
- •2. Қытайға Цин патшалғы билігінің орнауының тарихи алғы шартына талдау жаса.
- •6. Қхр реформасының ерекшеліктерін салыстырып көрсет.
- •9. Бірінші реткі Апиын соғысынын себеп салдарына талдау жаса
- •13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
- •19. Қкп «Бір мемлекет екі жүйе» саясаты кімдерге бағытталған!
- •22. Қытай Ұлттық революциясының (1926-1927) нәтижесін нақты мысалдармен пайымда.
- •24 . Қытайда ұлттық дағдарыстың тереңдеуінің басты көріністерін көрсет (хіх ғ. Екінші жартысы).
- •37. Хань патшалығын территориялық дамуына дәлелде.
- •39. Цин патшалығының саяси сипатына талдау жаса.
- •41. Қытайдың Гангокг пен Макаоны қайтарып алуының маңызын пайымда.
- •46.Қытай-Үндістан қақтынастары шиленісу себептеріне талдау жаса (1962).
- •47. Қытайдың аз санды ұлттарға қолданған автономия саясатының негіздерін көрсет
- •50.Цин империясының экономиканы қалыпына келтіру саясатына тарихи баға бер.
- •60. Қазіргі қхр-дың әлемдік аренадағы орны мен ықпалына талдау жаса.
6. Қхр реформасының ерекшеліктерін салыстырып көрсет.
1870 – 1980 жылдары экономикалық модернизацияға тактика ғана емес сонымен қа Қытай Халық Республикасы шаруашылықты өзгертумен қатар социалды – экономикалық дамуын өзгертеді. Қытай Коммунистік партиясы Қытайдың басқа салаларын дамыту үшін жаңа табиғи, рынокты жолдарды іздейді.
Жаңа экономиканы дамыту стратегиясы Қытайдың басқа саяси мемлекеттерге «ашылу» идеясымен байланысты болды. Тек қана экономикалық даму ғана емес, сонымен қоса мәдени, ғылыми дамулар, шетел бизнесмендеріне, журналистеріне шекараны ашу, Қытай Халық Республикасының азаматын басқа әлемді көзбен көруіне мүмкіндіктер беріледі.
Рынокты дамуымен қоса бұл «ашықтық» Қытай Коммунистік партиясының экономикалық – саяси ұстанымдарының бастысы болды.
Қытай модернизациясындағы өзгерістер мен «ашықтық» Қытай Коммунистік партиясының жаңа басшысы Дэн Сяопиннің зор еңбегі болды. 1980 жылдары Қытайдың терең идеологиялық және саяси өзгерістер кезеңі болды. Саяси элитаның дүниеге қөзкарасы Қытайды заманалық маңызы бар социалды – экономикалық өзгерістерді енгізуге итермелейді.
Ең басты өзгерістер Қытай Коммунистік партиясының саясатында болды. Ауыл шаруашылық өзгерістерде жеңіске жеткен өзгерістер халық шаруашылығында терең реформалар жүргізілді жәнеде қаржы, шикізат, социалды реформалар жүргізілді.
Жер иеленушілік реформасының жасалуында басты жетістіктер бұл – шаруашылық ынта мен тапқырлық жасау мүмкіндіктері тез нәтижелік берді. Ауыл шаруашылық өнімділіктің өсуі басталды. 4 жылдың ішінде 90 млн тоннаға өсті.
80 жылдың соңында мемлекеттің орталықтандырылған бақылау жұмысында жартылай қалалық өнімділікпен айналысатындар болды.
Ең басты Қытай техникалық модернизация шаруашылығы ең басты рольде шетел инвестициялары мен технологиялары болды. Қытай Халық Республикасының басшылары осы процестерді орындау үшін « Арнайы Экономикалық Аймақ» құрды. «Арнайы Экономикалық Аймаққа» англиялық Гонконг колониясы жанында орналасқан Шэньчжэнь кірді.
Мұнда шетел техникаларымен жеңіл өнеркәсіп, электроника экспортқа шығатын өнімдер жасалды. Тапқан ақшасын заманға сай техниканы сатып алуға жібереді. Осы реформа бағдарламаларын жүзеге асыру экономиканың жоғарғы көрсеткіштеріне әкелді. 80 жылдары табыс екі есе өсті 250 - ден 500 долларға өсті.тар стратегия керек екендігі көрінді.
. Қытай экономикасының көптеп көтерілуіне байланысты 90 жылдың бірінші жартысында мынадай салаларда бидай жинау, көмір табу, цемент өндіру, мақта өсіру, ет, телидидар жасауда бірінші орынға шықты. Сыртқы экономика саласындада көптеген жетістіктерге жетті.
Дэн Сяопиннің басты мақсаты тәжірибе жүзінде Қытайды дамыған мемлекетке айналдырып, 21 ғасырдың ортасына қарай Қытайда адам басына шыққандағы өндіріс бойынша орташа дамыған мемлекеттер арасына қосу.
Дэн Сяопиннің ұстанымы бойынша – мемлекеттің негізі ретінде социализм қалу керек, өйткені социализм шапшаң әлеуметтік дамуына қажетті материалдардың және адами ресурстардың жинастауын қамтамасыз етеді.
ХХ ғасырдың 80 жылдары Қытай Коммунистік партиясының басшылығы нарықтық қатынаста экономикалық реттеушісі ретінде қарастырар рыноктың дамуына нұқсан келтірмейді. Қайта оны бес жылдық жоспарлар шеңберіне кіргізіп, жоспарлау мен рынокты өзара байланыстырды. Бұндай саясаттың негізі тауар – ақша айналымының күрт артуы және меншік пен шаруашылық нысандарын девирсификацияға ұшырау мәселеге жатқызылды.
