Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tabigatty_paydalanu_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
671.23 Кб
Скачать

1.Табиғатты пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оны анықтау әдістері.

Табиғатты пайдалану – бұл басқарудағы ең күрделі объектілердің бірі. Сондықтан да экологиялық процестерді басқару жіне табиғатты пайдалану экономикасын зерттеу маңызды мағынаға ие.Табиғатты пайдалануды басқарудың мақсаты – нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, шығарылған өнімнің қоршаған ортаға және өндіріс процестерінің зиянды әсерлеріне шек қою, табиғи қорлардың орынды пайдалануын және олардың бұрынғы қалпына келуін қамтамасыз ету.

Табиғатты қорғауды басқару және табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты келесі мақсаттар алға қойылған:

- табиғатты қорғауды басқару қызметін кешенді түрде іске асыру;

- өңдеу және табиғатты қорғау облысында ғылыми-техникалық саясаттың орындалуы және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланылуы;

- жерді қорғау, жер асты және үстіңгі суларды, атмосфералық ауаны, өсімдік және жануарлар әлемін, сонымен қатар барлық табиғи қорларды тиімді пайдалану және оларды мемлекеттік бақылау;

Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін айтуға болады:

Құқықтық – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзыреттерін, құқықтарын белгілеу.

Техникалық ұйымдастырушылық – табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық – табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау жэәне олардың іске асырылуын ұйымдастыру.

Әлеуметтік-психологиялық – жеке адамдармен, ұйымдармен, қжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.

Экономикалық әдіс – баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие, т.б экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

2.Ғылыми – техникалық прогресс экономиканы экологизациялау факторы ретінде.

Осы күнге дейін табиғат қойнауынан қанша ресурстарды алуға болады және оныңсалдары қандай болатындығы туралы нақты негіздеме жоқтың қасы. Біздің экономикамыздың ресурстарды пайдалануға бейімделгендігі ғана белгілі нәрсе.Әрине,оны пайдаланудың өсе түсуі ұлттық табыстың өсу тепе-теңдігіне әкелмейді.шетел тәжірибелері көрсеткендей, қай мемлекет табиғи ресурстарды аз пайдаланса, сонда ұлттық табыстың өсуі жоғары болып отыр. Ғылыми-техникалық дамудың негізінде табиғат ресурстарын жасанды жолдармен алмастыруды енгізудің дәрежелері туралы мәселелер принципті бола бастады.Әрине,мұндай алмастырудың мүмкіндігі тым шектеулі. Ал адам баласы үшін бірқатар маңызды экологиялық жүйе мен табиғи игіліктер тіптен алмастырылуға келмейді.Мысалы,отын ресурстарының орнына күн немесе жел энергиясын пайдаланатын болса, озон қабатын және т.б. жасанды жолмен алмастыру мүлде мүмкін емес. Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды. Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адам­ның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.Табиғаттағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды, бірақ оны жедел түзеу жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.

3.Табиғаттың жалпы экономикалық құндылығының көрсеткіші және оның құраушылары.Қазіргі жағдайда табиғатты пайдалану және оны қорғаудағы экономикалық механизмді қалыптастыруды мына төмендегі элементтерге бөлуге болады:

• табиғат пайдалану және қорғау қызметтері, экономикалық құралдарының жүйесі;

• табиғат пайдаланудың ақылығы;

• экологиялық факторларды есепке ала отырып, алғашқы және екіеші қайтарымды ресурстарға бағаның құрылуы;

• экологиялық сақтандыру;

• мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру механизмін жасау.

Барлық осы бағыттар бір-бірімен өзара байланысты әрі бір-біріне себепші болады және іс жүзінде кесіп өтеді. Атап өткен жөн, табиғатты пайдалану механизмінің өзі нарықтық сипатта болу керек. Бірақ, оның негізгі параметрін (ставкалар, нормативтер, монополистік өнімнің бағасы т.б) мемлекет белгілейді.

Табиғат пайдалану және қорғау қызметіндегі экономикалық құралдар жүйесін мыналар қамтиды:

• салық саясаты;

• субсидия және жеңілдік несиесі;

• табиғатты қорғау міндетіндегі тездетілетін амортизациялық қорлар;

• ластаушы құқықты сату;

• «қайтару кепілі» көзқарасын пайдалану;

• айыптар;

• ластау және қалдықтарды орналастыру үшін төлемдер.

Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін айтуға болады:Құқықтық – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзыреттерін, құқықтарын белгілеу. Табиғат пайдалану, қорғау туралы әкімшілік актілер қабылдау. Әкімшілік актілер орындалуға міндетті және тікелей әсер етеді.Техникалық ұйымдастырушылық – табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.Ұйымдастырушылық – табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау жэәне олардың іске асырылуын ұйымдастыру.Әлеуметтік-психологиялық – жеке адамдармен, ұйымдармен, қжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.Экономикалық әдіс – баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие, т.б экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

Табиғат пайдалануды басқаруда оптимизация, жүйлеу, сараптау әдістерін кеңінен қолданылады. Табиғат пайдалану саласында қолданылатын техника мен технология, табиғат қорғау бағдарламалары, жоспары, табиғат пайдалану жобалары, шығарылатын өнімдер, іс-әрекеттердің табиғатқа сыйымдылығы, шығарылатын қалдықтар, табиғатқа келтірілетін әсерлер міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.

Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шешімдерін дайындау үшін мемлекеттік есеп беру жүйесінің мәліметтері қолданылады. Табиғат қорғауды басқаруға қажетті мәліметтер, табиғи ортаның мониторингінен алынады. Мониторинг – бақылау жүйесі табиғат кешендерінің барлық түрлері, экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи зерзаттар бойынша жүргізіледі.

4.Табиғаттың экономикалық құндылығын анықтау әдістері. Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізілөді.

Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен езгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын езгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспар¬лау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарлау еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкінді береді.

Табиғат пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаны қорғауды, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.

Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пай¬далану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ре¬сурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зиянға ұшырағандардың шығынын қайтаруға міндетті және табиғи органы қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.

Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенде табиғат пайдапанушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.

қорғауға, тиімді пайдалануға ынталадыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалып-тасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.

5.Экономикалық дамудың жалпылама көрсеткіштеріндегі табиғи факторды сандық есептеу әдістері. Қазіргі заманғы э/қ теорияның қиындығы – экологиялық факторлардың экономикаға енгізілуі. Өйткені маркстік саяси экономия тек қана адам баласының еңбек өнімін э/қ категория айналымына енгізуге рұқсат етті. Шындығында құн мен шығын нәтиженің синтезіндей экологиялық жағдай мен табиғат ресурстарының бірлігінен көрінеді. Бұл пайдалы шекті теориясына сай келеді (еңбек, табиғи ресурс, капитал). Шикізат алудан бастап, дайын өнімге дейінгі табиғат ресурстарының қаншалықты тиімді пайдаланылуы табиғат сыйымдылығының шамасын көрсетеді. Табиғат сыйымдылығын өнім деңгейінде, салалық ж/е макро деңгейде анықтайға болады. Макро деңгейдегі табиғат сыйымдылығын (Тс) табиғи ресурстарды пайдалануға кеткен шығын (Рш) ретінде белгілі уақыт кезеңі ішінде ЖІӨ бірлігіне қатынасымен анықталады. Тс = Рш/ЖІӨ. Табиғат сыйымдылығының жеке көрсеткіші ретінде макро деңгейде ЖІӨ үшін н/е ұлттық табысқа энергия сыйымдылығы, су сыйымдылығы т.б. көрсеткіштер қызмет ете алады. Өнімнің деңгейінде табиғат сыйымдылығы табиғи ресурстар санының (Рс) өнім бірлігіне (W) қатынасымен анықтауға болады. Тр= Рк/W. Табиғат сыйымдылығының шамасы кем болған сайын өндіріс тиімдірек болады. Қалдықтар да аз ж/е қоршаған орта да таза күйінде сақталады. Қазақстанның энергия сыйымдылығы АҚШ-тан 4 есе ж/е Жапониядан 11 есе жоғары. Ауылшаруашылығында соңғы өнімді алуға нарық экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда бізде анағұрлым көп қаржы жұмсалады. Қазба байлықты ашық әдіспен игеру кезінде де жер сыйымдылығы жоғары екені көрінеді. Республика экономикасындағы орынсыз шығын мен табиғат сыйымдылығынң жоғары екенін көрсетеді. Экономикада кең түрде ресурс қайтарымы (К) деген ұғым қолданылады. Ол табиғат сыйымдылығының кері шамасы бола алады. К= W/Рл. Мыс, ауылшаруашылық дақылдарының шығарымдылығы қандай, 1 га жерден мал шаруашылығы өнімінің шығымы мен т.б көрсеткіш жоғары болса, соғұрлым өндіріс тиімді жұмыс істейді. Экономиканың экстенсивті дамуы кезінде табиғат сыйымдылығынң жоғарылығы байқалады. Ресурсқа деген қажеттіліктің орнын толтыру үшін өндірістік процеске әлі игерілмеген табиғат байлықтарын тарту қажет. Дамудың интенсивті жолы табиғат сыйымдылығын төмендету кезінде табиғат ресурстарын тұтынуды тұрақтандырып, өндіріс тиімділігін арттырады.

