
- •Тұтыну бағалар индексі мен жіө дефляторына анықтама беріңіз, өзара айырмашылығын сипаттаңыз.
- •Қазмұнайгаз компаниясы мұнай өндірісі саласында монополист болып табылады. Мемлекет монополист фирманың өніміне акциздік салықты енгізді. Одан кейін болатын салдарды график арқылы түсіндіріңіз.
- •Екінші деңгейлі банктер депозиттің пайыздық қойылымын жоғарылатты. Осы жағдай бойынша ақшаға сұранысының өзгеруін графикте арқылы түсіндіріңіз, негізгі байланыстардың сыни тұрғыда бағалаңыз.
- •Қр табыс салығы өсті. Осы жағдайда қр ақшаға сұраныс өзгерісін табыңыз, сыни түрде бағалаңыз.
- •3.Сұраныс бағалық икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз, график арқылы түсіндіріңіз.
- •4.Ұсыныс икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз.
- •14.Қазақстан экономикасының даму үлгісін анықтаңыз: кіші ашық экономика немесе үлкен ашық экономика.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as моделі арқылы сипаттаңыз.
14.Қазақстан экономикасының даму үлгісін анықтаңыз: кіші ашық экономика немесе үлкен ашық экономика.
Қазақстан Республикасының экономикасының даму үлгісі-кіші ашық экономика.Өйткені үлесі әлемдік нарықта шамалы болады,әлемдік пайыз молшерлемесіне де әсері шамалы.Әлемдік пайыз мөлшерлемесін берілген деп қарастырады.
Кіші ашық экономика үлгісі
Қазақстан Әлемдік нарықтың кішкентай үлесін иемденеді және өздігінен әлемдік пайыз қойылымына аса әсерін тигізбейді,әлемдік қаржы нарықтарына қол жеткізе алады.
Кіші ашық экономика моделінің алғышарттары:
1.Y шығарылым көлемінің деңгейі сол кездегі өндіріс факторларымен және өндірістік функциямен белгіленген:Y=͞Y=F(͞K,͞L).
2.Тұтыну қолдағы бар табысқа тәуелді. Тұтыну функциясы C=C(Y-T), яғни Y-T қолдағы бар табыс көлемі артқан(кеміген) сайын, С тұтыну көлемі де артады(кемиді):C↑=C(Y-T), (C↓=C(Y-T))
3.Инвестиция нақты пайызға тәуелді.Нақты пайыз қойылымы r жоғарлаған сайын, инвестиция көлемі төмендейді I ↓ =I(r) ↑ немесе керісінше.
4.Ішкі пайыздық қойылым әлемдік пайыз қойылымына тең
28. ҚР-да соңғы 15 жылда халық саны 5,4 млн. адамға өстi. Дегенмен, осы уақыт аралығында ғылыми-техникалық прогресс динамикасы өзгерiссiз қалды. ҚР экономикасының 15 жылдағы экономикалық өсуін график түрінде көрсетіп, Солоу моделi арқылы түсіндіріңіз.
Жауап:
Егерде ғылыми-техникалық прогресс болмаса, яғни Солоу моделіне сәйкес K=sf(k)-(µ+n+y)k, мұнадағы ғылыми-техникалық прогресс y=0, онда халқы жылдамырақ өсетін ҚР үшін әл ауқатының деңгейі төменірек болады. Бұл MPk= µ+n шартынан шығады. Каптиламен қаруланғандықтан, кемімелі қайтарым орын алғандықтан, қорланудың «алтын ережесі» бойынша анықталынатын капиталмен қаруланудың оңтайлы деңгейін төмендетеді. Оны төмендегі графиктен көруімізге болады.
y
n1
n2
f(k)
K1 k0
Капиталмен қаруланудың оңтайлы деңгейіне халыықтың өсу қарқынының әсері
29. ҚР-да соңғы 10 жыл iшiнде халық саны 2,5 млн. адамға өстi. Дегенмен, осы уақыт аралығында ғылыми-техникалық прогресс динамикасы өзгерiссiз қалды. ҚР экономикасының 10 жылдағы экономикалық өсуін график түрінде көрсетіп, Солоу моделi арқылы көрсетiңiз.
Жауап:
Егерде ғылыми-техникалық прогресс болмаса, яғни Солоу моделіне сәйкес K=sf(k)-(µ+n+y)k, мұнадағы ғылыми-техникалық прогресс y=0, онда халқы жылдамырақ өсетін ҚР үшін әл ауқатының деңгейі төменірек болады. Бұл MPk= µ+n шартынан шығады. Каптиламен қаруланғандықтан, кемімелі қайтарым орын алғандықтан, қорланудың «алтын ережесі» бойынша анықталынатын капиталмен қаруланудың оңтайлы деңгейін төмендетеді. Оны төмендегі графиктен көруімізге болады.
y
n1
n2 f(k)
K1 k0
Капиталмен қаруланудың оңтайлы деңгейіне халыықтың өсу қарқынының әсері
30. Brent маркалы мұнай бағасы өткен жылмен салыстырғанда 1 барелль үшін 133,85 АҚШ долларына өсті. Бұл өзгерiс әлемдік нарықта мұнайды тұтынушы Қытай мемлекетінің сұранысына әсерін анықтаңыз. Осы жағдайдың капиталмен қорланудың тұрақты деңгейiне әсерін табыңыз.
Жауап:
Сұраныс заңына сәйкес баға өскенде тауарға деген сұраныс азаяды. Сол себепті Қытай мемлекетінің мұнайға сұранысы төмендейді. Мұнайға сұраныс төмендегендіктен мұнайды аз тұтынамыз, яғни c=(1-s)*f(k) төмендейді. Ал мұнайға сұраныстың төмендеуі мұнай өнімдерінен жасалатын өнім шығару көлемін (Y) төмендетеді, яғни y=f(k) төмендейді, Осы тұтыну көлемінің төмендеуі тұтыну функцисының құрамына кіретін капиталмен қорланудың тұрақты деңгейін s*f(k) да төмендетеді. Осы жағдайды график түрінде көрсетейік.
y
k
s*f(k)0
s*f(k)1
K1 k0
Бастапқыда капиталмен қорланудың тұрақты деңгейі s*f(k)0, ал бір жұмысшыға шаққандағы капиталмен қарулану k0 нүктесінде болады. Ал мұнайға сұраныс төмендегендіктен біз жаңа нүктені аламыз. Ол нүктелерде капиталмен қорланудың тұрақты деңгейі s*f(k)1, ал соған сәйкес бір жұмысшыға шаққандағы капиталмен қарулану k1 нүктесіне дейін төмендейді.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеру тұрғысынан экономикадағы тепе-теңдік жағдайын түсіндіріңіз. Жиынтық сұраныстың классикалық, кейнстің және кейнстің шектік тәсілдемелері арқылы экономикада макроэкономикалық тепе-теңдік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижеде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады
Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижеде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады
Кейнстің жағдайындағы AD-AS моделі
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруісіз шығарылымның өзгеруін тудырады.
Кейнстің шектік жағдайындағы AD-AS моделі
Жиынтық ұсыныстың кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың талықсытпасы (шоктары) деп аталады. Шоктар жағымды және жағымсыз болады. Олар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі арқасында пайда болуы мүмкін.