
- •1.Табиғатты пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оны анықтау әдістері.
- •2.Ғылыми – техникалық прогресс экономиканы экологизациялау факторы ретінде.
- •9.Тұрақты дамуың критерийлері мен индикаторлары. Тұрақтылық типтері.
- •10.Экономиканың модельдері және оларды табиғи факторды ескеру.
- •15.Қазақстанның отын – энергетика кешені және экономика: тура және кері әсер.
- •19.Қорықтардың, заказниктердің, ұлттық парктердің функциялары қандай?
- •26. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
- •33. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
- •35. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу және оның тиімсіздігі.
- •60)Биоәртүрлілікті сақтауда балама құнға базалық көзқарас қалай қолданылады?
- •77. Жер ресурстарының деградациялау факторларын атап өтіңіз.
- •79. Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізгі шарттары қандай?
- •80. Табиғи құнарлану өндірісінің типтерін айтыңыз.
- •88. Жасанды түрде жасалған өндіріс құралдары.
35. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу және оның тиімсіздігі.
Сарапшылардың зерттеулеріне байланысты осы бағытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің түрлі комитеттеріне жоспарлы стратегиялық құжаттар мен ұсыныстар дайындалынды. Атап айтқанда, ҚР 2010ж. дейінгі су қорларын пайдалану мен қорғау бағдарламасы, 2003-2007жж. Қазақстан ормандары мен т.б.
Бүкіл дүниежүзілік министрлер Саммитіне Алматыдағы субаймақтық кездесудің дайындығы бойынша Орталық Азия елдерінің экономика, қаржы және Қоршаған ортаны қорғау министрлері: Каспий экологиялық бағдарламасының мәртебиесін кеңейтуден Каспий бассейніндегі тұрақты даму бағдарламасын Каспий жағалауындағы мемлекеттердің экономикалық бағдарламаларын интеграциялау мақсатымен жаңа технология мен бизнесті дамыту жобаларына дейін атты шешім қабылдады. Қабылданған міндеттемелерді орындауда мұнай газбен ластану және Каспий проблемалары бойынша сектораралық комитет әрекет жасайды. Оның мақсаты Каспий экологиялық бағдарламасын дайындау. Бағдарлама саны бойынша жобалардың мониторингі және үйлестірілуі мен Тұрақты Дамудың Ұлттық кеңесі атқарушы орган немесе жеке жоба аясында 21 кезектегі мәселемен шұғылдануы мүмкін.
36. «Нарықтың күйреуі» және экологиялық фактор. Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т.б. туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т.б.) жолымен тауарлар мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеум. жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары құрылымдардың (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгілейтін заңдық және басқа нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу немесе жәрдемқаражат белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар айналысы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады.
Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.1.Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес;2.Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.
37.Ауыл шаруашылығының экономикаға экологиялық әсері және оған сыртқы әсерлер.Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі — жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Оның үстіне, XX ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде. Ауыл шаруашылық экологиясы, агроэкология (грекше agros — дала, oіkos — үй, тұрақжай және logos — ілім) — қолданбалы экологияның бір бөлімі.Ол қоршаған ортаның биотикалық, абиотикалық факторларының және агробиоценоздардың өсімдік дақылдарының өсіп-өнуіне әсерін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы танаптарында тіршілік ететін организмдер бірлестігінің құрылымы мен өзгеруін зерттейді. Ауыл шаруашылығы экологиясының теориялық және практикалық негіздерін және зерттеу бағытын Италия ғалымы Дж. Ацци (1956) мен неміс ғалымы В.Тишлер (1965) анықтаған.
Ауыл шаруашылығы экологиясының қалыптасуына Н.И. Вавиловтың, М.С. Гиляровтың, К.Фридерикстың, Т.Вермидің еңбектері, әсіресе олар ашқан табиғи және агробиоценоздардың құрылымдық ерекшеліктері мен елеулі айырмашылықтары, адам игерген жерлердегі жан-жануарлар дүниесінің өзгеру заңдылықтары үлкен ықпал етті. Ауыл шаруашылығы экологиясы бойынша зерттеулер: түрдің жеке мүшелерінің экологиясы (аутэкология); жеке түрлердің экологиясы (популяциялық экология); организм топтарының (биоценоздардың) экологиясы (биоценология) болып 3 бағытқа жіктеледі. Осы зерттеулердің нәтижесінде агробиоценоздарды игеру барысында туындайтын өзгерістердің жағымсыз зардаптарын болдырмау немесе әлсірету тәсілдерін табуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру мәселесін шешуге болады. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы экологиясы және қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жетілдіру саласындағы зерттеулер — Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығында, Қазақ мемлекет ұлттық ун-тінде, Қазақ мемлекеттік аграрлық ун-тінде, ҒМ ҒА-ның ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы экологиясының дамуы Р.О. Оразалиев, Ғ.Т. Мейірманов, С.Әбдіраимов, А.Б. Биғалиев т.б. белгілі ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазіргі ғылыми техникалық революция дәуірінде адамзат баласына пайдасы да, табиғатқа зияны да қатар жүргізіледі, неге десеңіз химиялық тыңайтқыштарды кеңінен әрі бақылаусыз қолдану олардың едәуір бөлігінің өзендер мен көлдерге барып түсуіне әкеліп, өсімдікке, адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді. Қазіргі кезде ғылыми техникалық революцияның дамуына байланысты зиянды химиялық қалдықтарды яғни қалдықсыз, немесе сауатты пайдалану болып отыр.
Мысалы: Ғаламдық ауа-райының өзгеруі Қазақ¬станның ауыл шаруашылығына қатер төндіруде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды.
38.Суды тиімді пайдаланудың экономикалық проблемалары.Сумен қамтамасыз етілу дегенде, бiз өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, қоммуналдық және басқа да халық шаруашылығы салаларының және олардың жыл сайын жаңғыртылатын ресурстарының суға деген қажеттіліктерінің қанағаттану мүмкіндігін тусінеміз. Бұл арада судық статистиқалық қоры ескерілмейді, өйткені, оны халық шаруашылығы айналымына тартатын болса, қолайсыз эқологиялық салдарды тудырады. Бұл өз қезегінде шаруашылық жүргізудің негізгі принципіне қайшы келеді. Мәселен, принцип бойынша еріту арқылы таудағы муздақтарда ғасырлар бойы жинақталған су қорын пайдалануға болады. Сондай-ақ, терең жер асты суларын да пайдалануға болады. Оны көптеген қалаларды сумен жабдықтау үшін жүзеге асыруға болады. Алайда мұздақтарды және терең жер асты суларының қалпына келуі ұзақ жылдарға созылатындықтан экологиялық тұрғыдан алғанда бұл қауіптi болып саналады. Табиғи ресурстарды тауысу есебінен шаруашылық жүргізуге, былайша айтқанда, қелешек ұрпақтың үлесіне қол салуға болмайды. Сондықтан да бұдан былай қарай халықты сумен қамтамасыз еткенде жаңғыртылатын тущы су қорын немесе ағынды су ресурстарын тек бүгігі күн үшін ғана емес, сондай-ақ алдағы келешекте де халық шаруашылығын сумен қамтамасыз етудің негізгі қөзі ретінде қарастыруымыз керек.Орташа есеппен алғанда планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литрге дейін су кетеді екен. Жерорта теңiзi - Жер шарындағы ең лас теңіз. Оның суын өнеркәсіптердің қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтар көп ластап отыр, бұл қалдықтардың 90%-ы тазаланбайды екен. Италияндық ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 1980 жылы 1 қм2 су кеңістігіне 500 л-ге дейін мазут келеді екен, Тибра сағасындағы ауру тудыратын бактериялардың, мөлшері қалыпты нормадан 200 есе асып кеткен.Суды пайдалану жалпы пайдалану және арнайы пайдалану дөп бөлінеді.
