
- •Мәдениет жөнінде анықтамалардың айырмашылығы.
- •3. Қытайдың клессикалық ілімдерінің қалыптасуының тарихи жағдайын талдау жаса.
- •4. Қытайдың дәстүрлі медицина ғылымының даму кезеңдерін көрсет.
- •5. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай мәдениеттерінің дамуын нақты мысалмен аянда.
- •6.Конфуций ілімінін негізгә ұстанымдарын пайымда
- •7.Даосизм ілімі және онын даму кезендерін көрсет
- •8.Заңшылдар(легизм) ілімі және онын әлеуметтік рөліне талдау жаса
- •10. Буддизмнін қытайға таралуы
- •14. Цин патшалығы кезінде батыстың рухани мәдениетінің Қытайға ықпалын дәлелде
- •18. Қытайдың төрт ұлы жаңалықтары және оның Батысқа таралуын түсіндір.
- •21. Хх ғ. Басында Қытайда жеңіл өнеркәсіп техникасының дамуынпайыда
- •24. Қытайда хх ғ. Басында жаңаша білім беру жүйесінің қалыптасуын анықтап көрсет.
- •30. Хх ғ. Бірінші жартысында Қытайдың білім беру істерінің дамуын сипатта.
- •32.Қкп хх ғ. 50 - жылдардағы мәдениет саласындағы социалистік қайтақұрулар ұдерісін көрсет.
- •35.(2) Қазіргі қхр мәдениетінің әлемдік ықпалына талдау жаса.
- •39. Қхр ғылыми-техника саласындағы рефомалары саясаты (1978 жылдан кейінгі)..
- •41. Қхр индустурия өркениетінің дамуын бағамда.
- •42. Қазіргі қхр-ның әлемге мәдениет тарату тәсілдерін пайымда.
- •45. Цин патшалығы кезінде батысдың рухани мәдениетінің қытайға ықпалына талдау жаса.
- •51. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай поэзиясының дамуын сипатта
- •53. Заңшылдар (легизм) әілемі және оның теорияларын Батыспен салыстыр.
- •54. Гоминьдан үкіметінің жүргізген мәдениет саясатының мақсатын ашып көрсет.
- •58. Қазіргі заманғы қытай мәдениетінің әлемдік ықпалы
- •59. Қазігі қытайлықтардың менталиттеріндегі өзгерістерді пайымда.
18. Қытайдың төрт ұлы жаңалықтары және оның Батысқа таралуын түсіндір.
Қытайдың төрт ірі тапқырлығы – Қытайдың ерте заманда дүние жүзіне орасан зор ықпал көрсеткен қағаз жасау, компас, мылтық дәрісі, термелі әріп баспа техникасы сияқтыларды меңзейді. Мұны ең алғаш ұлыбританиялық қытайтанушы ғалым Жозеф Нидам ортаға қойған, кейін Қытайдан шыққан көптеген тарих мамандары осы көзқарасқа мұрагерлік етті. Осы төрт тапқырлық Қытайдың байырғы саяси, экономика, мәдениет жағынан дамуына орасан зор жебеуші болған, оның үстіне түрлі жолдармен батыс елдеріне таралу арқылы әлем өркениетінің даму тарихына да аса зор ықпал көрсеткен деп қаралады.
Ерте заманғы Қытайдың шұғылалы техникалық табыстарының ішінде қағаз жасау, термелі әріп баспа техинкасы, мылтық дәрісі, компас қатарлылар дүние жүзі ғылым-техникасының дамуына, тарихи аяқ алысы мен адамзат өркениетінің алға басуына аса зор әсер жасаған.
