Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madenet eg.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.82 Кб
Скачать

10. Буддизмнін қытайға таралуы

Буддизм – б.з.д. шамамен VI ғасырда Оңт.Азияда пайда болған рухани ояну (бодхи) туралы философиялық ілім. Будда дәстүрлеріне сәйкес оның ілімінің негізін қалаушы Будда Шакьямуни болды. Қытайға буддизм біз/ң дәуіріміз/ң II-III ғасыр/нда ене бастады. Ең бірінші Қытайда буддизмді таратқан Ұлы Жібек жолы бойымен өткен орталық-азия мемлекеттері/ң саудагерлері, миссионерлері болды. Басында монарх/р,миссионер/р орталық азиядан болса, кейін Үндістаннан Қытайға келіп жатты. II ғ.ортасына қарай буддизммен император/қ сарай/р да танысып жатты, оны 165ж. Хуань-ди императоры/ң Лао-цзы мен Буддаға құрбандық шалуынан көруге болады. Ең алғашқы буддалық сутралар Шығыс Хань дәуірінде Лоянға Мин ди императоры кезінде әкелінген болатын.Мұнда кейін Қытайдағы алғашқы буддалық монастырь «Баймасы» (Ақ ат храмы) пайда болды. Сонымен қатар буддистердің әрекеттері шығыс Хань империя/ң Пэнчэнь қаласында да таралған болатын. II ғ. басында «42 бап Сутрасы» құрастырылды,онда ең алғаш рет будда ілімінің негіздері қытай тілінде жазылды.Қытайдағы буддизм дәстүрінің негізін қалаушысы парфяндық монах Ань Шигао өзінің көмекшілерімен бірге отыз шақты буддистік еңбектерді қытай тіліне аударды (148ж.). Осы кез/де елде буддистік монастрлар ұйымдастыратын мейрамдар тойлана бастады.Бірақ миссионер/ң көптігіне,халық арасына кеңінен таралуына қарамастан,ол ресми мойындалмады.Тек төртінші ғасырда ғана оны жоғарыдағы билеуші таптар қабылдағаннан кейін жағдай өзгере бастады.Ол қытайлық дәстүрлі идеологиясы/ң дағдарсыты басынан кешіруіне де байланысты болғаны көрінеді.Әсіресе, нирвана,сансар,праджняпарамит идеялары халық арасында кеңінен таралды.Буддизм/ң хинаяна,кейіннен махаяна түрлері танымал болды.Қытайда буддизм даосизмнің бір формасы ретінде қабылданған болатын.Аңыз б/ша даосизм/ң негізін қалаған Лао цзы Үндістанға жер аударып,сонда буддизм/ң негізін қалаған болатын.Буддизм/ң елде таралуына Даоань монахы (312-385) көп үлес қосқан.Ол танымал болған Майтреи буддасының культін енгізді,монастырлық жарғы жасады,монахтар фамилиясына Ши (Шакья Будда таралған руы) қосуды ойлап тапқан еді.Конфуциандық ж/е даосизммен біріге отырып, «үш діннің» (сань цзяо) негізін құрады,олар бір бірін ығыстырмай,керсінше толықтырды.Қытайда Будданың туған күні (төртінші айдың сегізінші күні) тойлана бастады.Оның үш негізгі мектеп болды: а) «трактаттар мектебі»; б) «сутралар мектебі»; в) «дхъян мектебі».XII ғ/да оппозициялық секталар п.б. Мысалы, «Ақ Лотос».Буддизм Қытай философиясына,әдебиеті мен өнеріне өте күшті ықпал етті.Буддистер Қытайды үнді логикасы,математика,астрономия,медицинасымен таныстырды.Буддистік идеялар көптеген қытайлық жазушы/р мен ақын/ға дем берді: Се Линъюнь, Ван Вэй, Ли Бо, У Чанъэнь,т.б. Қытайдан буддизм өркениеті Корея,Жапония,Вьетнамға тарады. 1931жылы Қытайда 738 мың монах б/ды. 1949жылы ҚХР құрылғаннан кейін буддистерге ар-ождан бостандығына кепіл берілген болатын,бірақ монастр/ң көбісі жабылып,монах/р әлемге қайта қайтарылды. 1953ж. мамырда ҚХР-да Қытайлық Буддистік ассоциация құрылды.Оған 93 өкіл кірді.Бас Хатшы болып Чжао Пучу сайланды. Ресми мәлімет/р б/ша 50-ші жыл/ң соңында ассоциацияда 500 мың монах,100 млн табынушы/р (верующие) б/ды.1966ж. «мәдени революция» басталуымен Қытайда барлық буддистік храм/р мен монастр/р жабылып,монах/р «қайта тәрбиеленуге» жіберілді.Ассоциация/ң қызметі 1980ж. Қайта қалпына келтірілді : буддистік монастр/р,академиялар,монастрлық мектеп/р ашылды.

