Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tabigatty_paydalanu_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
671.23 Кб
Скачать

80. Табиғи құнарлану өндірісінің типтерін айтыңыз.

Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физ.-хим. ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Бұл топырақтың ең басты қасиеті. Топырақ құнарлылығы. биоценоздың жалпы өнімділігі мен а. ш. дақылдарының түсім мөлшерін анықтайды. Топырақ құнарлылығын екіге бөледі: табиғи және жасанды. Табиғи Топырақ құнарлылығы топырақ түзілу процесі нәтижесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына, қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті, минерал. және хим. құрамына, микробиол. процестердің қарқындылығына тәуелді. Жасанды Топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдарды егіп өсіру, мелиорация, т.б.) алынады және егілген а. ш. дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады. Топырақты қорғап және оны дұрыс пайдалана білсе, оның құнарлылығы артады. Табиғи құнарлылығы төмен, егіншілікке жарамсыз топырақтарды да адам қолымен жақсартып, егіншілікке қарқынды пайдалану арқылы жоғары өнім беретін алқаптарға айналдыруға болады. Табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылықтың қо-сындысы – экон. немесе тиімділік құнарлылық деп аталады. Ғасырлар бойы адамзат қоғамы негізінен табиғи құ-нарлылықты пайдаланып, соның берген азды-көпті өнімін қанағат тұтып келді. Бұрынғы кезде ұзақ жылдар бойы егіншіліктің үш танапты жүйесі орын алып, онда тың жатқан жерлерді жыртып, оған үш жылдай қатарынан егіс еккен. Ол жерлерден табиғи құнарлылығы арқасында өнім алып, одан кейінгі жылдары өнім азая бастаған кезде егістікті басқа жерлерге ауыстырып егу тәжірибесі өріс алып келді. Мұны егіншіліктің көшпелі жүйесі деп те атады. Дегенмен ғыл.-тех. прогрестің даму нәтижесінде жерді үнемі дұрыс пайдаланған жағдайда, ол ешуақытта жарамсыз болып, істен шығып қалмайтыны белгілі болды. Керісінше жылдан-жылға жақсара түседі.

81. Жер құнарлылығының негізгі түрлерін айтыңыз. Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

Жерді пайдалану құқығына, табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше құқықтық белгісі бар түрі ретінде, айрықша тоқтала кеткен жөн. Жерді пайдалану құқығында, табиғатты пайдалану құқығының басқару түрлері сияқты, мақсаттық сипат бар. Бірақ кейбір жағдайларда ол жер учаскесінде жеке меншік құқығына жақын құқықтық режиммен азаматтық айналымға кіреді. Жер – өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол – өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер – табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады.

Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңды¬лықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелерін, жерді өндірістік тұрғыдан игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерек¬ше¬ліктерін ескеру мәселесін көбі¬несе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырында, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап орындалуын қамтамасыз етеді.

Ал енді жерді пайдалану құқығына келетін болсақ. Жер пайдалану құқығы – бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с.с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі.

Жер пайдалану құқығы:

• мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың

актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;

• жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын

жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;

• жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды

тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.

Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi

Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.

82. Ауыл шаруашылығының экологизациясы.Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады. Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.Сонымен қатар осы заманғы техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті.

83. Жер ресурстарын қолдану, олардың деградациясы. Жерді пайдаланудың функциясының ерекшелігі оның табиғи ресурстарының арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторларының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғатты ұдайы өндірістік процесстердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Біздің планетамыздың беті – 510 млн. шаршы киллометр. Оның көп бөлігі – 361 млн. шаршы киллометр, яғни 71%-ін су алып жатыр. Құрлыққа тиесілісі – 149 млн. шаршы киллометр. Бұл территорияны 4060 млн.га орман алып жатыр. Шалғын мен жайылым 2600млн.га. Өңделетін жер – 1450 га. Қалған территория 45% Қазақстан Республикасының территориясы 2,72 млн. шаршы киллометр. Ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің динамикасына толып жатқан процесстер өз әсерін тигізеді: Ғылыми техникалық прогресстің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Жер жағдайының нашарлауы ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі тарылып барады. Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен, өйткені ауылшаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес, әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі. Еліміздің кейбір аймақтарында мал шаруашылығында кемшіліктер орын алған. Соның ішінде ең үлкен кемшілік, жайылымның мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып, шектен тыс жаю. Соңғы 100 жыл ішінде әлемдегі ауылшаруашылығында пайдалы жердің шамамен 27% -і жарамыз болып қалған, оның ішінде пайдалы жердің көбісі таусылудан жарамыз болды. Жер реурстарының өнімділігі мен ауданын климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. Жер ресуртарын қолдануда қалыптақан жағдай келешекте ауылшаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіндік бермейді.

