Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madenet eg.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.82 Кб
Скачать

6.Конфуций ілімінін негізгә ұстанымдарын пайымда

Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы – Конфуций (б.э.д. 551– 479 жж.) чжоулік Қытай (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында) қиын ішкі дағдарыс жағдайында болғанда, яғни үлкен әлеуметтік және саяси күйзеліс дәуірінде туып және өмір сүрген Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Оның ілімі адамгершілікке – адамдардың этикалық және әлеуметтік қарым-қатынасына арналып, ата-бабаларына қошемет, жасы жағынан да, дәрежесі жағынан да өзінен жоғары адамдарды құрметтеу, т.б. ізгілікке негізделген. Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам туғаннан жаман болып туылмайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Конфуций ілімінің негізгі этико-философ/қ концепциялары: 1.Жень (ren) конц/сы («гумандық», «адамды сүю») адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама» ж/е ли концепциясы («этикет» «тәртіп») сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет. Бұл екі компонент Конфуц/ң мемл/к құрылым мен қоғам/ң әлеу/к ұйымд/ға деген көзқарасын білдіреді. 2. цзюнь-цзы конц/ң мәні – «адал қызметкер болу, басшыны құрметтеу». Ол басқару жүйесіндегі нег. мәселе/р, ең алдымен, басшы мен шенеуніктер арас/ғы қатынас/ға байланысты мәселелер кешенін қамтыды. 3. концепция «орта тур. ілім» (чжун юн) ретінде белгілі, ол бұл арқылы шектен асып кетпеуді айтады. 4.Билік мәселелерін талқылай келе Конф. барлық істер «әділеттілік» принципіне негізделіп шешілуі керек деп санады. Ол мұнымен «билік» пен «әділеттілік» секілді бір-бірінен алыстау болған түсініктерді біріктірді. 5. конц б/ша адам/ң ол насихаттап жатқан сенімге қатынасы жайында. «Біздің ілімге қажымай адал бол, оны меңгер, өміріңді қатерге тігіп оны қорға». Аспан еркі тур ойлары. Конф афоризмінде кездестіретін ең мистика/қ нәрсе осы болу керек. Конф/ң нег. идеялары мемл/тті ж/е қоғ/ды басқаруға байл. болғанын байқай аламыз. Ол әлеум/к тәртіпте мемл/тте де, отб/да да үлкендер басқару керек, кішілер бағыну керек деген идеяны ұстанды. «Басшы басшы болсын, әке әке, бала бала болсын», яғни әрқайсысы өз орнын біліп, өз функцияларын атқаруда ғана тәртіп пен гармония орнайды. Лунь-юй трактатында қалай басқару, әкімшіліктік өнер жайында көп айтылады. Ол б/ша үнемі дұрыс ж/е әділетті істер жасалуы керек, қиын шешімдерді қабылдауда асықпау, істің мәнін жете түсіну, өзгені тыңдай білу, тәуекел әрекеттерден сақтану керек. Конфуц. жақсы қоғамдық құрылым/ң бастауын жақсы отбасылық қатынас/дан көре білді. Ол б/ша мораль/қ заңдарға сүйене отырып басқару керек (нағыз көрегенді басқарушы), ал мәжбүрлеу, күш көрсетуге ең соңғы құрал ретінде қарау керек. Мемл/тті басқаруда тәртіпке сүйенді (ли), тәртіп өміршең болуы үшін ол «хе», яғни гармония/қ принц/ті ұстанды. Тәртіпті бірлікке жету арқылы құру керек. Оның ойынша халықты тәртіпке шақыру үшін оларға жол сілтеуші, идеал болатын басқарушы керек: «Егер басқарушы тәртіпті, әдепті сүйетін адам болса, онда ешкім де бейжай қарамайын болады, егер басқарушы әділ болса, ешкім де бұл шектен шығып кете алмайды, егер басқарушы шынайы болса, онда ешбір адам өз сезімін жасырып тұра алмайды». «Басқарушы Көктің әмірінен, ұлы адамдардан және өте ақылдылардан қорқады, сондықтан ол өте ақылдылардың ішіндегі ең ақылдысы болуы керек. Ол өзінің ақылдымен ж/е ли-ге бейімделуімен халық/ң сенімі мен махаббатына бөленуі керек». Сонымен қатар Конф. б/ша адам үнемі үйренуді сүйіп, өмір бойы талпыну керек. «Ойлаусыз үйрену бекер, ал үйренусіз ойлану қауіпті», яғни бір нәрсені ойлап табу үшін көп нәрсені білу керек, ал бір нәрсе ойлап табу үшін білуге тиіс барлық нәрселерді білуінше оны жасауға талпынудың қажеті жоқ. Адам ең алдымен өмірдің заңдылықтарын танып-білуге ұмтылуы тиіс. Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми ой-саналық қызмет атқарып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]