Қағаз жасау техникасы. Археологиялық байқауларға қарағанда, Қытайда шамамен б.з.б. Ⅰ ғасырдың өзінде-ақ қағаз пайдаланылған екен. Әйтсе де, бұл дәуірдегі қағаз тоқымашылық кәсібіндегі малшып-жуғанда қалған кендірдің қалдықтарынан жасалған, өнім мөлшері аз, сапасы нашар болғандықтан, жазу жазуға келмейтін. Шығыс Хан династиясы дәуіріне келгенде Цайлұн алдыңғылардың тәжірибесі негізінде қағаз жасау техникасына батыл инновациялық реформа жүргізіп, кендірден басқа да ағаш қабығы, ескі ау, тозған шүберек сияқты талшықты нәрселерді де шикізат етіп, әк-сілті сұйықтығымен буға қайнату сынды мәнерлеу техникасын қолданып, өсімдік талшықты қағаз жасап, қағаздың өнім мөлшері мен сапасын барынша жоғарлатқан. Қытайдың қағаз жасау техникасы б.з. Ⅲ ғасырында Вьетнамға, Ⅳ ғасырда Кореяға, Ⅴ ғасырда Жапонияға, Ⅶ ғасырда Үндістанға жетті, Ⅷ ғасырда Орта Азия арқылы Араб елдеріне, Ⅻ ғасырда Еуропаға таралды. Сонымен қағаз мәдениет таратудың, идеалық ауыс-күйіс жасаудың маңызды құралына айналды.
Баспа техникасы. Қағаз жасау техникасы барлыққа келгеннен кейін кітап шығарудың қажетінен баспа техникасы жарыққа шықты. Б.з. Ⅵ ғасырының бас шеніндегі Сұй, Таң дәуірінде ең алғаш ойма баспа техникасы дүниеге келді. Мұнда жайшылықта ағашты материал етіп, алдымен ағаш тақтайшаға әріп ойып түсіріп, оған сия жағып, қағазға басқан. Атаулы техника жұмыс уақытын үнемдеу қажетімен өте тез жалпыласып кетті. Сұң дәуірінде ойма баспа техникасы шарықтау шегіне жетіп, үкімет баспасымен қоса жекелік баспаларда болды. ағаш ойма кітаптар 700-ден астам түрге жетті. Сұң Тайзу Кайбаудың 4 жылы (971 жылы) Чыңдуда бастырған «Ірі Бұдда номы» 5048 томнан асып, ойма тақтайша 130 мың данаға жетіп, ол 12 жылда ойылып біткен екен. Мұндай зор көлемді баспа жұмысы ойма техникасының соншалық жоғары деңгейге жеткендігін аңғартады.
Термелі әріп баспа техникасының жарыққа шығуы баспа техникасы тарихындағы келелі төңкеріс, ол осызаманғы термелі баспа техникасының басты жұмыс тәртібінің негізін қалады. Термелі әріп баспа техникасы ⅩⅢ ғасырдан кейін Корея, Жапония елдеріне таралды. ХV ғасырдың орта шенінде германиялық тапқырлаушы Гутенберг Қытайдың баспа техникасы негізінде Еуропаның қорғасын термелі әріп баспасын дамытып, 1455 жылы қорғасын әріппен «Інжілді» басып шығарды.
Мылтық дәрісі. Ерте заманда Қытай еңбекші халқы Шаң, Жоу династиалары кезінде металл қорытуға ағаш көмір қолданған, олар Жылнама жылдары мен Жауласқан бектіктер тұсына келгенде азот қышқылды калий мен күкірттің қасиетін игерген. Таң династиасының алғашқы кезінде әйгілі шипагер Сүн Сымяу өзі жазған кітабы «Дәрі жасау дестірінде» от алатын дәрі жасаудың әдісін тілге алып, күкірт, селитра ұнтағы және ағаш көмірден бір түрлі ұнтақ жасап, сонымен от алдырып дуалы домалақ дәрі жасауға болатынын айтқан. Юан династиясы кезінде от найза, от, шиті, зеңбірек сияқты түрлі-түсті қару-жарақтар дүниеге келді. Қазір Қытайдың тарих мұражайында сақтаулы тұрған ең алғашқы от атқы Юан динасиясы Жышұн жылдарының 3 жылы (1332 жылы) жасалған. Ол қазірге дейін табылған мыстан жасалған, дүние жүзіндегі ең байырғы мыс зеңбірек болып, мылтық дәрісін қозғаушы күш ететіндіктен оның құдыреті біршама күшті болып, «мыс санғұн» деп аталған. Мылтық дәрісі ХІІІ-ғасырда араб елдеріне таралған. Араб елдері мен Иран мылтық дәрісін жасайтын селитраны «қытай қары» деп атаған. ХІІІ-ғасырдың соңғы жарымында еуропалықтар араб кітаптарынан мылтық дәрісі жөніндегі білімдерге ие болады. Мылтық дәрісі Еуропаға таралып кіргеннен кейін орасан зор рөл атқарады. Өнеркәсіп төңкерісінің жетіп келуіне байланысты мылтық дәрісі экономикалық құрылысқа көбірек қолданылып, адамзаттың тас қопарып, тау тесуіне, жол жасап, көпір салуына орасан зор рөл атқарады.