13. Цин патшалығының мәдениет саясатының сипатын ашып көрсет.

 1644 жылы Маньчжурлар Қытайды басып алып, Мин әулетін биліктен кетірді. Цинь әулеті Қытайды 1911 жылға дейін басқарып тұрды. Маньчжурлар Қытай тарихы мен мәдениетіне зор үлес қосты. Маньчжур-Цинь империясының жүздеген жылдарға созылған басқыншылық жорықтарының нәтижесінде Ішкі Моңғолия, Тибет, Шығыс Түркістан мен Жоңғария жері империя отарына айналып, қазіргі ҚХР-дың мемлекеттік саяси шекара аумағының қалыптасуына негіз болды. Қытайды билеген үш ғасыр ішінде маньчжурлардан көптеген атақты қолбасшылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері шықты. 18 ғасырда өмір сүрген маньчжур жазушысы Сао Сюэциньнің қытай тілінде жазған “Қызыл сарайдағы түс” атты романы бүкіл дүниежүзілік әдебиетке қосылған үлес болды. Маньчжурлардың дәстүрлі кәсібі егіншілік (бұршақ, күріш, күнжіт, көкөніс, зығыр), аңшылық, мал шаруашылығы (сиыр, шошқа). Таулы аймақтарда тұратын Маньчжурлар орман шаруашылығымен айналысады. Дәстүрлі қолөнері: тор тоқу, себет өру, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар жасау, тері өңдеу, ағаш ою. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап маньчжурлардың өнеркәсібі жақсы дамыды. маньчжурлардың киімдері мен салт-дәстүрлері жағынан қытайлардан айырмашылығы жоқ.

XVII ғасырдағы ең атақты кескіндемеші Юнь Шоупин (1633—1690) болды. "Сүйексіз" немесе "буынсыз контур" деп аталатын тәсілді қолдана отырып, ол әрбір өсімдіктің құрылысы мен сұлулығын аша түсуге тырысты. Пион гүлінің шашыраңқы күлтелері, желмен тербеліп тұрған жауказындардың нәзіктігі олардың байқалмайтын қалтарыстары мен жұпар аңқыған иісіне дейін жеткізіп бақты.

XVIII ғасырлардағы маңызды рөлге ие болған роман мен драма секілді әдеби шығармалардың тууымен тығыз байланысты кітап гравюрасы пайда болды. Оларда, көбінесе, адамдардың жеке өміріне, ішкі көңіл күйіне көп мән берілді. XVI ғасырдағы тұрмысты бейнелеген суретшілердің басты өкілдері ретіндеТанинь мен Чоу Иньді айтуға болады. Олар поэтикалық ерекшелігімен де тамсандыратын орама повестердің жаңа түрлерін шығаруға ат салысты.

Орта ғасырлардың соңғы кезіндегі суретшілер адамның ішкі әлеміне жақындау үшін портреттік кескіндемені де өрістетті. XVI—X VIII ғасырларда түрлі портреттердің ішінде ата-бабаны дәріптеп отыру дәстүрімен байланысты салынатын аксүйектердің өлер алдындағы портреттері үлкен құрметке ие болды. Ортағасырлық қытай портреттеріне тән қасиет — адамның бет-әлпетін оның тағдырымен байланыстарды салу. Сондай-ақ оның туылған кезіндегі ғаламшарлардың аспандағы орналасу тәртібінің оның тағдырына каншальщты әсері болғанын көрсету. Бұл ілімнің негізінде қытай суретшілері беттің әрбір мүшесін басқалармен сәйкес етіп бейнелеу ережесінің толық жүйесі жасалады. Жерлеу алдындағы салтанатта ғасырлық конфуцийлік жұйенің бар төлім-тәрбиесі кеңінен көрініс тапты. Мәңгілікке бет түзеген адамдардың жүзі күнделікті күйбең тіршіліктен баз кешкендей, портреттен қатал тұлға маңғаздана қадалады да, қимылсыз, сұсты көздер тым алысты көздеді.

Бірақ, суретші белгілі бір адамның көзқарас ерекшелігін жазбай таниды. Мұиы XVI—XVIII ғасырлардағы "Төре әйелінің портреті", "Патриарх Чан Мэй Лаоцзи портретінен" байқауға болады. Олар суреттің бет-әлпет арқылы өз кейіпкерлерінің жас шамасын, билік құмарлықтарын, тіпті шаршаңкы сәттерін дәл көрсете білген шынайылықтармен құнды. Жалпы айтар болсақ,феодалдық мәдениеттің дағдарысқа тірелген де қытай кескіндемесі өзінің өміршеңдігін жойған жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]