
- •Тұтыну бағалар индексі мен жіө дефляторына анықтама беріңіз, өзара айырмашылығын сипаттаңыз.
- •Қазмұнайгаз компаниясы мұнай өндірісі саласында монополист болып табылады. Мемлекет монополист фирманың өніміне акциздік салықты енгізді. Одан кейін болатын салдарды график арқылы түсіндіріңіз.
- •Екінші деңгейлі банктер депозиттің пайыздық қойылымын жоғарылатты. Осы жағдай бойынша ақшаға сұранысының өзгеруін графикте арқылы түсіндіріңіз, негізгі байланыстардың сыни тұрғыда бағалаңыз.
- •Қр табыс салығы өсті. Осы жағдайда қр ақшаға сұраныс өзгерісін табыңыз, сыни түрде бағалаңыз.
- •3.Сұраныс бағалық икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз, график арқылы түсіндіріңіз.
- •4.Ұсыныс икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз.
- •14.Қазақстан экономикасының даму үлгісін анықтаңыз: кіші ашық экономика немесе үлкен ашық экономика.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as моделі арқылы сипаттаңыз.
Екінші деңгейлі банктер депозиттің пайыздық қойылымын жоғарылатты. Осы жағдай бойынша ақшаға сұранысының өзгеруін графикте арқылы түсіндіріңіз, негізгі байланыстардың сыни тұрғыда бағалаңыз.
Егер банктердің депозиттік пайыздық қойылымдары өсетін болса, ақшаға сұраныс төмендейді. Себебі , депозиттің пайыздық қойылымы өскен сайын ақшаны қолда ұстағаннан гөрі банкте сақтаған тиімдірек болады. Ол банкте тек сақталып қана қоймай, пайыздан түсетін табыс алып келеді.
Пайыздық қойыфлым мен ақша сұранысының арасында кері байланыс орнаған. Оны келесі мысалдан көруге болады:
Пайыздық қойылым 7 % - дан 10%- ға өскенде ақшаға деген сұраныс 150 – теңгеден 100-теңгеге дейін төмендеген.
Ал пайыздық қойылым 7%-дан 5%-ға дейін төмендегенде ақшаға сұраныс 150 теңгеден 200 теңгеге дейін көтерілген.
Ақшаға сұраныс функциясы төмендегідей өрнектеледі:
Банк жүйесіне жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде ақша айналысы жылдамдығы артты. Орталық банк ақша ұсынысын өзгерту арқылы экономикадағы баға шығарылымының көлемі мен деңгейін тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдады. Орталық банктің бастапқы шогын және тұрақтандыру саясатын графикте көрсетіңіз.
М
S’
%
А
S
В
D
M/P
Мұнда ақша ұсынысының қисығы оңға жоғары жылжыды да, ақша сұранысымен қиылысу нүктесі А нұктесінен В нүктесіне ауысты. Аұша ұсынысы төмендеді
21. Мемлекет Үкіметі жеке табыс салығын жоғарылатады және одан түскен қосымша қаржыны жаңа капиталды инвестициялаушыларға салықтық жеңілдік жасауға жұмсайды (салық салу әсері инвестициялауға қарағанда төмен).
Жиынтық
сұраныс функциясын қарастырайық:
Бұл
жабық экономикада. Енді мемлекеттік
шаралардың жиынтық сұранысқа ықпалын
анықтау үшін, салық пен инвестицияның
орындарын анықтап алайық. Ол үшін жиынтық
сұраныс функциясының әрбір құрамдас
бөлігін ашып қарастырамыз. Мемлекеттік
шығындар – G. Тұтыну:
Мұндағы: C – тұтыну; і – пайыздық қойылым; Q-T – қолдағы бар табыс; [Q-T]F – күтілетін қолдағы бар табыс; T – жеке табыс салығы.
Инвестиция:
Мұндағы: I – инвестиция; і – пайыздық
қойылым; MPKE
– капиталдың шекті өнімділігі.
Осылайша жеке табыс салығы мен инвестицияның орны анықталды.
Енді жалпы ашылған жиынтық сұраныс функциясы келесідей түрде:
Осыдан функциялардан келесідей қорытындылар жасауға болады: а) үкімет жеке табыс салығын T жоғарылатса, онда қолдағы бар табыс Q-T азаяды және сәйкесінше тұтыну көлемі C дa азаяды. Егер құрамдас бөлігі тұтыну көлемі C азайса, онда жиынтық сұраныс Qd та төмендейді. б) үкімет жеке табыс салығын T жоғарылатудан түскен қосымша қаржыны инвестициялауға I жұмсаса, онда I инвестиция көлемі артады және сәйкесінше Qd жиынтық сұраныс көлемі де артады. Бұл екі қорытындыдан түсінгеніміз: тұтыну көлемінің салық әсерінен төмендеуі мен инвестиция көлемінің артуы жиынтық сұранысты өзгертеді. Бірақ қандай шамада? Есеп шартына сәйкес салық салу әсері T инвестициялауға I қарағанда төмен. T<I. Яғни С тұтыну аз мөлшерде, ал инвестициялау көп. Сондықтан мемлекет өз тарапынан қолдау жасайды, сәйкесінше мемлекеттік шығындар G артады.
.
Яғни жиынтық сұраныс артты және оңға
жылжыды.