
- •Мәдениет жөнінде анықтамалардың айырмашылығы.
- •3. Қытайдың клессикалық ілімдерінің қалыптасуының тарихи жағдайын талдау жаса.
- •4. Қытайдың дәстүрлі медицина ғылымының даму кезеңдерін көрсет.
- •5. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай мәдениеттерінің дамуын нақты мысалмен аянда.
- •6.Конфуций ілімінін негізгә ұстанымдарын пайымда
- •7.Даосизм ілімі және онын даму кезендерін көрсет
- •8.Заңшылдар(легизм) ілімі және онын әлеуметтік рөліне талдау жаса
- •10. Буддизмнін қытайға таралуы
- •14. Цин патшалығы кезінде батыстың рухани мәдениетінің Қытайға ықпалын дәлелде
- •18. Қытайдың төрт ұлы жаңалықтары және оның Батысқа таралуын түсіндір.
- •21. Хх ғ. Басында Қытайда жеңіл өнеркәсіп техникасының дамуынпайыда
- •24. Қытайда хх ғ. Басында жаңаша білім беру жүйесінің қалыптасуын анықтап көрсет.
- •30. Хх ғ. Бірінші жартысында Қытайдың білім беру істерінің дамуын сипатта.
- •32.Қкп хх ғ. 50 - жылдардағы мәдениет саласындағы социалистік қайтақұрулар ұдерісін көрсет.
- •35.(2) Қазіргі қхр мәдениетінің әлемдік ықпалына талдау жаса.
- •39. Қхр ғылыми-техника саласындағы рефомалары саясаты (1978 жылдан кейінгі)..
- •41. Қхр индустурия өркениетінің дамуын бағамда.
- •42. Қазіргі қхр-ның әлемге мәдениет тарату тәсілдерін пайымда.
- •45. Цин патшалығы кезінде батысдың рухани мәдениетінің қытайға ықпалына талдау жаса.
- •51. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай поэзиясының дамуын сипатта
- •53. Заңшылдар (легизм) әілемі және оның теорияларын Батыспен салыстыр.
- •54. Гоминьдан үкіметінің жүргізген мәдениет саясатының мақсатын ашып көрсет.
- •58. Қазіргі заманғы қытай мәдениетінің әлемдік ықпалы
- •59. Қазігі қытайлықтардың менталиттеріндегі өзгерістерді пайымда.
30. Хх ғ. Бірінші жартысында Қытайдың білім беру істерінің дамуын сипатта.
Қытайдың Еуропалық елдермен және Жапониямен жүргізген соғыстары XX ғасыр басында Қытайдың ғылымы мен білім беру жүйесінің артта қалуына себеп болды. XIX ғасыр соңында өндірістің өсуі Қытайдың ескі білім беру жүйесін жетілдіріп техникалық білімді жетілдіре түсті.1898 жыл Пекин университеті ашылды.1902-1903 жылдары бүкіл оқу жүйесін еуропалықтарға сай жүргізу туралы бұйрық шықты. 1910 жыл Қытайда 3 университет болды. Сонымен қатар 50 арнаулы училише мен 50 мыңнан астам өкіметтік және жеке мектептер болды. Олардың оқу бағдарламаларына шет тілдерін оқыту мен техникалық білім кірді. Сонымен қатар оқу бағдарламасында қытай тілі, арифметика, тарих, география, табиғаттану, еңбек, сурет сияқты жаңа пәндер енгізілді. Оқуда ұлдар мен қыздар бөлек оқытылды. Қыздар мектебі негізінен 1907 жылы қалыптасқан. 1911-1912 жыл буржуазиялық революциялар нәтижесінде оқу жүйесіне бірнеше реформалар енгізілді. Осы революциядан кейін қыздар мектебі жақсы дамыды. Ауылдық мектептерде оқыту бағдарламалары өзгертірілді. Қытайда XIX ғасыр соңында оқу орындары аз болғандықтан Қытай жастары шет елге білім алуға кетті. Олардың көп бөлігі Еуропа, АҚШ, Жапонияға кетті. Гоминьдан үкіметі кезінде Қытайда 107 оқу орны болған болса да Қытай жастарының шет елге кетуі жалғаса берді. 1929-1934 жылдар аралығында шет елде 5 мыңнан астам бала білім алды. Білім беру жүйесіндегі тағы бір өзгеріс 1919 жылғы 4 мамыр қозғалысы нәтижесінде болды. Сол кездері студенттердің көбісі демократия үшін күрескен болатын. Студенттердің біразы 1919 жылғы 4 мамыр және 1925 жылғы 30 мамыр қозғалыстарының құрбаны болды.