Жалпы суды пайдалануға халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, малды суару, шомылу, су туризмі және т.б. кіреді. Ол Негізгі су заңына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша тегін жүзеге асырылады.Арнайы суды пайдалану - әр түрлі халық шаруашылығының объектілерін қамтиды. Мұның жалпы суды пайдаланудан айырмашылығы – объектілер суды пайдалануы үшін мемлекеттік органдардың рұқсатын алуы керек әpi су ресурстарын пайдаланғаны үшін қөптеген жағдайларда ақы төлейді.Су ресурстарын пайдаланудың 2 түpi бөліп қөрсетілді: суды пайдалану және суды тұтыну.Суды пайдалануда су қоймасынан (өзен, көл және т.б.) алынбайды және жұмсалмайды да, тек белгілі біp функцияны орындау үшін пайдаланылады. Суды пайдаланушыларға гидро¬энергия, су көлігі, балық шаруашылығы, сал ағызу (лесосплав) және т.б. жатады.
Суды тұтынуда су су объекілерінен алынады. Оның бip бөлігі мүлдем жоғалады , ендігі бір бөлігі өнім өндірісі және т.б үшін ауыл шаруашылығына, өндіріске жұмсалады. Қaзipгi заманғы жағдайда суды пайдалану мен суды тұтыну ұғымдарының арасына нақты шекара қою қиын болғандықтан су ресурстарын кешенді пайдалануда бұл терминдер суды пайдалану дейтін жалпы атаумен аталатын болды. Пайдаланылатын судың сапасы мен оған деген қажеттілік суды пайда¬ланудың түрлеріне қарай болады. Халық суды ең тұрақты түрде әpi судың ең жоғары сапалысын (жер асты қөздеінен немесе ластанбаған су қоймаларынан және ағынды сулардан) пайдаланады. Судың тұрақты түрде пайдаланылуы үзіліссіз жұмыс істейтін жылу өнеркәсіп кәіпорындарын қажет етеді. Суарылатын жер судың мол мелшерін өсімдіктердің өсіп-өну кезеңі кезінде қажет етсе, су көлігі мен сал ағызу - навигация қезеңінде, балық шаруашылығы - балықтың уылдырық шашу уақытында қажет етеді.
39.Табиғатты пайдаланудың ақылылығы.Табиғатты қорғау ісінің барлық денгейіндегі маңызды бағыттың бipi қеіпенді турде мақсатты бағдарламаны жасау болып табылады. Қез келген қәсіпорынның шаруашылық қызметі экологиялық жағдайдың талаптарына сай жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың қеіпені бойынша бағдарлама жасалуы тиіс. Кәсіпорынның төменгі звеносынан бастап, аудан, облыс және республика бойынша бағдарлама қажет-ақ.Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша талаптарды сақтамай қәсіпорын қелтірген зиянның орны толтырылсын деп заңда қарастырылған. Қоршаған ортаның ластануына орай белгіленген мөлшерде төлемдер де анықталған. Сондықтан, әрбip бірлестікке, қәсіпорынға, ұйымдарға қоршаған ортанын заттектермен ластағаны үшін телемнің мөлшері айтылып, жеткізіледі.Табиғатты қорғау қорының негізгі қаржысын қалыптастыратын қөздер: табиғи ресурстар үшін төлемдер; қәсіпорын төлемдері, мөлшерден тыс тастаулар мен турлі шығарындыларға айыппұл телемдері, сот және әкімшілік жолымен өндіріліп алынатын айыппұлдар, лауазымды немесе жеке азаматтар таби¬ғатты қорғау заңдарын бұзғандары үшін айыппұлдар және т.б.Табиғатты қорғау жумысының тиімділігі ушін мына шаралар жасалды: «Табиғатты қорғау қорын құру туралы уақытша типтегі ереже». Осы ережеге байланысты жергілікті өкілет орындарына қаржыны үйлесімді пайдалануға қең өкілеттілік берілген. Бұл қаржылар табиғатты қорғаудың жаңа техниқалары мен технологиясын құруға, мониторинг автоматы жуйесіне, алдын ала сақтандыратын шараларға пайдаланылады. Табиғатты қорғау заңдарын бұзу салдарынан алынатын әлеуметтік-экономикалық төлемдер; қоршаған ортаны қорғауға тигізетін әсері бойынша бағалау жүргізілетін жұмыстар мен шаруашылық қызметінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманы жергілікті деңгейде атқарады; сол аймақтың құрушы аумағында өндіріс қалдықтарын қолдану үшін кәсіпорындар құру; табиғатты қорғау шараларына қәсіпорындар алған қапиталдың сыйымды банк несиелерінің орнын толықтай немесе жартылай жабу істерімен жергілікті үкімет орындары айналысады.Сонымен, нарықтық қатынастарға енудің және жеке шаруашылық жургізудің, табиғатты пайдаланудың ақылы iciн енгізудің қуқықтық және уйымдастырушылық алғышарты жасалды.Қоршаған ортаның ластану төлемдерін анықтайтын нормативтер бойынша екі тужырымдама жасалды, эқономикалық зиянның көрсеткіш базасындағы тужырымдама мен шығын тужырымдамасы.Атмосфераға зиянды заттектердің шығарындысы үшін төлем жүйесін енгізу, экологиялық шығындардың орнын толтыру мақсатымен жүзеге асырылады. Қаржыландыру көздерін тәртіпке келтіріп, атмосфераны корғауды ынталандырып, несие беру керек. Аймақтағы жылдық телемдердің есеп айырысу сомасы мүмкін нормативті зиянды заттектердің шығарындылары қаржылық ресурстар мөлшеріне сай болуы кажет. Бұл мөлшер атмосфераны корғау iciн және оның қалыпты пайдалану күйін қолдап тұру үшін қажет болады. Бұл жағдайда шығарындылар үшін телемдерді экономикалық бағалау капиталдық салым мен аймақтағы атмосфераны қорғаудың ағымдағы жылдың шығынынан және затқа айналған негізгі атмосфераны қорғау қорынан тұрады. Арнаулы табиғатты пайдалану үшін төлем жүйесіне екі төлем тобы кіреді:
1-топ - қоршаған табиғи ортаға қалдықтарды орналастыруға жататын ластанған шығарынды мен зиянды заттек тастандыларына төлемдер:
- нормативтерден тыс белгіленген ластаушы заттек шығарындылары мен қалдықтарды орналастыру үшін төлемдер;
2-топ – жерді, су ресурстарын, су қоймаларының биоресурстарын, жануарлардың ресурстар әлемін, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер.
