
- •Тұтыну бағалар индексі мен жіө дефляторына анықтама беріңіз, өзара айырмашылығын сипаттаңыз.
- •Қазмұнайгаз компаниясы мұнай өндірісі саласында монополист болып табылады. Мемлекет монополист фирманың өніміне акциздік салықты енгізді. Одан кейін болатын салдарды график арқылы түсіндіріңіз.
- •Екінші деңгейлі банктер депозиттің пайыздық қойылымын жоғарылатты. Осы жағдай бойынша ақшаға сұранысының өзгеруін графикте арқылы түсіндіріңіз, негізгі байланыстардың сыни тұрғыда бағалаңыз.
- •Қр табыс салығы өсті. Осы жағдайда қр ақшаға сұраныс өзгерісін табыңыз, сыни түрде бағалаңыз.
- •3.Сұраныс бағалық икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз, график арқылы түсіндіріңіз.
- •4.Ұсыныс икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз.
- •14.Қазақстан экономикасының даму үлгісін анықтаңыз: кіші ашық экономика немесе үлкен ашық экономика.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as моделі арқылы сипаттаңыз.
Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as моделі арқылы сипаттаңыз.
Жабық экономикада сыртқы елмен сауда қатынастары жоқ. Жиынтық сұраныс көлемі – ол қазіргі бағалар деңгейінде отандық сатып алушылар (үй шаруашылықтары, фирмалар және мемлекет) сатып алғысы келетін және сатып алуға мүмкіншілігі бар тауарлармен қызметтердің жиынтық мөлшері: QD = C + I + G.
Жиынтық сұраныс көлемінің бағалар деңгейінен тәуелділігі жиынтық сұраныс қисығын анықтайды.
Жиынтық сұраныс қисығының нысаны нақты қалдықтар нәтижесі және байлық нәтижесімен түсіндіріледі. Жиынтық сұраныстың құрамдас бөліктерін жеке түрде қарастырайық.
Жиынтық сұраныс қисығы
ЖІӨ құрамында тұтыну үлесі оның үлкен бөлігін құрайды. Тұтынушылық шығыстарға тамақ өнімдеріне, киімге, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарларға, ойын-сауыққа кеткен шығыстар енеді. Дж.М. Кейнстің айтуынша тұтынудың көлемімен құрылымын анықтайтын бас фактор болып қолдағы жеке табыс DI табылады. Мұнда қолдағы жеке табыс Q – T тең болып қабылданады, яғни шығарылым минус таза салықтар. Кейнсиандық тұтыну функциясы келесі түрде жазылады: C = C(Q – T), ал сызықтық түрде: С = С0 + c. (Q – T), 0 < c < 1.
с коэффициенті қолдағы табыс бір бірлікке артқанда тұтыну қандай шамаға өсетінін көрсетеді. Бұл шама тұтынуға шектік бейімділікке (МРС) тең және тұтыну қисығының көлбеуіне сәйкес келеді.
Тұтыну қисығы
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарын бір диаграммада орналастырып AD-AS графиктік моделін шығарамыз. Сонымен қатар үш жағдай болуы мүмкін, олар жиынтық сұраныстың классикалық, кейнстің және кейнстің шектік тәсілдемелеріне сәйкес келеді.
Әрбір жағдайда макроэкономикалық тепе-теңдік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады.
К
лассикалық
жағдайда AD
қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан
бағалар деңгейінде артық сұранысты
тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің
өсуі w/P
нақты
жалақының төмендеуіне әкеліп соғады,
нәтижеде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан
артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан,
оның өсуі арқасында еңбек нарығында
тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек
жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған
бағалар деңгейі шартында AS
тік
сызығы мен AD
жаңа қисығының қиылысуымен анықталады.
Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижеде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады.
Кейнстің жағдайындағы AD-AS моделі
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруісіз шығарылымның өзгеруін тудырады.
Кейнстің шектік жағдайындағы AD-AS моделі
Жиынтық ұсыныстың кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың талықсытпасы (шоктары) деп аталады. Шоктар жағымды және жағымсыз болады. Олар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі арқасында пайда болуы мүмкін.
12. Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.
Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды.
Қазақстанның Экономикалық саясаты нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемлекеттік реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның Экономикалық саясат ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады.[1]
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.
15.ҚР интеграциялык процесстерді сипаттаңыз. Кедендік одақ - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф үшінші мемлекетке құру жөніндегі келісімі. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белоруссия, Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Кедендік одақтың негізгі міндеттерінің бірі – КО-қа мүше елдер арасында қазақстандық тауар айналымы мен экспортты жоғарылату. КО-қа мүше елдер арасындағы жалпы тауар айналымында Қазақстанның импорт тауарларының үлес салмағы шамамен 70%-ға тең. КО-дағы ең басты одақтасымыз – Ресей. КО-тағы Қазақстандық тауар айналымында РФ 97%-ды құрайды, ал қалған 3% Белоруссия еншісіне тиесілі. КО-қа мүше болғаннан бері Қазақстанның КО елдеріне экспортында айтарлықтай өзгеріс жоқ. 2012 жылы экспортқа көп шығарылатын бұрынғыдай минералды өнімдер (яғни шикізат өнімдері: бірінші кезекте мұнай өнімдері, кен, концентраттар) - 42%. Ресей мен Белоруссияда қазақстандық химия өнімдері үлкен сұранысқа ие. Қазақстанның КО-қа мүше елдерге экспорты төмендеп, керісінше импорты жоғарылау үстінде. Оның негізгі себептерінің бірі – қазақстандық экспортқа шығарылатын тауарлар негізінен дайын өнімдерді емес, шикізаттарды құрайды. Және де экспортталатын тауарлар арасында диверсификация жоқ, көбіне біртекті бір-біріне ұқсас тауарлар шығарылады. Сонымен қатар қазақстандық өндіруші компаниялар тауарлары көбіне стандартқа сай емес, сай болса да бағасы жоғары, Ресей мен Белоруссия шығаратын өнімдермен бәсекеге түсу қабілеті төмен болып келеді.