1915 жылы Қытайда “жаңа мәдениет қозғалысы” пайда болды. Олардың ұстанымы ғылым және демократия болды. Қозғалыстың қатысушылары Қытай қоғамының жаңа білім элитасын қалыптастырушылары болды. Бұлл қозғалыстың идеялық орталығы жаңа жастар журналы болды. Ол 1915 жылы Пекин университетіеің профессоры редакциясымен шыға бастады, кейінірек 1917 жыл Пекин университетінің гуманитарлық ғылым факультетінің деканы Чень Дусю редактор болды. Жаңа мәдениет қозғалысы өзінің негізгі жауы ретінде конфуцишілдікті көрді. Оны монархистердің идеясы деп санады. Ескі жүйеге реставрация жасады. Қозғалыс қатысушыларының бірі У Юй Қытайдың ғылымы мен білімінің дамуын шет елдермен салыстырғанда Қытай ешқашан саяси, экономикалық және мәдени артта қалудан шыға алмайды. Қытайда заманауи білімді дамыту үшін мәдениетті әлемдік цивилизация жағдайына жеткізу үшін конфуцишілдік идеология реакциясынан арылу керек деп жазады.
ХХ ғасыр бірінші жартысында Қытай білім беру жүйесінде алға жылжу мен өзгерістер байқалса да білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауы да басым болды. Мысалы 4 мамыр қозғалысы, жапондықтардың агрессиясы Қытайда көптеген оқу орындарының жабылуы, кітапханалардың бұзылуы студенттердің құрбан болуына себеп болды.
32.Қкп хх ғ. 50 - жылдардағы мәдениет саласындағы социалистік қайтақұрулар ұдерісін көрсет.
1949 жылы ҚХР құрылғаннан кейін ҚКП жетекші партияға айналады. ККП‑ның мәдениет концепциясына марксизм – ленинизм, Мао Цзедунның идеясы идеология ретінде енді. Социалистік марксистік мәдениет, Қытайдың идеологиясы Кеңес Үкіметінен көшіріліп алынды. Ақпарат баспасөзде қатаң цензура қалыптасты. Радио насихаты орталықтан болды. Оқулықтарға марксизм, ленинизм идеологиясы енгізілді. Үздіксіз революция жасау идеясы мен қоғамдық формация идеясы қалыптасты. Бұл идеология тарихи қозғалыс нәтижесінде таралды:
1949-66 жж дейін
1966-78 жж дейін алапат жылдары
1980- кейінгі реформа жылдары, Дэн Сяопин дәуірі.
ККП/ң 16-бүкілқытайлық съезінің шешімі бойынша қытайлық орта таптық қоғамның жан‑жақты құрылысы үшін социалистік рухани мәдениетінің дамуымен келесі негізгі бағыттардың дамуымен берілуі тиіс:
Марксизм ‑ ленинизм жағдайын негізге ала отырып, Мао Цзедун идеялары мен Дэн Сяопин теориялары саласындағы социалистік құрылыс бойынша ККП/ң съезінің белгіленген шаралары жүз асырылады.
«Рухтың көтеріңкілігі мен игілік сапасымен бөлінбеген ұлт, өзге ұлттар арасында тең тұра алмайды» ‑ деген сана сезім ж/е адамгершілік принципі бойынша, патриоттық сезімді тереңдету негізінде ұлттық рухты көтеру, күшейту бойынша шаралар белгіленген.
ҚКП бағдарламалары, тәрбие рухындағы теориялар адамгершілік – идеялықты күшейту б/ша тәжірибелік шаралар қабылдайды. Бұл жұмыстың мақсаты, қытайлық ерекшеліктегі социолизм барлық қытайлықтардың ортақ идеясы болды. Оларда яғни, дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы құрылуы тиіс.
33.ҚХР-ның мәдениет жүйесінің моделін көрсет.
Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған.
Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.
Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды.
Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.).
Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды.
1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды.
Әдебиеті
3 мың жылдық тарихы бар Қытай әдебиетінің алғашқы поэтикалық ірі туындысы – «Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11 – 6 ғасырлар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю»(«Жылнама»), филосафиялық трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы», тағы басқа шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды.
Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа Қытай әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 жылы реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, тағы басқа).
Өнері
Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 – 6 ғасырлардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған.
Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды.
19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.
34. ҚХР-ның ғылыми зерттеу жүйесінің қалыптасуын пайымда (ХХ ғ.50- ж.).