Алғашқы этапта 1982 жылдан бастап «жоспарлы басқару» - басты ; «Нарықтық екінші дәрежелі» деген ұстаным құрылды.
Екінші этап – 1984 жылы Қытай Коммунистік партиясының Орталық Атқарушы Комитетінің үшінші пленумында «Шаруашылық жүйесін реформалау туралы қаулысы» қабылданып, нәтижесінде «Жоспарлы тауарлы шаруашылығы» идеясы ұсынылды. Яғни өндіріс кәсіпорындарына шаруашылық өзін - өзі басқару енгізілді. Бұл яғни тауар – ақша қатынасының жоспарлы үйлестіру жүйесімен қатар қолданысқа енді. Бұл тұжырымдамасына сай экономикалық әрекеттесу үш салада көрініс тапты:
1. Дерективті жоспарлау саласы.
2. Бағыттаулы жоспарлау саласы
3. Еркін рынок саласы.
Үшінші этап – реформалар барысында 1989 жылы «мемлекет рынокты реттейді, әйтсе рынок кәсіпорындарын бағдарлайды» деген тұжырымдамасы қабылданады.
Қытай Коммунистік партиясының 4 пленумымен 13 шақыруынан кейін 13 жыл бойы Қытайдын сырткы саудасы қарқынды дамыды. Қытай сауда әлеміндегі ең ірі мемлекет болды. 1989 жылы сыртқы сауда тауар айналымы бойынша ол 15 орында болды, ал 2001 жылы 6 орында болды. Қытай Халық Республикасында әр түрлі деңгеймен әр түрлі салаларда жан – жақты ашықтық саясаты ұстанылады. 13 жыл ішінде қолданған шетелдік инвестициялардың көлемі 400 млрд. доллардан асты. "Өзіндік меншіктің шетелге шығуы" деген елмен жүзеге асырылатын стратегиясы, өзінің бірінші нәтижелерін әкелді. Сыртқы сауда - экономикалық байланыстардың жылдам дамуы ұлттық экономика өсуіне қуатты күш берді,Қытайдың шетел елдерімен сыртқы байланыстарын жақсартты және нығайтты Бірте - бірте Қытай Халық Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына табысты қосылу позитивтік ықпалы және ұлттық шаруашылық дамуына жаңа кезеңде реформалық пен ашықтықтың кіруі көріне бастады.
13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
Синьхай революциясы (1911 — 13), Қытайдағы монархиялық билікке қарсы бағытталған. 19 ғасырдың аяғында Қытайдың шетелдіктерге жартылай отар ел болуы Синьхай революциясының шығуына себеп болды. Синьхай революциясын дайындауда Туньмэнхуэй революция ұйымының рөлі зор болды. Көтеріліс Қытайдың ай календары бойынша синьхай айында басталды. 1911 жылы 10 қазанда Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Учан қаласында әскери бөлімдер көтеріліс жасады. 11 қазанда Учанда республикалық басқару енгізіліп, Хубэй провинциясында әскери үкімет құрылды. Шет мемлекеттердің қарсылығын тудырмау мақсатында оларға Цин үкіметі кезінде қол жеткізілген “ерекше құқықтарын” сақтауға кепілдік берілді. 18 қазанда батыс державалары “бейтарап” саясат ұстанатындықтарын жариялады. Хубэйдің ізінше басқа провинцияларда да көтерілістер болып, қарашаның аяғында Оңтүстік, Орталық, Солтүстік Қытайдың 15 провинциясында Цин әулетінің үстемдігі құлатылды. Революция қозғалыс Қытайдың ұлттық аймақтары Сыртқы Моңғолия, Шыңжаң және Тибетті де қамтыды. Цин үкіметі Солтүстік армияның қолбасшысы Юань Шикайға оңтүстікке қарсы соғыс қимылдарын жүргізуді тапсырды. 1911 жылы 29 желтоқсанда провинциялар өкілдерінің жиналысы Сунь Ятсенді Қытай Республикасының уақытша президенті етіп сайлады. 1912 жылы 12 ақпанда Цин әулетінің соңғы императоры Пу И тақтан бас тартып, елді басқаруды Юань Шикайға берді. 14 ақпанда ол революцияшыл оңтүстікпен келісімге келіп, уақытша президент қызметін иеленді. Ятсен президенттіктен бас тартатындығын мәлімдеді. Жаңа үкіметтің құрамы Юань Шикай жақтастарынан белгіленді. Осыны пайдаланған ол өзінің жеке диктатур. тәртібін құруға тырысты. 1912 жылы тамызда жаңа саяси Гоминдан (Ұлттық партия) партиясы құрылды. Осы жылдың аяғында болған сайлауда Гоминдан парламентте көп орынға ие болғанымен олардың билікке араласуына Юань Шикай өкіметі мүмкіндік бермеді. Жаңа өкімет жер-жерде жазалау шараларын жүргізді. 1913 жылдың жазында Жапонияда жүрген Сунь Ятсен өзінің жақтастарын Юань Шикайға қарсы “екінші революция” жасауға шақырды. Бірақ оның бұл үндеуі кең қолдауға жете алмады. 1913 жылы қазан айында Юань Шикай Қытай Республикасының тұрақты президенті болды және оны батыс державалары мойындады. Қараша айында ол парламентті таратып, Гоминдан партиясының қызметіне тыйым салды. 1911 — 13 жылдардағы революция маньчжурлық монархиялық тәртіпті құлатып, басқарудың республикалық үлгісін құру міндетін жүзеге асырғанымен, елде Юань Шикай диктатурасының орнауына жол ашты.