40.Табиғатты пайдаланудың механизмдерінің экономикалық құралдары. Табиғатты пайдалануды жүйесін тиімді жүргізу экономикалық механизмге байланысты. Ол үшін халық шаруашылығы өндіріс тиімділігінің белгілі жүйесін табиғи ресурстарды ұтымды бағалау негізінде жақсарту қажет. Қазіргі жағдайда табиғатты пайдалану және оны қорғаудағы экономикалық механизмді қалыптастыруды мына төмендегі элементтерге бөлуге болады:
• табиғат пайдалану және қорғау қызметтері, экономикалық құралдарының жүйесі;
• табиғат пайдаланудың ақылығы;
• экологиялық факторларды есепке ала отырып, алғашқы және екіеші қайтарымды ресурстарға бағаның құрылуы;
• экологиялық сақтандыру;
• мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру механизмін жасау.
Табиғатты пайдалану механизмінің өзі нарықтық сипатта болу керек. Бірақ, оның негізгі параметрін (ставкалар, нормативтер, монополистік өнімнің бағасы т.б) мемлекет белгілейді.
Табиғат пайдалану және қорғау қызметіндегі экономикалық құралдар жүйесін мыналар қамтиды:
- салық саясаты;
- субсидия және жеңілдік несиесі;
- табиғатты қорғау міндетіндегі тездетілетін амортизациялық қорлар;
- ластаушы құқықты сату;
- «қайтару кепілі» көзқарасын пайдалану;
- айыптар;
- ластау және қалдықтарды орналастыру үшін төлемдер.
Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмінің негізгі элементтері табиғи ресурстардың экономикалық бағалығы, сол сияқты оның негізінде кәсіпорындар мен мекемелердің табиғи ресурстарды пайдалануды жақсартудағы ынталандырудың нориативтерін белгілеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану нормаларын және осы жөніндегі жоспардың орындалмағаны үшін санкция (айып) тағайындау болып табылады. Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы – табиғатты қорғау және оны пайдалануды іс жүзіне асыруда табиғатты пайдаланушылардың тікелей ынталығын арттыру.
Қазақстанда табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдер бірінші қалыптасу кезеңінде. Қазіргі нарықтық жағдайда Қазақстан көптеген экологиялық мәселелерге тап болып отыр. Өз кезегінде, бұл жағдай табиғатты пайдаланудың жаңа механизмдерін жетілдіріп оны жаңа құралдармен толықтыруға алып келеді.
Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдер құралдарын экология-экономикалық тиімділік беретіндей етіп таңдау және қолданылуы керек, себебі біздің мемлекет экономикасы табиғатты қорғау іс-шараларына көп қаржыны жұмсайтындай жағдайда емес.
41.Табиғи ресурстардың классификациясы. Табиғи ресурстар келесідей жіктеледі:
- минералдық ресурстар
- жер ресурстары
- су ресурстары
ҚР-да минералдық ресурстарды қорғау ж/е оны орынды пайдаланудың келесі шарттарын орындаумен қорытындыланады:
1) Табиғаттағы барлық ресурстардың түрлері мем-т меншігінде, сондай-ақ оларды болашақ ұрпақ үшін жер қойнауының байлығын сақтап, пайдалануды кешенді ж/е жоспарлы түрде орындайды;
2) Қоғамдық қажетті шығындардың ең азымен халық шаруашылығын минералдық шикізаттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, тау-кен өнеркәсіп өндірісінің қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерінің деңгейін төмендету үшін қалдықсыз ж/е қалдығы аз үдемелі технологияны енгізу.
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
1. Жер – табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ.
2. Өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатын табиғи ресурс б.т., алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет.Тарих В. Петти формуласының дұрыстығын көрсетті, оның пікірінше: «еңбек – заттай байлықтың атасы, ал жер - анасы». Жер шарында су мол болғанымен, ол Жердің аудандары мен елдер б/ша біркелкі емес. Бұл арада мынаны ескеру керек, планетамыздағы жалпы су ресурстарына қатысы б/ша Арктиканы, Гренландияның ж/е Антарктиданың мұздықтарын қоса алғанда тұщы судың қоры өте аз – шамамен 3%. Су тек шөл басу үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет. Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1 тонна құрышты қорыту үшін 250м3 су қажет, 1 тонна қағаз өндірісіне 900м3, 1 тонна – капронға 5600м3 су кетеді екен. Егер жердің 1 тұрғынына кететін барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1,2 тоннадан да көп көрсеткішке тең болады екен. Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс.
42. Өндіріс факторлары. Табиғи капитал. Әлемдік экон-ң тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буының әсері (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына ж/е жердің азуына әкелуде.
Экономиканың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі ұзақ уақыт табиғи заңдылыққа тәуелді екендігі мойындалмай келді. Өндіргіш күштердің соңғы онжылдықта қарыштап дамуына б/ты бұл тәуелділік қатты сезілуде. Мәселен, топырақ құнары 1%-ке төмендесе, өткен жылғы егін шығымдылығын сол деңгейде сақтау үшін шығында 10%-ке арттыру керек болады. Кесілген орманның орнына өскен жаңа ағаштың сапасы бұрынғы шырышы бұзылмаған орман ағашынан кем болатыны анықталды.Ғылыми-техникалық дамудың негізінде табиғат ресурстарын жасанды жолдармен алмастыруды енгізудің дәрежелері туралы мәселелер принципті бола бастады. Әрине, мұндай алмастырудың мүмкіндігі тым шектеулі. Ал, адам баласы үшін бірқатар маңызды экологиялық жүйе мен табиғи игіліктер тіптен алмастыруға келмейді. Мысалы, отын ресурстарының орнына күн н/е жел энергиясын пайдаланатын болса, табиғи ландшафтарды, өсімдік пен жануарлар әлемін, озон қабатын ж/е т.б. жасанды жолмен алмастыру мүлде мүмкін емес.
Шикізат алудан бастап, дайын өнімге дейінгі табиғат ресурстарының қаншалықты тиімді пайдаланылуы табиғат сыйымдылығының шамасын көрсетеді. Табиғат сыйымдылығын өнім деңгейінде, салалықта ж/е макро деңгейде анықтауға болады. Мысалы, макро деңгейдегі табиғат сыйымдылығын (Тс) табиғи ресурстарды пайдалануға кеткен шығын (Тш) ретінде белгілі уақыт кезеңі ішінде жалпы ішкі өнім бірлігінің (ЖІӨ) қатынасымен анықтауға болады: Тс = Рш / ЖІӨ
Барлық экономиканың технологиялық сатыларға б/ты блоктарға бөлінгенін пирамида түрінде келтіруге болады. Ондағы сатыда бастапқы шикізат пен өңделуден шыққан соңғы өнім болады. Пирамиданың негізінен алыстаған шамада ол тарыла бастайды, ал жоғары деңгейдегі жалпы ұлттық өнімнің салалық үлесі кеми береді. Бұл дегеніміз Қазақстан экономикасына тән сипаттама.