6.Сыртқы әсерлерді интернализациялау және оның табиғатты пайдалану экономикасына әсері. Табиғат пен қоршаған ортаға адамның ХХғ антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі б/ша асып кетіп жатыр. Оның әртүрлі көріністері бар: - бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық түрлердің азаюы, биосфераның сандық ж/е сапалық жағынан кедейленуі; - ХХғ орны толмайтын минералдық ж/е отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экологиылық проблемаларды тудырып отыр; - ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы. Адамның табиғатқа жағымсыз әсер етуінің ұзақ тарихы бар. Бірақ осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдамдығындай болған емес. Бұл ғаламдық э/қ дағдарыстың есіктен сығалауы деген сөз. Өсіп отырған антропогендік әсерге табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде: - ортаның химиялық ж/е радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп, жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, кей жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге ие; - микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып, бақылауға келмейтін реакцияларға жол ашады; - ландшафтардың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластану экологиялық апаттар мен э/қ шығындарға, экологиялық қаупі жоғары зоналардың пайда болуына әкеледі; - адамзат ХХғ. өзінің тұтыну өркетиетінің шегінде отыр. Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік ж/е экономикалық проблемалармен тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігі тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңдағы табиғатты пайдалану экономикасы оларды кешенді түрде зерттеп, шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.

7. Сыртқы әсердің пайда болуы және оларды экология – экономикалық дамуда ескеру. Табиғат пен қоршаған ортаға адамның ХХғ антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі б/ша асып кетіп жатыр. Сыртқы әсерлер жағымсыз және жағымды әсерлер болып екіге бөлінеді. Адамның табиғатқа жағымсыз әсер етуінің ұзақ тарихы бар. Бірақ осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдамдығындай болған емес. Бұл ғаламдық э/қ дағдарыстың есіктен сығалауы деген сөз. Өсіп отырған антропогендік әсерге табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде. Жағымсыз сыртқы әсерлердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсерлердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мыс, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни, көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан, одан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып, суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Қалада жүретін машиналар, қала ішінде н/е оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды, одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді. Өндіріс қалдықтарын қоршаған ортаға тастау фирмаларға арзанға түседі н/е мүлдем тегін болады. Егер фирма қалдықтарды жоятын тех/я қолданса, ол оған қымбатқа түсер еді. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көбейген сайын оларды жоюдың шекті шығыны төмендейді. Кейбір экономистер қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы ұсыныс жасайды. Қазіргі кезеңде қоршаған ортаны мүлдем ластамау мүмкін емес болғандықтан, қалдықтарды қоршаған ортаға тастаудың оптимальды мөлшерін анықтау қажет деген ой айтылады. Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік ж/е экономикалық проблемалармен тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігі тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңдағы табиғатты пайдалану экономикасы оларды кешенді түрде зерттеп, шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.

8. Шаруашылық жүйелеріндегі тұрақтылық концепцияларындағы экология – экономикалық даму.Қазіргі кезде өндірістік қоғам мен  демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Әрісе шаруашылық жүйелері, өндіріс орындарындағы адамның іс әрекеті табиғатқа кері әсерін тигізуде. Тіпті кейбір параметрлер б/ша шектен тыс болып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи ж/е әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. 1992ж маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференцияда «Тұрақты даму» концепциясы қабылданды. Бұл концепцияда шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.    Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар: - бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету; - суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау; - жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау. Тұрақты даму концепциясындағы экономикалық даму: - халық шаруашылығындағы мемлекеттік, қоғамдық ж/е жеке меншіктің парасатты түрде үйлесімі; - монополиясыздандыру, өндірушілер мен сатып алушылардың еркін бәсекелестігі; - ғаламшардағы барлық тұрғындардың негізгі тіршілікке қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде мәдени игілікті, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру; - жердегі тұрғындардың пайдалы қызметін тиімді ж/е адамгершілік тұрғыдан ынталандыру. Тұрақты даму концепциясы б/ша экономикалық идеялар қалыптасты: - экологиядан алшақ дамыған экономика жерді шөлге айналдырады; - экономикалық дамусыз болған экология әділетсіздік пен қайыршылыққа әкеп соғады; - экологиясыз әрекеттерге құқық ұжымдық ж/е бәріне бірдей тиісті өзін өзі құртуға жол ашады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]