Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tabigatty_paydalanu_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
671.23 Кб
Скачать

15.Қазақстанның отын – энергетика кешені және экономика: тура және кері әсер.

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені еліміздің халық шаруашлығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді біріктіреді. Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Мұнай өндірісі оның тұтыну мөлшерінен 1.4 есе асады. Республикамызда көмір, мұнай, газ, гидроресурстар, жанғыш тақтатастар, гидротермальдік түрлер бар. Отын өндірісі аса жағымды техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуда. Екібастұз алабындағы көмір өндірісінің жоғары дәрежедегі үнемділігі баршаға мәлім. Қазақстанның аса бай мұнай және газ кеніштерінің тау-геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей болып келеді.Алайда отын-энергетикалық ресурстар республиканың аймағы бойынша аса шашыраңқы түрде орналасқан. Отын энергетикалық кешенін дамыту барлық халық шаруашылықтық мәселелерді шешудің негізі болып табылады, сондықтан Қазақстанның энергетикалық бағдарламасында келесідегідей ұйымдастыру-экономикалық шаралары ескерілуі тиіс:-отын энергетикалық кешені мен соған байланысты болып келетін салаларды оларды дамытуға арнап материалдық және қаржылық ресурстарды көбірек бөлу арқылы нығайту-республиканың өндірістік күштерінің орналасуын отын тұтынушыларды Қазақстанның негізгі отын-эенергетикалық базаларына жақындату бағытында жетілдіру;-отын энергетикалық кешені салаларында нарықтық механизмдерді өндіріс арқылы реттеумен әзірлеу;

Қазіргі кезде отын-энергетикалық ресурстардың басым бөлігі тікелей отын және энергия ретінде тұтынылуда, соның өзінде оларды прогрессивті бағыттар бойынша тұтыну мөлшері тым төмен (34,1%). Отын-энергетикалық ресурстардың небәрі 0,3%-ы ғана химиялық және мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне жұмсалуда. Отынның оны өңдеу, сақтау және тасымалдау кезіндегі шығындары едәуір болып келеді, олар газ бойынша 32%, мұнай бойынша – 29%-дан артық, көмір бойынша – 13% құрайды. Жуық шетел елдерімен нарыққа көшу кезінде шаруашылық қатынастардың бұзылуы жағдайларында дербес энергетикалық жүйені қалыптастырып, дайын өнімді алуға дейін өз отындық шикізатының өңделуін ұйымдастыру қажет. Қазақстанда электроэнергетикасын дамыту ісін көмір, су ресурстары тәрізді дәстүрлі көздердің өзіндік базасына негізделумен жүзеге асыру керек. Мұнай өңдеу өнеркәсібінде алғашқы кезектегі мәселеге Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарын өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өңдеу өнімдерінің өз еліміздегі өндірісін арттыру мәселесі жатады. Республикадағы отын-энергетикалық кешенінің ерекшелігі сол, ол елдің ішіне қарағанда іргелес жатқан республикалардың отын-энергетикалық кешенімен неғұрлым көбірек ықпалдасқан. Бұл келесідегідей себептермен түсіндіріледі:

•шикі мұнайдың өз еліміздегі өндірісі мен мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылықтары оларды өңдеу үшін жеткілікті болса да республика мұнай өнімдерін сырттан әкеледі;

• Батыс Қазақстанның шикі мұнайы әрекеттегі мұнай құбырлары бойынша Ресейдің Еділ жағалауы аумағына жеткізіледі, ал республикамыздың Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік кәсіпорындары батыс-сібір мұнайын сырттан әкеледі.

16.Энергияның альтернативті көздерін пайдаланудың экономикалық проблемалары.Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жай қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Электр энергетикасын қалпына келтіру мәселесі — бұл қауіпсіздік мәселесі, әрі еліміздің болашағы электр энергетикасы мен инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып отыр. Бірінші кезекте мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялық міндеті шешілуде, мемлекеттің өзінде инвестициялар жасалып, жұмыс орындары пайда болуы тиіс. Электр энергетикасын дамыту экономиканың өзге салаларын дамытуға мұрындық болмақ, қажетті бастапқы энергия ресурстарының, бірінші кезекте арзан көмірдің барлығын ескерер болсақ, елімізде энергия сыйымдылығы аз, экспортқа бағытталған өндірістердің дамуына ықпал етпек. Болашақта энергия балансына жел, күн, шағын ГЭС энергиясының зор әлеуетін тарту және атом энергетикасын дамыту негізін құру жоспарланып отыр. Альтернативті энергия көздерін пайдалану орталықтандырылған энергиямен жабдықтау жүйесіне нақты балама, әсіресе электр энергиясының тапшылығын көріп отырған алыс аудандарға тиімді болмақ. Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде-де энергияны үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30–35 пайызды ғана құрайды. Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды қажет етеді.Күн энергиясы - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, олар: ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл сәуле шығару аймағы. Қазақстан республикасы үшін алып айтқанда бізге қуат боларлық энергия көздері көп. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды.Жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.