43. Экономикалық дамудың техногендік типі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған ҚР 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасында экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің ішінде экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерiн оңалту, әуе бассейнiнiң ластануын, радиоактивтi, бактериологиялық және химиялық, оның iшiнде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерiн қысқарту, бойынша міндеттер көрсетілген. Қойылған міндеттер келесі жолмен шешіледі:
- Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру және жүйеге келтiру;
- табиғат пайдаланудың экономикалық механизмдерін жетiлдiру және жүйеге келтiру;
- мемлекеттiк экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтi жетiлдiру және жүйеге келтiру;
- табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру;
- қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық бiлiм беру, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
- халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткiзiледi.
Келесі бағдарламалардың жүзеге асырылуы жоспарлануда:
- 2015 жылға дейiнгi қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi бағдарлама
- табиғи ластануларды жою жөніндегі бағдарлама;
- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды басқаруын жетілдіру жөніндегі бағдарлама;
- әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерiнің территорияларының экологиялық жағдайының мониторингі жөніндегі бағдарлама.
Негізінде жаңа экологиялық – экономикалық жобаны экономика саласында қалыптастыру үшін экономиканы дамытудың экологияландырылған тұжырымдамасын жасау талап етілуде. Қоғам мен технологиялық саланың өзара қарым – қатынасында қоршаған ортамен экономиканың барлық құрылымдары мен функциялары, яғни өндіріс, бөлу ж/е тұтыну тартылған десе де болады. Адамзат қоғамының материалдық игілігінде шек жоқ, ал материалдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ресурстар шектеулі. Осыған орай, бұл байланыста экономиканың іргелі тәртіптің негізіне б/ты қалыптасатынын естен шығармаған жөн. Шектеулі ресурстар мен қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруда айқын көрініс табады. Елде өндірілген барлық соңғы тауарлар мен қызмет көрсетудің нарықтық құны – экономикадағы маңызды экон/қ көрсеткіштердің бірі. Өйткені, өнімнің әрбір бірлігіне 10 бірлік қалдық массасы өндіріледі, ал табиғатты пайдалануда біршама жоғары. Осы қалдықтар ортаны ластап, адамның тіршілік ахуалын нашарлатады ж/е олардың тұрмыс жағдайын төмендетеді.
44.Экологиялық шектеулерге байланысты әлемдік даму концепциялары. Әлеуметтік теорияда – экотехника, экодаму, экобілім, экологиялық тәрбие мен мәдениет т.б. бағыты маңызды орын алуда. Көріп отырғанымыздай, адам қызметінің біршама бөлігін әлеуметтік – экономикалық проблемалар құрайды, сондықтан да қоғамның экономикалық тіршілігін экологияландыру жағы айрықша маңызды. Алғаш рет ғылым ретінде әлеуметтік экологияның жарыққа шығуы 1972-7974 жж. Рим клубындағы баяндамалар болды. Экологиялық дағдарыс дәстүрлі құндылықтарды қайтадан қарауға ықпал жасап, қоршаған ортаның қазіргі жағдайына әлемдік бірлестіктердің терең алаңдап отырғандарын ж/е өркениеттің перспективалық тұрғыдағы дамуын көрсетті. Бұл ахуал 1972 жылы Стокгольмде болған Бірінші Дүниежүзілік қоршаған орта б/ша өтетін конференцияға дайындық жұмыстарымен дәлме-дәл келді. Оған әлемнің 113 мемлекетінің өкілдері қатысты. Конференцияның Бас хатшысы Морис Стронг әлеуметтік-экономикалық дамудың экологияға бағытталған экологиялық даму түсінігін алғаш рет қалыптастырды. Осындай даму жағдайында адамдар әл-ауқатының өсуіне қабаттаса жүріп тіршілік ортасының нашарлауы ж/е табиғат жүйесінің кері кетуіне әсер етпейді.1992 жылдың маусымында Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ның қоршаған орта ж/е даму б/ша ҚОДК – 92 (КОСР - 92) Конференциясы болды. Оған 179 мемлекеттің басшылары, үкімет мүшелері мен сарапшылары, т.б. қатысты. ҚОДК-92 ашылуына дейін әлемде көптеген өзгерістер болып жатты. Осыдан 20 жыл бұрын Стокгольмде аталған ғаламдық қауіпті тенденциялар бірнеше еселеніп күшейе түсті. Адамзат Чернобыль апатын бастан өткерді. Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Соның ішінде:
1) Қоршаған орта ж/е даму жөніндегі Рио Декларациясы;
2) Барлық орман түрлерінің тұрақты даму мен басқарылуы, сақталуы б/ша ғаламдық консенсустің принциптері туралы мәлімдеме;
3) Жақын болашақтың әлеуметтік-экономикалық ж/е экологиялық – экон-қ мәселелерін шешу үшін әлем бірлестіктерін дайындауға бағыттайтын ХХI ғасырдың күн тәртібіндегі – құжаты.
Киото хаттамасы (Жапония). 1997 ж әлем қауымдастығының елдері атмосфераға жылыжай газдарының шығарындылары ғаламдық жылынуға әкелетініне бақылау жасау жөніндегі тарихи келісімді жалғастырды. Осы келісімнің экологиялық ж/е экон/қ негізі берік болуы үшін басты 3 міндет қалыптастырылды:
1. Қатысушы мем/р үшін жылыжай газдарының шағарынды көрсеткіштерін ж/е мерзімін шынайы белгілеу
2. «міндетті сызбалар мен шараларды» емес, көміртегінің 2 тотығының шығарындыларына икемді нарық механизмін қолдану (шығарынды газдарға салынатын салық)
3. Дамушы елдердің бұл шараға шындап қатысуына қол жеткізу.
45. Тұрақты даму түсінігі. Әлсіз және күшті тұрақтылық.Тұрақты даму қазіргі уақыттың қажеттілігін қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың қабілеттілігінің меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыруды қауіп қатердің астына қоймайтын даму.Тұрақты даму деген түсініктің аясында әлеуметтік экономикалық дамудың үлгісі, соның ішінде адамдардың бүгінгі және болашақтығы ұрпақтарының қажеттілігін табиғаттығы экологиялық тепе теңдікті сақтай отырып, соның негізінде қанағаттандыруға болады делінген. Тұрақты даму тұжырымдамасына келесі негізгі ережелер кірді:
1. Бүгінгі өмір сүріп жатқан адамдардың қажеттіліктеріне сай болатындай ұзақ мерзімді және тұрақты дамуды сақтауға адамзаттың қауқары жетеді.
2. Тұрақты дамудың негізінде ғаламшардың экологиялық әлеуетіне және қолдағы бар ғаламдық қорларға деген қатынаста ұқыпты болу қажет.
