
- •2. Қытайға Цин патшалғы билігінің орнауының тарихи алғы шартына талдау жаса.
- •6. Қхр реформасының ерекшеліктерін салыстырып көрсет.
- •9. Бірінші реткі Апиын соғысынын себеп салдарына талдау жаса
- •13.Синьхай революциясынын көтерген ұранына талдау жаса.
- •19. Қкп «Бір мемлекет екі жүйе» саясаты кімдерге бағытталған!
- •22. Қытай Ұлттық революциясының (1926-1927) нәтижесін нақты мысалдармен пайымда.
- •24 . Қытайда ұлттық дағдарыстың тереңдеуінің басты көріністерін көрсет (хіх ғ. Екінші жартысы).
- •37. Хань патшалығын территориялық дамуына дәлелде.
- •39. Цин патшалығының саяси сипатына талдау жаса.
- •41. Қытайдың Гангокг пен Макаоны қайтарып алуының маңызын пайымда.
- •46.Қытай-Үндістан қақтынастары шиленісу себептеріне талдау жаса (1962).
- •47. Қытайдың аз санды ұлттарға қолданған автономия саясатының негіздерін көрсет
- •50.Цин империясының экономиканы қалыпына келтіру саясатына тарихи баға бер.
- •60. Қазіргі қхр-дың әлемдік аренадағы орны мен ықпалына талдау жаса.
1 Қытайда абсолюты феодалдық мемлекеттің қалыптасуын негізгі көріністерін көрсет
Қытайда абсолюты феодалдық мемлекеттің қалыптасуын негізгі көріністері ретінде Хань, Таң, Цин патшалықтарын коруге болады.
Хань империясы — Қытайдағы Хань әулеті құрған мемлекет (біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы — біздің заманымыздың 220 жылы) Хань мемлекетіқұрылған кезден бастап өзінің қарулы күзеті бар “күшті үйлердің” жер иеліктері пайда болды.Хань мемлекетінде ірі сауда орт-тары (Лоян, Чэнди, Ханьдань, Линьцзы) күшейіп, тауар-ақша қатынастары, сыртқы және ішкі сауда дамыды. У-ди патшалық еткен кезде (біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) қалпына келтірілген және өзгеріске ұшыраған конфуцийшілдік ілім үстем ресми идеология болып танылып, монархиялық биліктің тірегіне айналды. Хань билеушілері көршілес халықтарға қарсы ұзаққа созылған басқыншылық соғыстар жүргізді. Жоңғария мен Шығыс Түркістан арқылы батысқа қарай Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне дейін жететін “Ұлы Жібек жолы” ашылды. Вьетмемлекеті — Намвьет — Аулак (қазіргі Гуандунь провинциясы, Гуан-си-Чжань автономия ауданы мен Үндіқытай түбегінің солтүстік), қазіргі Чжэцзян мен Фуцзянь провинцияларының оңтүстік бөлігі, Корей мемлекеті — Чосон (Чаосянь) жаулап алынды. Дегенмен, ұзаққа созылған соғыстар және ішкі тақ тартыстары салдарынан Хань мемлекетінде халықтың тұрмысы нашарлап, әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті.
Тақты басып алған Ван Ман (9 —23 жылы билік етті) жерге жеке меншікті жоюға әрекеттеніп, құл сатып алуға, сатуға тыйым салды, басқа да реформалар жүргізді. Алайда оның реформалары елдегі саяси жағдайды тұрақтандыра алмады. Көп ұзамай шаруалардың, әскерлер мен құлдардың жаппай көтерілістері басталды.
25 жылы көтерілісшілер ел астанасы — Чаньаньқаласын басып алғаннан кейін алғашқыХань мемлекеті жойылды. Көтерілісшілермен күрестің барысында жергілікті ақсүйектер Лю Сю бастаған жаңа — Кейінгі немесе Шығыс Хань әулетінің (25 — 200) негізін қалады.