Гидроэнергетика (грек, "һydor" — су, ылғал, energia — қызмет, бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу. Дүние жүзіндегі ең үлкен СЭС Венесуэлада) (Гури бөгеті, 10 млн кВт) және Бразилияда Парана өзенінде (Итайпу ГЭС-і, 12,6 млн кВт) салынған. Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т.б. бар. Су энергетикасының энергия көздері саркылмайтын (трубина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын өзен және бұлақ суымен толтырылады) болуы мүмкін.

17. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмінде «ластаушы төлейді» принципін қолдану.Қазақстан республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңы 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық оралуандылықты сақтауға және табиғаттың оңтайлы пайдаланылуын ұйымдастыруға, "ластаушы төлейді" ұстанымы негізінде табиғат пайдалануды кезең-кезеңімен экологияландыруға бағытталған. Халық шаруашылығының басқа салаларында: ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және т. б. осы коэффициенттер қолданылады. Бірақ, әр салада және әр түрлі нысандарға ластаушы заттардың әсерлері бірдей емес екені белгілі. Мысалы, адамның денсаулығына өте қауіпті сынап буы металға онша әсер етпейді. Сондықтан, әр салада ластаушы заттарды келтіру коэффициенттері арнайы әдістермен анықталуы керек.Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянды анықтау әдістерінің ең негізгі кемшілігі - ластаушы заттарды шығарғаны (төккені, орналастырғаны) үшін төлемдермен байланысының жоқтығы. Зиян бір шамамен, ал төлем екінші бір шамамен анықталады. Зиян келтірілген зардаптар (нұқсан) негізінде, ал төлем жұмсалатын шығын негізінде. Белгілі территорияда белгілі мерзімге төлем нормативін анықтау үшін табиғат қорғау шығындарын, мысалы, барлық атмосфера қорғау шығындарын шығарылатын зиянды заттардың келтірілген массасына бөлеміз.Сонымен, ластағаны үшін қолданылатын төлемдер тек қана табиғат қорғау шығындарын қайтарады. Ал, зиян айып төлемдермен қайтарылуы тиіс. Бірақ, айып төлемдер шамасы зиянның шамасына тең емес екені белгілі және тең болуға тиіс емес. Өйткені, айып төлемдер басқа, өздеріне тән қызмет атқарады. Мұндай жағдайда алынбаған табыстың орнын толтыру ескерілмейді, оны ешкім қайтармайды. Себебі, ол төлемнің құрамында қарастырылмаған. Олай болса, ондай зияндарды есептеудің не қажеті бар?Әр түрлі әдістемелік негізде есептелген ластанудан болатын зиян мен ластағаны үшін төлем сомалары тең емес. Есептелген зиян шамасы ластағаны үшін төлем алуға негіз бола алмайды. Төлем зияннан кем болғанда зиян өтелмейді, артық болса не үшін төлем алынатыны белгісіз.Сондықтан біздің ойымызша зиян мен төлем бір әдістемелік негізде есептелуі тиіс. Сонда ғана іс жүзінде «ластаушы - төлейді» принципі сақталады.

18. Жалпы экономикалық бағалық құны.Экономикалық зиянды ластану әсерінен болған келеңсіз өзгерістердің негізгі сипатын ақшалай бағалау деп түсінген дұрыс. Зиянның тигізетін әсері өте кең спектрлі- металлдардың жылдам коррозияға ұшырауымен, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуімен, флорамен фаунаның құруымен байланысты адам денсаулығыныңнашарлауынан бастап, шығындарға дейін. Кейбір зерттеушілердіңңпікірлері бойынша экономикалық тұрғыдағы зиянды табыстың, пайданың немесе ұлттық табыстың ысырабы деп қабылдайды. Қоршаған ортаның ластануынан болатын шығындар екі бөлімнен тұрады: табиғатты қорғау шараларын ж.а. болатын шығындар және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан болатын шығын. Қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық зиянның құрамына табиғатты қорғау шығындарын, зиянның өтелу шығыны мен уыстан шыққан пайданың алынбаған табыс түрін немесе әсерін де есепке алу қажетті деп санаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]