
- •2. Қытайға Цин патшалғы билігінің орнауының тарихи алғы шартына талдау жаса.
- •6. Қхр реформасының ерекшеліктерін салыстырып көрсет.
- •9. Бірінші реткі Апиын соғысынын себеп салдарына талдау жаса
- •13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
- •19. Қкп «Бір мемлекет екі жүйе» саясаты кімдерге бағытталған!
- •22. Қытай Ұлттық революциясының (1926-1927) нәтижесін нақты мысалдармен пайымда.
- •24 . Қытайда ұлттық дағдарыстың тереңдеуінің басты көріністерін көрсет (хіх ғ. Екінші жартысы).
- •37. Хань патшалығын территориялық дамуына дәлелде.
- •39. Цин патшалығының саяси сипатына талдау жаса.
- •41. Қытайдың Гангокг пен Макаоны қайтарып алуының маңызын пайымда.
- •46.Қытай-Үндістан қақтынастары шиленісу себептеріне талдау жаса (1962).
- •47. Қытайдың аз санды ұлттарға қолданған автономия саясатының негіздерін көрсет
- •50.Цин империясының экономиканы қалыпына келтіру саясатына тарихи баға бер.
- •60. Қазіргі қхр-дың әлемдік аренадағы орны мен ықпалына талдау жаса.
50.Цин империясының экономиканы қалыпына келтіру саясатына тарихи баға бер.
Цинь империясы, Чинь патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин империясына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” мемлекетінің құрылғанын жариялады.
Цин империясы өзінің экономикасын қалпына келтіру үшін шет елдермен, әсіресе, еур. мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті.
17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып,
1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді.
1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа мен Тарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты.
1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Қле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды.
1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті.
19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті.
Сонымен қатар, ішкі саясатты Цин империясы көптеген мәселелерді реттеді. 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай(Хуан Тайчжи) отырды. *1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин(Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты.
1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды.
1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды.
17 — 18 ғасырларда елде а. ш. мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды.
1712 ж. халық санағы жүргізіліп, егістік жерлердің көлемі есепке алынды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғар хандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхаданығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, Ресейді Амур бойынан бас тартуға мәжбүр етті; қ. Канси.
52.ҚХР-дың алғашқы жер реформасына сиапттама бер (1950-1953)
1949- жылы қазанда ҚХР құрылған соң біртін деп социалистік мемлекет қурудың реформалары басталды. 1950-жылы 28 маусым айында ҚХР Орталық Халық Үкиметі ҚХР дың жер заңын жарияланған болатын. Мақсаты: Қытайдағы жер қатынастарына түбегейлі өзгерістер жасау. Барлық ресурстар мемлекеттің мемшігінде болуі.
Заңда жер реформасы 3 кезеңде жүргізілді деп корсетілген.
1950-жылдың қысынан 1951-жылдың көктемміне дейін.
1951-жылдың қысынан 1952-жылдың көктемміне дейін.
1952-жылдың қысынан 1953-жылдың көктемміне дейін.
этап. Шығыс провинцияларға.
этап. Оңтүстік, Шығыс провинцияларға.
этап. Батыс солтүстік, Батыс оңтүстік провинцияларға.
Мұнда уақытша Тибет, Шинжанға жүргізілмеді. Жер реформасының жүргізудың тәсілі бұқараны аттанысқа келтиру, тап айыру, жерді компескалау және қайта болу.
Таптарды болу: бай, орта, кедей. Таптық күрес ең маңызды шара болды. Жер реформасын жүргізудың басты устанған бағыты кедей және жалдамалы диқандарға сүйену, орта диқандармен ынтымақтасу, байларды оқшаулау керек. Жоспарлы турде феодалдық қанау жүйесін жойып, ауылшаруашылығын дамыту керек.
ҚХР жер меншік қатынасын өзгертті. Жер мемлекет меншігі. Бай диқандардың жерін мемлекетке қайтарылды. Диқандар және жалдамалы диқандарға жер боліп берілді. Жерге басқаларды жалдап істетуді жойды.
Екінші кезекте табығы ресурстарды, стратегік өндіріске маңызы бар ондірістерді бәрін мемлекеттің меншігі болды.
53. ҚХР-на КСРО-ның көмегі мен ықпалын ашып көрсет (1949-1959).
