе» дегеннің мағынасына тоқталар болсақ: «бір ел» дегеніміз ұлы құрлықтағы территория мен Тайвань,  Гонконг (Шияң гаң), Макао (Аумын) аралдарының бәрі бір ғана Қытай мемлекетінің құрамына кіреді дегенді ұғындырады, «екі жүйе» дегеніміз ұлы құрлықта социалистік жүйе, Тайвань,  Гонконг, Макао аралдарында капиталистік жүйе бойынша мемлекет саясаттары жүзеге асырылады дегенді білдіреді.

Бір ел – екі жүйе саясаты қытайша пиньинь деп аталады. Оны 1980 жылдар басында Дян Сяопин ұсынған. Дян Сяопин Гонконг Макао Тайваньды біріктірген біртұтас Қытай құру идеясын ұсынды. Атаоған үш елдің саяси жүйесі өзгермей қалған бүкіл Қытай территориясында социалистік жүйе қалыптастыруды көздеді. Тайванға қатысты өз саяси жүйесін, құқықтық, әскери, экономикалық және қаржылық жүйесін сақтап қалу принципін ұсынды.

Гонконг 1,5 ғасыр Ұлыбритания отары болып келген. Қытай оны тек 1997 жылы қайтарып алды. Ал Макаоны Португалиядан 1999 жылы қайтарған болатын. Бір мемлекет екі жүйе саясаты негізінде ҚКП Гонкогқа қатысты мынадай шешім қабылдаған болатын. Гонконг жүйесі 50 жыл өзгермейді. Орталық Пекин Гонкогта қорғаныс пен дипломатияны салықты басқарады. Қалған мәселелер бұрынғы капиталистік жолмен жалғасады. Гонконгтың қазіргі губернаторы сайлау арқылы тағайындалады. Гонконгта белгілі дәрежеде еркіндік бар. Қытайда ашылмаған кейбір саяси мәселелер Гонконг баспасөздерінде жариялана береді.

Тайвань – Шығыс Қытай теңізіндегі арал. 1949 жылы ҚКП-дан жеңілген Чан-Кайши өкіметі Тайвань аралына көшті. 1950 жылы өзара келісім арқылы аралға АҚШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. Қытай Тайвань аралын өзінің бір бөлшегі деп санайды әрі онымен «бір мемлекет, екі жүйе» принципі бойынша бірігуді ұсынып отыр. Ал Тайвань «бір ел, екі үкімет» принципі бойынша бірігуді қалайды. Жалпы Тайваньды әлемнің көпшілік елдері (соның ішінде Қазақстан) жеке мемлекет емес, Қытайдың бір бөлшегі деп есептейді. Әрі онымен дипломатиялық байланыстар жасамайды.

Қытай көп ұлтты, көп дінді мемлекет, халықтардың діни сенімдеріне еркіндік берілген. Сондай-ақ дін мен саясаттың ара қатынасы ажыратылған. ҚХР дағы діннің ең бастылары будда, дау, ислам, католик, христиан.

20. Қытайдағы «азаматтық соғыстың» (1946-1949) себебтеріне талдау жаса.

Екінші д/ж соғыстың соңында Қытай аумағы екі ірі саяси топтардың бақылаунда болды. Солтүстік – Шығыс Қытай аймағында коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бөлігінде Гоминьдан партиясының үстемдігі тұрақтанды. Солтүстік-Шығыс Қытайда КСРО әскері Жапония империалистерін талқандап, Квантун армиясы мен Маньчжоу-го армиясының қарулары мен оқ-дәрілерін коммунистерге бағынатын Қытай Қызыл аймақтары Қытай революциясының базасына айналды. Гоминьдандық режимінің дағдарысының басталуы Қытайдың бірінші жылдығындағы антижапондық соғыстың жеңілуінен себеп болды. Гоминьдандықтар қабылдаған соғыстан кейінгі бірінші жылдық әлеуметтік саяси ұйымның өзгеруі дағдарыстың одан әрі өрлеуіне әкелді. Гоминьдан үкіметі АҚШ және басқа капиталистік елдермен жақындасуды жөн көрді. Қытайды бейбіт жолмен біріктіру келіссөздері сәтсіз болды.Гоминьдан үкіметінің шыдамсыздығы 1946-49 жж азамат соғысына әкелді. 1946 ж дейін басымдық Гоминьдан үкіметі жағында болды. Қытай коммунистік партиясына қараған аудандарда аграрлы реформа жүзеге асырылып , шаруаларға жер берілді. Халық бұқарасы , көптеген саяси ұйымдар Чан Кайши үкіметінің ықпалынан шығып, коммунистер жағына бет бұрды. Сөйтіп 1947 жылы өнеркәсіптің санауы бойынша он жеті шетелдік елдерде ғана өнеркәсіп сақталды, оларда бір мың жұмыскерлер және капитал 0,5 пайызын көрсетті. Бүкіл капиталды елдердің ішінде Гоминьдандықтар тек қана жапондықтардың өнеркәсіптерін алды. Сөйтіп, Қытай ұлт-азаттық армиясы қарсы шабуылға шығып, 1949 ж Пекинді азат етті.1949 ж ұлт-азаттықармиясы Янцзы өзенінен өтіп, Гоминьдан армиясын талқандауды аяқтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]