
- •2. Қытайға Цин патшалғы билігінің орнауының тарихи алғы шартына талдау жаса.
- •6. Қхр реформасының ерекшеліктерін салыстырып көрсет.
- •9. Бірінші реткі Апиын соғысынын себеп салдарына талдау жаса
- •13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
- •19. Қкп «Бір мемлекет екі жүйе» саясаты кімдерге бағытталған!
- •22. Қытай Ұлттық революциясының (1926-1927) нәтижесін нақты мысалдармен пайымда.
- •24 . Қытайда ұлттық дағдарыстың тереңдеуінің басты көріністерін көрсет (хіх ғ. Екінші жартысы).
- •37. Хань патшалығын территориялық дамуына дәлелде.
- •39. Цин патшалығының саяси сипатына талдау жаса.
- •41. Қытайдың Гангокг пен Макаоны қайтарып алуының маңызын пайымда.
- •46.Қытай-Үндістан қақтынастары шиленісу себептеріне талдау жаса (1962).
- •47. Қытайдың аз санды ұлттарға қолданған автономия саясатының негіздерін көрсет
- •50.Цин империясының экономиканы қалыпына келтіру саясатына тарихи баға бер.
- •60. Қазіргі қхр-дың әлемдік аренадағы орны мен ықпалына талдау жаса.
13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
Синьхай революциясы (1911 — 13), Қытайдағы монархиялық билікке қарсы бағытталған. 19 ғасырдың аяғында Қытайдың шетелдіктерге жартылай отар ел болуы Синьхай революциясының шығуына себеп болды. Синьхай революциясын дайындауда Туньмэнхуэй революция ұйымының рөлі зор болды. Көтеріліс Қытайдың ай календары бойынша синьхай айында басталды. 1911 жылы 10 қазанда Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Учан қаласында әскери бөлімдер көтеріліс жасады. 11 қазанда Учанда республикалық басқару енгізіліп, Хубэй провинциясында әскери үкімет құрылды. Шет мемлекеттердің қарсылығын тудырмау мақсатында оларға Цин үкіметі кезінде қол жеткізілген “ерекше құқықтарын” сақтауға кепілдік берілді. 18 қазанда батыс державалары “бейтарап” саясат ұстанатындықтарын жариялады. Хубэйдің ізінше басқа провинцияларда да көтерілістер болып, қарашаның аяғында Оңтүстік, Орталық, Солтүстік Қытайдың 15 провинциясында Цин әулетінің үстемдігі құлатылды. Революция қозғалыс Қытайдың ұлттық аймақтары Сыртқы Моңғолия, Шыңжаң және Тибетті де қамтыды. Цин үкіметі Солтүстік армияның қолбасшысы Юань Шикайға оңтүстікке қарсы соғыс қимылдарын жүргізуді тапсырды. 1911 жылы 29 желтоқсанда провинциялар өкілдерінің жиналысы Сунь Ятсенді Қытай Республикасының уақытша президенті етіп сайлады. 1912 жылы 12 ақпанда Цин әулетінің соңғы императоры Пу И тақтан бас тартып, елді басқаруды Юань Шикайға берді. 14 ақпанда ол революцияшыл оңтүстікпен келісімге келіп, уақытша президент қызметін иеленді. Ятсен президенттіктен бас тартатындығын мәлімдеді. Жаңа үкіметтің құрамы Юань Шикай жақтастарынан белгіленді. Осыны пайдаланған ол өзінің жеке диктатур. тәртібін құруға тырысты. 1912 жылы тамызда жаңа саяси Гоминдан (Ұлттық партия) партиясы құрылды. Осы жылдың аяғында болған сайлауда Гоминдан парламентте көп орынға ие болғанымен олардың билікке араласуына Юань Шикай өкіметі мүмкіндік бермеді. Жаңа өкімет жер-жерде жазалау шараларын жүргізді. 1913 жылдың жазында Жапонияда жүрген Сунь Ятсен өзінің жақтастарын Юань Шикайға қарсы “екінші революция” жасауға шақырды. Бірақ оның бұл үндеуі кең қолдауға жете алмады. 1913 жылы қазан айында Юань Шикай Қытай Республикасының тұрақты президенті болды және оны батыс державалары мойындады. Қараша айында ол парламентті таратып, Гоминдан партиясының қызметіне тыйым салды. 1911 — 13 жылдардағы революция маньчжурлық монархиялық тәртіпті құлатып, басқарудың республикалық үлгісін құру міндетін жүзеге асырғанымен, елде Юань Шикай диктатурасының орнауына жол ашты.