84. Құнарлылықты ұдайы өндіру. Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физ.-хим. ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Бұл топырақтың ең басты қасиеті. Топырақ құнарлылығы. биоценоздың жалпы өнімділігі мен а. ш. дақылдарының түсім мөлшерін анықтайды. Топырақ құнарлылығын екіге бөледі: табиғи және жасанды. Табиғи Топырақ құнарлылығы топырақ түзілу процесі нәтижесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына, қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті, минерал. және хим. құрамына, микробиол. процестердің қарқындылығына тәуелді. Жасанды Топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдарды егіп өсіру, мелиорация, т.б.) алынады және егілген а. ш. дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады. Топырақты қорғап және оны дұрыс пайдалана білсе, оның құнарлылығы артады. Табиғи құнарлылығы төмен, егіншілікке жарамсыз топырақтарды да адам қолымен жақсартып, егіншілікке қарқынды пайдалану арқылы жоғары өнім беретін алқаптарға айналдыруға болады. Табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылықтың қо-сындысы – экон. немесе тиімділік құнарлылық деп аталады. Ғасырлар бойы адамзат қоғамы негізінен табиғи құ-нарлылықты пайдаланып, соның берген азды-көпті өнімін қанағат тұтып келді. Бұрынғы кезде ұзақ жылдар бойы егіншіліктің үш танапты жүйесі орын алып, онда тың жатқан жерлерді жыртып, оған үш жылдай қатарынан егіс еккен. Ол жерлерден табиғи құнарлылығы арқасында өнім алып, одан кейінгі жылдары өнім азая бастаған кезде егістікті басқа жерлерге ауыстырып егу тәжірибесі өріс алып келді. Мұны егіншіліктің көшпелі жүйесі деп те атады. Дегенмен ғыл.-тех. прогрестің даму нәтижесінде жерді үнемі дұрыс пайдаланған жағдайда, ол ешуақытта жарамсыз болып, істен шығып қалмайтыны белгілі болды. Керісінше жылдан-жылға жақсара түседі.

85.Табиғат экономикалық бағалығын анықтау.Табиғатты экономикалық бағалау 2 турде журеді: абсалютты және салыстырмалы. Табиғатты жақсатру және табиғи ресурстарды пайдалануда барабар бағасын және табиғи ресурстардың, табиғи іс-әрекетінің экономикалық бағалығын анықтау болып табылады. Қоршаған табиғи орта 3 қызмет атқарады: 1. табиғи ресурстармен қамтамасыз етуілуі;2.зиянды қалдықтар мен ластарды ассимиляциалау; 3.адамдарды табиғи іс-әрекеттермен қамтамасыз ету.