XX ғ. 50 ж. кейінгі Қытайдың ғылыми зерттеу жүйесі, ҚХР-дың Академиялық институты ғылыми-зерттеу институты, министрлік және жергілікті әкімшілік, жоғарғы оқу орнындағы зерттеуден, өнеркәсіп және тау-кен кәсіпорын, сонымен қатар, қоғаныс секторынан тұрады. ҚХР-дың ғылыми-техникалық қоғамында 160-тан жоғары ғылыми-техникалық жұмыскерлер, бсқа ірі мемлекеттерде құрылған бөлімшелері бар. ҚХР-дың ғылыми Академиясы штаб пәтері Пекинде орналасқан және әлемде ең беделді ғылыми құрылымы және комплексты зерттеу орталық болып табылады. ҚХР-дың ғылыми академиясында физика-математика, химиялық, Жер туралы ғылым бөлімшесі, биология бөлімшесі, ғылыми техникалық бөлімшелері бар. Ғылыми академия жүүйесінде 123 ғылыми зерттеу мекемесі есептелген және ғылыми тұлғалар 60 мыңнан асады. Ғылыми-зерттеу академиясының мекемелері барлық елдерде таралған, осымен қоса барлық провинцияларда, қалаларда, автономиялық аймақтарды, осы ғылыми-зерттеу академияның бөлімшелері құрылған. ҚХР-дың ғылыми-зерттеу академиясында жоғары дәрежелері білімді профессорлар, әр түрлі мемлекеттерден инженерлер жұмыс істейді.Осы жылдары ғылыми академияда 610 академик, оның 23 шетелдік азаматтар жұмыс істеді. 1994 жылы маусым айында ғылыми-инженерлік және техникалық жоғары сапалы бөлімше Пекинде құрылды. Бұл бөлімшелерде 439 академик, оның 7 шетелдік азаматтар жұмыс істейді.
80 жылдары ғылыми-зерттеу жүйесін құру туралы тапсырма, жаңа ғылыми зерттеу жүйесінің құрылуына алып келді және техникалық және экономикалық мәселе бойынша экономиканы дамытуға септігін тигізді. Ал 90 жылдары бұл ғылыми-зерттеу жүйесі оптимизация, үйлесімді кадрлар дайындаумен және жаңа құрылым құрумен жалғасын тапты.
34.(2) ҚКП-ның ХХ ғ. 50- жылдары зиялыларға қолданған саясатын нақты мысалдармен сипатта.
1949-50 жылы Қытай интелегенциясы өте томен жағдайда болған. Қытай интелегентеріне қолдаған саясаты : оларды ынтымақтасу, достасу, озгерту, пролитариаттық революция мен озгерту. 1951 жылы Қытай зиялыларын өзгерту мақсатында революция жүргізілді. 1951 жылы қарашада мектептердін идеологиясын өзгерту, буржуазиялық ойы бар адамдарды жойды. Әдебиет саласындағы стильді өзгерту.
1953 жылы «үшке қарсы» қозғалыс болып отті.
-социализмге қарсы қозғалыстарға қарсы
-ысырапшылдыққа қарсы
-жемқорлыққа қарсы
1952 жылы 22 қантарда «беске қарсы» қозғалыс
-парахорлыққа қарсы
-салықтан урлауға
-құрылыс материалдарын урлауға
-компартияға қарсы болғандарға қарсы
Мао Цзэдун билікке келген кезде алғашқы жылдарда елдің әлеуметтік және экономикалық сфераларын қалыптастырады. Қытайда барлығы КО үлгісімен жасалынды. Елде репрессия, террор, зорлық толқыны етек алды. 1950 жылы Мао Цзэдун басқарған үкімет жеке меншікті толық тәркілеп өмір ұжымдық әдіске көшеді.
1956 жылдың жазында Мао Цзэдун жариялық пен сынды күшейту кампаниясын Чжоу Энлайға тапсырады. Қозғалыстың атын «Жүз гүл гүлдеп, жүз мектеп бәсекелесін» деп атайды. 1956 жылдың аяғында кампания жарияланады. 1957 жылдың ақпанда Мао Цзэдун орталық үкіметті сынауға шақырып, соның салдарынан адамдар өздерінің ойларын аша бастады. 1 маусым-17 шілде 1957 жылы премьер-министр Чжоу Энлайға көптеген хаттар келіп, жағдай бақылаудан шығып кетті. Олар Компартияға қарсы протест жариялайды. 1957 жылы шілдеде Мао Цзэдун кампанияны жабық деп жариялап, интеллегенцияны нонреволюциялық әрекетке қатысты деп айыптайды. 1957-58 жылдары консерватив оңшылдарға қарсы қозғалыс болып өтті.