3. Қайыршылық шарасыз болып табылмайтын және ол өз өзінен келмейді. Тұрақты және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ету үшін, барлық адамдарға және бәріне қарапайым қажеттілігін қамтамасыз ету үшін барлық адамдарға және бәріне қарапайым қажеттілігін, жақсы өмірге деген үмітін іске асыру үшін мүмкіншілік беру керек.
4. Көп қаражаты бар адамның өз өмірінің экологиялық жағын ғаламшардың мүмкіндігіне қарай ғаламдық тұрақты дамумен үйлесімді жүргізуді талап етуі.
5. Тұрақты даму үйлесімділік жағдайының өзгермейтіндігін емес, қайта өзгеру процесін көрсетеді.
46. Тұрақты даму индикаторлары.2000ж. ҚР мемлекеті БҰҰ- ның дамыту бағдарламасымен бірге 2001-2004 жж. Тұрақты даму үшін институционалдық күшейту атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты даму институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын арттыру болып табылады. Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру. Бағдарламадағы негізгі міндеттердің бірі: Әкімшілік шеңберде қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау, реформаларды бақару бойынша жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен тығыз байланысты.
47. Қоршаған ортаға антропогенді әсер ету формуласы.ХХ ғасырдың басында адамның қоршаған ортаға әсерінен жаңа заман басталды. Қоршаған ортаға антропогендік әсер күрт өсіп отыр. Бұл табиғи ландшафтың өзгеруіне, глобальді экологиялық проблеманың пайда болуына әкелді. Чернобыль апаты барлық Шығыс және Солтүстік Еуропаға қатер төндірді. Қалдықтар глобальды жылынуға озон тесігінің пайда болуына әсер етеді. Географиялық қабыққа адамның әсері ең алдымен индустриялану деңгейіне байланысты. Антропогенді ландшафт 60% жуық құрлықты алып жатыр. Бұндай ландшафттарға қала, ауыл, жол, өндірістік және ауыл шаруашылық орталықтар жатады. Сегіз дамыған ел жердің жарты табиғи ресурсын пайдаланады және атмосфераға ластағыштардың 2/5 бөлігін тастайды. Глобальді экономикалық проблемалар жақсарту үшін шешім қабылдауға барлық елді бііктіреді. 1997 жылы шілдеде Денверде алдыңғы қатардағы индустриалды мемлекеттің сегіздік отырысында талқыланды. Сегіздік глобальді жылыну мәселесімен күресу және 2000 жылы атмосфераға зиянды тастауларды он бес пайызға азайту шааларын қарастырды. Біақ бұл барлық проблемаларды шешпеді, негізгі жұмыс тек дамыған мемлекеттер алдында ғана емес дамушы мемлекеттердің де алдында тұрған мәселе.
48.Тұрақты дамудың экономикалық аспектілері.Экономикалық қыры:
- Халық шаруашылығындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншіктің парасатты түрде үйлесімі;
- Монополиясыздандыру және өндірушілер мен сатушылардың еркін бәскелестігі;
- Ғаламшардағы барлық тұрғындардың негізгі тіршілікке қажеттілігін қанатғаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде мәдени игілікті, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;
- Жердегі тұрғындардың пайдалы қызметін тиімді және адамгершілік тұрғыдан ынталандыру;
Тұрақты даму үш құастырушыларға бөлінеді:
1. Әлеуметтік тұрақты даму
2. Экономикалық тұрақты даму
3. Экологиялық тұрақты даму
Экономикалық тұрақты даму адаммен жасалған суйемелдеу капиталы, адамдық капитал және табиғи капитал. Мыналардың жанында қоршаған орта күзетіне шығындардың экстернализациясынан кету қажет.
Экономикалық аспект: А) халықтық, шаруашылық, мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік ақылды үйлестіру, тауарлық базарлы мәдиниетті экономика; Б) демонополизация және өндірушілердің, сатушылардың азат бәсекелестігі; С) ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өндірістік өнім, планета барлық тұрғындардың негізгі тіршілік қажеттіліктерін қанғаттандыруына арналған мәдениетті игіліктер.
49.Экстернамелер және қоғамдық көзқарастар.Экстернат - бұл қысқа уақыт ішінде оқу бағдарламалары мен орта және Жоғарғы білімді өз бетімен оқитын аттестация формасы.ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсан № 602 бұйрығымен бекітілген.Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанындабілім алуға рұқсат беру ережесі:
1. Осы Ереже жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.2.Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;3.Экстернат нысанында оқуға мүмкіндігі шектеулі білім алушылар, денсаулық жағдайына байланысты ұзақ мерзімі бойы білім беру ұйымдарына бара алмайтын мүгедектер қабылданады.
Сонымен қатар білім беру ұйымының мынадай білім алушылары алдынғы оқу кезеніндегі үлгерімі «жақсы» немесе "өте жақсы" деген бағадан төмен болмаған жағдайда экстернат нысанында оқуға ауысуы мүмкін:
1) шетелде оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар бір жылдық мерзімге дейін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясяның иегерлерінен басқалар;2) ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылар бір жылдық мерзімге дейін; 3) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары.4.Экстернат нысанында жоғары білiм алуға тiлек бiлдiрген бiлiм алушылар білiм беру ұйымы басшысының атына өтініш бередi. Кәмелетке толмағандар - ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша.5. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар және мүгедектер экстернат нысанында оқуға қабылданған кезде өтінішіне қоса тиісті дәрігерлік-консультациялық комиссияның тұжырымын береді.6. Шетелде оқу оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса шетелге іссапарға жіберілгені туралы бұйрықтың көшірмесін және жұмыч істейтін орнынан қолдау хат береді.7. Ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса іссапар туралы бұйрығын көшірмесі мен жұмыс істейтін орнынан қолдау хат береді.8. Кейбір білім алушылар, экстернат нысанында оқуға құрылымдық бөлімшелер басшысының берген дәлелді қорытындысы бойынша ғана ауыса алады. Ол үшін білім алушының барлық оқу мерзіміндегі үлгерімі «жақсы» және "өте жақсы" деген бағадан төмен болмауы тиіс.9.Білiм алушының (ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің) экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы өтініші он күндік мерзімде бiлiм беру ұйымның ғылыми кеңесiнiң отырысында қаралады.
Қарау қорытындылары бойынша тиісті шешім қабылданады.Мәселе дұрыс шешілген жағдайда, білім алушының экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы құжаттары (білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, анықтамалары және уәждемелік растайтын құжаттар, білім беру ұйымының мөрмен расталған кеңесінің шешімі білім беру саласындағы үәкілетті органға жіберіледі.Білім беру саласындағы үәкілетті орган білім алушылардың құжаттарын екі апта мерзімде қарайды. Қараудың қорытындылары бойынша білім алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.
50.АПК – да табиғи ресурстардың қолданысын қысқарту.Агроөнеркәсіп кешені.
Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр. Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды. Аграрлық азық-түлiк бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер бар. АӨК-тi мемлекеттік қолдау көлемi едәуiр ұлғайды. Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр. Алайда, агроөнеркәсіп кешенінде табиғи ресурстарды пайдалану шектен шығып баруда.
