
- •Мәдениет жөнінде анықтамалардың айырмашылығы.
- •3. Қытайдың клессикалық ілімдерінің қалыптасуының тарихи жағдайын талдау жаса.
- •4. Қытайдың дәстүрлі медицина ғылымының даму кезеңдерін көрсет.
- •5. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай мәдениеттерінің дамуын нақты мысалмен аянда.
- •6.Конфуций ілімінін негізгә ұстанымдарын пайымда
- •7.Даосизм ілімі және онын даму кезендерін көрсет
- •8.Заңшылдар(легизм) ілімі және онын әлеуметтік рөліне талдау жаса
- •10. Буддизмнін қытайға таралуы
- •14. Цин патшалығы кезінде батыстың рухани мәдениетінің Қытайға ықпалын дәлелде
- •18. Қытайдың төрт ұлы жаңалықтары және оның Батысқа таралуын түсіндір.
- •21. Хх ғ. Басында Қытайда жеңіл өнеркәсіп техникасының дамуынпайыда
- •24. Қытайда хх ғ. Басында жаңаша білім беру жүйесінің қалыптасуын анықтап көрсет.
- •30. Хх ғ. Бірінші жартысында Қытайдың білім беру істерінің дамуын сипатта.
- •32.Қкп хх ғ. 50 - жылдардағы мәдениет саласындағы социалистік қайтақұрулар ұдерісін көрсет.
- •35.(2) Қазіргі қхр мәдениетінің әлемдік ықпалына талдау жаса.
- •39. Қхр ғылыми-техника саласындағы рефомалары саясаты (1978 жылдан кейінгі)..
- •41. Қхр индустурия өркениетінің дамуын бағамда.
- •42. Қазіргі қхр-ның әлемге мәдениет тарату тәсілдерін пайымда.
- •45. Цин патшалығы кезінде батысдың рухани мәдениетінің қытайға ықпалына талдау жаса.
- •51. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай поэзиясының дамуын сипатта
- •53. Заңшылдар (легизм) әілемі және оның теорияларын Батыспен салыстыр.
- •54. Гоминьдан үкіметінің жүргізген мәдениет саясатының мақсатын ашып көрсет.
- •58. Қазіргі заманғы қытай мәдениетінің әлемдік ықпалы
- •59. Қазігі қытайлықтардың менталиттеріндегі өзгерістерді пайымда.
58. Қазіргі заманғы қытай мәдениетінің әлемдік ықпалы
Адамзат мәдениетінің ең бір ежелгі ошақтарының бірі — Ежелгі Қытай өнері (б.з.б. 3 ғ-ға дейін). Бұл дәуірдегі өнердің дамуы қалалардың пайда болуымен тығыз байланысты: ғибадатханалар, билеушілер сарайларының құрылысы, т.б. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері, қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты қабірлерінің ішіне асқан көрік берген. Қытай мәдениетінің маңызды кезеңі — б.з.б. 11 — 3 ғ-лардағы Чжоу дәуірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықта пайда болған діни-филос. ілімдер — конфуцийлық пен даоизм Қытайдың кейінгі бүкіл мәдениетіне ықпал етті. Осы кезеңде қытай сәулет өнерінің қағидалары қалыптасты, аңшылықтың, егін орағының жанрлық көріністерінен тұратын ыдыстардың безендірілу үлгілері күрделене түсті, қытай Б. ө. үшін классикалық стиль болып табылатын орамаларға тушьпен сурет салу өнері қалыптасты. Ұлы Қытай қорғанының құрылысымен әйгіленетін Цинь дәуірінің (б.з.б. 221 — 207) өнері көне қытайлықтардың дүниенің құрылымы, әлемдегі елдер туралы түрліше түсініктерін бейнелейді. Оларда шынайы өмірлік бақылаудан туған пайымдаулар мен жүйрік қиял астасып жатыр.
Мәдени даму тік бағытгалған процесс емес. Онда үнемі ескінің жаңамен, өзіндік мұраның басқалармен қызу қарым-қатынасы жүріп жатады. Мәдени бірегейлі мәдениетгердің бір-біріне ықпалын, өзара байланысын жоққа шығармайды. Мәдени өзара байланыс кеңістігі ұлан-ғайыр. Қытайдың— Ұлы Жібек жолының осы территориялар арқылы өтуі еді. Ұлы Жібек жолы шынында да Батыс пен Шығыстың ұлы мәдениеттерінің сұхбаты, ұлы діндердің кездесу орны болды.
