
- •Мәдениет жөнінде анықтамалардың айырмашылығы.
- •3. Қытайдың клессикалық ілімдерінің қалыптасуының тарихи жағдайын талдау жаса.
- •4. Қытайдың дәстүрлі медицина ғылымының даму кезеңдерін көрсет.
- •5. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай мәдениеттерінің дамуын нақты мысалмен аянда.
- •6.Конфуций ілімінін негізгә ұстанымдарын пайымда
- •7.Даосизм ілімі және онын даму кезендерін көрсет
- •8.Заңшылдар(легизм) ілімі және онын әлеуметтік рөліне талдау жаса
- •10. Буддизмнін қытайға таралуы
- •14. Цин патшалығы кезінде батыстың рухани мәдениетінің Қытайға ықпалын дәлелде
- •18. Қытайдың төрт ұлы жаңалықтары және оның Батысқа таралуын түсіндір.
- •21. Хх ғ. Басында Қытайда жеңіл өнеркәсіп техникасының дамуынпайыда
- •24. Қытайда хх ғ. Басында жаңаша білім беру жүйесінің қалыптасуын анықтап көрсет.
- •30. Хх ғ. Бірінші жартысында Қытайдың білім беру істерінің дамуын сипатта.
- •32.Қкп хх ғ. 50 - жылдардағы мәдениет саласындағы социалистік қайтақұрулар ұдерісін көрсет.
- •35.(2) Қазіргі қхр мәдениетінің әлемдік ықпалына талдау жаса.
- •39. Қхр ғылыми-техника саласындағы рефомалары саясаты (1978 жылдан кейінгі)..
- •41. Қхр индустурия өркениетінің дамуын бағамда.
- •42. Қазіргі қхр-ның әлемге мәдениет тарату тәсілдерін пайымда.
- •45. Цин патшалығы кезінде батысдың рухани мәдениетінің қытайға ықпалына талдау жаса.
- •51. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай поэзиясының дамуын сипатта
- •53. Заңшылдар (легизм) әілемі және оның теорияларын Батыспен салыстыр.
- •54. Гоминьдан үкіметінің жүргізген мәдениет саясатының мақсатын ашып көрсет.
- •58. Қазіргі заманғы қытай мәдениетінің әлемдік ықпалы
- •59. Қазігі қытайлықтардың менталиттеріндегі өзгерістерді пайымда.
41. Қхр индустурия өркениетінің дамуын бағамда.
Қытайдың индустрия мәдениеті. Қытайдың индустрия мәдениет реформасы экономика реформасының өткізілуімен сәйкес келеді және соған тікелей байланысты. Индустрия мәдениеті мәдени бағыттағы қоғамдық іс-шаралардың сапасының өсуіне үлкен үлес қосады. Сондықтан да ҚХР алғашқы кезеңде нарықтық экономиканың мәдени ресурстарды бөлісудегі негізні орнын анықтады. Бұл мәселені шешу үшін, қоғамға мәдени салада қызмет көрсететеін ұйымдардың жұмысын қайта қарастырды. Яғни бұл ұйымдарға инвестиция құюды көбейтті, басқару құрылымдарының жұмысын жақсартуға көп қызмет атқарды. Соңғы жылдары мәдени индустрия саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Негізгі орында мәдени индустрияның мемлекеттік салаларында жеке құрылымдардың трансформациясы өткізілді. Яғни, ҚХР мемлекеттің мәдениетін жаңа сатыға көтеру үшін, жеке компаниялар мен жеке тұлғалардың көмегіне сүйене бастады. Бұл шешім қытайдың дәстүрлі мәдениетін әлемге жарнамалауға және одан көп тәжірибе алуға көмегін көрсетті. Сондықтан да республикада мәдени индустрия саласына жастарды тарту саясаты жүргізілуде, мемлекетте мәдени индустрия институттары ашылуда, мәдени саладағы жұмысшылар арасында бәсекелестік рухы өсуде. Бұған қоса, мәдени саладағы мемлекеттің қызметі де біршама өзгерді. Ол микросатыдан макросатыға қайта ауысты. Мемлекетте мәдени индустрияның ортақ, ашық, бәсекелестікке қабілет ібар жүйесі қалыптасқан. 1978 жылдан бері жыл сайын «Мәдени индустрия жәрмеңкесі» өткізіледі. Бұл жәрмеңкеде түрлі мәдениетті көтеруге арналған бағдарламаларға қол қойылады. Сонымен қатар, ҚХР мәдени индустрия саласының өсу қарқынын келесі мысалдардан да көре аламыз. 2009 ж ҚХР киноиндустрия саласында әлемдік кино шығарушы негізгі үш мемлекеттің қатарына енді. Қазірге кезде Қытай жылына кем дегенде 400 кино түсіреді. Қытай шоу-бизнесі әлемге жылдан-жылға танылуда. Ал баспасөз саласының табысы жыл сайын 20% өсуде. Қазірге кезде, ҚХР мәдени саланың нарықтық үлгісі қызмет атқаруда. Яғни, дәстүрлі мәдениет негізгі болып қала береді, бірақ, шетел мәдениетінің үлгілері де болуға мүдделі. Бұл ерекшелік, Қытайдың негізгі мәдени секторынынң дамуына көп пайда тигізуде.
