Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makro-mikro_ekonomika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
877.57 Кб
Скачать

3.Сұраныс бағалық икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз, график арқылы түсіндіріңіз.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс - баға мен өнім көлемінің арасындағы кері тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс көлемі - сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша баға төмендегенде сол тауарға деген сұраныс көлемі көбейеді немесе керісінше, баға жоғарылаған сайын сұраныс көлемі азаяды.

QD =f (P)

Жалпы сұраныс функциясын былай көрсетуге болады:

QD =f (Р, РA, РB…I,Т)

Қарастырылып отырған тауардың бағасының өзгеруі осы тауарға сұраныс көлемін өзгертеді, бұл өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады (1-сурет). Сұранысқа бағалық емес факторлар әсер еткенде сұраныс қисығы толығымен жылжиды, бұл - сұраныс өзгеруі болып табылады.(2-сурет)

Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері. Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%;

Q%

ЕPD = ─────

Р%;

Q%

ЕPD = ─────

Р%;

Q%

ЕPD = ─────

Р%;

Q%

ЕPD = ─────

Р%;

Q%

ЕPD = ─────

Р%;

Q%

ЕPD = ─────

Р%;

Q%

ЕPD = ─────

Р%;

сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі

Баға бойынша сұраныс икемділігі = ---------------------------------

бағаның пайыздық өзгерісі

Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

  • икемді сұраныс – сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни EDp >1;

  • бірлік икемділікті сұраныс – сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни EDp =1;

  • икемсіз сұраныс – сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни EDp <1;

  • өте икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни EDp =∞;

  • өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни EDp =0;

Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз – сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.

Сұранылатын тауар көлеміндегі пайыздық өзгеріс

Баға бойынша қиылысымды сұраныс =-----------------------------

Басқа тауардың көлеміндегі пайыздық өзгеріс

Қиылысымды икемділіктің негізгі формалары:

  • оңды – бірін-бірі ауыстыратын тауарлар үшін;

  • теріс – бірін-бірі толықтыратын тауарлар үшін;

  • нөлдік – бірін-бірі ауыстыратын, бірін-бірі толықтыратын тауарлар болып табылмайтын тауарларға тәуелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]