Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madenet eg.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.82 Кб
Скачать

53. Заңшылдар (легизм) әілемі және оның теорияларын Батыспен салыстыр.

Легизм – халықтың саяси билікті, оның заңдылығы мен шешімдерін растауын білдіретін түсінік ретінде Ежелгі Қытайда б.з.д. VI-III ғасырларында пайда болған этикалық және саяси ілім. Ежелгі Қытайда легизмнің екі түрін бөліп көрсетеді:

  • Хань патшалығындағы Шэнь Бу-хай кезіндегі легизмнің бірінші түрі. Легизмнің бұл кездегі негізгі теорисы – жетекшілік етудің өнері болып табылады.

  • Вэй патшалығындағы Шань Ян теориясы – легизмнің екінші түріне жатады.

Қытай қоғамының демографиялық тығыз орналасуы- олардың әлеуметтік- саяси тұрғыда дамуына кедергі жасаумен қатар, мемлекеттік билікке де әсер ететін. Осы тұрғыда қытайлықтар қоғамды және мемлекеттік басшылықты нығайту барысында және дамыту барысында күрескен болатын. Яғни бұл сыртқы қарым- қатынаста легизм және конфуциансто күресі ретінде көрініс тапты. Әлеуметтік, саяси тоталитарлық доктринаның легистік символы негізінде Цин Шихуанди халқына «халық –шөп, ал билік болса- жел, жел қайда соқса, шөп солай қарай иіледі, бағынады»деген ой тастаған. Легистер басынан адамзатты бағынышты деп тауып, мынадай тұжырым жасаған: «адамзат бағынышты болғандықтан, билік басындағылар сол адамзатты мемлекеттік биліктегі екі пайдалы жолға итермелеуі қажет» деп тапты. Ол екі жолды көрсетті :

  • Соғыс;

  • Жериелену;

Легизм – жоғары билік басында императорлық жүйенің қалыптасуымен, биліктегі госаппараттың жүйеленуімен ерекшеленеді. Ежелгі Қытайда мемлекеттік билік легитімді болуы үшін мынадай екі шарт қажет деп тапты:

  1. Легизмнің халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы;

  2. Мемлекеттік биліктің қағидаларға сәйкес жүргізілуі;

Легизм – заңдар, құқықтық нормалар мен принциптер негізінде қызмет етуінен, биліктің заңдылығынан, олардың қажеттілігі мен мақсатына лайықтылығын танудан, мемлекеттің саясаты мен саяси бағытын қолдаудан тұрады.

Ежелгі Қытайдың белгілі бір дамуы кезеңінде легизм және оның методы тарихи, прогресивті орын алған. Легизм- жоғары билік басында императорлық жүйенің қалыптасуымен, биліктегі госаппараттың жүйеленуімен ерекшеленеді. Орта ғасырдағы Қытайдың саяси және әлеуметтік жүйесінде:

  1. қоғамды күшпен басқару- реалисттік легизм идеясы;

  2. әлеуметтік статусына байланыссыз, конфуциандық идеализм болған;

Ежелгі Қытайда легизмнің әлеуметтік дамуы биліктің саяси құрылымын орнатқан құқықтық ережелерге негізделуімен ерекшеленеді. Билікті күшпен басқару қоғамның идеологиясына кері әсерін тигізгендіктен, легизмнің дамуы ұзақ болмады. XIX ғ ортасынан бастап Қытай Батыстың ықпалына түскен кезі еді. Әскери жеңілулер, әулеттердiң құлдырауы және мемлекетке жаңа идеялардың енуі, мүлде басқа саясат пен мәдениеттегі басымдылық пен құндылықтар жүйесінде негізделген, Қытайда дәстүрлі құндылықтарды күшпен алып, өз мемкетінің әлемдік держава ретінде түсінуіне алып келді.

54. Гоминьдан үкіметінің жүргізген мәдениет саясатының мақсатын ашып көрсет.

1928 жылы ақпан айында 2 кезекті 4 пленумда мәдени саясаты қабылдаған болатын. Сонымен қатар олар біріншіден Сун Ятсенның 3 принципін жүзеге асыру ж/е Чан Кайшидің идеясы бойынша қабылдаған 4 сақтау және 8 моральдық нормативтерді қалыптастыру болды.

4 сақтау дегені

li-әдептілік

yi-борыштылық

lian-тазалық

di-намыс

8 моральдық

-адамдық

-имандылық

-мейірімділік

-сүйіспеншілік

-сенім

-борыштылық

-7,8 бейбітшілік

1934 жылы ақпан айында Чан Кайши «Жаңа өмір» деген қозғалыс бастайды. Содан кейін Чан Кайши «Мәдениет құрылысы» журналын шығарады. Бұл жерде ол Қытай мәдениетін негіз ету, жаңа бір мәдениет қалыптастыру керек деген екен.

1915 жылы Жаңа мәдениет қозғалысы болды. Жаңа әдебиет, ескі әдебиет ұғымдар қалыптаса бастады. 1919 жылы халықтың әдебиет жазуы қалыптасып сол кездерде жаңа әдебиет қатты дамыды. 1925 жылы пролетариат әдебиеті, искусство т.б. дамыды. Мысалы: Мао Дунь (шын есімі Шэнь Яньбин) (4 шілде 1896 жыл, Тонкин, Чжэцзян провинциясыҚытай 27 наурыз 1981 жылПекин), қытай жазушысы, әдеби сыншысы әрі редакторы. [1].

1930 жылы Сол жазушылар одағының негізін қалаушы, коммунистік билік (1949-64) орнағаннан кейін мәдениет министрі болған.

Көптеген батыс сыншылары оның «Затмение» (1930) повесть-трилогиясын шедевр деп есептейді, әйтсе де оны марксшылар сынға алған болатын. Оның ағылшын тіліне тәржімалаған еңбектері «Весенние шелкопряды и другие истории» (1956) және «Радуга» (1992) новелласы.

Ол Қытай РЕАЛИЗМІНІҢ ең ірі романшысы болып саналады.

1930 жылы солтшыл әдебиетшілер агентігі құрылды.

1930 жылы желтоқсан айында Гоминьдан үкіметі баспасөз заңын қабылдайды. Бірақ басылымдарға әр түрлі шектеулер болды. 1936 жылы Гоминьдан үкіметі кері әдебиет-көркем өнерін басылымдардын жоя бастады. 364 түрлі әдебиетке тыйым салынды ж/е 676 түрлі журналдарға тыйым салды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]