15. Қытай Халық Республикасының құрылуы және оның сипатын ашып көрсет
Қытай Халық Республикасы (төте жазу: جۇڭحۋا حالىق رەسپۋبليكاسى — Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша: 中华人民共和国; дәст. қытайша: 中華人民共和國;пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
1949 жылы КП жеңіспен және ҚХР жариялануымен аяқталған жаңадемократиялық революцияда көпұлтты қытай халқына билік етті.
1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.
Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам).
Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.
Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.
БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.
ҚКП басшылығындағы Жаңа Қытайдың құрылуынан кейін қытай халқы көптеген қиыншылықтарды төзіп, кедей, жартылай отаршылдық, жартылай феодалдық мемлекеттен өзінің гүлдену және қуатты елге айналу сатысында тұрған мықты мемлекетке қол жеткізді.
КП билігі бұл ең алдымен саяси-идеялық басшылық. ҚКП халықтың қалауларына ықылас салып, өзінің ұстанымы мен саяси жарғысында іске асырғаннан кейін, БҚХУҚ бекітуімен мемлекеттік заңдар мен қаулыларына айналады. Партияның жүргізіп отырған саяси билігі Конституция Заңдарына сәйкес орындалады. Өйткені, партия Конституция және заңдардан жоғары уәкілдігін шектен шығара алмайды. Яғни, заңның алдында ҚКП мен бейпартия мүшелері барлығы тең.
ҚКП ОК үшінші пленумының үшінші шақырылымы 1979 ж. бастап партия жұмысының ауыртпалығын социалистік модернизация жолына бағыттап , ашықтық және реформа бағытына бет алды.
1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.
1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.)
Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.
Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті.
Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды.
2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы).
ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары — 10%, 2002-2005 жылдары — 9% құрады.
ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр[4]. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд доллардан асып кетті.
Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.
18. Цин империясының экономиканы қалпына келтіру саясатының нәтижесін нақты мысалдарымен дәлелде.
Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин патшалығына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” (“Ұлы алтын”, тарихта оны “Ху чжин — Соңғы чжин” деп атаған) мемлекетінің құрылғанын жариялады. 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай (Хуан Тайчжи) отырды. 1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин (Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты. 1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды. 1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды. 17 — 18 ғасырларда елде ауыл шаруашылығы мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды. 1712 ж. халық санағы жүргізіліп, егістік жерлердің көлемі есепке алынды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғар хандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхадан ығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, Ресейді Амур бойынан бас тартуға мәжбүр етті. Цинь империясы шет елдермен, әсіресе, еуропа мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті. 17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып, 1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді. 1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа мен Тарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты. 1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты.1762 ж. Іле өзенінің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды. 1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті. 19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті. Цин империясының экономиканы қалпына келтіру саясаты жүйелі түрде жүзеге асылырып отырды.Цинь патшалығы ұзаққа созылған қиян-кескі соғыстар нәтижесінде құрылды. Дегенмен, елдің бір орталыққа біріктірілуі оның болашақ дамуына орасан зор әсер етті. Мемлекеттің орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды. Мемлекетте шеберханалар жүйесі құрылып, ұсталар белгіленген мерзім ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б. қолөнер бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалықтардың қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени тұтастырушы күшке айналды. Міне осы қарастырылған мәселелердің әрқайсысы Цин империясының экономикасының қалпына келтіру шараларының негізгі дәйектемелері болып табылды.