35.(1) ҚХР-ның оқу-ағарту жүйесінің ерекшелігі. XX ғасырға дейін Қытайда ежелгі классикалық конфуцийлыік кітаптарды оқытуға негізделген дәстүрлі білім беру жүйесі болып келді. 1902-1903 жылдары алғашқы ағарту реформалары қабылданады. Нәтижесінде Еуропа елдерінің жүйесі үлгісіндегі жүйе қалыптасады. 1949 жылға дейін 90 пайызға дейін халық сауатсыз болғаны белгілі. Ал 1951 жылғы қабылданған реформалар бойынша Қытай Халық Республикасында сол жылдары жоғары оқу орындарында 900 мың студент оқытылды. Білім беруде Кеңес Одағының алатын орны зор болды. 1949-1959 жылдары 760-тан астам кеңес мамандары Қытай білім беру мекемелерінде лекция оқыды. Ал КСРО жоғары оқу орындарында 10 мыңнан аса маман оқытылды. Олардың 50 пайыз шығынын Кеңес Одағы өзі қамтамасыз етті. Улкен секіріс саясатын жариялағаннан кейін 1958 жылы Қытай Халық Республикасының білім беру жүйесі кері тарта бастады. Оқушылар саны азая бастады. Білім беру сапасы да нашарлады. Әсіресе мәдени революция кезінде жағдай мүлдем нашарлаған болатын. Мәдени революция бастала салысымен Қытай Халық Республикасы барлық білім беру мекемелерінде сабақатар тоқтатылған болатын. Тек 1968 жылдан бастап мектептерде ғана қайта оқытылып, 1970 жылы жоғары оқу орындарында да білім беру жалғастырылды. 1970-1980 жылдары ҚХР-да келесі бір Ұлттық Білім Беру жұйесі қалыптасты. Ол бойынша қалаларда өнеркәсіптік орындар бойынша коммуналар бойынша мектепке дейінгі мекемелер салынды. Оның негізінде «ә жылыдқ білім алу тәртібі орнатылған болатын. Ол бастауыш мектеп, кіші орта мектеп, жоғары орта мектеп болып бөлінді. Ауылдық жерлерде бастауыш және кіші орта мектепте жарты уақыт – еңбекке, жартысы – білімге деген жүйе жүрді. 9 жылдық мектеп аяқтағаннан кейін жоғарғы оқу орнына тек минимум 3 жыл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласында өткен практикалық жұмыс стажы болса, немесе армияда қызмет етсе ғана түсе алатын. Жоғарғы оқу орындарында оқу жылы 2-3 жылға қысқартылды. 1949 жылы бастауыш мектептер саны 347 мың болды. 24 млн 390 мың оқушы болды. 1958 жылдан бастап солшылдық саясат жүргізілді. 6 сәуірде ҚКП ОК-ті білім беру қызмет жиналысын өткізген еді. Мемлекеттік кеңес білім беру жүйесіндегі нұсқау атты қызыл басты құжат ұсынады. Социалистік білім беру жүйесі қалыптасқаннан кейін жоғарғы оқу орындарының факультеттері мен мамандары реттелді. Марксизм-ленизм саяси дәрісі оқытылды. Жалпы оқушы мен оқытушы саны көбейе түсті. Себебі Үлкен секіріс басталған еді. 1957 жылы Мао Цзэ Дун екінші рет Мәскеуге барып қайтады. Біз 10-15 жылда Англияны, кейін АҚШ-ты да басып озамыз дейді өз сөзінде. Барлық салада үлкен секіру жасау керек болды. Англия мен АҚШ-тан озу үшін адамдар сауатты болу керек болды. Білім беру пролетариаттың саяси қызметі үшін жұмыс істеуі керек деп жанылысты. Ол білім берудің барлық саласына партия басшылық ету керек деді. Ол бойынша қаулы қабылданды. Міндеттері: бүкіл мемлекетте сауатсыздықты 3-5 жылда жою, жалпылай бастауыш білім беру керек, жоғарғы білім беру керек. 1960 жылы жоғарғы оқу орындарының саны 44 болады. 1978 жылы ол сан 88-ге жетеді. Қазіргі кезде 100 болды. Қазіргі кездегі Қытайдың білім беру саласындағы қол жеткізген жетістіктері сол жылдары жүргізілген реформалар жемісі.