Жер ресурстарын пайдалану.Жерлерді пайдалану және топырақтың құнарлығын сақтау мәселелерінде белгілі теңгерімсіздік бар. Ұзақ мерзімді арендаға берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің мәнді көлемі мақсаты бойынша пайдаланылмауда немесе ең төмен дәрежеде пайдаланылуда. Арендаторлар пайдаланатын ауыл шаруашылығы жерлерінде топырақтың құнарлығын сақтау және жел мен су эрозиясының алдын алу жөніндегі жеткіліксіз тиімді іс-шаралар жүргізіледі. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің деректері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің 15%-ына дейін Қазақстан Республикасында ұтымсыз пайдаланылуда. Қазіргі таңда шамамен 125 млн. гектар жайылым суландырылмаған және пайдаланылмауда. Бұдан басқа, елді мекендерге жанасып жатқан 20 млн.га-дан астам жайылым ұтымсыз пайдалану салдарларынан азып-тозған деп сыныпталады.Топырақ құнарлығын сақтау және өсімін молайту, минералдық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және осы негізде ауыл шаруашылығы өнімдерін орнықты өндіру жағдайларын жасау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде топырақ құнарлығының тұрақты мониторингін жүргізу қажет. Бұдан басқа, жер, табиғат және басқа ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру мақсатында АӨК субъектілеріне салық салу жүйесін жетілдіру қажет.Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және бір уақытта су, жер, отын-энергетика ресурстары тапшылығының артуымен әлемдік халықтың өсуі орын алуда, бұл азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне әкеледі. Жалпы 2020 жылға қарай әлем халқы 7,6 млрд. адам құрайды, яғни2011 жылмен (шамамен 7 млрд. адам) салыстырғанда 600 млн. адамға өседі. Азық-түлік өнімдерін тұтыну құрылымы өзгереді: етті, сүтті және сүт өнімдерін, балықты, көкөніс пен жемістерді тұтыну үлесі артады. Әлемде ауыл шаруашылығы алдында тұрған негізгі міндет өндірісті 2050 жылға қарай 70%-ға арттыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі өсуінің баяндай түсуімен және су ресурстарының шектеулі болуымен қиындайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің шөлейттену және азып-тозу процесі жүруде. БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының деректері бойынша жыртылған жерлердің үштен бірі азып-тозуға ұшырауда, бұл соңында 100-ден астам елдегі 1 млрд. астам адамның өмір сүру әрекетіне кері әсерін тигізеді.
51.Ауыл шаруашылығының экологиялық мәселелері.Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті. Қазақстанда табиғи орта өте осал. Республиканың аумағын негiзiнен далалар, жартылай шөлдер және шөлдер құрайды. Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл секiлдi бiрегей iшкi құрлықтық теңiздер мен көлдер бар.Антропогендiк жүктемелер нәтижесiнде Қазақстанның iс жүзiнде барлық аумағында табиғи ортаның елдiң болашақ экономикалық және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi бұзылған.Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экстенсивтi дамуы жер азуы мен ландшафттың азаюы түрiнде iз қалдырған, елдiң аумағының 60% артығы қатаң шөлдеуге ұшыраған, бұл топырақ құнарлығының төмендеуiне және мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiнiң азаюына әкелiп соғады. Бiр ұрпақтық көзiнше Арал теңiзiнiң көлемi екi есеге жуық азайған. Балқаш көлiн де ұқсас тағдыр күтедi. Республиканың су қажеттiлiгi бiр жылға 100 км3 кезiнде iс жүзiндегi қамтамасыз ету 34,6 км3 құрайды. Жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында соңғы орында.Жыл сайын республиканың сыртқы су қоймаларына 200 млн. м3 артық ластанған сарқынды сулар төгiледi. Көлемдерi бiрнешеден жүздеген текше километрге дейiн ластанған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзi айқындалған.Өңдеу және энергетикалық кешендердiң көптеген кәсiпорындарында жетiлмеген технологияларының, негiзгi өндiрiстiк қорларының табиғи тозуы бұл зиянды қалдықтардың санының артуына ықпал етедi. Ауаны, суды және топырақты қарқынды ластау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң азуы, табиғи ресурстардың азаюы экожүйелердiң құлдырауына, шөлдеуге және биологиялық және ландшафттық түрлiлiгiнiң жоғалуына, халықтың ауру және өлiм-жiтiмiнiң өсуiне әкелiп соқты. Мұндай өзгерiстердiң салдары халықтың өмiр сүру сапасының төмендеуi және республиканың дамуының тұрақсыздығы болып табылады. Сонымен бiрге қоршаған ортаны қорғауға бөлiнген мемлекеттiк шығындар Еуразия елдерi арасында ең төменгi болып отыр. Олар жылына бiр адамға шаққанда 0,5 АҚШ долл. құрайды.
52.Қазақстанның жер фондының құрамын сипаттаңыз.Жер қоры — мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы.Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
7) босалқы жер.
Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.Жердің құқықтық қатынастары дегеніміз – жер заңдары ережелерімен реттелетін жерді иемдену, пайдалану және қорғауға, яғни жер заңының ережелеріне сәйкес пайда болатын, жүзеге асырылатын, өзгеретін және жойылатын немесе тоқтатылатын нақты қоғамдық қатынастарды құрайтын адамдардың ерікті қызметінің нәтижесі.Жердің құқықтық қатынастарының субъектілеріне Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығын жүзеге асырып отыратын өкілді және атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жатады. Оларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар жатады. Жердің құқықтық қатынастарының объектілеріне жоғарыда көрсетілген жер қорының барлық санаттарындағы жерлер жатады.Қазақстанның “Жер туралы” заңы бойынша (1-бөлім, 1-бап) табиғи жағдайларға байланысты республика аумағындағы жер қоры орманды дала, дала, қуаң дала, шөлейт, шөл, тау етегіндегі шөлді дала, субтропикалық шөлді дала, субтропикалық тау етегіндегі шөлді дала, ортаазиялық таулы, оңтүстік-сібірлік таулы жер болып жіктеледі.Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия,Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция,Испания, Алмания, Аустрия, Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді.
53.Орманның экологиялық функцияларын атап шығыңыз. Олардың әрбіреуін қалай бағалауға болады? Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман —географиялық ландшафт элементі. Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-санаторийлер’’’ орналастырылады.Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 – 28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі. Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.Қазақстан Ормандарының жартысынан астамын (52,2%) шөлді аймақтардағы сексеуілді Ормандар алып жатыр. Отандық ормандар экологиялық функциялар – климат реттеуші, сани¬та-риялық-гигиеналық, су қорғау және то¬пырақ қорғау функцияларын орындай-ды. Экологиялық ахуалды жақсарту жө¬нін¬дегі маңызды мемлекеттік мін-деттерді шешуге сәйкес, өсіп тұрған ор¬ман¬дарды сақтау және орманды жер¬лер-ді көбейту бірінші кезектегі міндет болып табылады. Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4,2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады.