Компас. Ең алғашқы компас Жауласқан бектіктер дәурінде жарыққа шыққан. Ол кезде табиғи магнит тасты егеп қасық кескініне келтіріп алып, оны жап-жалтыр тегіс бетке қою арқылы бағыт айырған. Алдыңғы Чин мен Чин, Хан династиясы кезінде қыбыланама, Сұң дәуірінде компас балық, компас тасбақа және компас сияқтылар барлыққа келді. Б.з. Ⅺ ғасырына келгенде компас теңізшілік істеріне пайдаланылған. Компас болғаннан кейін теңізшілер бұлтты күні қайтемін деген уайым-қайғыдан ада болды. Б.з. Ⅻ ғасырында арабтар Қытайдың Гуаңжоу және Чуанжоу сияқты жерлеріне келіп жүріп компасқа қол жеткізді. 1180 жылдардың айналасында компас арабтардың қолынан еуропалықтарға таралады. Ал компас болғаннан кейін таяузаманғы Еуропа теңізшілерінің теңіз сапарлары мен жағрапиядағы ұлы байқаулары түгел жүзеге асты. ⅩⅤ-ⅩⅥ ғасырларда, Васко Дагама Африканы айналып үнді еліне жол тартты. Колумбо Америка ұлы құрлығын байқап, Магеллан жершарын айналып шықты. Егер компас болмағанда бұлардың бәрі үш ұйықтаса түске кірмейтін істер еді.
Тайвань – Қытай Республикасы қазіргі таңдағы, ең ескі мойындалмаған мемлекеттердің біріне жатады. Тайванның бөлектенуі 1949 жылғы азаматтық соғыс, Қытайдың ең негізгі комунистік пен Гомендан партиясы арасындағы қан төгістен бастау алады. Бірінші партияның басшысы Мао Цзэдун Қытай Халық Республикасын жариалап, екінші партия басшысын Чан Кайшиге соңғы күшімен Тынық Мухитындағы Тайвань аралында қоныстануға тура келді. 1949 – 1971 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасы мемлекеттік тұрғыда қолдау тауып, БҰҰ-ның мүшесі болады. Тайвань – экономикалық жағынан дамыған, ауқатты мойындалмаған мемлекет.Тайвань мемлекетінің тұрақталмаған саяси мәртебесі, аралға әлемнің жиырма шақты ең ірі экономикасы мықты мемлекет қатарына кіруге ешқандай кедергі жасамайды. Ол Сингапурмен, оңтүстіктің Корея және Гонконгпен әйгілі "азиялық аждаһаның" құрамына кіреді, сонымен қатар экономикалық және социалды-саяси турғыда дамыған мемлекттер құрамына кіруге жақындауда. Тайвань углісі мемлекет мойындалмаған күйде 50 жыл аралығында өмур сүріп ешқандай құлдырауға ұшырамауға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Тайвань Жапония мен Филиппин аралдарының арасында, Тынық мұхиттың батысында орналасқан. Тайвань мемлекетіне Тайвань аралы, Пэнху архипелагы (Пескадор аралдары), Киньмэнь (Кемой), Мацу және т. б. аралдар кіреді. Тайваньның ресми атауы 1912 жылдың 1 қаңтарында «Қытай республикасы» деп қабылданған.
