
- •1.Табиғатты пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оны анықтау әдістері.
- •2.Ғылыми – техникалық прогресс экономиканы экологизациялау факторы ретінде.
- •9.Тұрақты дамуың критерийлері мен индикаторлары. Тұрақтылық типтері.
- •10.Экономиканың модельдері және оларды табиғи факторды ескеру.
- •15.Қазақстанның отын – энергетика кешені және экономика: тура және кері әсер.
- •19.Қорықтардың, заказниктердің, ұлттық парктердің функциялары қандай?
- •26. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
- •33. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
- •35. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу және оның тиімсіздігі.
- •60)Биоәртүрлілікті сақтауда балама құнға базалық көзқарас қалай қолданылады?
- •77. Жер ресурстарының деградациялау факторларын атап өтіңіз.
- •79. Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізгі шарттары қандай?
- •80. Табиғи құнарлану өндірісінің типтерін айтыңыз.
- •88. Жасанды түрде жасалған өндіріс құралдары.
26. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі өз қызметінде табиғи ресурстарды пайдаланатын шаруащылық субъектілерінен алынатын салымдардың мемлекеттік әдістері, тәсілдері мен құралдарынан тұрды. Табиғатты пайдалануды экономикалық реттеудің 6 қағидасы бар:
1. Төлем қағидасы. Бұл қағидаға сәйкес табиғи ресурстрады шаруашылық қызметте пайдалану тек төлем жасалған кезде ғана мүмкін болады.
2. Табиғатты қорғаудың ғылыми негізділік қағидасы. Бұл қағида қоғамның экономикалық және экологиялық мүдделердің сәйкес келуі яғни адамның сау әрі жақсы өмір сүріне қажетті қоршаған ортаны қамтамассыз ететін кепілдіктердің болуы. Бұл қағида табиғатты пайдалануды реттеудің экономикалық әдістерін қолдануда қажет.
3. Экономикалық жауапкершілік қағидасы. Табиғатты пайдаланушылар табиғи ортаға, адам денсаулығы мен олардың мүліктеріне эконлогиялық құқық бұзушылық нәтижесінде тигізген зардаптарынын орнын толтыруға міндетті.
4. Кешенділік қағидасы. Табиғи ресурстарды көп мақсатта пайдалануға бағытталу және қалдықсыз техологияларды дамытуға негізделген.
5. Шаруашылық есеп қағидасы. Бұл принципке сәйкес өндірістің экологизациялсы және оның тиімділігі мен табыстылығының үйлесуі қажет.
6. Экономикалық ынталандыру мен экономикалық санкциялар арасындағы баланстың сақталу қағидасы – табиғатты пайдаланушыларға әсердің позитивті және негативті шаралары.
Табиғатты пайдалануды экономикалық ынталандыру мемлекеттің табиғатты пайдаланушыларды табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға және табиғи ортаны сақтауға шақыруы. Экологиялық ынталандырудың келесідей негізгі бағытары бар:
1) табиғатты пайдаланушыларды табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға және табиғи ортаны сақтауға ынталандыру;
2) табиғатты сақтау, табиғатты қалпына келтіру, ресурстарды және энергияны қорғау іс шараларын атқаратын жұмысшыларды белсенді іс әрекетке ынталандыру;
3) кәсіпорын жұмысшыларына қауіпсіз жағдай туғызуды қамтамассыз ету.
Экономикалық тежеу әдісі экологиялық тұрғыдан лас технологиялар мен өнімді өндіру әдістерінің пайда болуы мен дамуына қарсы тұруды ұсынады. Экологиялық тұрғыдан лас өндірісті экономикалық тежеу екі принципке негізделеді: экологиялық приоритет және сәйкестік принципі.
27. Табиғи ортаның ассимиляциялық көлемі және ластанудың экономикалық оптимумы.Табиғи ортаның зиянды қалдықтарын ассимиляциялау қабілетіне орай біз табиғатты қорғауға жұмсалатын шығындарды үнемдей аламыз. Осы үнемдеу нәтижесінде ассимиляциялық потенциал деңгейі анықталады. Ассимиляциялық көлемді анытау бойынша зерттеулер бұрыннан бері жүргізіледі.
Ластанудың экономикалық оптимумына Х нүктесінде жетеміз, яғни 1және 2 қимықтардың қиылысу нүктесі. Бұл нүктеде өндірушінің таза шекті табысы шекті экстернальды шығындарға тең. Өндіріс көлемі – Q, ластану деңгейі - Z. Эконимаклық оптимумға жету табиғатты пайдалануды реттеудегі мемлекет рөлінің маңызын көрсетеді.
28.Экономикалық дамудың жалпылама көрсеткіштеріндегі табиғи факторды сандық есептеу әдістері. Әр тіршілік ортасы ағзаға әсер ететін факторлармен ерекшеленеді. Ағзаға әсер ететін, тіршілік ортасын құрайтын элементтерді экологиялық факторлар деп атайды.Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогенді болып бөлінеді.Абиотикалық факторлар.Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері.Жарық. Күн сәулесінің спектрінде биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.
Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі.Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Биотикалық факторлар. Тірі ағзалардың бір-біріне (популяциядағы даралар арасындағы, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар) әсер етуі. Биотикалық факторлар: селбесу (симбиоз және протокооперация), мутуализм, комменсализм, түріше және түраралық бәсекелестік, паразиттік, жыртқышты, аменсализм, нейтрализм.Биотикалық факторлар ағзалар арқылы ғана емес, табиғи орта арқылы да тікелей немесе жанама әсер ете алады.Өсімдіктердің бір-бірімен және тіршілік орта жағдайымен әрекеті. Популяциядағы өсімдіктердің өздігінен азаюына әкелетін, бір түрге жататынөсімдіетердің арасындағы бәсекелестік; арамшөп өсімдіктері мен мәдени өсімдіктер арасындағы жарық, ылғалға т.с.с. бәсекелестік пайда болады. өсімдіктер атмосфераның газдық құрамын сақтайды, өйткені оттегі-фотосинтез нәтижесі. Антропогендік факторлар.Адамның ағзаларға тікелей әсер ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп соғатын әрекеттері. Оң әсері. Қоршаған ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тиімді қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау.Кері әсері. Орман-тоғай ағаштарын аяусыз кесу, батпақты жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай жинау т.с.с.
29. Табиғаттың жалпы экономикалық құндылығының экономикалық көрсеткіші және оның құраушылары.Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.осылардың барлығы табиғаттың жалпы экономикалық құраушылары болып табылады. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Табиғаттың экономикалық құндылығына табиғи ресурстармен, жер, су, ауа, топырақ, құм, пайдалы қазбалар, өсімдіктермен ерекшеленіп сипатталады. Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Топырақ - Өсімдіктердің, жануарлардың, климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден түрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады.
30.Сарқылатын табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық проблемалары.Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Сарқылатын ресурстар— табиғи ортадан алынған сайын саркылатын ресурстар.Сарқылатын ресурстар қалпына келетін (таза ауа, түщы су, күнарлы топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі) және қалпына келмейтін (минералдық) ресурстар (қазып алынатын отын, металдық минерал шикізаттар (темір,мыс, т.б.), бейметалдық минерал шикізаттар (саз, құм, фосфаттар, т.б.) болып бөлінеді. Бұлар табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтындықтан сарқылады (мыс, алюминий, т.б.)Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы — ол адамды қолданылуы анағұрлым ириоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар.Біріншіден бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, сарқылатын ресурстарды пайдалану борлашағы. Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғатРесурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. ал оның жеке сфералар (мұхит, құрлық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін .Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты. Б. Скиннердің 1989 жылғы мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген. Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударылады. Себебі олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30—40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір — 70—80 жылға жетеді.
31.Орман кешенінің экологизациясының негізгі бағыттарын және спецификациясын анықтау.Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман —географиялық ландшафт элементі. Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-санаторийлер’’’ орналастырылады.Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 – 28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі. Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.Қазақстан Ормандарының жартысынан астамын (52,2%) шөлді аймақтардағы сексеуілді Ормандар алып жатыр. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі (қара сексеуіл мен ақ сексеуіл) өседі. Қара сексеуіл бүкіл Бетпақ даланың батысында, Сарысу өзені бойының орталығында, Іле өзені сағасының оң жағалауында және Шу өзені мен Мойынқұмның аралығында таралған. Ақ сексеуілді Орманды алқаптар Қарақұмда, Мойынқұмда, Балқаш төңірегі мен Қызылқұмда өседі. Сексеуілді Орманның құмды алқаптардың жылжуын тоқтатуда маңызы зор және қой, түйеүшін қысы-жазы жақсы жайылым. Сексеуілден басқа Қазақстанның шөлді аймақтарын кесіп өтетін Сырдария, Шу, Іле, т.б. өзендердің бойларында түрлі ағаш-бұталар (терек, тобылғы, жыңғыл, шетен, емен, шегіршін, тал, т.б.) өсетін тоғайлы ормандар кездеседі. Олар жыл бойы сумен жақсы қамтамасыз етілетіндіктен, шөл ішіндегі жақсы көлеңкелі, сулы тамаша демалыс орындары болып саналады. Қазақстанда орман ағаштарын тиімді пайдалану, т.б. мәселелерімен Көкшетау қаласында орналасқан Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты айналысады.
32. АПК экологизациясы және өндіру – өткізу қызметінің дамуы.Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және оларды тұтынушыларға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді.Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығының өзі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын негізгі өндіріс құралдарымен камтамасыз ететін, салалар тобы (ауыл шаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі) және ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын, салалар тобы (жеңіл, тамақ өнеркәсіптері) жатады.
АӨК-нің ауыл шаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобы техника, минералдық тыңайтқыш, улы химикаттармен жабдықтап, оны механикаландырылу және интенсивтендірілу деңгейін анықтап, тиімділігін арттырып және өнімдерді дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ еліміздің қазіргі нарықтық экономика жағдайында өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобының даму деңгейі ауьш шаруашылығын техника және химиялық өнімдермен жеткілікті, тұракты қамтамасыз ете алмауда.
Сонымен АӨК дегеніміз ауыл шаруашылык өндірісін өнеркәсіптік негізде дамыту болып табылады. АӨК-нің мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды сақтау, сапалы өндеу және дер кезінде халыққа жеткізу. АӨК-нің міндеті халықты тамақ өнімдерімен, жеңіл және тамак өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы бүл міндеттерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығының қажетін және оның өнімдерін өндеуге қызмет ететін өндірістермен өзара байланысы тұрақты кеңейтіп отыруы тиісті.Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. АӨК құрамында үш негізгі буын бар.
АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы:1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыныАуыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар:
1. Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.
2. Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.
3. Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті:
Еңбек өнімділігін көтеруді, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешендердің экспорттық әлеуетін күшейту.