54.Ормандар Қазақстан территориясында қалай орналасқан? Олардың құрылымы қандай? Осыған байланысты қандай экономикалық мәселелер туындайды? Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4,2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%).Қазақстан аумағының орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктеріне] қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:
1. шығыстағы Алтай таулы ормандары (бағалы қылқан жапырақты орман);
2. солт-тегі орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ ормандар және қарағайлы орман жолағы);
3. оңтүстік-шығыстағы Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы шыршалы орман;
4. оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман. Сонымен қатар ірі өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс Қазақстандағы жалғыз орман типі болып саналады және суды реттеуде маңызды рөл атқарады. Егістікті қорғау үшін қолдан отырғызылған орман жолақтарының ауыл шаруашылығында атқаратын рөлі зор.
Республика аумағындағы Ормандар және бұталар алып жатқан көлем 21,6 млн. га, бұл Қазақстан жерінің 4,2%-ы ғана. Орман ағаштары республикада Солтүстік Қазақстанның орманды-дала зонасында және дала зонасының қосымша ылғал алатын ойпаңды жерлерінде өссе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы Қалба жотасы, Алтай-Сауыр, Солтүстік Тянь-Шань және Батыс Тянь-Шань тауларының ылғал мол түсетін орташа биік белдеулерінде өседі. Қазақстанның солтүстігіндегі шоқ-шоқ болып өсетін қайыңды орманды оңтүстікке қарай далалы алаптардағы біршама жерлерде өскен қарағайлы ормандар ауыстырады.
55.Тұрмыста суды үнемдеудің негізгі баағыттары қандай? Су үнемдеу - су ресурстарының ұтымды және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi.
Тұрмыста суды үнемдеу керек. Батыстың дамыған ел тұрғындары баяғыдан дағдалған- электр қуаты, жылу, телекомпания немесе Интернет қызметтеріне қол жеткізу сияқты, шүмектен ағып жатқан су- тап сондай тауар. Сондықтан пайдаланған немесе төгілген судың әр текше метрі өлшеуіш арқылы белгіленеді және ол үшін төлеу керек. Көп жылдар бойы біздің елімізде су сарқылмайтын және тегін берілетін ресурс ретінде қалыптасқан. Алайда соңғы кездері ахуал өзгерді. Экономиканың коммуналдық секторы шаруашылық жүргізу нарықты моделіне көшуіне орай су, өз құны бар тауарға айналды. Өлшеуіштер бүгінде пәтерлердің көбінде орнатылған, ал жаңа құрылыстардағы баспана олармен 100 % жабдықталуда. Енді меншік иелері ай сайын судың нақты көлемін пайдаланған үшін шот алып отырады және біртіндеп оның үнемдеуі жөнінде ойлана бастайды. Үйрену үрдісі қашанда оңай емес, бірақ бола-бола біздің отандастарымыз қазір электр қуатын сияқты суды да үнемдей бастайды: жұрттың көпшілігі үйден шыққанда жарықты сөндіріп кетеді. Мұны бала жасынан үйрету керек. Жақын уақытта барлық коммуналдық қызметтерінің құны тек қана өсе береді. Бірақ ресурстарды ойлана пайдаланса, оның шығыны едәуір төмендейді. Ал заманға сай тұрмыс құралдарын және сантехникалық жабдығын пайдалануы бұл мақсатты жеңілдетеді. Суды үнемдеуге арналған күрделі емес тоғыз әдісін ұсынамыз.
1. Тесік шүмектерді жөндеңіз немесе ауыстырыңыз. Ақаулы шүмек тәулік бойы судың 30-200 литірін «тамшылай алады»! Шүмекті дұрыстап жабуға тырысыңыздар.
2. Араластырғыш таңдағанда- иінтіректерін алыңыздар. Екі шүмекті араластырғыштардан олар суды тезірек араластырады, судың тиімді температурасын таңдағанда, бұл «босқа» судың кетуін азайтады.
3. Тісті тазалаған кезде суды тоқтатыңыздар. Ауызды шаю үшін судың бір стаканы да жеткілікті.
4. Унитаздың ағызатын бағынан үнемі түрде су ағуы мүмкін. Мынадай ағындар арқылы күн сайын судың ондаған литрі жоғалуда. Өз пәтеріңіздегі сантехниканың жағдайына ие болыңыздар және ақаулығын уақытында жоюды тырысыңыздар.
5. Мүмкіндігіңіз бойынша тиімді сантехниканы алыңыздар: мәселен, ағызу екі кестелі унитаз.
6. Ыдыс жуатын және кір жуатын машиналарын толық жүктеу қалпында ғана пайдаланыңыздар.
7. Азық-түліктерді шүмек астындағы сумен жібітпеңіздер. Азық-түліктерді тоңазытқыштан мұздатқышқа алдын ала салған абзал.
8. Душ қабылдағанда, сіз ванна қабылдағаннан суды 5-7 есе үнемдейсіз. Су одан да аз пайдаланады, егер кіші диаметрлі тесіктері бар душтың тиімді сейілдеуішін қолдансаңыздар.
9. Шүмектердің саптама-шашыратқыштарын орнатыңыздар. Бұл суды тұтыну көлемін азайтады.
56. Биоәртүрлілікті сақтауды экономикалық ахуалдары. Биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның ережелерін орындау үшін елдің орнықты дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес 1999 жылы биологиялық әртүрлілікті сақтау және балансты пайдалану бойынша бірінші Ұлттық Стратегия мен Іс-әрекеттер жоспары әзірленген. Биоәртүрлілікке экожүйелердің табиғи жағдайдағы және адамның өсірген және баққан, еккен сортарынан, түрлерінен, жыныстарынан, ұрығынан алынған өсімдіктердің, микроағзалардың және жануарлардың барлық типтерінің түрлері, түрішілік формалары, әртүрлілігі жатады. Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді.Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10%-ті құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрлілік объектілерінің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін ұлғайту және қазіргі табиғи және антропогендік процестерді ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтіру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет.
57.Мемлекеттік табиғи қорықтар, сонымен қатар биосфералық.Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:
1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.
4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.
5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.
Биосфералық қорықтар.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.
Қорғалжын қорығы.Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.Мемлекеттік табиғи қорықтар.Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар.