Батыс адамзаты өкімет билігінің заңға негізделген легалды түріне көшкен сәтте Шығыста әлі де болса сакралды (қасиетті) және профанды (қарапайым күнделікті), діни және зайырлы бастамалардың біте қайнасып жатуы көзге ұрады. Соның айғағы қытайдың ұлы мәдениеттерін мысал ете кетуге болады.
Дәстүрлі Қытайдың конфуцийшілдік, буддалық мәдениеттер діни — әдептік критерийлерді алға жетілдіріп, батыстық рационалдық проективизм мен экспериментатор лықты күмәнға алып, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді сақтауға шақырады. Өткен бітімдерді либералдық сынауға шектеу қоятын бұл ұстанымда тарихқа ізеттілікпен қарау тұғырнамасы қолданылады, заман талаптарына сай жауап беру, өзгелердің дайын рецептерін сол күйінде қабылдай бермей, өз мәдениетінің ішкі, әлі ашылмаған потенциалын жаңа шындыққа сай қолдану қажеттігі айтылады. Сонымен, даму және инновациялар бұл ұстанымда бекерге шығарылмайды, бірақ о л ар бұрынғы консервативті және қорғаушы бастауларға ұяланады.
59. Қазігі қытайлықтардың менталиттеріндегі өзгерістерді пайымда.
Менталитет деген бұл халықтың мінез-құлқы, ұлттық сипаты деген ұғымға саяды. Меніңше, заман өзгерген сайын, ұлт та, ұлттың мінез-құлқы, менталитеті де өзгереді. Ұлттық мінез деген тақырыпты ғалымдардан гөрі философ, ақын-жазушылар бір ауыз сөзбен түсіндіріп жатады. Меніңше, басты мәселе менталитеттің заманға сай өзгеруінде. Ал, ғылымда, ұлттық мінез бен ұлттық діл ұғымдарын бөлек қарастырады. Яғни, ұлттық діл деп ойлау үлгісін, рухани мінез-құлықты жатқызамыз. Ал, ұлттық мінезге адамның әрекеттік жағын, типтік мінез бітістерін, белгілерін ғана қарастырамыз. Мұны ғылым тұрғысында зерттеу де қиын. Қытайдың ұлт ретіндегі мінез-құлқын, таным-пайымын, менталитетін бир сөзбен айту мүмкін емес. Қытай халқының менталитеті өзіндік ерекшелігімен бөлектеніп тұрады. Ұлттық менталитет деген ұғымда, біз тиянақты тоқтамға келген жоқпыз. Өйткені, бұл ғылымға соңғы кезде енген ұғым. Қазігі қытайлықтардың менталиттеріндегі өзгерістерді пайымдай келетін болсақ Қытай халқы өте қу әрі өз ойын тыныш жүріп ақ жүзеге асырады. Сонымен, Қытайлықтардың ерекшелігі деп, қытайлардың өзіне ғана тән тілі, ділі, дәстүрі, мәдениеті, және басқа мемлекеттерден ең басты ерекшелігі ол еңбекқорлығында. қытайлықтар біркелкі ұлт емес. Олардағы негізгі этникалық топ – ханьзылар, бірақ одан басқа да 55 этникалық топ, аздаған, 1-2 миллионнан бастап ондаған миллион адамы бар топтарға дейін бар. Олардың барлығы да өздерін «жүнгоженьбіз» деп атайды. Ол, егер жақында өткен терминді еске алатын болсақ, «жаңа тарихи қауымдастық – біртұтас кеңестік халық» деген сияқты. Қытайдағы ұлттық саясат жүйелі түрде қатаң жүргізіледі. Аз халықтардың («шао шу минцзы») ұлттық дәстүрлері мен ерекшеліктері онда іс жүзінде этнографиялық-мәдени деңгейде сақталады. Басқасының барлығы Ұлы Қытай мүддесіне бағыныңқы және онда ешқандай ұлттық түзетулер жоқ. қытай мәдениетінің талассыз ұлылығына қарамай, осы орасан зор мемлекет сауатсыз адамдарға лық толы. Онда оқып, жаза алатындар пайызы өте аз (рас, 1,5 миллиардтың ішінде). Орасан көп халықтың айналада не болып жатқанымен ісі жоқ және онымен қызықпай-ақ, өмір сүреді. Оларды қызықтыратыны жұмыс, отбасы бәлкім спорт шығар. Олардың жалпы мәдени деңгейі өте төмен, олар топ болып бара жатқанда қатты, айқайлап сөйлесіп, айналасына қарамайды да.