27 жылдың соңында “Қы-зыл қастылар” көтерілісі басып жанышталды, тек 37 жылы ғана Лю Сюға “күшті үйлерге” сүйене отырып, елді біріктірудің сәті түсті. Шығыс Хань әулетінің алғашқы билеушілері шаруаларға жеңілдіктер жасап, салық көлемін азайтты. Батыстағы елдермен “Ұлы Жібек жолы” және оңт-тегі теңіз жолы арқылы экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қайта жанданды. Елдегі жағдай тұрақтанып, мемлекет нығайғаннан кейін Хань әулеті сыртқы жаулап алу соғыстарын жалғастырды. Әскери қимылдар қолбасшы Бань Чаоның белсенді дипломаттық әрекеттерімен қатар жүргізілді. Хань мемлекетінеЖоңғария мен Шығыс Түркістандағы біраз иеліктер тәуелділікке түсті. Алайда Бань Чаоның өлімінен кейін империяға тәуелді жерлер оған қарсы көтерілді.
184 — 204 жылы болып өткен шаруалардың қуатты “Сары орамалдылар” көтерілісінен кейін Шығыс Хань әулетінің билігі құлдырап кетті. Көтерілісші шаруалармен күрес барысында әскерді басқарған жергілікті билеушілер орталық үкіметтен іс жүзінде тәуелсіздікке қол жеткізді
Цинь патшалығы (б.з.б. 221 — 206) — Қытайдағы орталықтанған тұңғыш ежелгі мемлекет. Ол Қытайды бір орт-қа бағындырған тұңғыш император Цинь Шихуандидің тұсында құрылды. Цинь патшалығына дейінҚытайда бір-біріне бағынбайтын бірнеше ұсақ патшалықтар өмір сүрді.
Цинь патшалығы ұзаққа созылған қиян-кескі соғыстар нәтижесінде құрылды. Дегенмен, елдің бір орталыққа біріктірілуі оның болашақ дамуына орасан зор әсер етті. Мемлекеттің орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды.
Бұрынғы ұсақ патшалықтардың қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени тұтастырушы күшке айналды.
Цинь патшалығы сыртқы саясатта солтүстік және оңтүстік бағытта бірдей жаулап алу жорықтарын жүргізді. Жаулап алынған жерлер билеушінің меншігі болып саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық қоныстандырылды. Қытай қорғаны салынды.Зерттеушілер қытай қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мыңдаған жылдар Қытайдың солүстік шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың орталық өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекеті құрылды
2. Қытайға Цин патшалғы билігінің орнауының тарихи алғы шартына талдау жаса.
Цинь империясы б.з.б. 221 — 206 жылдар өмір сүрген Қытайдағы орталықтанған тұңғыш ежелгі мемлекет. Ол Қытайды бір орт-қа бағындырған тұңғыш император Цинь Шихуандидің тұсында құрылды. Цинь патшалығына дейін Қытайда бір-біріне бағынбайтын бірнеше ұсақ патшалықтар өмір сүрді.
Патшалықтың астанасы елдің солтүстік-батысында орналасқан Сяньян (қазіргі Сиань) қаласы болды. Цинь патшалығы ұзаққа созылған қиян-кескі соғыстар нәтижесінде құрылды. Дегенмен, елдің бір орталыққа біріктірілуі оның болашақ дамуына орасан зор әсер етті. Мемлекеттің орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды. Мемлекетте шеберханалар жүйесі құрылып, ұсталар белгіленген мерзім ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б. қолөнер бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалықтардың қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени тұтастырушы күшке айналды.
Цинь патшалығы сыртқы саясатта солтүстік және оңтүстік бағытта бірдей жаулап алу жорықтарын жүргізді. Жаулап алынған жерлер билеушінің меншігі болып саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық қоныстандырылды. Солтүстікте Қытай қорғаны салынды.Зерттеушілер қытай қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мыңдаған жылдар Қытайдың солүстік шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың орталық өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекетіқұрылды.
З. ҚХР социалистік жүйені қалыптастырылуы
Гоминьдан үкіметінің құлауы, армияның жеңілуі және компартия әскерінің оңтүстікке бет алуы ҚКП алдына үлкен қиындықтарды туғызды. 1948 жылы сегізінші сәуірде ҚКП Орталық комитетінде былай делінген: «Біздер қалалық ұйымдық орындарды демократиялық тәртіпке баулуға орнықтыруға әлі ерте, біз әлі асықпауымыз керек ». Бұл дегеніміз – сол кездің өзін-ақ ҚКП-ң кішкене де болса гоминьдан үкіметінің саясатына ұқсайтынын кқреміз.