Тарихқа жүгінетін болсақ
1895 жылы Қытай Жапониядан жеңіліс табады. Семоносек келісім шарты бойынша Тайвань аралы Жапонияға беріледі, бірақ тайвандықтар өз жерін оңайлықпен бермей Тайвань Республикасы аталып, бірнеше айлар аралығында сақтап қалуға тырысады. Жапонияның үстемдік жылдарында Тайвань аграрлық турғыда пайдалы болды, курүшпен қанттың тасушысына айналды. Басқыншықтар тайвандықтарға, өз Жапониялық саясатын сіңдіруге тырысып, жапон тілі заңды тілге айналды. 1945 жылы Жапония екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тауып, басып алынған жергер қайтарылады. Сонымен қоса Тайвань аралы, сол кезде Республика болып атанған Гомендан партиясының басшысы Чан Кайшиге беріледі, бірақ 1949 жылы Чан Кайши әскерлеру Қытайдың азаттық-боссатылған әскерінен талқандалып, Пекинді комунистер басып алады. Кейін Қытай Халық Республикасы болып атанады. Жоғарыда айтып кеткендей қалған әскер, оның басшысы 2 млн халқымен Тайваньға қоныс тебеді "Суық соғыстың" заманында, әлем екі шығырға бөлінді, коммунистік және антикоммунисттік партия болып. Гомендан Халық партиясы болса да, комунистерге қарсы күрес жүргізді, оған сол сәттен бастап АҚШ және НАТО-ның кейбір мемлекеттері қолдау көрсетті. 1950 жылы кәріс соғысы басталып, ҚХР-ның Тайвань аралыны басып кіруді тежеу үшін, өзінің әскерін жіберген еді. 1954 жылы Американдық үкімет тайваньдықтармен Қытай Республткасы атауын сақтап қалу үшін келісім шартқа отырады, сол кезден бастап қолдау көрсетіп, Тайвань ағымында АҚШ-тың 7 флоты қоныстанады. 1958 жылы ҚХР Тайвань аралығына жақындау мақсатында, Цзиньмыньдао және Мацзудао аралдарына күш көрсетеді, бірақ сәтсіздікке ұшырайды. Осыған байланысты, АҚШ өзінің аралдағы әскери маңызын нықтайды. 1960 жылы Тайвань аралында тығыз жағдай тоқтамай, американдық әскері ұшақтар ҚХР әуе аясына кіруін жиелетеді, бұған байланысты Пекин Вашингтонға шиеліністің шегі бары жайында нота жібереді. Осындай жолдаулар "соңғы қытайлық ескерту" деген атпен әйгілі. 60-70 жылдың межесіне АҚШ пен тайбэйдың арасында қатынастық алшақтауы байқалды. Бұған себеп болған АҚШ-тың Вьетнамдағы компанияға орналаса алмауы, солдай-ақ жаңа президент Р.Никсонның БҰҰ-да Қытай Республикасы басшысының орнына ҚХР-ның өкілінің орын алуы халықаралық аренада өзінің орнын жоғалтып, көптеген мемлекеттер Тайваньмен дипломатиялық қатынастарын үзуіне алып келеді. 1972 жылы Никсонның Пекин қаласына тарихи сапарында, «АҚШ тек бір Қытайды мойындайды, оның астанасы Пекин, ал Тайвань оның бөлігі» деп сөз сөйлеген болатын. Екі Қытай арасындағы шиеліністің бәсеңдеуі,1975 жылы ЧАн Кайшидің өлімінен кейін басталады. 10 жылдан кейін екі партия арасында, дипломатиялық қатынастарды реттеу жайында диологтар жүргізіле юастайды. 1986 жылы Тайвань мемлекеті мектеп оқушыларына,тілшілер мен бизнесмендерге басқа қалалара сапар шегуге рухсат беріледі. 1996 жылы Тайвань тұрғындары үкімет басшысын дауыс беру арқыла таңдап, аппозицияға кетуге мәжбір болады. 2002 жылы Тайвань ВТО-ғы мүше болып кіріп, шет мемлекеттермен ғаламдық сауда аясында серіктес болады. Көп мемлекеттер АҚШ пен БҰҰ-нан кейін «бір Қытайдың саясатын» қолдап, тек ҚХР мойындаса, Кішкентай еуропалық, латиноамерикандық, африкандық Гаити, Панама, Латвия, Макежония, Гватемала сияқты мемелекеттер Табэй астанасын мойындап, Қытай Республикасы деп атайды. 2003 жылдық қортындысы бойынша Тавань 27 мемлекетпен дипломатиялық қатынаста болса, 92 ресми емес өкілдерді 59 мемелекетке орналастырған. Тайвань халықаралақ аренада мойындалмаса да, 200 шақты халықаралық уйымдарда мүше болып келеді, оған ВТО-ны жатқызуға болады.