42. Қазіргі қхр-ның әлемге мәдениет тарату тәсілдерін пайымда.
Қазіргі мәдениет ақпараттың модернизациялануы және экономикалық глобализациямен құрылып жатыр. Адамзат прогрессінің алға шығуы және эпоханың дамуына байланысты ешқандай өркениет жалғыз өзі дамып, изоляцияда өмір сүре алмайды. Ұзақ уақыт бойы бірге өмір сүру және Шығыс пен Батыс өркениеттерінің, мәдениеттерінің өзара алмасуы, осының барлығы мемлекеттердің өзара жақындасуына себеп болды. Адамзаттағы қатынастардың ең жақсы түрі – мәдениет болды.
Қытай мәдениетінің дамуы адамзат өркениетің жетістіктерінің бір бөлігі. Сыртқы ашықтық Қытай экономикасын құрудағы мемлекеттік саясат қана емес, сонымен қатар, ҚХР – дың қазіргі мәдениетін құру бағыты.
Батыс мәдениетінің Қытайға енуі XIX ғ. 40 жылдарында мемлекетте « опиум соғ. » кезінде Батыс елдерінің коалициясынан басталды. Бұндай құбылыс әсіресе Шанхай қаласында көрініс тапты.
Қытай ежелден өзінің мәдениетін, салт – дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында жеткізіп, сақтап келе жатқан бірден – бір мемлекет. Қытайдың басқа халықтарға ұқсамайтын өзіндік бір ерекшелікке ие мәдени құндылықтары бар. Архитектура, өнер, тоқу тіпті қолжазбасының өзі әлі күнге дейін ежелгі технологияны, дәстүрді сақтап ары қарай дамытуда.
Қытай басқа шет мемлекеттердің мәдениетінің озық үлгілерін қабылдай отырып, өзінің мәдениетін үстем ұстайды. Жер шарындағы елдерде Қытайдың қол өнер бұйымдары, тоқыма заттары үлкен сұранысқа ие. Бұл Қытайдың экономикалық дамуы, адамдарың еңбекқорлығы арқасында осындай жетістіктерге жетіп отыр. Дамыған елдердегі озық үлгілерді өзінің өнеркәсібіне енгізіп, оны қолданысқа тез шығарады. Қытай өзі шығарған тауарларды өте сапалы жасап, бүкіл дүниежүзіне экспортайды. Қазіргі кезде ҚХР мәдени ынтымақтастық жөнінде 123 мемлекетпен келісім бекітті, сонымен қатар, 430 мәдени алмасу істеріне қатысады. 160 астам мемелекеттермен мәдени қатынастарын сақтауда. Қытай шет ел мемлекеттерінің көптеген әдеби және ғылыми жұмыстарымен таныс.
Қорытындылай келе, Қытай шет ел мемлекеттері мәдениетінің тәжірібесін, ең жақсы үлгілерін қабылдай отырып, өз мәдениетін сақтап, ары қарай дамытуда.
43. ҚХР-ның электронды технологисының дамуына талдау жаса.
Бүкіл әлемдегідей, Қытайда Ғаламтордың және электронды сауданың дамуы EDI (electronic data interchange) , бағдарламасының қолданылуынан басталды. 1990 жылы БҰҰ бұл бағдарламаны бүкіл әлемге тарата бастады. 1995 жылдың аяғында ғаламтор Қытай қоғамында әр түрлі бағытта дами бастады. 1997 жылдан бастап әр түрлі жарнамалар, ғаламтор мекен-жайлары, терминдер және электронды сауда түсінігі Қытайдың барлық жерінде қолданыла бстады. Коммерциялық электронды сауданың дамуы Қытай қоғамындағы сол жылдардағы экономиканың және өнеркәсіптің өсуі , қазіргі өнеркәсіптің өсуіне алып келді. Он жыл көлемінде электронды коммерция Қытай нарығында үлкен орын ала бастады.
Сонымен қатар, XX ғасырда Қытайда теледидар арналары жақсы дамыды. Бұл арналардың Қытай қоғамында орын алуына, осы электронды технологияның дамуы ерекше әсер етті. Қытайда арналар кеш пайда болды, бірақ тез дамыды. Ал, қазіргі таңда электронды арналарды тұтынушылар қатарында әлемде бірінші орын алады.
Қытайдың бұндай электронды арналарға қадам басуын 4 этапқа бөліп көрсеткен, және әр этапқа өзіндік ерекшеліктері бар:
1958-1966 бірінші телестанцияның пайда болуы.
1967-1976 «Мәдени революция» кезеңіндегі телестанция.
1977-1982 даму жүйесіндегі кезең.
1983 жылданбастап ҚХР арнайы телестанциялардың пайда болуы.