1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Цзе Дуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.)Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды. Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті революцияларға" күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп , шетелдік ықпалды шектетті. ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылы бұрынғы КСРО үлгісінде Қытайлық ерекшелікке сай құрылған. ҚХР құрылғаннан қазіргі кезеңге дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Атап айтқанда социалистік қайта құрулар, «ұлы мәдени революция», «әлеуметтік реформалар жүргізу және сыртқа қарай есікті ашық ұстау», нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты кезеңдерден өтті.XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ҚХР сыртқы саясатының шеңбері кеңейе түсті. Бұл кезеңде Қытайдың сыртқы саясатының стратегиялық маңызды бір бағыты бұрынғы КСРО кұрамындағы болған Орталық Азия мемлекеттеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасына ойысты. ҚХР аталмыш өңірдің мемлекеттерімен бірден дипломатиялық қатынас орнатып, олармен мемлекеттік шекарасын айқындап, көп салалы ынтымақтастық орната отырып, оны үздіксіз дамыту саясатын колданып келеді. Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан Кеңес Одағыны құрамындағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң өлкесі арасында өзара байланыстар әртүрлі жолмен жалғасып отырды. 60-шы жылдарынын басына дейінгі ҚХР-ның сыртқы саясаты мен сыртқы саясат ұстанымының социалистік принциптері, Қытай-Кеңес Одағы байланыстары, олардың қатарында Кеңес Одағының Қытайға көрсеткен экономикалық көмегі кеңестік зерттеушілер М.С. Капицаның, Б. Колосковтың, О. Владимировтың, Г.В. Астафьев пен A.M. Дубинскийдің еңбектерінде орын алған. Қытай-Кеңес қатынастарындағы шекара мәселесі, екі ел арасындағы шекара мәселесінің даулы тұстары мен онын әскери қақтығыстарға әкелуі, оған әлемдік геосаяси күштердің ықпалы сияқты мәселелер А. Прохоровтың, B.C. Мясников пен Е.Д. Степановтың, Г.В. Васильевтың, В.Ф. Бутурлиновтың еңбектерінде талдау жасалынған. Бірақ бұл еңбектерге тән ортақ, кемшілік - олар кеңестік идеологияға сай империялық тұрғыдан ашылып, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын арнайы қарастырмаған.КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде, ресейлік зерттеушілер бұрынғы Қытай-Кеңес қарым-қатынастарына жаңа көзқараспен талдау жасап, екі мемлекет арасында беймәлім болып келген оқиғаларды жаңа мәліметтермен толықтыра бастады.
56.ҚХР-дың дипломатиялық бес принципінің қалыптасуын баянда.
Қытай үкіметі 1949 жылы 1 қазан күні ҚХР-дың құрылғандығын жариялады. Дәл осы күні Қытайдың жаңа құрылған үкіметі салтанатты түрде; «бұл құрылған үкімет, Қытай Республикасындағы бүкіл халыққа өкілдік ететін бірден бір заңды үкімет. Егер қандай да бір елдің үкіметі теңдік, өзара тиімділік және өз-өзіне қожа болу мен территория тұтастығын өзара құрметтеу принциптеріне бойсұнатын болса, бұл үкімет онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ықтияр екендігін де білдіреді», – деп жариялады. Кейін осы сыртқы саясат бағытының негізінде құрылған «бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципі» Қытай үкіметі сыртқы саясатының ең өзекті түйіні болып қалыптасты. Бұл бес принципті Мао зы дунның: «Дүниедегі барлық ел бейбіт қатар тұрады және үлкен ел де, кішкене ел де бірдей тең», деген идеясын негізге ала отырып Қытайдың тұңғыш премьер министрі Жоу ынлай 1953 жылы ортаға қойған болатын, 1954 жылы жаңа Қытай үкіметі осы бес принципті арқау ете отырып, Индия, Бирма елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көп уақыт өтпей жатып Қытайдың дипломатия саласындағы осы бастамасын әлемнің көп елі жаппай құптады. 1982 жылы бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципі Қытайдың бүкіл мемлекеттік халық өкілдері құрылтайында мақұлдаудан өтіп, ҚХР-дың Конституциясына енгізілді. Бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципі атап айтқанда: мемлекеттің иелік ету құқығы мен территориясының тұтастығын өзара құрметтеу; бір-біріне шапқыншылық жасамау; бір-бірінің ішкі саясатына килікпеу; тең тұрып өзара пайда келтіру; бейбіт қатар өмір сүру болып табылады. Содан бастап бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципі Қытай үкіметінің дүниедегі барлық елдерменен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып достық барыс-келіс жасауындағы ұстанатын алғышарты болып қалыптасты.
ҚХР сыртқы саясаттарының негізінде өзінің ерекшеліктерін әлемге танытты. Дың шияупиң жетекшілігімен бастау алған реформаның оң нәтижесінде өзінің әлемдегі жақсы орнын иеленді, дүниежүзі бейбітшілігін қорғауға ат салысты, бүкіл әлемнің ортақ дамуына күш қосты. Қытай үкіметі өзінің орнықты әрі айқын сыртқы саясаттарының негізінде әлемдегі 171 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.