Аталған үш қызметпен қатар, қоршаған табиғи қызметтердің экономикалық бағалығын анықтауда мыналарға негізделеді:нарықтық бағалық;ренталық; шығындық тәсіл; баламалық негізде; жалпы экономикалық бағалығы.Бұл тәсілдердің барлығын жақсы жетілген деп айтуға болмайды, оларда қарама-қайшылық жағдайлар кездесіп отырады. Дегенмен осылардың негізінде табиғаттың экономикалық құндылығын бағалауды жуықтатуға мүмкіндік береді. Нарықтың негізгі сапасы – түрлі ресурстардың тапшылық бағалығын ескерту арқасында оларды өте жақсы пайдалануды қамтамасыз ету тиімділігін реттеуге мүмкіндік береді. Бірақ қоршаған ортаның нашарлауы, табиғи ресурстардың таусылуы, өте көп ластануы нарықтық механизмнің әлі де болса іске аспай жатқандығын көрсетеді.Әдетте экологиялық ұғым экология-экономикалық зиян түрінде – жобаның тиімділігін төмендетуге кері жағдай. Қоршаған ортаның нашарлауы экономикалық зияндылық ластанудың есебінен болған қоршаған ортаның негативті яғни кері өзгерісі, ол табиғи ресурстардың көлемі және сапасы, сонымен қатар осы әсерлерден болған өзгерістерді құндық бағалаумен түсіндіріледі. Экологиялық зиян және оның зардаптары аймақтарда түрліше кездеседі: ластанған су және ауаны пайдаланған адамның денсаулығына зиян, ауыл шаруашылығында өнеркәсіптен шыққан лас заттардың әсерінен егін деңгейінің төмендігі, метелдардың коррозияға ұшырауына байланысты техника технологияның қызмет көрсету мерзімінің аздығы т.б. Әдетте бұл зияндылықтарды бағалаған кезде алдымен табиғи көрсеткіштердің төмендеу өзгерісі анықталады, содан кейін экономикалық баға беріледі.Теориялық жоспарда экономикалық заңдылықтың мына түрі жақсы зерттелген, ол экономикалық зияндылық қоршаған ортаны ластануы ластануды болдырмау шығындары мен бірге өндірістік экологиялық шығындарды қолданылады. Сонымен қатар, зияндылықты есептеудің практикалық жолы қолданылады. Мемлекетімізде 80 жылдары зияндылықты бағалаудың қарапайым әдісі қолданылған, ол зиянды заттардың тасталу көлемі аймақтық экономикалық көрсеткіш ерекшелігіне байланысты. Дегенмен бұл әдіс практикалық және теориялық сипаты жағынан критикалық ескертулерді тудырды, сондықтан оны абсйлықпен пайдалану қажет.Экономикалық әсердің деңгейіне байланысты ұйымдастырылған іс-шаралардың маңызды міндеті экологиялық зияндылықты төмендету. Экологиялық әсерді бағалаудың экономикалық жолдары қолданылады:

Тауарлар мен қызметтерге әсер ету бағасы, нарықтық бағаны пайдалану. Бұл жалпы жүйеде келесі әдістер қолданылады: өндірістің, тұтынудың өзгеруі (ауыл шаруашылығында астықтың төмендеуі, балық аулаудың тоқтатылуы);

өмір сүру деңгейінің төмендігі немесе «кірісті жоғалту әдісі» (аурудың, өлімнің өсуі, жағдайдың төмендеуі);алтернативті баға; мүліктің қызмет ету уақтысының бітуі (ғимарат, техника және т.б)Кірістер мен шығындардың көлеміне байланысты пайдалануға негізделген бағалау. Екінші бағыт шығындарға байланысты екені айқын. Барлық атап өтілген шеңберде бұл әдісті пайдалану экологиялық жағдайдың нашарлауын және экологиялық зияндылықтарды көрсететін табиғи көрсеткішті бағалау формасын алуға болады. Атап көрсетілген жолдардың маңызды құндылығы – тауарлар мен қызметтерге әсер ететін нарықтық бағаны пайдалануға мүмкіндік туады.

86. Табиғаттың экономикалық бағалылығы.Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмінің негізгі элементтері табиғи ресурстардың экономикалық бағалығы, сол сияқты оның негізінде кәсіпорындар мен мекемелердің табиғи ресурстарды пайдалануды жақсартудағы ынталандырудың нориативтерін белгілеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану нормаларын және осы жөніндегі жоспардың орындалмағаны үшін санкция (айып) тағайындау болып табылады. Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы – табиғатты қорғау және оны пайдалануды іс жүзіне асыруда табиғатты пайдаланушылардың тікелей ынталығын арттыру. Қазіргі жағдайда табиғатты пайдалану және оны қорғаудағы экономикалық механизмді қалыптастыруды мына төмендегі элементтерге бөлуге болады: табиғат пайдалану және қорғау қызметтері, экономикалық құралдарының жүйесі; табиғат пайдаланудың ақылығы; экологиялық факторларды есепке ала отырып, алғашқы және екіеші қайтарымды ресурстарға бағаның құрылуы; экологиялық сақтандыру; мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру механизмін жасау.Табиғатты экономикалық бағалау 2 турде журеді: абсалютты және салыстырмалы. Табиғатты жақсатру және табиғи ресурстарды пайдалануда барабар бағасын және табиғи ресурстардың, табиғи іс-әрекетінің экономикалық бағалығын анықтау болып табылады. Қоршаған табиғи орта 3 қызмет атқарады: 1. табиғи ресурстармен қамтамасыз етуілуі;2.зиянды қалдықтар мен ластарды ассимиляциалау; 3.адамдарды табиғи іс-әрекеттермен қамтамасыз ету.Аталған үш қызметпен қатар, қоршаған табиғи қызметтердің экономикалық бағалығын анықтауда мыналарға негізделеді:нарықтық бағалық;ренталық; шығындық тәсіл; баламалық негізде; жалпы экономикалық бағалығы.Бұл тәсілдердің барлығын жақсы жетілген деп айтуға болмайды, оларда қарама-қайшылық жағдайлар кездесіп отырады. Дегенмен осылардың негізінде табиғаттың экономикалық құндылығын бағалауды жуықтатуға мүмкіндік береді. Нарықтың негізгі сапасы – түрлі ресурстардың тапшылық бағалығын ескерту арқасында оларды өте жақсы пайдалануды қамтамасыз ету тиімділігін реттеуге мүмкіндік береді. Бірақ қоршаған ортаның нашарлауы, табиғи ресурстардың таусылуы, өте көп ластануы нарықтық механизмнің әлі де болса іске аспай жатқандығын көрсетеді.

