Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tabigatty_paydalanu_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
671.23 Кб
Скачать

79. Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізгі шарттары қандай?

Елімізде өқндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігі болу үшін аграрлық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Ауылшаруашылығының тұрақты дамуы саланың өзіне тікелей экономикалық әсер етеді; агроөнеркәсіп кешеніне – жанама, ал АОК – мен байланысты салаларға мультипликативті әсер береді. Президент Н.Ә. назарбаев қазақстан халқына Жолдауныда аталмыш мәселеге ерекше көңіл бөлген болатын. «Ахуалды көтерудің негізгі факторларының бірі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және динамикалық дамуы».

Ауыл шаруашылығында соңғы жылдары оң өзгерістердің орын ала бастағанын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірістің даму үрдістері мен проблемаларына талдау жүргізудің қажеттігі туындады.Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту экономиканың басқа салаларына қарағанда өте күрделі және сан қырлы болып табылады. Ол төмендегідей объективті жағдайларға байланысты:

- ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерінің негізгі көзі, сондықтан бұл саладағы келеңсіз жағдайлар халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Сонымен бірге ауыл шаруашылық өнімдері ұзақ мақтауға болмайды.

- Ауыл шаруашылығы өндірісі толығымен адамға тәуелсіз табиғи жағдайларда жүргізіледі, сондықтан ол тұрақсыздыққа бейім болады;

- Материалдық өндіріс саласы ретіндегі ауыл шаруашылығының ерекшелігі, онда ұдайы өндірістің экономикалық үрдісі биологиялық және тірі организмдермен тығыз байланыста болады.

Аграрлық өндірісті тұрақты дамыту көп қырлы жұмыс және оның әртүрлі факторлары бар. Оның ішіндегі негізгілері – табиғи, материалдық-техникалық, ғылыми-аграрлық зерттеулерін дамыту деңгейлері және экономикалық факторлар.Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың факторлар жүйесі негізгі ең алдымен жер ресурстары құрайды. В. Петти айтқандай, жер бар байлықтың өлшемі. Олтек сапалық қасиеттерімен еркшеленіп қана қоймай, сонымен бірге оның материалдық негізі болып табылады. Жер табиғи ресурс және негізгі өндіріс құралы ретінде басқа да табиғи – биологиялық факторлармен өзара сәйкестікте пайдаланылады. Жерді басқа ресурстарға қарағанда қайта қалпына келтіру қиын, сондықтан оны тиімді пайдалану қажет.

Жоғары өнімділікке тек топырақтың құнарлығын көтеретін ғылыми негізделген шаралар кешенін орындау арқылы және жерді тиімді пайдалану негізінде ғана қол жеткізуге болады. Демек, ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамытудың маңызды факторы топырақтың құнарлығын көтеру немесе қайта қалпына келтіру болып табылады. Алайда соңғы онжылдықта жер экстенсивті түрде пайдаланылады, интенсивті технология заман талаптарына жауап бермеді. Еліміздің көптеген жер алаптарында эрозиондық және дефляциялық үрдістердің болуы жер құнарлығының төмендеуі мен ондағы қарашіріктің азаюына әкелді. Соның нәтижесінде соңғы 40-50 жылда дәнді-дақылдар өсіретін топырақ құрамындағы қарашірік көлемі 20-30 пайызға қысқарған зерттеушілердің бағалары бойынша бір жылдағы топырақ құнарлығының төмендеуі қоғамға 200 млн. долларға дейін экономикалық зиян әкеледі.

Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту факторларының бірі саланы техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.Жаңа аграрлық қатынастардың дамуы оған сай келетін материалдық-техникалық негізді қажет етеді. Оны қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығына шетелдік инвестицияны тарту мен «ноу-хау» негізінде прогрессивті технологияны енгізу арқылы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]