- •1.Табиғатты пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оны анықтау әдістері.
- •2.Ғылыми – техникалық прогресс экономиканы экологизациялау факторы ретінде.
- •9.Тұрақты дамуың критерийлері мен индикаторлары. Тұрақтылық типтері.
- •10.Экономиканың модельдері және оларды табиғи факторды ескеру.
- •15.Қазақстанның отын – энергетика кешені және экономика: тура және кері әсер.
- •19.Қорықтардың, заказниктердің, ұлттық парктердің функциялары қандай?
- •26. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
- •33. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
- •35. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу және оның тиімсіздігі.
- •60)Биоәртүрлілікті сақтауда балама құнға базалық көзқарас қалай қолданылады?
- •77. Жер ресурстарының деградациялау факторларын атап өтіңіз.
- •79. Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізгі шарттары қандай?
- •80. Табиғи құнарлану өндірісінің типтерін айтыңыз.
- •88. Жасанды түрде жасалған өндіріс құралдары.
77. Жер ресурстарының деградациялау факторларын атап өтіңіз.
Жерді пайдаланудың функциясының ерекшелігі оның табиғи ресурстарының арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторларының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғатты ұдайы өндірістік процесстердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Біздің планетамыздың беті – 510 млн. шаршы киллометр. Оның көп бөлігі – 361 млн. шаршы киллометр, яғни 71%-ін су алып жатыр. Құрлыққа тиесілісі – 149 млн. шаршы киллометр. Бұл территорияны 4060 млн.га орман алып жатыр. Шалғын мен жайылым 2600млн.га. Өңделетін жер – 1450 га. Қалған территория 45% Қазақстан Республикасының территориясы 2,72 млн. шаршы киллометр. Ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің динамикасына толып жатқан процесстер өз әсерін тигізеді: Ғылыми техникалық прогресстің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Жер жағдайының нашарлауы ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі тарылып барады. Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен, өйткені ауылшаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес, әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі. Еліміздің кейбір аймақтарында мал шаруашылығында кемшіліктер орын алған. Соның ішінде ең үлкен кемшілік, жайылымның мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып, шектен тыс жаю. Соңғы 100 жыл ішінде әлемдегі ауылшаруашылығында пайдалы жердің шамамен 27% -і жарамыз болып қалған, оның ішінде пайдалы жердің көбісі таусылудан жарамыз болды. Жер реурстарының өнімділігі мен ауданын климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. Жер ресуртарын қолдануда қалыптақан жағдай келешекте ауылшаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіндік бермейді. Сонымен қорыта келгенде, жерді пайдалану мен қорғау бұл жерлерді нысаналы мақсатта пайдалану мен қорғау заңдылықтарын сақталуына бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Жерді нысаналы мақсатта пайдалану жүйесіне табиғи ресурстарды сақталуын, өсімдіктер және жануарлар қамтамасыздандыру, геологиялық жұмыстардың және басқа да қоршаған ортаның компоненттерін заңға сәйкес және заңда көрсетілген тәртіптерде жүзеге асырылуы арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар белгілі уәкілетті тұлғалар осындай жер заңдарын бұзғандығы үшін және азаматтар мен жерді пайдаланушылардың міндеттерін бұзғандығы үшін жауапкершілікке тарту арқылы, тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер пайдаланушылар мен жердің меншік иесі жер заңдары арқылы жүктелінген міндеттерді орындауға міндетті болады.
78. Орман ресурстарының экономикалық ресурстарын анықтау.Орман ресурсы – биологиялық ресустарға жататыны белгілі, сондықтан олар табиғи ортаға әсері жағынан болсын, табиғи пайда болу жағынан да көбіне ұқсас келеді. Орман ресурсы пайдалану тұрғысынан көп салалы болып келеді, әсіресе, өндірісте қолдану аясы жағынан ағаш шикізат есебінде қолданылады. Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі. Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе, республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді.Орман қорын экономикалық тұрғыдан бағалағанда оның бірнеше ерекшеліктерін ескеру керек.Орманның негізгі ресурсы ағаштарды өсіруге, қорғауға шығындар жұмсалатын мезгіл мен оның нәтижесін алатын уақыт бір-бірінен алшақ, яғни шығын бірден қайтарылмайды, бірнеше жылдан кейін ағаш өсіп жетілгенде қайтады. Ауыл шаруашылығында өнімді жылда алуға болады, ал орман шаруашылығында жеке ағаштың өсіп жетілуін көп жыл тосуға тура келеді.Орман жер бетінде бір қалыпты орналаспаған. Орманды жердің өзінде ағаш өнімділігі әртүрлі, оған қоса ағаштың тұтынуға қажетті сапасы да әр түрлі болады. Орман алқаптары тұтынушылардан, негізгі жол магистралдарынан әртүрлі қашықтықта орналасқан. Сондықтан ағаш дайындау шығындары да біркелкі емес және ол орман орналасқан жер жағдайына байланысты едәуір өзгеріп отырады.Орман қорын экономикалық бағалау оның потенциалды өнімділігіне сүйенуі тиіс. Сонымен қатар, орман өсіру кезінде аралық кесімдерден алынатын тиімдер ескерілуі тиіс. Кейде мұндай кесімдер ағаш қорының 30 %-на жетеді. Орманның потенциалды өнімділігін нақты орман шаруашылық аудандары бойынша ондағы ағаш түрінің өсіп жетілу жасына сәйкес анықтайды. Есептелетін уақыт ұзақтығы орманның ұдайы өсуіне қажетті жыл болып табылады және ағаштың кадастрлық жасына сәйкес келмеуі мүмкін. Кадастрлық жас ағаш түріне, ағаш өсетін аймақтың жағдайына байланысты болады. Ағаштың бір түрі әртүрлі аймақта әртүрлі мерзімде өсіп жетіледі. Сондықтан орман қорын орман шаруашылық аймақтары бойынша бағалаған дәлірек болады. Орман қорын тек қана шикізаттық табиғат ресурсы – ағаш қоры ретінде бағалу жеткіліксіз, оның табиғат қорғау қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Орманда ағаш қоры көп болса, оның экологиялық мүмкіншілігі де мол болады. Сондықтан орманның осы екі қасиеті біртұтас әдістемелік негізде бағалануы тиіс. Бірақ мұның бір қиыншылығы ағаш қорына байланысты орманның экономикалық тиімін нақты есептеуге болатын болса, оның экологиялық құндылығы дәл өлшеуге келмейді.Аталған ерекшеліктер орман қорын ренталық қағиданың негізінде экономикалық бағалаудың мүмкін екендігін көрсетеді. Шығын мен нәтиженің уақыт алшақтығын оны ескеретін ерекше дисконттау тәсілімен есептейді.
Орман қорының экономикалық бағасы деп оны тиімді, кешенді пайдаланғандағы алынатын барлық потенциалды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерді яғни орманның халық шаруашылық құндылығының ақшалай өлшемі деп ұғамыз. Орман қоры ретінде ондаған ағаш қоры, орман жері, қосымша және жанама өнімдер, орманның экологиялық қызметтері бағаланады. Орман қорын бағалауға қажетті шеткі шығын шамасын барлық аймаққа бірдей немесе ондай аймақтарды көп жіктеп әр облыс бойынша әрқайсысына әртүрлі шеткі шығын шамасын белгілеу де дұрыс болмайды. Өте көп (әр облыс бойынша) шеткі шығын белгілеу дәйексіз, дәлелсіз әртүрлі экономикалық бағалаулар тудырады және есептеулерді қиындатады.
