Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Банктик тауекел шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
956.35 Кб
Скачать

1.Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің қандай түрі қолданылады, әрқайсысына сипаттама беріңіз.

Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:

  • айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;

  • конверсионды операциялар тәуекелі;

  • трансляциялық тәуекелдер;

  • форфейтинг тәуекелі.

Айрыбас бағамының өзгеруі тәуекелі. Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының құны ұлттық валютамен бейнеленеді.

Тікелей бағам = Ұлтттық валюта / Шетел валютасы

Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел құны валютамен бейнеленеді.

Жанама бағам = Шетел валютасы / Ұлтттық валюта

Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Кросс-бағамының (Кб) есебін төмендегідей формуламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу.

Шетел валютасының долларға қатысты бағамы

Кб (теңге) 

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы

Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды спот және форвард деп бөледі.

Спот бағам мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаны айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.

Форвардтық бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады.

Валюталық тәуекел уақыт бойынша валюталық бағамдарының өзгерісіне тікелей тәуелді. Сондықтан мерзімді мәмілелер жасауда валюталы тәуекелдің алдын алу үшін мерзімді контрактілер, соның ішінде фьючер және опцион контрактілері (олар туралы валюталық операцияарға арналған тақырыптан оқи аласыздар) қолданылады.

Конверсиондық тәуекел - бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсиондық тәуекелдерге ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі және аударым тәуекелі жатады.

Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сәйкес келмеуі барысында туындайды.

Аударым тәуекелі – валюта бағамының құлдырауына шетел және валютасында бейнеленген банк активтер мен капитал құнын қайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнының өзгеру қауіпі.

Трансляциондық немесе бухгалтерлік тәуекел банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барасында туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел қайта санау валютасына және оның тұрақтылығына тікелей тәуекелді. Қайта санау екі әдіспен жүзеге асады: ағымдық және тарихи. Ағымдық әдісті қайта бағалау ағымдағы бағаммен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі. Ал тарихи әдіс бойынша қайта бағалау нақты операциясының жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асады. Кейбір банктер барлық ағымдық операцияларды ағамдағы бағамен қайта бағалайды.

Форфейтинг тәуекелі банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.