58.Биоәртүрліліктің азаюының экономикалық себептері қандай?Табиғи флора биоәртүрлілігінің жойылуы жергiлiктi түр популяцияларының толық жоғалуы және ареалы мен санының қысқаруы есебінен, фитоценотиялық белсендiлiктiң және репродуктивті қабiлеттiлiктің төмендеуi есебінен болады. Флорадағы қолайсыз өзгерiстер Қазақ КСР-ының Қызып кiтабы Өсімдіктер. 2-шi бөлімінде (1988 жыл) көрініс тапты. Онда 303 өсiмдiктердiң сирек және жоғалу қаупі бар түрлерi енгізілді. Қазіргі кезде Қазақстанның Қызыл кітабының жаңа редакциясы баспаға дайындалуда. Өсімдіктердің сирек және жоғалу қаупі бар түрлеріның саны 387 түр. Жерлерді кең ауқымды жыртуы нәтижеде көптеген экожүйелердің жалпы өзгерiстерi, дала және орманды дала аймағының антропогенді өзгерістері пайда болды. Жер жырту әрекеттерінен әсіресе бозды-бетегелi - 8,5 млн.га және түрлі бетегелi далалар - 13, 6млн. га зақымданды. Жазықтарда аумақтардың жыртылғаны 90% жетедi, ал ұсақ шоқылы жерлерде 30 % жеткен. Жазықтықтардағы құрғақ далалар (ауданы 52 млн га) 50-60 %, шоқыларда – 10-15% дейін жетеді. Бұл аймақтарда қалған жерлер (беткейлердегі тасты және кешенді дала) біршама өзгеріске ұшыраған. Бұл өлкелердiң бозды жерлерiне шамадан тыс өріске шығуы нәтижесiнде биоәртүрліліктің түбегейлi жоғалтуы орын алды. Сонымен бiрге, тау далаларының өсiмдiктерi де өзгерген, себебі жайылым, пiшен шабудың ықпалынан жерлер түбегейлi өзгерген. Шөл аймақтарындағы биоәртүрліліктің жойылуы бірдей жүрмейді. Солтүстік жусанды шөлдерде қыстаулар, елді-мекендер айналасында ошақтық (локалды) өріс және мал айдау жолдары бойында ошақтық-жолақ өріс байқалады. Орталық және оңтүстік шөлдерде (көпжылдық бұталар) өрістен басқа, (көбіне республиканың батысында) техногендік әсерлер мен жол желісінің жүйесіз болуымен, өзен ағынының ретсіздігі, сексеуілдерді шабумен байланысты қауіптер бар. Әсіресе құмды шөлдердің өсімдігі жойылған. Тау баурайындағы урбанизация мен ауыл шаруашылық жерлерін қарқынды игеру нәтижесінде өсімдік жамылғысының қатты бұзылуына себеп болып, қазақстандық ерекше эфемерлі жусанды шөлдер толығымен жойылуда.Іле, Сырдария, Шу, Талас өзендері алқаптарында шалғындық өсімдіктердің күрт өзгеруі болған. Жоғары өнім беретін қамыс бірлестіктері толығымен деградацияға ұшыраған. Суғарудың тоқтап қалуынан шалғынды өсімдіктердің далаға айналуы жүреді. Өзен ағынның шектелуіне байланысты шалғынды өсімдіктер жер-жерлерде азайып, жойылуда, олардың әртүрлілігі қысқарып, өнімділігі 10-15 есеге (15-40 тан 1,5-2ц/га дейін) азайған. Орманды дала аймағының қайыңды, көктеректі, үйеңкі ормандары өз ареалын қысқартуда. Қазақстанның солтүстік-батысында алқаптағы өсімдіктер (емен орманы, ақ үйеңкі, үйеңкі ормандары, қалың бұталар) гидрологиялық режимнің бұзылуы нәтижесінде деградацияға ұшыраған.Жалпы, биологиялық әртүрлілік төмендеуінің басты себептері мен факторлары:
Мұнайгаз және энергетикалық кешен нысандарын су басу және батыру кезіндегі Каспий теңіз суының ластануы (су деңгейінің көтерілуімен байланысты); теңіз мұнайын өндіру және тасымалдаумен байланысты ластану; Каспиге өзендермен бірге құйылатын ластағыштар. Ілеспе газды жандыру кезінде және өндірістік қалдықтардың токсинділігі нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы.Мұнайгаз, химия және энергетикалық кешен әрекетінің нәтижесінде топырақ-өсімдік жамылғысының ластануы және деградацияға ұшырауы.Бақылаусыз су көдерін пайдалану және суды ауыз су және техникалық қажеттіліктерге пайдалану нәтижесінде жерасты суларының таусылуы.
Мұнаймен, газ және мұнайөнімдерімен флора мен фаунаның улануы әсерінен жойылуы.
Бекіре, каспий итбалықтары, сайғақ және басқа жануарлар санының қысқаруы.
Радиациялық қауіпсіздік нормаларының артуы және қоршаған ортаға әсері.
59.Биоәртүрліліктің негізгі экономикалық шарттары қандай?2004-2006 жылдары экологиялық тұрақтылықтың әлемдiк рейтингінде Қазақстан 75-шi орыннан 70-шi орынға жоғары көтерiлдi.Басым бағыт ретінде орнықты даму, халықтың тұрмысын жақсарту, адамзат капиталын арттыру анықталды. Әр аймақта және әр салада орнықты дамудың мақсатты көрсеткіштері мен индикаторлар жүйесін енгізу жоспарлануда. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының таралуы және пайдаға асыруды мемлекеттiк бақылауды күшейту, тиiмдi табиғатты пайдалануды ынталандырудың тетiгiн әзiрлеу, кәсiпорындарда экологиялық менеджмент және халықаралық экологиялық стандарттарды енгізу жолымен қоршаған ортаны ластану деңгейдiң төмендетуді жоспарлайды. Мұнай серiктестiктерiнiң белсендiлiгiнен шығатын зиянды заттарды экологиялық бағалаудың әдiстемесi жасалған, осы мәселенi реттеудің халықаралық-құқықтық тетiктері жандандырылды, экологиялық мониторинг жүйесi құрылуда. 2013 жылдан бастап Қоршаған ортаны қорғау министрлігі шығындарға аймақтық квоталар орнатуы тиіс. ҚР Эколгиялық Кодексіне сәйкес Жылулық газдар (ЖГ) шығындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды (ОБЗ) мемлекеттік реттеу мақсатында олардың шекті мүмкін деңгейлері белгіленеді. ЖГ көздерін мемлекеттік тіркеу туралы талаптар заңмен бекітілген.Қазақстандағы табиғи орта мен экологиялық-экономикалық ахуалға – 9 міндеттің орындалуы туралы өткен есепте берілген баға (Қазақстандағы Мыңжылдық жоспар мақсатының орындалуына шолу, 2005ж.) бұл міндеттің іске асырудың аса қиын екендігін көрсетті. Мұның себептері республиканың экономикалық дамуының минерал-шикізат пен отын қорларын өндіру көлемін арттыруға байланыстылығында жатыр. Бұл үрдіс табиғи қорларды жоғалту және техногендік ластаудың жоғарғы деңгейімен қосарлана жүрді. Ұлттық байлықты сақтау мен тиімді пайдалану жөніндегі ресми бағдарламаның жоқтығы, орман шаруашылығын басқарудың салалық саясатының жетілмегендігі, биоәртүрлілік нысандарын түгендеу және тізімге алу шараларының жоқ екендігі, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесінің осалдығы, табиғат қорғау шараларын қаржыландырудың жеткіліксіздігі орын алып келеді. Бұл міндетке қол жеткізудегі ілгерілеушілік көрсеткіштері мынандай анықтағыштарды пайдалану арқылы бағаланады: Жерүсті ортасының биоәртүрлілігін қолдау үшін күзетілуші аумақтың пайызы.Оттегі қосқышқылының шығарылуы (жан басына) және озонсіңіргіш Орман жабындылы аумақтың пайызы.заттардың қолданылуы.