Әдетте экологиялық ұғым экология-экономикалық зиян түрінде – жобаның тиімділігін төмендетуге кері жағдай. Қоршаған ортаның нашарлауы экономикалық зияндылық ластанудың есебінен болған қоршаған ортаның негативті яғни кері өзгерісі, ол табиғи ресурстардың көлемі және сапасы, сонымен қатар осы әсерлерден болған өзгерістерді құндық бағалаумен түсіндіріледі. Экологиялық зиян және оның зардаптары аймақтарда түрліше кездеседі: ластанған су және ауаны пайдаланған адамның денсаулығына зиян, ауыл шаруашылығында өнеркәсіптен шыққан лас заттардың әсерінен егін деңгейінің төмендігі, метелдардың коррозияға ұшырауына байланысты техника технологияның қызмет көрсету мерзімінің аздығы т.б. Әдетте бұл зияндылықтарды бағалаған кезде алдымен табиғи көрсеткіштердің төмендеу өзгерісі анықталады, содан кейін экономикалық баға беріледі.Теориялық жоспарда экономикалық заңдылықтың мына түрі жақсы зерттелген, ол экономикалық зияндылық қоршаған ортаны ластануы ластануды болдырмау шығындары мен бірге өндірістік экологиялық шығындарды қолданылады. Сонымен қатар, зияндылықты есептеудің практикалық жолы қолданылады. Мемлекетімізде 80 жылдары зияндылықты бағалаудың қарапайым әдісі қолданылған, ол зиянды заттардың тасталу көлемі аймақтық экономикалық көрсеткіш ерекшелігіне байланысты. Дегенмен бұл әдіс практикалық және теориялық сипаты жағынан критикалық ескертулерді тудырды, сондықтан оны абсйлықпен пайдалану қажет.

87. Тұрақты даму анықтамасы.«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын даму түрі.Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жою.Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру; Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру; Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау .«Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін. Рим клубы, Медоуздың (Өсу шектері, 1972) және Форрестердің (Әлемдік динамика, Әлемдік экономика 1972), Мессерович пен Пестельдің (Адамзат бұрылыс шегінде) еңбектері. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Рим клубының мүшелері таяу болашақты болжауды және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық-экономикалық қауіптің алдын алу қажеттігін мойындатуды өздеріне мақсат тұтты. Сонымен қатар әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасуы орын алды. Әлеуметтік экология экотехника, экодаму, экологиялық тәрбие, экологиялық сана, экологиялық мәдениет, т.б. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік экология ғаламдық қауіптің алдын алатын ғылым саласы.Әлемдік динамика кітабында әлемдік дамудың мүмкін нұсқалары туралы есптеу нәтижелері келтірілді.1972 жылы Рим клубының алғашқы баяндамасы "Өсу шегі" жарияланды. Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің Тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі, тоқырау мерзімінің жақын қалғандығы, апатты жағдайлардың орын алатындығы көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жа бу басталды. Бірақ осы еңбектердің ешқайсысында экологиялық – экономикалық компоненттер және биосферадағы көптеген факторлар, әлемнің ала-құлалығы жеткілікті ескерілмеді. БҰҰ қоршаған ортаға қатысты бірінші конференциясының декларациясы.

1992 ж. 3-14 маусым аралығында Рио-де-Женейрода БҰҰ қоршаған орта және даму туралы конференциясы (КОСР—92) өтті. Оған 179 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері және сарапшылар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес үйымдардың өкілдері, ғалымдар және кәсіпкерлер қатысты. Конференцияда «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Тұрақты даму үшін адам қамын ойлау, адамның табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықтылығын көрсету оның қарастыратын талап-мүдделерінің өзегі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]