Провинциялар мен үлен қалаларда үгіт-насихат жүргізілді. Әскери факторды билік үшін таласта қолдану ҚКП-ң дамуына кері әсерін тигізді. Бірақ күннен күнге ҚКП-ң жақтастары мен адамдары көбейіп отырды, себебі ҚКП-ң өзінің қатал саяси құрылымын және модифициялық идеологиялық келбет әсерінен болған еді. Егер партияның VII съездіне 1.2 млн адам мүше болса, 1946 жылы желтоқсанда - 2.5 млн, 1947 жылы 2.7 млн, 1948 жылы қазанда 3 млн астам, 1949 жылы 4.5 млн адамға жеткен болатын.Бұл көрсеткіш ҚКП-ң күннен – күнге өскендігін көрсетеді. Бір жағынан ҚКП-ң басшылары жұмысшы табынан керемет әскери күштікөрген жоқ, бұл әскерді онша мойындамады. 1949 жылы ҚКП-ң шамамен төрттен бір бөлігі кадрлар бөліміне алынса, қалғаны сонда жұмыс істейтін еді. Осы жаңа міндетті мойнына алған ҚКП-ы елді енді қандай жолмен дамыту керек деген сұраққа жауап іздеді. Бұл сұраққа жауап ҚКП-ң II пленумында 1949 жылы наурызда Хэбэй провин-ң Сибайпо деген ауылда шешілді. ҚКП-ң басшылары өздеріне идеологиялық-теориялық позицияны ұстана отырып, « марксизм-ленинизмді» Қытай революциясына практика үшін пайдаланды және үлкен идеология ретінде бұл қалыптасқан болатын. Бұл идея негізі Мао Цзедуннан шыққан идея дейді. Мао Цзедунның ішкі саяси тартыста жеңуі, жаңа демократиялық елдң құру идеясынан бас ьартуы, ҚХР-ң социалдық жүйеге қадам басуына алып келген болатын. 1953 жылдың өзінде-ақ Орталық комитетің құзыретті органдарды таңдау туралы заң шығарған болатын. 1954 жылы уездік, ауылдық жерлерде сайлау біте бастады. 1954 жылы 15 қыркүйекте Пекинде I сессия ашылды, 20 қыркүйекте болса ҚХР-ң Конституциясы бірауыздан қабылданды. Конституцияның бірінші статиясында ҚХР – халықтық демократиялық мемлекет делінген және билік көзі жұмысшы табы деп көрсетілген. ҚХР өкілі Мао Цзэдун делінген. Ал комитетке Лю Шаоцы тағайындалды. Мемлекеттік одаққа тағы да Чжоу Эньлай тағайындалды. Социолистік саяси өзгеріс ҚКП үшін 1993 жылынан бастау тек ҚХР Конституциясында ғана емес, сонымен қатар бес жылдық жоспардың дамуына және жасалуына өз септігін тигізді. 1951 жылдан бастап бірінші жоспарды дайындау басталды, бірақ
Ішкі партиялық тартыс,
Корей соғысы
Халықтың нашар әлеіметтік жағдайының арқасында бұл жоспар жасалмады.
Қытай экономистері жоспар жасағанда өздерінің бұрыңғы тәжірибелерге сүйенді. Яғни ауыл шаруашылық тәжірибе және совет одағының үлкен кеңесінің, көмегінің арқасында жақсы нәтижелерге жетті. 1955-1957 жылдары бес жылдық жоспар партия үшін пайда және атақ әкелді. Жоспарда 694 объект каралған болатын. 31 наурызда бес жылдық жоспардың бірінші жобасы жасалды. Яғни бұл Бүкіл қытайлық конференцияда ҚКП-ның мақсатын және 30 шілдеде қабылданды. 1953-54 жылдары Совет- Қытай келісімі жасалды. Онда 156 индустриялық объекті құру, жеңілдігі бар несие беру және өзара ықпалдастықпен достық қарастырылды.