
- •Мәдениет жөнінде анықтамалардың айырмашылығы.
- •3. Қытайдың клессикалық ілімдерінің қалыптасуының тарихи жағдайын талдау жаса.
- •4. Қытайдың дәстүрлі медицина ғылымының даму кезеңдерін көрсет.
- •5. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай мәдениеттерінің дамуын нақты мысалмен аянда.
- •6.Конфуций ілімінін негізгә ұстанымдарын пайымда
- •7.Даосизм ілімі және онын даму кезендерін көрсет
- •8.Заңшылдар(легизм) ілімі және онын әлеуметтік рөліне талдау жаса
- •10. Буддизмнін қытайға таралуы
- •14. Цин патшалығы кезінде батыстың рухани мәдениетінің Қытайға ықпалын дәлелде
- •18. Қытайдың төрт ұлы жаңалықтары және оның Батысқа таралуын түсіндір.
- •21. Хх ғ. Басында Қытайда жеңіл өнеркәсіп техникасының дамуынпайыда
- •24. Қытайда хх ғ. Басында жаңаша білім беру жүйесінің қалыптасуын анықтап көрсет.
- •30. Хх ғ. Бірінші жартысында Қытайдың білім беру істерінің дамуын сипатта.
- •32.Қкп хх ғ. 50 - жылдардағы мәдениет саласындағы социалистік қайтақұрулар ұдерісін көрсет.
- •35.(2) Қазіргі қхр мәдениетінің әлемдік ықпалына талдау жаса.
- •39. Қхр ғылыми-техника саласындағы рефомалары саясаты (1978 жылдан кейінгі)..
- •41. Қхр индустурия өркениетінің дамуын бағамда.
- •42. Қазіргі қхр-ның әлемге мәдениет тарату тәсілдерін пайымда.
- •45. Цин патшалығы кезінде батысдың рухани мәдениетінің қытайға ықпалына талдау жаса.
- •51. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай поэзиясының дамуын сипатта
- •53. Заңшылдар (легизм) әілемі және оның теорияларын Батыспен салыстыр.
- •54. Гоминьдан үкіметінің жүргізген мәдениет саясатының мақсатын ашып көрсет.
- •58. Қазіргі заманғы қытай мәдениетінің әлемдік ықпалы
- •59. Қазігі қытайлықтардың менталиттеріндегі өзгерістерді пайымда.
7.Даосизм ілімі және онын даму кезендерін көрсет
Даосизм (қытайша “дао цзяо” – “жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди (“Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық наным¬дардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын “Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) “Чжуан-цзыда” баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм “Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және “Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – бей¬мәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек “дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана бай¬қалады: егер дао барлығын жара¬тушы болса, дэ – қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны “ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы эле-менттерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі “киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
Көне даосизмнің философиялық ұстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VІ ғ.), Ван Сюаньлань (VІІ ғ.), Ли Цюань (VІІІ ғ.), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ.), Чжуан Бодуань (XІ ғ.).Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайваньда, Сянганда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да қудалауға ұшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Қытайдағы “Даосизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы” жұмысын қайта жандандырған. Жалпы алғанда, даосизмнің қытай мәдениетіне үлкен әсері болды. Алхимиямен шұғылдану химия, фармакология саласында бай эмпирикалық материалдың жиналуына ықпалын тигізді. Даолық ғалымдардың шығармаларында металдар мен минералдар, қағаз жасау сыры, оқ-дәрі, фарфор, жібек, дәрілер рецептін баяндайтын деректер сақталған.
8.Заңшылдар(легизм) ілімі және онын әлеуметтік рөліне талдау жаса
Легизм – халықтың саяси билікті, оның заңдылығы мен шешімдерін растауын білдіретін түсінік ретінде Ежелгі Қытайда б.з.д. VI-III ғасырларында пайда болған этикалық және саяси ілім. Ежелгі Қытайда легизмнің екі түрін бөліп көрсетеді:
Хань патшалығындағы Шэнь Бу-хай кезіндегі легизмнің бірінші түрі. Легизмнің бұл кездегі негізгі теорисы – жетекшілік етудің өнері болып табылады.
Вэй патшалығындағы Шань Ян теориясы – легизмнің екінші түріне жатады.
Қытай қоғамының демографиялық тығыз орналасуы- олардың әлеуметтік- саяси тұрғыда дамуына кедергі жасаумен қатар, мемлекеттік билікке де әсер ететін. Осы тұрғыда қытайлықтар қоғамды және мемлекеттік басшылықты нығайту барысында және дамыту барысында күрескен болатын. Яғни бұл сыртқы қарым- қатынаста легизм және конфуциансто күресі ретінде көрініс тапты. Әлеуметтік, саяси тоталитарлық доктринаның легистік символы негізінде Цин Шихуанди халқына «халық –шөп, ал билік болса- жел, жел қайда соқса, шөп солай қарай иіледі, бағынады»деген ой тастаған. Легистер басынан адамзатты бағынышты деп тауып, мынадай тұжырым жасаған: «адамзат бағынышты болғандықтан, билік басындағылар сол адамзатты мемлекеттік биліктегі екі пайдалы жолға итермелеуі қажет» деп тапты. Ол екі жолды көрсетті :
Соғыс;
Жериелену;
Легизм – жоғары билік басында императорлық жүйенің қалыптасуымен, биліктегі госаппараттың жүйеленуімен ерекшеленеді. Ежелгі Қытайда мемлекеттік билік легитімді болуы үшін мынадай екі шарт қажет деп тапты:
Легизмнің халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы;
Мемлекеттік биліктің қағидаларға сәйкес жүргізілуі;
Легизм – заңдар, құқықтық нормалар мен принциптер негізінде қызмет етуінен, биліктің заңдылығынан, олардың қажеттілігі мен мақсатына лайықтылығын танудан, мемлекеттің саясаты мен саяси бағытын қолдаудан тұрады.
Ежелгі Қытайдың белгілі бір дамуы кезеңінде легизм және оның методы тарихи, прогресивті орын алған. Легизм- жоғары билік басында императорлық жүйенің қалыптасуымен, биліктегі госаппараттың жүйеленуімен ерекшеленеді. Орта ғасырдағы Қытайдың саяси және әлеуметтік жүйесінде:
1. қоғамды күшпен басқару- реалисттік легизм идеясы;
2. әлеуметтік статусына байланыссыз, конфуциандық идеализм болған;
Ежелгі Қытайда легизмнің әлеуметтік дамуы биліктің саяси құрылымын орнатқан құқықтық ережелерге негізделуімен ерекшеленеді.